О, Дәрiбай,О, Дәрiбай,Дәрiбай!Тектi адамның тұқымысың,Әрi мырза, әрi батыр, әрi бай.Жомарт бабам сенен кейiн өкпелептi деп бiзге,“Ұрпақтарым ұсақтапты торғай шоқыр тарыдай”.Айтар болсам перзентiң боп сыр төге,Бәрiңе де мекен бопты бiр төбе.Жатырсыңдар, жатырсыңдар тып-тыныш,Бiр төбеде мәңгi сапар бiр кеме.Болсам егер шын сырымды баяндар,Жапа шексем саған ұшам қанатымды жаям да.Баба деймiн, әке деймiн, аға деймiн... мен солай...Қарсы-ап менi.Ертесiне мына сөздi кiргiзедi аянға:“Аман жүрсiн деп тiлеушi ек қайда да,Тағдырменен еш уақытта ойнама!Ерте әлi қосылуға бiздерге,Тындырмаған iстерiң көп, ей, Бала!Тағдырменен еш уақытта ойнама!”...Дейдi әке, дейдi аға, дейдi ана.Осы сәтте, осы сәтте түнерген,Ап-ашық боп шыға келер айнала.Мұңлы ауыл, жырлы ауыл – Дәрiбай,Жеттiк бiз де бостандыққа арымай.Ұлы бабам Жомарт сынды ұл туар,Бiр келiндi талғақ қыл,Әрi мырза, әрi батыр, әрi бай,О, Дәрiбай!О, Дәрiбай,Дәрiбай!
- 163 просмотра