ВЕРНУТЬСЯ

Ақмыштағы кәрі ағаш

 Алыптықты көргiң келсе,Осы ағашты көр мықты.Шор-шор бұтақ, терең тамыр орнықты.Найзағайдың жебесiне шыдаған,Көрiп зорлық, қорлықты.Жеткен бiзге өлмей-өшпей дiн аман,Ұғындырып ерлiктi.(...Саяхатшысымақ бiреу таңдана,Таңданғаны өз алдына, паңдана.“Тарас еккен бұны да”, - деп кергiптi.Осындайға буырқанбай, күймей гөр,Шындық суға суарылған,Өтiрiктi сүймейдi ел.Туған жердiң топырағынан жаралған,Бұлағынан нәр алған,Мәңгi жаса, Бәйтерегiм, билей бер).Бұтағына талай қыран жұмыртқасын шайқаған,Бұл бәйтерек сұлап барып,Тiк тұрыпты қайтадан.Айдаһардың елестетер кескiнiн,(Және оның ысылын да естiдiм),

Булыойық

 Маңғыстау түбегiнде Булыойық атты жерасты үңгiрi бар. Тереңдiгi 200-300 метрдей. Үш қабатты алып киiз үй тәрiздi күмбездерден тұратын бұл жұмбақ үңгiрдiң түбiнде көздiң жасындай мөп-мөлдiр су жатыр. Үңгiрдiң сырттағы аузында қой тастан қашалған астау тұр.

Шөжеп сұлу

 Даттау күпiр әруағын өлгеннiң,Мақтау күпiр мырзалығын бергеннiң.Бiр-бiрiне оқ кезедi садақтан,Екi әйелi батыр Тәңiрбергеннiң.Екеуi де қызы едi тектiнiң,Екеуi де сұлу едi жоқ мiнi.Екеуi де бiр-бiрiнен ассам деп,Бiр тарқатып, бiр өрген-дi кек тiнiн.Жеткен сөздер мынадай сыр шертедi,Екеуi де еркек үшiн өрт едi.Бәйбiшесi болса да сәл байсалды,Ал тоқалы тым өр едi, ерке едi.Сол еркелiк, сол еркелiк, еркелiк,Бал денесiн өрекпiттi өртенiп.Ел таңырқар жасатты оған бiр тойды,Ендi содан аз ғана сыр шертелiк:Бұл өмiрден көп едi оның алмағы,Тоқал атын жою едi арманы.Бекбике ме, салуалы бәйбiше,Ал Шөже

Ән

 Атам Өтегеннiң аруағына бағыштадымБұл ауыл Бесқала асқан қалашыларды ұзақ күттi. Еш хабар болмады. Күдiктенушiлер де көбейдi.- Аман-есен болса игi едi.- Жолда ұры-қарыға тоналмай дегендей...Күздiң кенеттен суытқанынан қауiптенген ауыл ақсақалы Қалмырза тосын байлам жасады.- Ертең таң рауандап келе жатқанда қыстауға көшемiз. Жинақталыңдар.

Страницы