ВЕРНУТЬСЯ

Қазыналы жүрек

(Алғысөз орнына)«Жұлдыз» журналының қара шаңырағында қызмет атқарған ширек ғасырға жуық уақыт белесінде әдебиетті төңіректеген жазушы- оқушысы бар, талай адам көз алдамыздан өткен екен. Ағын судай сырғып өте шыққан елес сияқты, көбінің таңертең көрсең, түске жетпей түсін ұмытасың. Бір көргеннен жарқ етіп жүрек түбі, көңіл төрінде бедерленіп бекіп, қалатыны некен саяқ. Сол аздың бірі һәм бірегейі маңғаз басып Маңғыстауда жүрген марқасқа ағамыз - Бектұр Төлеуғалиев десем, үстеме қосып әсірелеп айтқаным бола қоймас.Бектұр ағамен әуелі сырттай таныстым.

АДАЙ тарихы СЫР шертеді

Роман-эссе  «Сонымен бірге мен қазақ болғандықтан, қазақ мемлекеттігінің ғұмыр-шежіресін ірге көтерген кезден бастағанның өзінде, қазақтың бес ғасырлық төл тарихын білуге тиіспін. Бұған қоса бүкіл түркі халықтарының тарихи-бесігі – Түркі қағанатын естен шығаруға болмайды, ал бұл дегеніңіз, осыдан аттай 1500 жыл бұрынғы тарихи кезең...»    (Н.Ә.

Бас сардар

(тарихи деректі повесть) Бірінші тарауАтақты адай батырыШежіре дегеніміз де тарих. Көшпелі қазақ халқының, оның ішінде Адай елінің тасқа таңба басқандай өмір-тарихы жазылған дерек жоқ.Шежіре зерттеуді  алғаш қолға алған – әйгілі ғалым Шоқан Уәлиханов.

Балдағы алтын ақ болат

Тарихи деректі повесть I - бөлімМахамбеттің арманы ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ЖӘНЕ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚҚазақстанның батыс аймағында он төрт жылға созылған (1783-1797) Сырым Датұлы бастаған халық көтерілісінен кейін феодалдық езгі ұлғая түсті. Сұлтаңдар мен патша үкіметінің қазақ әскерлері ел тонауды көбейтті. Әсіресе, қанау мен езгі және 1795-96 жылдардағы жұт әсерінен мал саны күрт азайып, бұхара күйзеле бастады.

Біздің жастық шағымыз

1954 жылы тамыз айының 29-ы күні Гурьев облысындағы (Қазіргі Маңғыстау) Маңғыстау ауданының Тұщықұдык сслосынан почта таситын Қосым шалдың түйесіне мінгесіп, сол кездегі аудан орталығы Таушық поселкісіне бет алып жолға шықтым. Шешем аурулы, күйіміз шамалы, жолға азыққа бір табан нан пісіріп берген. Ол кезде аудан бойынша орта мектеп біреу, ол — аудан орталығы Таушық поселкесінде, Шахта орта мектебі деп аталады. Менің интернатқа орналасып, 8 класқа оқу үшін келе жатқан бетім.Қосым ақсақалдың почта таситын көлігі күйсіздеу, қатты жүруге жарамайды, жайлап аяндап жүреді.

Страницы