ВЕРНУТЬСЯ

Жанарымда – жабырқаған қайғы-мұң,Жасыл түстi жапырағын жайды гүл.Қаңсып жатқан Аралыма қоса алмай,Асып-тасқан Атырауым – айдынын.Қос егiзiм салды-ау менi сарсаңға,Ой шытырман жетелейдi жол санға.Жағалаудың жалмап бiрi жайлауын,Бiрi ұшып айналуда сор-шаңға.Арнаң қайда, қос теңiзiм қосылған,Армандай ма қосылсам деп тосыннан.Неге ғана жалғасқан қол үзiлдi,Неге ғана екi ғашық шошынған.Ақ толқындар, көп толқындар шулайды,Су – рахат, су – ләззат, су – қайғы.Бiрi – жүдеп, солып бара жатыр да,Бiрi – ашуға буырқанып тулайды.Болды ма екен қол үздiрген тосын жай,Соғып жатыр жүректерiң басылмай.Жадыратар Арал-қыздың ақ жүзiн,Қаласың ба шыныменАтырау-ер қосылмай...