ВЕРНУТЬСЯ

Өттi бастан талай-талай дауылдар,Өттi бастан талай-талай жауындар.Даласында, даласында қалмақтың,Аман-есен жүрсiңдер ме, бауырлар.От демiнен мұз таулары ерiген,Достарына орын берген төрiнен.Сәлем сiзге, сәлем сiзге, ағайын,Күн сәулеттi Қазақстан Елiнен.Қарсы шаптық тұрса дағы құз алдан,Қатар жайлап өрiсiмiз ұзарған.Шайқасып ап, шайнасып ап соңынан,Бiр-бiрiнен татулыққа қыз алған.Шалқып жатқан кең даламыз, иенбiз,Бiрiмiзге нағашымыз, жиенбiз.Ақсұқсырлар ана болған қазаққа,Деп келдiм мен қалмақтан бiр сүйем қыз.Бiздер жайлы шертiлген-дi сан дастан,Кiм қалайды өшiргендi жанбастан.Жаңа заман туыстығы нығайып,Ескi заман ұмытылсын шаң басқан.Кең даламыз бәрiмiз де, иенбiз,Мен де сенен Ақсұқсырдай сүйем қыз.Құшағыңды аш қазағыңа, қалмағым,Туысқанбыз, нағашымыз, жиенбiз.