ВЕРНУТЬСЯ

Орбитаға ұшырған,Аспанымсың, Құлсары.Ақ ниетiн ұсынған,Достарымсың, Құлсары.Менiң тәттi балдырған,Жас шағымсың, Құлсары.Кеудеме арман жандырған,Аңсарымсың, Құлсары.Небiр хат-сыр салынған,Жәшiгiмсiң, Құлсары.Жетсем-ау деп сағынған,Ғашығымсың, Құлсары.Ақыл берiп қайтарар,Данамсың сен, Құлсары.Көңiлiм балқып жай табар,Анамсың сен, Құлсары.О, Құлсары, Құлсары,Жанның сәнi, жыр сәнi.Би билеп жүр көшеңде,Жастығымның нұр шағы.Қасиетiң мол сенiң,Жанға қуат, дәрi-бал.Маған қажет нәрсенiң,Сенде, сенде бәрi бар.