ВЕРНУТЬСЯ

 Баласы өлiп, бал қызығы оралмай,Құяңы ұстап жайлауына бара алмай.Айрақтыда аласа үйдiң iшiнде,Жатыр едi қам көңiлдi Аралбай.Зор тұлғасын сом болаттан жасаған,Ширатардай қам көңiлдi босаған.Осы сәтте жүдеу ақын үстiне,Кiрiп келдi жiгерлi ақын Қашаған.Үндемедi,Көңiл айту мұратты,Елемеуi қалай осы сын шақты?Қолына алып домбырасын Аралбай,Қашағанға мұң шақты:“Тұяғы сынған тұлпармын,Қанаты сынған сұңқармын!..”Ағытты ақын өкпесiн,Ағытты сырын iңкәр бiр.Арманы оның көп едi,Болмады әсте дегенi.Ағытты шемер-шеменiн:“Көңiлiм шатты күнiнде,Аралбай едiм халқыма.Әлдилеп сүйген жалғызым,Қайырылмай кеттi-ау артына...”Аяқтап жырын Аралбай,Қайтадан келдi баяғы,Қамкөңiлдi қалпына.Ащыдан тұрған тек қана,Екi ақынның да өмiрi.Жұбату айтты баппенен,Домбыра сазды қоңыр үн:“Замандасым Аралбай,Бiлмей қалдым балаңды-ай...Тұяғы бүтiн тұлпар жоқ,Қанаты бүтiн сұңқар жоқ.Болаттан бекем бол, жаным...”*Нөсерлете төктi кеп,Қашаған да арманын.Жасағанға не жазған.Шындықты айтты бiр ғана.Қашағанға жыр жазған,Қимапты ғой бiр бала.Тұр. Аралбай, орныңнан,Мойныңды бұр, бер қара.Шығар перзент алдыңнан,Әкiм үшiн – билiк те,Ақын үшiн жыр ғана!..Осыдан кейiн Аралбай төсегiнен тұрып, ұсталық, етiкшiлiк, құлпытас қашау тәрiздi кәсiбiмен айналысып, жырын жырлап кетiптi.__________________________* Аралбай, Қашаған өлеңдерiнен.