ВЕРНУТЬСЯ

Жүрегiмде сен жүрсiң,Жалын әже, өр әже.Баласы ғой кемпiрдiң, -Деген үлкен дәреже.Құшағың нұр әкелдi,Емiренсең маған көп.Сенiң балаң - әкемдi,Атап кеттiм ағам, - деп.Кернеп шаттық санамды,Еркiн өсiп еркелеп.Сенiң келiнiң – анамды,Атап кеттiм жеңге, - деп.Анам деуге келiсем,Өсiрдiң қол тигiзбей.Балам дедiң менi сен,Басқа адамға сүйгiзбей.Өттi уақыт, сан жылдар...Түссең еске кейде сен.Мен әкеммен қалжыңдап,Құрдастарша сөйлесем.         ***Жан аға,Мен саған қарыздармын,Көп әлi өтелмеген өзiңе парыздарым.Әкеме iнi болып,Мен саған бала болдым,Көңiлiң маған деген далиған дала болды.Бiрiнде мен өрiстен ауылға ат мiнiп келдiм,Жылқышы болдың-ей, - деп қолыма құрық бердiң.Бұл күнi оны ұмытып, қалайша жайғасамын,Ерге өзi отырды, - деп сен шалқып той жасадың.Ұшырдың өз ұяңнан жетiскен қыран қылып,Сондықтан маңғаздана маңайға тұрам күлiп.Жан аға! Сен сыйладың,Өзге адам бас иетiн,Болса бiр қасиетiм.