ВЕРНУТЬСЯ

немесе әкем айтқан әңгiмеден кейiнгi ой - Адамдар бар жаны iзгi,Халықтық боп кететiн.Туғызған не аңызды,Ақбөбек – қыз.Бекет – ұл.Не кездеспес адымға,Аттар кезде, көкешiм.Жүрсiн әркез жадыңда,Осы екi...Екi есiм.Әлсiздерге бiрi оның –Үмiт бердi, дем бердi.Жiгiттердi бiрi оның –Жүрегiмен меңгердi.Ұлы оның дәрi ойлап,Ара түстi кеселге.Қызы оның – арай нақ,Көрiк болды осы елге.Айтқанымды екi етпе,Ұғынып ал, жарығым.Шын ғашықтар – Бөбекке,Жәбiрленген - Бекетке,Сыйынады әлi күн...Алдыңда әлi түнегiң,Алдыңда әлi жарығың.Алдыңда әлi тiлеуiң,Алдыңда әлi бал үнiң.Жарығым!..Деген-дi әкем сонау жыл,Тербеп Сана, Арымды.Содан берi жарау жыр,Мазалайды жанымды.Өзге ойым – қарау бiр,Жазалайды жанымды.Және желпiп алау нұр,Тазалайды жанымды.Мен Бабамның,Тас қашап,Жазған сырын ашпасам,Құмға көмiп тастасам.Онда менi, туған жер,Ұлым деме ешқашан!