ВЕРНУТЬСЯ

 Бұдан миллион жылдар бұрын Маңғыстау өңiрi Тетис атты алып мұхиттың түбi болған деседi. Қарақия – теңiз деңгейiнен 130 метр төмен жатқан терең қазан шұңқыр. Қымызынан босаған,Күбi десең өзiң бiл.Уақыт жалмап, асаған,Бiр кезгi алып Тетистiң,Түбi десең өзiң бiл.Әйтеуiр бұл бiр қылын,Шертiп қалар сезiмнiң.Бұйырған дәмдей азанда,Алтын, Жауһар, сазан да...Барлық асыл құйылған,Қарақия – Қазанға.Болса зейiн түсiнбек,Зердесiнде жас адам.Бұл түбектi мүсiндеп,Тетис өзi қашаған...Ойлаған-ды кiм бұлай,Сәттерiнде нұр жауар.Өзен түгiл, көл түгiл,Мұхитқа да сұмдық-ай,Туады деп бiр зауал.Еткен соң ба жер тарлық,Сөйтiп семiп шалқарлық.Мұхит суын – мол мұнай,Балықтарын -Арқар ғып,Жiберiптi дейдi аңыз,Сенбе мейлi, сенiңiз,Еркiңiзде бұйдаңыз,Естiледi әйтеуiр“Дүние жалған” күй нағыз.Үнсiз қалдық, беу, неге,Өткен шақты ойлап бiр.Тым асқанды тәубеге,Келтiретiн оймақ бұл.