ВЕРНУТЬСЯ

Еліңді сүй!Сүй еліңді!Сезім-шың!Ел дегенде ет-бауырың езілсін.Ел дегенде көкірегің сөгіліп,Ел дегенде қаныңды ойла өзіңнің.Ел дегенде өзегіңді өрт шалып,Тұрсын дәйім от-жанарың шоқтанып.Ел дегенде ұйқың қашып елегзіп,Елмен бірге қуана біл шаттанып.Елмен бірге заман жүгін мойынға іл,Өле-өлгенше ел-жұртыңа қайыр қыл.Қара нардай көтеруге ауырды,Елің үшін жан беруге дайын тұр!Ел дегенде асау жүрек ұрғылап,Шыбын жаның тұрсын сенің шырқырап!Туған Отан – абыз Атаң, тұғырың,Ғазиз Анаң –сарқылмайтын шымбұлақ..Сенің Елің, менің Елім – байтағым,Байтақ Дала- әз әулие, әйбатым.Бар әлемді құшағына сидырып,Бауыр басар қасиетін байқадым.Қайран Елім, қайран халқым, Қас-Сагым,Ашық болғай ала бұлттан аспаның.Сен еліңді ерекше сүй, азамат,Кетпеу үшін боданында басқаның.Еліңді сүй, сүй еліңді, есті ұлан,Қия-көкке бастайсың сен жас қыран!Елін сүйген елге қызмет жасамақ,Елді сүю – баршамызға басты ұран!