ВЕРНУТЬСЯ

 Дертiм болса алған жанның мазасын,Жүректердiң шер боп қатқан назасын.Туған жерiм,Бұлағыңа қайнаған,Бiр сүңгiтiп аласың да жазасың,- Құдiретiн-ай шымырлаған қайнардың,- Қасиетiңнен, туған өлкем, айналдым, -Деп жатады дауа тапқан ұлдарың.Мен түсiнсем,Топырағыңа жыр дарып,Тегiн емес маңғазданса қырларың.Қоңыр далам, сахнамсың күй төгер,Қоңыр далам, отқа қақта, үйте бер.Өзiң маған үйiп-төгiп зейнеттi,Өзiң маған арқалатып бейнеттi,Өзiң және емдейтұғын шипагер.