ВЕРНУТЬСЯ

Әбілхайыр ханның құнын алуға аттанардағы Айбас батырдың бата сұрауы

Шопан-Ата,Масат-Ата,Қараман-Ата,Шақпақ-Ата,Қарашүңгiл әулие,Ұшқан-Ата!Қосай -Ата,Жомарт -Ата, Аталар, Ата, Ата!Сартап болды жамбасым жата-жата,Түс айырдан туылған мен бiр бота.Аттанайын алысқа-арманыма,Сол ботаңа ақниет бершi бата.Мен бота едiм елтiген дала-күйге,Елеусiздеу ұстаған қараша үйге,Жамау жыртық кигiзiп.Көз тиiп кетпесiн деп, сөз тиiп кетпесiн деп,Әжем ғана емiренiп дара сүйген.Бойымда сай асынған бес қаруым,Атастырған бесiкте өстi аруым.Бестi тұлпар кермеде арқырайды,Бөрлiктiрмек қалыңдық кешкi ауылын.Келген жоқ әлi тағдыр қырын маған,Сұлулар жоқ мен жаққа бұрылмаған.Бiр ерлiкпе

Қаратөбе

(Қаратөбе - Маңғыстау халқының тарихынан ерекше орын алатын жер. 1998 жылы осы жерде Шотан батыр, Абыл ақын, Досан батыр аруақтарына арналып ас берiлдi.)       1 Қаратөбе,Қаратөбе,Қаратөбе!Маңғыстауда ерекше дара төбе.Бiздер үшiн қасиеттi киелiсiң,Дем беретiн әр кезде сүйенiшiм.Сенде ақыным, батырым Абыл, Досан,Сан ой келер басыма дамылдасам.Сенде алғашқы адайлық болған сиаз*,Сол сиязда Хан болған Тобанияз.Сырға толы әр тасы бұл араның,“Қаратөбе” жазылар романым.___________________________________________*Сиаз (съезд) – 1917 жылы Ә.

Жүретiн-дi үш ақын

(Әбдiбек Жаманбаев, Уәйiс Қайралапов, Қаржаубай Жылқыбаевтың рухтарына)Армандары ақ бұлттарды құшатын,Мейiрiмдерi ақ кептер боп ұшатын.Бiр кездерi көшесiнде Бейнеудiң,Жүретiн-дi қол ұстасып үш ақын.Үшеуi де бiлiмi мол, мықты адам,Әрбiр сөзiн тыңдаушысы құптаған.Үшеуi де жыр кенi едi, бiрақ та,Еш баспадан кiтаптары шықпаған.Шәкiрттерге ақ таң едi ататын,(Мезгiл кептi күндерi де бататын).Семсер тiлмен, семсер тiлмен, шiркiн-ай,Бiрiн-бiрi сойып салып жататын.Тез танитын жастар болса талапты,Бойларында жомарттық та молақ-ты.Үшеуi де Омар һайам тәрiздi,Жырлағанд

Қаракісі

Аты оның әйгiлi Қаракiсi,Қаракiсi өзгеден дара кiсi.Дара тұлға,Дара мiнез,Дара iсiмен,Кiм-кiмнiң де өмiрде қалады iзi.Жан болыпты анадан дара туған,Бiртуарлар осылай жаратылған.“Қаракiсi келедi” деген кезде,Жұбаныпты бесiкте бала атынан.Мәрттiктен де кей адам қайғы шегер,Шығара алмас бойынан жай кiсi өнер.Ол келгенде сүрлерiн сақтап жүрген,Қазанға салады екен бәйбiшелер.Кiм-кiмге де тең ауа, аспан, күнi,Дептi бiреу “жаралған тастан мұны”.Өзiн зор деп түсiнген мырзалардың,Болыпты белiн басар астамдығы.Досын қамдап, жүретiн жауын шатып,Түндiктердi желпiнтер дауылдатып.Алатұғын өзiне қорлық кө

Тіледім тілек...

Мединада – Мұхаммед,Түркiстанда – Қожа-Ахмет,Маңғыстауда – Пiр Бекет!Салтанат-сәндi Ауыл ек,Достыққа құшақ Бауыр ек.Қастыққа дүлей Дауыл екЖалбарынам қол жайып,Тiлегiмдi қабыл ет!Асқақ-асқақ Арманым,Бiлсем де Дүние жалғанын.Мұхаммедтiң Үмбетi,Мен бiр Құлы Алланың.Ұнатпайтын мақтауды,Жаратпайтын боқтауды.Адал ниет, пәк сезiм,Жүрегiмде сақтаулы.Бергендер сертке тұра алсын,Құдай – Бiреу, Құран – Шын.Үш әулием, үш Пiрiм,Мұсылманға – Ұрансың,Мойынға тағар тұмарсың.Менде бұрқап iшкi леп,Құштарлық сезiм күштiрек.Тiлейтiнiм ал ендi,Бар болғаны үш тiлек:Бiрiншi:Үзiлген бодан ноқтасы

Страницы