ВЕРНУТЬСЯ

Мен де саған бөтен емес, бел бала,Бұл жерде өмiр сүре алады Ер ғана.Сырыңды ашшы, сен ұлыңнан бүкпешi,Шерқала!Бiр кезде Шер,Қазiр ендi Көр қала.Алтын-күмiс,Жiбек нарға арта ма,Бал жасайтын шырын қосып тортаға.Қасыңдағы Қызылқала қыз мiнез,Самал желпiп арқаңа.Тұратұғын қан базарың тарқамай,Шерқаланы мен iздеймiн картадан.Бiрақ, бiрақ таба алмааймын, таппаймын,Жүрегiмде шешiлмес шер, жатты-ай мұң.Сол тарихты iш-бауырым елжiрепЖоқтаймын.Қыш құмыра сынықтары көзiмеБасылады оттай бiр.Құлақ тосамДауыстарға, үндергеМекен болдың екен, сiрә, кiмдерге?Сәйгүлiгiн аш күзендей бүгiлтiпКiмдер екен жортқан талдай түндерде?Бiлмей қалай тоқмейiлсiп жата аламТарихымды iргемде?О, Шерқала, Шерқала!Мен де саған бөтен емес, бел бала.Бұл жерде өмiр сүре алады Ер ғана.Сырыңды ашшы, сен ұлыңнан бүкпешiБiр кезде Шер,Қазiр бiрақ Көр қала!