ВЕРНУТЬСЯ

 Жауына семсер ұстап шапқылаған,Бабам-ай,Қулық-сұмдық пәк күнәдан.Арғымағың тұяғы қазған жерден,ҚазiрдеФонтан,Фонтан атқылаған.Қарақшыдан, жауыңнан ықпағаның,Әлi күнге таңданып, сұқтанамын.Бiрақ, баба,Далаңның қойынында,Бiлмедiң жиһаз барын, тықпа барын.Жайлау iздеу, серiлiк - негiзгi әнiң,Кей тұста арықтады семiз халiң.Бiлмей өттiң астында табаныңның,Атыраудан өзге де “теңiз” барын.Намысқа, арға шапқан әр қадамы,Қозатын жиын десе арқалары.Жанады алау болып бұл күндерi,Ата мекен – Маңғыстау жарты аралым.Назар салар бiр нүкте картадағы.