ВЕРНУТЬСЯ

 Боз iнген дауыс – боз далам,Ботасын iздеп боздаған.Баз бiреу көңiлiн толқытып,Баз бiреу шерiн қозғаған.Боз жусан иiс – боз далам,Бозторғай әуен маздаған.Боз селеу биiк гүл атып,Боз саулық егiз қоздаған.Бойжеткен қылық – боз далам,Айтатын ерке наз маған.Байлығын шүлен таратып,Бар кенiн әлi қазбаған.Боз қоян жымды – боз далам,Таптаса табан тозбаған.Бөрiден қорғар үйiрiн,Боз айғыр сынды азынаған.Бұлдырық түстi – боз далам,Бүркiтке жем бола жаздаған.Қайғың мол мынау ғаламда,Шаттығың да бар аздаған.Бозбала мiнез – боз далам,Сырың көп ешкiм жазбаған.Азап-мұңыңа таң қалып,Азаттығыңа мәз болам,О, боз далам, боз далам!