ВЕРНУТЬСЯ

Аты оның әйгiлi Қаракiсi,Қаракiсi өзгеден дара кiсi.Дара тұлға,Дара мiнез,Дара iсiмен,Кiм-кiмнiң де өмiрде қалады iзi.Жан болыпты анадан дара туған,Бiртуарлар осылай жаратылған.“Қаракiсi келедi” деген кезде,Жұбаныпты бесiкте бала атынан.Мәрттiктен де кей адам қайғы шегер,Шығара алмас бойынан жай кiсi өнер.Ол келгенде сүрлерiн сақтап жүрген,Қазанға салады екен бәйбiшелер.Кiм-кiмге де тең ауа, аспан, күнi,Дептi бiреу “жаралған тастан мұны”.Өзiн зор деп түсiнген мырзалардың,Болыпты белiн басар астамдығы.Досын қамдап, жүретiн жауын шатып,Түндiктердi желпiнтер дауылдатып.Алатұғын өзiне қорлық көрген,Қойшы-қолаң, әлсiздiң дауын сатып.Жетiстiгi –Теңдiк үшiн үмiтiн үзбейтiнi,Бура, үлектi бiр қолмен тiздейтiнi.Кемiстiгi - досты да, дұшпанды да,Ағайынның iшiнен iздейтiнi.Қырсықпасқа және де қырсығатын,Иiлмейтiн морт етiп бiр сынатын.Кейде төгiп мейiрiн балапанға,Кейде уысқа түскенiн бiр сығатын.Жүрген шақта елдiкке қосып үлес,Осы мiнез танытты досына iлез.Осы мiнез атағын аспандатып,Түбiне оның жеткен де осы мiнез.Қылпып тұрған жүзiңдей ұстараның,Қиып түсер жерiнен ұстағанын.Тарихта қалды ол бiрi болып,Адайдағы атақты үш Қараның.*_______________________________________*Адайдың үш қарасы – Сүйiнқара, Қаракiсi, Ботағара.