ВЕРНУТЬСЯ

 О, Маңғыстау, жасырған,Құпияң мол неткен бұл?Жыр оқимын тасыңнан,Қына басқан көктеңбел.Өткен өмiр айқаста,Iстеп кеткен дегенiн.Қой таста да, ай таста,Таңбасы бар жебенiң.Мәңгiлiк боп ұраны,Жоғалмастан нұр әрi.Мавзолейлер, мазарлар,Айдалада тұр әлi.Небiр тарих жатыр-ау,Сынып, мұрты кертiлiп.Жетi жұрт кеп, япырау,Кеткен дейдi жетi жұрт.Тұлғасына тұнған әр,Сұрақ қоям шыңдарға.Мына қорым кiм болар,Сақтар әлде,Оғыздар ма,Ғұндар ма?