ВЕРНУТЬСЯ

 Атам Өтегеннiң аруағына бағыштадымБұл ауыл Бесқала асқан қалашыларды ұзақ күттi. Еш хабар болмады. Күдiктенушiлер де көбейдi.- Аман-есен болса игi едi.- Жолда ұры-қарыға тоналмай дегендей...Күздiң кенеттен суытқанынан қауiптенген ауыл ақсақалы Қалмырза тосын байлам жасады.- Ертең таң рауандап келе жатқанда қыстауға көшемiз. Жинақталыңдар. Аман ердiң аты шығады, - деген.Шағын ауыл көш қамына кiрiстi.“Жер жөргектей боп бiттi алашұбар,Құс та қайта бастады даласынан.Екi ай өттi, несi екен кешiккенi,Кешiккенi,Япыр-ау, қалашылар?Жау алардай мiнi жоқ жарағында,Жiгiттерi татитын дара мыңға.Келе жатар соңынан,Ертең ерте,Көштiң басын түзеңдер Қарақұмға”.Сыйлайды ауыл сыйынып жақсы атаны,Беделi асып шырқаған жақсы атағы.Бiрi жарын,Бiрi – ұлын күтсе-дағы,Шештi осылай ауылдың ақсақалы....Елден ерте сол таңда тұрды келiн,Шелегiн ап желiге жүрдi келiн.Кенет, кенет боз iнген бауырынан,Ұққандай бiр алапат сырды керiм.Түндiгiн ата жатқан ақбоз үйдiң,Шалқасынан айқара түрдi келiн... Тосын оқиға болды. Жұрт не iстерiн бiлмей аңтарылды. Кешегi атаның рәсiмi бойынша көш басын Қарақұмға түзеуi керек едi. Ал мынау... Ақсақалдың ақбоз үйiнiң түндiгi сыпырылудың орнына ашылып қалды...Ақсақал орнынан тұрып дәрет-суын алып, таңғы намазға бас қойғалы жатқанда, кенет түндiк жаңа туған әсем айдың қиығындай болып сәулелендi. Ақсақал ақ боз үйден сыртқа шықты. Өзiнiң үйiнен өзге үйлердiң бiрiнiң түндiгi сыпырылып, бiрiнiң уықтары алынғалы жатыр. Ал...Желi жақтан шелек толы сүтiн алып келе жатқан жас келiнге көзi түстi.Шелегiн жерге қойып Келiн Атаға иiлiп сәлем еттi. Сосын сояудай қара кiрпiк көтерiлмей бiраз тұрып, аялы жанарын жарқ еткiзiп:- Ата! – дедi.- Иә, балам!- Ата, бүгiн, иә, бүгiн көшпей-ақ еру болсаңыз. Өйткенi қалашылар... балаңыз келе жатыр.- Оны қайдан бiлдiң?- Ба-ла-ңыздың жаңа ғана салған әнiн естiдiм...Ақсақалдың миығына күлкi үйiрiлдi. Кенже келiнiнiң батылдығына, әрi жақсы ырымыны риза болды. Сосын түйелердi қомдап жатқан жiгiттерге:- Бүгiн ерумiз, қалашыларды күтелiк, - дедi. Бастамасын мейлi елдiң әскерiн,Күйеуiнде болмайтын-ды әсте мiн.Ақбоз iнген бауырында тұрғанда,Рас,Рас.Естiдi үнiн жас Келiн.Соның даусы, соның даусы, дәл соның,Мүмкiн емес, мүмкiн емес жаңсақ үн.Келiп-ақ тұр сөзi де анық құлаққа:“Сәулем, сенi, сәулем, сенi аңсадым!”Көп iшiнде жалғыз өзi қылаң-ды,Шөп iшiнде дара өсетiн ыраң-ды.Жиын-тойда домбыраны ап үкiлi,Жиi айтатын, жиi айтатын бұл әндi.Сәске болды, жоқ қалашы, қалашы,“Көш тоқтатқан”... көбейдi елдiң таласы.Қысылайын дедi ендi жас келiн:“Менiң ерiм, ал олардың баласы,Менiң ғана сол әндiЕстуiмдi қарашы”.“Бай қызы едi шашбау, моншақ тағынған,Жарлы Атасы болды соған жағынған.Ерке келiн көштi жолдан қалдырды,Сағынған соң, байын әбден сағынған”.Деген сөздер шығып жатты әр тұстан,Ағайын ғой бiрiн күндеп, тартысқан,Түс кезi едi, кенет керуен көрiндi,Сонау-сонау түлкiсi мол Ор тұстан...Таппай жүрген азаматтар мiгiрдi,“Қалашы”, - деп бәрi солай жүгiрдi.Ал жас келiн жанарынан бақыт жасын бiр сығып,Амалсыздан ақбоз үйде кiдiрдi.Көптен күткен қалашылармен қауышып, ауыл мәре-сәре болды.- Бүгiн көшкелi жатыр едiк!- Егер көшсек, орнымызды сипап қалады екенсiңдер!- Айтпақшы, көштi тоқтатқан Жиде келiн.- Иә, сол.- Қалай?- Ол... келiн... таң сәрiде түйе сауып жатып күйеуiнiң даусын естiптi.- Дұрыс. Ауылға жеткiмiз келiп, түнiмен қонбай жүрдiк. Таң алдында бәрiмiздi ұйқы қысты. Сонда ұйқы ашар болсын деп ән салғанмын.- Даусыңды әйелiң түстiк жерден естiген сенде арман бар ма, жiгiтiм!- ?!