ВЕРНУТЬСЯ

“Бiле бiлсең шапағаты барларың,Сүйген құлы боларың Һақ алланың”.                             (Құран. 3-сүре, 141 аят.)Бекет балаМедреседе шәкiрт едi үлгiлi.(Болған жоқ-ты әлi, әлi қазағының қасиетi, дүлдiлi)Сабақтан соң... бос кездеШәкiрттерiн жинады Ұстаз бiр күнi.Салқын түскен мезгiл күзгi маусым-ды,Есiктерiн талай үйлер қаусырды.Дедi ұстаз: «...отын терiп келiңдер,Медреседе ертеңгi отын таусылды».Торғайлардай дүр ете ұшқан топтала,Тоғайлыққа кеттi енiп көп бала.Қарсы алдында қарағай ма, қайың ба,Жұлды, шапты, жоқ ешқайсы тоқтаған.Сиреп қалды әлгi тоғай қап-қалың,Тонаттырып көк бұтағын-мақпалын.Мақтанышпен ұстазының алдына,Төгiп жатты шәкiрттерШапқаны мен тапқанын.Отырғанда бәрi ұяға кеп қонып,Мақтаныштың сөзi ауызға кептелiп.Бәрi келген, бәрi келген тек қана,Шыққаны ғой Бекет бала жоқ болып.- Қайда?- Қайда?- Бекет бала қайда жүр?- Мүмкiн бiлмей адасумен сайда жүр.- Далалық қой отын мәнiн түсiнбей,Тезек теріп жайылымдағы қойда жүр.Айтып жатты әртүрлi сөз әр талап,Әрқайсында алысқа ұшпақ бар қанат.Осы кездеҚу томар мен қу томаштан тұратын,Келдi Бекет бiр арқа отын арқалап...- Балам, неге кешiктiң? – деп сұрады Ұстаз. – Сенiмен бiрге кеткен өзге шәкiрттер отындық ағаштарын мана әкелдi...- Ұлағатты Ұстазым! – дедi Бекет бала қолын  жүрегiнiң тұсына қойып иiлiп тұрып. – Ұлағатты Ұстазым, шөпшек пен томаш теруден үлгерiп келгенiм осы...Бекеттiң сөзiне шәкiрттер ду күлдi.- Тоғайдағы қарағай, қайың, тал-теректi көрмегенi ғой...- Жә, балаларым, сабыр етiңдер, мен Бекетпен әңгiме-дүкен құрып отырмын, - деп шәкiрттерiнiң шуылын тыныштандырған Ұстаз сауалдасып отырған балаға қайта бұрылды.- Иә, мына құрбыларың айтқандай, тоғайлықтағы самсап өскен ағаштардың бұтақтары жетпедi ме?- О, Ұлағатты Ұстазым! – дедi Бекет. – Ол ағаштарды отауды бiлдiм, бiрақ қолым бара бергенде көк жапырақ жайған әлгi бұтақтардың жанарларынан жас парлап:- Бiздiң өмiрiмiздi көктей солдырмаңыз, аяңыз, мейiрiмдi адамзат, - деп тұрды. Тiрлiк иелерiн өз қолыммен өлтiруге қимай, бойында жаны жоқ қуарған томашаларды ғана отындыққа терем деп кешiгiп қалдым.Ұстаз ләм-мим деместен Бекет баланың жауабына көңiлi толған сезiммен орнына отыруға ишара жасады.Бүгiн, мiне,Сезе бiлген Бекет бала далалық,Жоғалды да мейiрiмдiлiк, даналық.Теңiз кеуiп, орман бiткен оталып,Айуандықпен жатыр бәрi тоналып.Көркiм қайда бұзылмаған қаймағы?Тонап бiткен қайдағы мен жайдағы.Тонап бiткен, қазiргi елiм атауы –“Экологиялық апат аймағы”.Запыранды төкпей, сiрә, тоқтаман,Көп күнәдан қалай адам ақталар?Қасиеттi қайран Бекет-Атам-ай,Жапырақты жұлуға да батпаған.Адамзатқа алда апат, қауiп тұр,Шомылмасақ Алла Нұры жауып бiр.Тiлейтiнiм сенен, Ұлы Әулием,Ұрпағыңның жанын жаман кеселденСауықтыр!!!Хақ алдында жалбарыншы, Ардағым,Мынау едi есiл-дертiм, Арманым:“Өмiр сүру жұмыр жердiң үстiнде,Бiз де сүйген құлы болып Алланың”.