ВЕРНУТЬСЯ

 - Шерқала – қалалардың арыстаны, Болды ма көне ғасыр, сол тұстағы? -Жауапсыз ол сұрақты көмiп кеткен,Тарихтың, табиғаттың тартыстары.                                               Ғафу Қайырбеков. Ұйып үлгермейУыз қалпында төгiлiп қалған.Содан сыр бермей,Сан ғасыр топырағына көмiлiп қалған.Шерқала – Троям менiң,Менiң Троям.Баба қала, аш көзiңдi, тұр, оян,Басып қалсаң сайрап жүре беретiн,Қаратауың, Ақтауың тәрiздi ғой рояль,Күй тiлiңдi қалай бассам екен-ау,Құпияңды қалай ашсам екен-ау.Шырт ұйқыда ұйықтап жатқан мекен-ау!Кетпен ап қолға ақтардым бар ғой, ақтардым,Ұшығы шығып iздеген талай жоқтардың.Мәдени-ғұрпын суырып алам тереңнен,Каспийлiктер,Дайлар,Алан-Сақтардың.О, Шер*- қала!Шерiң әлi күзетiп тұр сол кездегi әр iздi,Египеттiң Сфинксi тәрiздi.____________________________________*Шер – түрiкмен тiлiнде арыстан деген сөз.Қалаң қайда, қалаң қайда, ал қалаң?(Мұп-мұздай тер шым-шым шықты арқадан).Сұрау салдым Ақмыш атты бұлақтан,Бұлақтағы сусылдаған құрақтан.Таудан, тастан, күннен, бұлттан тау асқан,Керуен сарай бағанындай баяғы,Анау кәрi ағаштан.Сауалыма, сауалыма жоқ бiрақ,Ешқайсы да жақ ашқан,- Сыр тартайын, - деп ем, - әсем Гүл, сiзден?Үндемедi...О, табиғат, сонша мылқау, тiлсiз бе ең?Кенет, кенет...Мазалаған өн бойымды күнұзын,Құлағыма келдi менiң бiр ызың:“Табиғатта мылқаулық жоқ,Болар оны түсiнбейтiн кереңдiк.Биiктiк пен Тереңдiк,Ездiк пенен Өрендiк.Сұлулық пен Зұлымдық.Ал сұлулық – самала,Әйелге де, далаға да, қалаға,Қасiрет боп жабысқан,(Обал-обал, обал, ә?)Ел мен елдер сол үшiн,Атысқан да шабысқан,Бағы жанып бiрiнiң,Бiреуiнiң бағы ұшқан...”Деп тұрғандай бiр ызың,Бiр ызың бар құлағымда күнұзын.Алдым қолға құмыраның сынығын:- О, бастауым,О, мөлдiрiм,Тұнығым.Қыпша бел қыз суға барса сенi алып,Ынтық жiгiт қарына iлген құрығын.Бұлақ басы оңашадаДейдi қыз:“Әкем сезсе, құрыдым ғой, құрыдым”.Жiгiт айтар деп бiлетiн Ер өзiн:“Сенiң үшiн бiздiң үйде төр әзiр.Ақ отауға келiн қылып түсiрем,Керуен сап келгеннен соң Хорезм”.Қашан, сiрә, болар екен сыр аян,Арыстаным, аш көзiңдi, тұр, оян.Зерделi бiр, төкпей-шашпай қазатын,Қазатын да, хас тарихын жазатын,Археологын күтiп жатқан Троям!