ВЕРНУТЬСЯ

(тарихи деректі повесть) Бірінші тарауАтақты адай батырыШежіре дегеніміз де тарих. Көшпелі қазақ халқының, оның ішінде Адай елінің тасқа таңба басқандай өмір-тарихы жазылған дерек жоқ.Шежіре зерттеуді  алғаш қолға алған – әйгілі ғалым Шоқан Уәлиханов. Ол қазақ шежіресі туралы мақаласында  “Дала мәдениетінде ерекше орын алатын-далалық тарихи дәстүрді жан-жақты қарастырып, оның маңыздылығын ашатын шежірелер” деп көрсетті.Шоқанның шежіре туралы пайымдауынша, тарихи аңыздың ғылыми бағалы бір түрі – әрбір тайпаның қайдан таралғанын көрсететін тарихи шежірелер (5;239-б).Қазақ халқының шежіресі мен қария сөзіне көп ой бөлген ғалымдар – В.Н.Татишев (1686-1750), Н.И.Новиков (1744-1818), Н.И.Карамзин (1766-1826). Қазақ халқының қария сөзін, эпос жырын бірінші рет жазып алуға үлес қосқан – Г.И.Спасский, И.П.Шангин, Г.Ф.Генс (5;286-б).Шежіре – кешенді мәндегі феномен. Немесе шежіре – көшпелілер тарихының ауызша түрі. Шежірені көшпелілердің ауызша тарихи аңыз, қария сөз үлгісінде жалғасатын тарихи дәстүр деп түсінген жөн. Қазақ тарихына қатысты шежіре деректері ғылыми қолданысқа толық ене бастауы кейінгі 10-15 жылдардың үстіне кіреді.Шежіреші әңгімелеген тұлғалар өмірбаяны мен тарихы олардың ата – тегін көрсететін кесте, туған жері, қыстау орны, жерленген жері, моласына тұрғызылған ескерткіштер, ескерткіштеріне жазылған жазу деректерімен расталған.Қазақ даласында көптеп кездесетін осындай ескерткіштер сол адамдарға, сол жерлерге байланысты шежірелердің куәсі болып келеді. Мәселен, зерттеуші С.Әжіғалиевтің көрсетуінше, Батыс Қазақстандағы эпиграфика деректерін ғылыми талдау Кіші жүз қазақтарының этно – әлеуметтік құрылымы ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді – деп көрсеткен. Кіші жүз шежіресінің де бірнешеуі жарыққа шықты.Соның ішіндегі Адай шежірелерінің “дұрысы осы шығар” делінгендерінен салыстырмалы түрде мәліметтер алынды. Кіші жүздің шежіресін біледі делінген белгілі адамдардың әңгімелерін, оның қазіргі кездегі жазбалы деректерін оқып қарағанымызда ұлы жобасы бір – біріне ұқсағанмен, ішкі деректері ұйқаспай жатады.Адай шежіресі де сол сияқты. Шежірелердегі оқиғалардың болған мерзімдерін, тарихтағы қалған кейбір жазба деректермен батырлар жырындағы, эпостардағы туындайтын жағдайлармен салыстыра отырып, қорытынды жасауға тура келеді.Саяқбай Қаралаевтың Манас эпосындағы мына бір кіріспесі қазақ жырлары мен шежірелеріне ортақ болғандықтан, ойға еріксіз оралады: –  Баяғының аңызы,Айтсаң кірер маңызы.Ежелгінің аңызы,Ескергенге маңызды.Кейде жалған, кейде шын,Кейінгілер көңілі үшін.Көбі өтірік, көбі шын,Көпшіліктің көңілі үшін.Көтермелеп айтамыз,Көкжал Ердің жөні үшін.Жанында болған кісі жоқ,Жалған сөз бен ісі жоқ,Төрінде жатқан кісі жоқ,Өтірік пен ісі жоқ,Бабалардың аңызы,Бастамасқа болар ма?Аталы сөз маңызы,Айтпай ішке қонар ма?Шежіреден ұққан сөз,Өсіп-өрбіп шыққан сөз;Кәрілерден алған сөз,Халық аузында қалған сөз,Аңыздарға толған сөз;Азаматқа қонған сөз.Өрендерден қалған сөз,Еншіге жұрт алған сөз,Ой-жүрекке қонған сөз,Толқыта іштен толған сөз,Жауға аттанған батырдың,Жан серігі болған сөз;Естігеннің мейірі,Емін-еркін қанған сөз.Шешен біткен шерткен сөз,Мешеу көңілін еріткен сөз,Боран соққан қарменен,Қиқу-айқай шуменен,Сүрінбейтін тілменен,Қарлықпайтын үнменен,Арқар өрген белменен,Бұлт айдаған желменен,Тайталаса жарысып,Бірге жасап келген сөз,Баласына атасы,Мәңгі еншіге берген сөз;Мөлдіретіп моншақтай,Жұрт саралап терген сөз.Мінекей, біздің әңгіме жасайын деп отырған Адай батырларының шежіресі де ауыздан ауызға ұласып, кейде қырланып, кейде сырланып, осы бір жырдағы көріністерді көңілге ұялатады.“Жаратылған түбіміз – Адам-Ата Сафиолладан” делінеді. Одан Абыл мен Қабыл туады. Олар соңынан бірін-бірі өлтіреді. “Абылды-Қабыл өлтіріп, қастасқан кәуір бізіңмен” деген жырдағы әңгіме осыдан шыққан. Нухыдан – Яфес, Хам, Сам тараған. Маңғыстаулық жыршы Айтқұл Шыманұлы ақсақал да шежіресін осылай бастаушы еді. Осыдан соң арабқа сіңісіп кеткен Назар атты жетім баладан басталады. Мәлік туады, Мәліктен Әнес атамыз болған деп көрсетеді. Әнестен – Жебелі, одан – Мағаз; Мағаздан – Сахи, Жайыл туған. Жайылдың орыс әйелі егіз бала туып, олардың аттары Естек, Ноғай аталған. Екінші әйелі қыпшақтың қызынан Қырым және Қараноғай атты екі бала болған. Үшінші әйелі де қыпшақ қызы болған. Одан – Ақшолпан, Қурай деген екі балалы болыпты. Ақшолпаннан Жайылхан туған. Қурайдан сегіз арыс Сейілхан туған, Сейілханнан түрікпендер тарайды.Жайылханнан – Майқы, Мүйтен; Майқыдан – Өзбек, Жаһан-Түмен туылған. Түменнен – Айырқалпақ, Келемек туған. Айырқалпақтан – Қазақ, Созақ туылған. Созақтың әуелгі аты – Разақ болған.Днепр бойын жайлаған әскербасы болған, мұсылман дінін қабылдаған. Түркістан жеріне көшкен, түркілердің көбін мұсылман дініне енгізген. Қапы тауындағы түркі тұқымдас елдерді жаулап алып, сол жерден әйел алып, алған әйелі жүкті күйінде қалыпты, туған баласының есімін Азербайжан қойыпты, азербайжандар содан тараған деген аңыздар айтылады.Шежіре жалғасында Қазақтың елеуінен – Алаш, Маңғыбай деген екі бала болған. Алаштан – Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс, туылған. Бекарыс, Мөңке биден – Алшын, Кеншін туған деп айтылады. Бұл шежірелердің бір түрі ғана, бұдан басқа да біз білетін үш түрі бар. Енді осы жерден бастап “Адайдың Алшыны” атанған абыз ақсақал Алшын Меңдалыұлының “Адай шежіресі” атты еңбегінен үзіндікелтіре кетейік.1. Алшыннан – Нәдірқожа, Қыдырқожа, Сәдірқожа. Нәдірқожадан – Қаракесек, одан – Әлім, Шөмекей. Әлімнен – Аманақ, Жаманақ, Қарамашақ, Айнақ, тоқалынан – Түмен, Түменнен – Байсары, Кішкене. Байсарыдан – Кете. Бұл – алты аталы Әлім. Шөмекейден төрт бала – Тоқа, Көнек, Асбан, Бозғыл. Шөмекей жуас па, әлде басқа жағдайы бар ма, әйтеуір 25 таңбалы Кіші жүзде Шөмекей таңбадан құр қалған көрінеді.2. Сәдірқожадан – Арғымақ, Арғымақтан – Тілеу, Рамазан, Табын, Тама, Кердері, Керейт, Жағалбайлы. Бұл жетеуін  “Жеті ру” деп атайды.3. Қыдырқожадан – Сұлтансиық, Қыдырсиық, Бақтысиық. Қыдырқожа бай болғандықтан, оны “бай” деп, одан өрбіген тұқымды Байұлы деп кеткен. Он екі ата Байұлы деп аталатын тараулар осылардан тарайды. Олар екі жолмен құралады.1. Сұлтансиықтан – Байбақты, Алаша, Масқар, Тана, Қызылқұрт.2. Қыдырсиықтан – Ысық, Жаппас, Беріш, Таз, Есентемір, Шеркеш, “Адай – қыздың баласы, Байұлы – Адаймен он үш ата” дейтін сөз бар деп көрсетіледі.Алшекеңнің шежіресінде бұдан да басқа варианттарын да көрсеткен.Енді қазақ халық ақыны Өмірзақ Қалбайұлының жазбаларында немесе Қаржаубай Рейімбайұлының “Ер Шотан” дастанында Қыдырқожаның бәйбішесі Жанбибінің өзінің қолындағы сіңілісі Ханбибіні Елтайға қосып, содан Адай туған деген қорытындылары дұрыстыққа келетін сияқты. (Себебі, кейбір әңгімелерде Ханбибіні Адайдың туған немере қарындасы қылып қояды сондықтан да күмән тудыратыны сөзсіз).Ханбибі Елтайдан жүкті болып, ай-күні жақындаған кездерде Елтай жорыққа аттанады. Сол кеткеннен кейін оралмай соғыста өледі. Ханбибі шешеміз босанып, ер балалы болады, атын Адай деп қояды. Баланың босанғанына алты ай толғанда Ханбибіге күйеуі Елтайдың жауда өлгенін естірткенде жүрегі тоқтап қалып, өліп кетеді де Адай жетім қалады. Оны Таздың шешесі етегіне салып емізеді. (“Адай-Таз – емшектес” деген сөз осыдан қалған). Әңгіменің тоқ етерін айтқанда, Адайдың әкесі Елтай, анасы Ханбибі екеніне бұдан былай күмән тудырып, әзілге шаптырудың орны жоқ сияқты.Адайды қазіргі оңтүстік Қазақстанның Шардара өңірінде дүниеге келген деп айтылады. Кейбір жазбаларда Адайды Әбілхайыр ханның бас сардары болған қарақыпшақ Қобыландымен соғыста бірге болған деп жазылған. (“Өскен орда”, 17 бет) Адайдың сол мезгілдерде болғандығы басқа да жазбаларда кездеседі. Немесе Әл-Бахуридің 1814 жылғы «Алғашқы қазақтардың бірігуі» атты еңбегінде, және тарихшы Әкрам Мұхитбердінің «Қазақ құрамасы» атты 1797 жылғы еңбегінде Адай оның баласы туралы толық мәлімет берілген. Сол сияқты Адайдың өз жақтастарымен (“өз туыстарымды шаппаймын” деп Әбілхайырдан кетіп, Жәнібек сұлтанның жағына шығып, батырлығымен көзге түскендігі дерек көздерінің көбінде айтылады. Осы жазбаларға сүйенсек, Адай 1437-1438 жылдары туған деп айтуымызға болады.Себебі, Қазақстанның халық жазушысы, ғалым Мұхтар Мағауинның “Қазақ тарихының әліппесі” атты ғылыми байыптау еңбегінде (11-13 беттері) – “Нәтижесінде, біржола ыдырау дәуіріне көшкен Алтын Орданың шығыс бөлігінде де елдің қаймағы бұзылады, жұрттың берекесі кетеді. Билікке ұмтылған сұлтандардың әрқайсысы өзінше шағын хандық құруға тырысады. Ақыры, солардың ішінде Жошының тағы бір ұлы Шибан әулетінен шыққан Әбілхайыр ханның бағы көтеріледі.Әбілхайыр азғана уақытта бұрынғы Көк Орданы қалпына келтіргендей болады, бірақ толық бірлікке жете алмайды. Ежелден ел билеген әулеттер қару көтеріп қырқыса бастамаса да, Әбілхайырды тақтан тайдыру жолындағы күресін тоқтатпайды.Уақыт оза келе саяси күрес ашық жаулыққа ұласады. Кеше ғана Көк Ордада тежеусіз билік құрған Орыс ханның ұрпақтары Керей және Жәнібек сұлтандар Әбілхайыр бірлігінен бас тартады да, соңына ерген барлық жұртымен түп көтеріле көшіп, Қозыбасы дейтін байтақ қоныспен Шу өзенінің бойында дербес хандықтың туын көтереді, бұл жаңа ұлыс Қазақ Ордасы деп аталады.Қазақ болып бөлінген қауымды қолда бар күшпен таптап, жаныштауға шамасы жетпеген Әбілхайыр бүкіл ұлысына сауын айтып, әскер жинайды. Еділ дарияның жағасында қалың қол түзіп, 1468 жылы Қазақ Ордасына қарай аттанады.Сол замандағы, Әбілхайырға, бүкіл Шибан әулетіне бүйрегі бұрыс тарихшылардың айтуына қарағанда, ауыр әскер қазақ қоныстарының шегіне тақап, Алатаудың сілемдері көрінген кезде, мезгілсіз уақытта, күтпеген жерден суық соғады, жорықшылар бөгелуге, күннің жылынуын күтуге мәжбүр болады. Салқын ызғары азайып, әскер алға жылжымақ болғанда, тағы да суық ұрады. Қалың қол амалсыз іркіледі, бірақ жорықтың сәті түспейді, ақыры осы арада ауыр сырқатқа ұшырап, Әбілхайыр қайтыс болады.Біздің бүкіл тарихымыз жаулас елдердің, жау болмаған күннің өзінде жат жұрт өкілдерінің қолымен жазылған. Аңдап қарасақ, Әбілхайыр ханның жорық жолында бөгелуін күннің суытуымен ғана түсіндіру қисынға келмейді. Ол заманда қарасуық түгілі, қақаған қыстың өзі қанды жорыққа, қырғын соғыстарға бөгесін бола алмаған.Әбілхайырдың межелі жер шегіне жетер-жетпестен еріксіз аялдауының жалғыз-ақ себебі болды дер едік, ол – қарауындағы әскердің қазақ болып бөлінген жұртты шабуға үзілді-кесілді қарсылығы. “Керей мен Жәнібектің туы астындағы жұртпен Әбілхайыр туының астындағы жұрт – бір-ақ халық еді, бәрі де алаш ұлы, кейінгі үш арыстың баласы” – деп көрсетеді.Олай болса, ертеден келе жатқан ауызша тарихи шежірелердің желісі шындықты жетістірген сияқты. Адайдың Әбілхайыр жорығындағы өз адамдарымен соғыспаймын деп өз жасағын алып, Керей мен Жәнібекке қосылып кетті дегендері шындыққа келеді. Көрсетілген жыл шамалары да Адайдың жас шамасымен астарласады.Адай 115 жас шамасында немересі Мұңалдың шаңырағының астында қайтыс болған. Ташкент қаласының оңтүстігінде 45-50 шақырым жердің шамасында жерленген деп айтылады. (Айтқұл Шыманұлының әңгімесінен) Мұхаммед Хайдаридың “Тарихи Рашиди” атты еңбегінің Ислам Жеменей аударған вариантында: “Сол заманда Әбілхайыр ханның Дешті Қыпшақ даласына түгелдей билік жүргізіп отырған кезі еді. Жошы ұрпағының сұлтандары жорық жасап, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моголстанға кетіп қалған уақыты болатын. Есенбұға хан оларды құрметтеп қарсы алып, қоныстануға Моголстанның батыс жағындағы Шу өзені алқабындағы Қозыбасыны берді. Олар ол жерде тыныш өмір сүрген. Әбілхайыр хан қайтыс болған соң, өзбек ұлысы бір-бірімен қырқысып, көпшілігі Керей хан мен Жәнібек ханның жанына кетіп қалды. Олардың саны екі жүз мың адамға жетті, олар өзбек-қазақ деп атала бастады. Қазақ сұлтандарының алғаш билік жүргізуінің басы 1465-1466 жылдардан басталады. 1533-1534 жылға дейін қазақтар Өзбекстанның көп бөлігіне өз биліктерін толық жүргізген еді” деп көрсетеді (Бұл – “Тарих-и Рашидидің” бірінші кітабынан үзінді аударма).Енді Мұхаммед Хайдаридың екінші кітабының аудармасында былай дейді:Әбілхайыр хан Дешті Қыпшаққа түгелдей билігін орнатқан кезде Жошы әулетінен шыққан кейбір тіміскішіл сұлтандар одан келер бір пәленің иісін сезіп қалып, оны орнынан тайдырмақ болды. Керей хан, Жәнібек сұлтан сияқты кейбір сұлтандар мен басқалар азғана топпен Әбілхайыр ханнан қашып, Моголстанға келді. Сол уақытта Моголстан хандығын билеу кезегі Есенбұға ханға жеткен еді. Есенбұға хан оларды қатты құрметтеп, Моголстанның бір шетін бөліп берді. Олар осы жерден қауіпсіз жайлы қоныс тапты. Сөйтіп, тыныш өмір сүріп жатты.Әбілхайыр хан дүние салғаннан кейін, өзбектердің ұлысында алауыздық пайда болды. Әркімнің мүмкіндіктеріне қарай қауіпсіз һәм дұрыс өмір сүру үшін Керей хан мен Жәнібек ханды паналады, олар осылай күшін нығайтты. Басында елден қашып, олардан бөлініп-жырылып қалып, біраз уақыт тығылып, әрі сергелдеңде болғандықтан, оларды “қазақ” деп атады. Бұл лақап ат қазақтарға осылай таңылды.Немесе қазақ деген атау осы мезгілден басталған деген түсінік береді. Бұдан басқа бұл еңбекте қазақ болып бірігуден бұрын ата-бабаларымыздың әртүрлі – жалайыр, дулат, қаңлы, арғын найман болып келгені де әңгімеленеді.Немесе осы деректерге сүйене отырып, шежіредегі Адай бабамыздың алғашқы қазақ сұлтандары мен батырларының бірі болып атағының шыққан мезгілдері 1460 жылдардың іші екендігін айғақтайды.Немесе сол кезеңдерде қазіргі Кіші жүз руларының пайда болуын Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев былай суреттейді: (8 том, 209-210 беттер, 1999 жыл)“Маңғыстау мен маңғыстаулықтар қазіргі елі мен қазақ жерінің қалыптасуына да белсене атсалысты. Сонау VII-VIII ғасырлардағы Атырау, Арал, Қаратау маңындағы ежелгі сақ, массагет, кейінгі печенек, қаңғылы, оғыз субстраттарының Сібір мен Алтайдан келген қыпшақ, қалмақ, қидан, алшын, байұлы тайпаларымен араласуынан осы заманғы Кіші жүз рулары түзілді. Олар Алтын Орданың ыдырауына байланысты әр түрлі халықтардың құрамына бөлініп шашырап кетті. Қазіргі Еділ, Жайық, Маңғыстау, Үстірт, Жем, Ырғыз бойларын жайлаған бөліктері Ақ Орда мен Шағатай ұлысындағы қандастары мен тілдестеріне қосылып, дербес ұлт, дербес мемлекет болып бірігуіне тікелей үлес қосты. Ол замандарда Ноғай Ордасына қарап келген бұл өлке тұрғындарының оғыз тілдес бір бөлігі торғауыт қалмақтарының қол астына қарап кетсе, қыпшақ тілдес бөлігі Ақназар хан тұсында Қаратау мен Жетісу бойында шаңырақ көтерген қазақ хандығына барып кірді. Қазақ ұлтының бастан кешкен тауқыметтерінің бәрінде де көресінді көппен бірге көрді. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламада, Сауран айналған Алшын руларымен бірге Әмудария мен Сырдария, Нұратау мен Қаратау арасындағы жаңа қоныстарын тастап, әуелі Ырғыз, Торғай, кейін Еділ, Жайық бойларына ығысып, кейін Сырым, Атағозы, Арғынғазы, Сүйінқара көтерілістері тұсында ежелгі этникалық қоныстарына түпкілікті ауып қонды” – деп көрсетеді.Әбіштің бұл әңгімелері де жоғарыда айтылып кеткен тарихи деректермен желілес, одан да гөрі анығырақ ашып кеткендігін байқаймыз.Адайдан Құдайке, Келімберді деп аталатын екі бала болған. Құдайкеден кейін Адай бабамыз көпке дейін балалы болмаған. Құдайке мүшел жасқа толғанда ғана екінші балалы болып, атын Келімберді қойған.ІІ - тарауЕсею жылдарыШотан он жеті жасқа келгенде Байбақты Сатым бай үш жүзге ат шаптырып, әкесіне ас беретіндігін хабарлайды. Ас келесі жылдың мамыр айында өтетін болады. Аста – атжарысы, көкпар, күрес, мергендік, қыз қуу сайыстары өтетін болып белгіленеді. Шотан әкесі Назарға келіп, алдағы болатын асқа дайындалу жайын әңгімелеп және өзіне мінетін жүйрік аттың қажеттігін, оны аста бәйгеге қосып, сынағысы келетінін айтады. Келесі күні Назар тумаластары – Бектеміс, Тоқтамыс, Базар, Жетімек, Мете, Дәулеталы, Мұрат және Есболай мен Есекмергенді шақырып, өздерінің он мың жылқысын аралап, Шотанға тұлпар ат қарап табуды әңгімелейді. Шотанның астындағы құланның ұзақ шабысқа жарамайтындығын Базар бұрын айтқан болатын. Шотанның екінші аты Қара жорға деп аталатын. Ол жорға ешкімге алдын берген жоқ, бірақ шабысқа жоқ еді. Енді іздейін деп отырған ат, бұл – Шотанның жау келгенде мінетін - “Ер қанаты тұлпары” еді. Сосын да Назар бұл шаруаны өз қолына алған болатын.Назар бастаған топ жиырма күндей жылқыны аралап, Шотанға ұнайтын ат таба алмады. Енді алпыс шақты айғырдың үйірі қалды деген күні Назар Бектеміске қарап: “мына он мың жылқыдан балаға мінетін бір-екі тұғыр табылмағаны ма? Кілең есек бағып жүрміз екен ғой” – деп ренжіп, “кітабыңды ашып қарасайшы, болмаса, бос жүріс жасамайық” депті. Содан Бектеміс Назарға: “Ақырына дейін сабыр етейік, қалған жылқының ішінен Шотан мінетін ат табылатын шығар” депті. Қалған айғырлардың үйірін де аралап болып, “бұл қалай болды?” деп дағдарысып тұрғанда Базар: “Анау жерде он шақты саяқ көрінеді саған қарай жақындайықшы” деп, өзі бастап барса, ішінде арықтау, құйымшағы шығыңқы шұбарды және оның қасындағы қапталдасып тұрған торыны көрсетіп, “Шотанның мінетін аттары осы - екеуі” деулі.Шотан әзілдеп тұрған шығар деп Базар ағасының бетіне қарап, шыны екендігіне көзі жеткесін: “мыналар ат емес, есек қой, аға” деп айтып қалыпты.Назар жылқышыларға шұбар мен торыны ұстауға бұйырады. Жылқышылар саяқтарды көп жылқыға қарай бағыттатқысы келгені сол еді, шұбар мен торы саяқтардан шыға берді. Жылқышылардың мінгендері де қашаған қуып қалған тарландар болатын, “Айналдырып қуып, жылқыға әкеліп тығамын ғой” деп ойлап, қапталдаса шапқанмен, шұбар мен торы қайыртатын болмады.Екеуі де жылқышыларға шалдырмастан кетті.Алыстан орап қайырып, жылқыға қосқанмен, екінші бетінен сойып шығып, жылқышылардың аттарын салықтарды. Шотаннан басқасының бәрі қосылып ұстағысы келгенмен, шұбар мен торы ұстатпады. Адамдар да, аттар да болдырып, ұстауды ертеңге қалдырды.Жылқышыларға жылқыдағы жүйрік делінген бұрын қашаған қуып жүрген айғырлар мен аттарды ұстап, терін алып, таң асырып, ертеңге даярлануға тапсырма берілді. Ертесіне жылқыға келсе, шұбар мен торы жылқының шетінде оқшауланып, бұлардың қарасын көргеннен далаға бет алып қашуға ыңғайлана бастаулы.Осы кезде Шотан топтан бөлініп, екі атқа қарай желе жортақпен жақындап келіп ақырған екен, шұбар ат мойнын бұрып, оқыранып тұра қалыпты. Қасындағы торы да шұбардың сауырына басын сүйеп тұра берулі. Шотан атынан түсіп, құланы жетелеп, шұбардың қасына келгенде шұбар ат ернін жыбырлатып, Шотанның бетін иіскелеп, Шотан да аттың құлағының түбін қасып, төсін сипалап, құшақтасып көріскен достардай болулы. Екі қашаған аттың мынадай мінез көрсетіп, жуаси қалуына жылқышылар да, көріп тұрған басқа адамдар да таң қалыпты. Бұрын жүген, құрық тимеген асауларды асықпай ноқталап, жетегіне алған Шотан Назарларға келіп, өзінің де аң-таң болғанын жасырмай Базар ағасына қарап күліп, “кешіріңіз, бұлар есекке ұқсамайды екен” депті. Сол күннен бастап екі атты да жаратып, баптау үшін ағасы Базарға берулі.Әзіреттің ала тауындай,Қаптаған қара дауылдай,Шұбар тұлпар астында, Өзі он сегіз жасында,Топты жарып Ер Шотан,Кірді қырған майданға, –  деп жырлаған Қашаған ақынның шұбар аты – осы шұбар болатын.Базар екі атты өріске оңаша жерге қос тіктіріп, бәйгі баласы екеуі жыл жаратып дайындады. Екі атты да нағыз шабатын бапқа келтіріпті.Сатымның асы да жақындады. Қазықұрттың жазығына жағалай ақ жұмыртқа үйлер үш қатар етіліп тігілді. Тігілген үйлердің алып жатқан көлемі ат шаптырымдай болды.Ауылдың оң қапталында бес шақырымдай жерде желілер тартылып, қарасы бес жүздей бие байланды. Сол жерде тігілген жиырма шақты жолым үйдегі қымыз піскен сабаның дауысы анадайдан естілсе, саумал қымыздың исі мұрныңа келіп, аңсарыңды ашатын-ды. Есік алдындағы жерошақта бағылан мен жабағының жас еті бүлк-бүлк қайнап, ішегіңді шұрылдататынды.Мінекей, ас беру ұлы тойы басталып та кетті.Кеше кештен бастап келген қонақтарды белгіленген орындарына орналастыру жұмыстарының өзі жауапты деген адамдарды тізе бастырмады, құйрық қойғызбады. Далаға көз салсаң, ығы-жығы ат, жан-жағыңа қарасаң – адам. Жорғамен табақ тартып жүрген жігіт-желеңдер. Күн кешкіріп қараңғы түскенде қарасаң жан-жағы самсап тұрған жарық жұлдыздарға толы. Жан-жағыңның бәрі – көңіліңді көтеретін көрік пен сәнділік. Қайда құлақ тоссаң да көңілді күлкі, шырқалған ән, күмбірлеген күй...Кешкісін ортадағы он алты қанат Сатым байдың үйінің алдына алдырылып, боз бие сойдырылды. Келген қонақтардың ішіндегі ру басылары шақырылып, қонақасы берілді. Ел орнына түгел отыра бергенде хабаршылар таңертең ерте бәйгі аттардың айдалатынын хабарлады. Назарларға тігілген екі ақ боз үй Сатым байдың үйінің оң қапталындағы үйлердің ортасында болатын.Базар кешкі қонақасыдан кейін жаратылған аттар тұрған қосқа кетейін деп жатқанда Бектеміс ахун “Шұбарды Шотанның атынан қоссын, торыны көкпарға алып қалсын” деген Назардың тапсырмасын жеткізді.Той ауылдың адамдары таң азаннан тұрып, сәйгүліктерді көру үшін ат айдалатын орынға жиналды. Бәйгеге түсетін аттардың кімдікі екенін айтып, бәйгі балаларын мінгізіп, тойшылардың алдарынан түгелдей өткізіп шықты.Бәйгі аттар Қазықұрт жазығымен айдалып барып, жүз жиырма шақырым жердегі Дүбірдің дөңінен жіберілетіні жарияланды.Ат кеткесін хабаршылар күрестің басталатынын хабарлады.Күреске сегіз палуан шықты. Палуандар төрт адамнан екі топқа бөлініп күресті. Екі топтан жеңіп шыққандар ақтық күреске шығады. Жыққан палуанға түйе палуан атағы беріледі. Түйе палуанға жеті нар бәйге тігілген. Күреске шыққан бір топтың ішінде Шотан да болатын. Күресе-күресе келгенде, бір топтан Шотан дараланса, екінші топтан күрестің бәйгесін ешкімге ортақтаспай үнемі дара иеленіп жүрген Шотанның құрдасы кердері Абыздың баласы Арлан шықты.Екі жас келе арыстанша айқасты. Арлан өзінің бұрынғы әдісіне салып, Шотанды оң жамбасқа алам деп айнала бергенде, сол аяғынан шалып тартқан Шотанның тегеурініне өзі құлап қала жаздап, бойын енді тіктей бергенде, жерден қалай көтеріліп кеткенін, өзінің Шотанның оң жамбасына қалай түскенін білмей қалды. Ай-пайға бармай Арланның жауырыны жерге тиді.Шотан берілген бәйгенің жартысын тойдың иесіне – ошақ басына қалдырды. Қалғанын Есболайға “сіз ие болыңыз, тиісті делінген адамдарға үлестіріп берерсіз” деді.Енді мергендік сынағы басталады. Жүз қадам жерден биіктігі 27 метр біріне-бірі жалғанған үш сырықтың басындағы күміс жамбыны кім атып түсірсе, сол алмақшы. Бірінен соң бірі барып, мергендіктерін сынап, жамбыны жерге ешкім түсіре алмаулы.Осы кезде Шотан шығып, Адай атасының әруағына сыйынып, кез оғын салып кезене көздеп тартқанда жебенің шуылы құлақ тұндырумен барып, күміс жамбыны ұшырылуы. Көріп тұрған көпшілік  “Шотан, Шотан!” деп шу ете түсіпті.Күміс жамбыны қолына алған Шотан ойланбастан Есекмергеннің бәйбішесінің алақанына салып, “Шотаным, өмірде тарықпа!” деген алғысын алулы.Мергендердің сайысы аяқтала бергенде жаршылардың көкпарға деген дауыстары естіледі. Көкпарға жиналғандардың шетінде торыны жетелеп келіп тұрған Базар анадайдан өзін көрмей жан-жағына қарап тұрған Шотанды шақырып, торының тізгінін ұстатып тұрып, “Шотанжан, қызбалыққа салынып топтың ішіне кіріп жұлысқа түсіп кетпе, шет жағын алып, аулақтап отырарсың. Түбінде біреу сол айқастан серкені алып шығып қашады. Міне, сол кезде торыны жібер, қандай жүйрік болса да құтқармай жетеді, сол жерде қайратың болса, серкені тартып ала-алсаң, торыға жететін ат бұл жерде жоқ. Жетсе, Шұбар жетер еді, ол бәйгіге қосылып кетті. Ал жолың болсын, менің айтқанымды ұмытып кетпе” деп арқасынан бір қағыпты. Шотан жан-жағына көз жіберіп еді, көкпар басталған екен.Жағаласып бара жатқан көкпаршылардың айналасы ала шаң, ызы-қиқы дауыстар сол жағаласпен ауылдан ұзай берді. Шотан да көкпардың қызған тұсына жақындап, бірақ ішіне кірмей, торының тізгінін іркіп тартып, сүт пісірімдей, көкпар тобы сұйығанша ақырын күтумен болды. Бір кезде топтан құлажирен мінген жас жігіт серкені тақымына қысып шыға беріп еді. Топтың ішіне кірмей шеттеп жүрген он шақты атты жабыла қуып, ұзатпай ортаға алды. Сөйтіп жырылып шығып, қайта ортаға түсумен аттардың да, адамдардың да екпіндері бәсеңдегендей бола бергенде қаратөбел арғымақ мінген, басын бір шаршы ақ орамалмен байлап алған сыптығыр қара жігіт топтан бөлініп шыға берді. Қалған тобыр соның соңына түсті. Қара арғымақ салғаннан ұзай берді. Шотан да торының басын жібермей, оң қаптал – жел жаққа шығып алып, көкпаршының қалың қуғыншыдан ұзап кетуін күтті.Қуғыншылардың тобы да ұйлыққаны жазылып, бірінен бірі алшақтап, созыла түсті. Қара арғымақты қарасын үзіп кетуге айналды. Шотан одан арғыға шыдамады, торының тізгінін қалай босатқанын өзіде байқамай қалды. Сол-ақ екен, шауып келе жатқан торы ырғығанда Шотан ерден ауып, аттың сауырына барып қалып, тез қимылдың арқасында ерге қайта отырды. Талай жүйрік делініп жүрген аттарға шапқан Шотан мынадай шабысты кездестірмеген екен.Аққан жұлдызша сорғалаған торы еңкеуге қарай ағызып келе жатқан қаратөбел арғымақты жігіттің қапталына көзді ашып жұмғанша алып келді. Шотан да жігіттің тақымындағы серкеге қолды салып, жұлқи тартқанда ат үстіндегі жігіттің өзі аударылып қалуға аз-ақ қалды. Қара арғымақтың өзі де Шотанның жұлып өткен екпінінен сүрініп жығыла жаздап барып, бойын түзеді.Серке қолына тигенсін Шотан тақымын қысуы мұң екен, бұрынғы-бұрынғы ма, торының екпінінің күштілігі сондай, алдан соққан жел Шотанды алдына дұрыс қаратпай бүгілдіре берді. Шотан тізгінді тартпағанда, еті қызған торы маң далаға ағызып, алып кетуге айналып еді. Тізгінді тежегеніне бағынғысы келмеген торы жүрісін баяулата қоймады. Шотан тізгінді күшке салып тартқанда ғана торы шабысын бәсеңсітті. Артына бұрылып қарап еді, көкпаршылардан қуып келе жатқан ешкім көрінбеді. Шотан енді аттың басын солға қарай бұрып, ас беріліп жатқан ауылдың қапталындағы атбегілердің күркелерінің үстімен Сатым байдың үйінен қашық емес тігілген Сатымның балдызы Қуандықтың үйіне қарай бағыттады. Үйге жақындағанда “О, көкпарды әкеле жатыр” деген дауыстар шыға бастады. Сол кезде Шотан да ақбоз үйдің қасына келіп қалып еді. Үйден Қуандықтың өзі шықты. Шотан атынан түсіп сәлем берді де: “Қуеке, серкені сізге еншілеуге рұқсат етіңіз” дегенде Қуандық: “О, рұқсат Шотанжан, көкпарды бізге тарту ектеніңе мың да бір рахмет! деп бәйбішесін шақырып, мына Шотан көкпарды біздің шаңырағымызға арнапты” дегенде Қуандықтың бәйбішесі Ақкербез қалтасынан алтын жүзік шығарып, Шотанның саусағына кигізіп тұрып: “Шотанжан, ырым болсын, қолыңа құс қондыр! Назар әкемізді қуантып, той жаса, әумин!” деулі. Сосын Шотанға қарап күліп: “Қыз қуу болайын деп жеребе тасталып жатыр, біздің Ханайым да қатысады, тездетіп мына қымызды іш те, барып жеребеңді ал” деп, бір зерең қымызды қолына ұстады. Манадан ат үстінде шөлдеп қалған Шотан берген қымызды ішіп алады да, Аққербезге қарап рахметін айтып, асығыс атына мініп, қыз қуудың жеребесін салып жатқан топқа келіп дауыстап сәлемін береді.Жеребе тартушы жігітердің біреуі Шотанға қарап соңғы жеребе деп бірнеше бүктелген қағазды қолына береді. Қағазды ашып қараған Шотан Ханайымның атын оқығанда қуанғаннан не дерін білмей аңырап қалды. Жеребе берген жігіт Шотанға қарап: “Ау, қағазды оқысайшы, кім делініпті?” – дегенде барып, “Ханайым” деуге шамасы келді. Жүрегі атқалақтап соғып кетті. Анадай жердегі ақсұр аттың үстіндегі Ханайымға көзі түсіп кетіп еді, қыздың ақша бетіне қан ойнап шыға келгендігін Шотан байқап қалды.Қыз қуу басталып кетті. Жұп-жұбымен шығып, қайсысының аты жүйрік болса, соның бағы жанып жатқаны. Бір кезде Шотанның да кезегі келді. Ақсұр арғымаққа мінген Ханайым ілгерірек шығып, төрешілердің “жібер” деген даусы естілгенде ақсұрға қамшы көтеріп еді, ытқи жөнелді. Шотан Ханайым алдағы қырдан асқанша торыны тежеп отырды. Ханайымның қырдан асуы мұң екен торыға тақым батырды. Торы лезде ақсұр арғымаққа қатарласты. Шотан ақсұрдың тізгінін қолына алып екі атты да тежеп, жүрісін жайлатып, Ханайымның білегінен ұстап,  “Сіздей аруға кездестіргеніне бір Құдайға разымын!” дегенде Ханайым да құптағандай нышанын байқатып, ризалығын білдіргендей болды. Шотан көңілденіп, Ханайымды кешкі ауыл сыртындағы алтыбақанда кездесуге шақырып, келісімін алады. Ханайым Шотанға қарап, “бұл жерде бүйтіп тұра бергеніміз ұят болар, мен кішкене кідіре тұрайын, сіз ауылға қарай қашыңыз, егерде мен жететін болсам аямаймын” деп күлді. Шотан атының басын ауылға бұрып, торының басын сәл босатып еді, шаба жөнелді.Артына қараса, Ханайымда жақындап қалған екен. Қамшы тигізбейтін қашықты ұстаумен Шотан қарақшыға жетті. Бұл жерде тұрған көпшілік те Шотанның атын атап  “құтты болсын” айтып жатты. Шотан торысын кермеге байлап, өздеріне тігілген үйге келсе, Назар бастаған бір топ адам жас жабағының етін жаңа алдарына алып жатыр екен. Сәлем беріп Шотан кіріп келгенде, ет турайын деп жатқан Мете ағасы  “Тез қолыңды жу да табаққа келіп, мына етті тура” деді. Шотан тездетіп қолын жуды да ет турауға кірісті. Назардың қасында отырған Есекмерген Шотанға қарап,  “Айналайын Шотаным, бүгінгі болған барлық сайыста да жеңіске жетіпсің, құтты болсын жеңісің, қуанышымыз ұзағынан болсын, Алла әумин десін!” деп қолдарын жайып батасын берді. Қасында отырған Назар: “Айтқаның келсін, Мергенім!” деп ақтарыла сөйлеп, қуанышын жасырмады. Шотанға қарап: “бүгін торы атыңның суын алып, суытып жіберуің керек шығар. Ертең топтарқатарға шабасың ғой. Базармен сөйлес, не айтады екен, мен Сатымның үйіндегі билер кеңесіне барамын” деп, ас қайырып, қол жайысты. Шотан кештің болуын асыға күтті. Шыдай алмай алтыбақан құрған орынды да көріп келді. Торыны ат бегілердің қосына апарып, Базардың қолына тапсырды. Базар Шотанға: Ертең түсқайта бәйгі аттардың алды шаң беретін шығар, ат күтетін қарақшының қасына келерсің, мен сол жерде боламын” деп, өзі аттардың жайымен айналысып кетті.Шотанның зарыға күткен кеші де болды. Алтыбақанның қасына бозбалалар жинала бастады. Анадайдан қасында екі қыз бар Ханайымның келе жатқанын байқаған Шотан алтыбақанның басына бармастан қыздардың алдын орап, Ханайымға келіп, “Қош келдіңіз!” дегенде Ханайым, “Қош келдіңізді” сіз емес, сізге біз айтуымыз керек шығар, болып жатқан той біздікі ғой” деп, күліп жауап берді. Шотан енді не айтарын білмей жүрегі атша тулап кідіріп қалды. Сол кезде Ханайымның қасындағы екі қыз “Біз алтыбақанға бара берейік” деп жылыстап кете берді. Сонда ғана Шотанға тіл бітіп, Ханайымға  “былай шығып қыдырып қайтайық” деген сөзді зорға айтты. Ауылдың сыртындағы тораңғының ішіне келгенсін Ханайым “Бұдан әрі қарай жүруге болмайды, жайлап кері қайтып, алтыбақанға барайық” деді. Шотан Ханайымды сүйетінін, рұқсат болса, әке-шешесіне айтып, құда түсіретінін білдіргендей болды. Ханайым да Шотанды ұнатынын, тұрмыс құруға қарсы еместігін сездірді. Ыстық демі шарпып тұрған қызды құшақтап, өзіне тартып алған Шотан ернінен қалай сүйіп алғанын өзі де байқамай қалды. Ханайым да Шотанның құшағынан сусып шығып, “Енді бөгелуге болмайды, мені жеңгем іздеп қалады” деп, Шотанның қолынан тартып алтыбақанға қарай бағыттады. Сол кезде Шотан Ханайымға қарап, “Сонымен, уәде – уәде ме, егерде уәде болса, қолыңды әкел!” деп, Ханайымға қолын созды. Ханайым да қолын беріп, Шотанның иығына басын сүйеп тұрып, “Шотан, тым асықпа, “асыққан – шайтанның ісі” дейді, бір-екі ай өтсін, әке-шешеңе сосын айтарсың, ауылдың арасы қашық емес қой, кездесіп тұрармыз деді. Осылайша уәделесіп, сөз байласып, көңілдері көншігендей болды. Бұлар келгенде алтыбақан да басталып кеткен екен. Ән мен күйдің аяғы ақсүйекке айналып, таң сыз бергенде ғана тарады. Шотан да Ханайыммен қоштасып, келіп төсекке бас қойған бойына ұйқыға кетті.Ертесіне күні бойы ұйықтай бере ме еді, қайтер еді, Майлан інісі келіп оятпағанда. Шақырып жатқанын Майланнан естігесін, тұрып, жуынып, Назарлар отырған үйге келсе, кілең әкесімен шамалас билер мен батырлар екенін көріп, сәлемін беріп, оң жаққа тізе басып отырғаннан кейін Назар Шотанға қарап: “Мына ағаларыңмен бірге болып, ет турап беріп, батасын алсын деп шақырдым, отыр, шырағым, қымыз құйып қонақтарға таратып отыр” деп, өздері отырған әңгімелерін жалғастыра берді. Шотан қымыз құя отырып, өзі де бір саптыаяқ қымызды орталап ішкеннен кейін, ішектері шұрылдап дыбыс бергенде барып кешеден бері тамақ ішпегені есіне түсті.Ас пісіп, қолға су құйылды. Табақ тартылды. Шотан жасы үлкендердің етін турап берді. Тамақ желініп, ас қайрылды. Назар қонақтарына қарап: “Күн төбеден ауып барады, аздап қымыз ішіп, тоқ басқасын қарақшы төбеге жүргеніміз дұрыс шығар, аттардың алды бесін шамасында көрінетін болар” деді.Үйдегі үлкендер жағы атшы балаларға аттарды кермеге әкеліп дайындап қоюға тапсырмаларын беріп жатты.Түс қайтысымен-ақ тойшылар қарақшылы төбеге жинала бастады. Қарақшы төбе, шындығында да, табиғаттың әдейі биік қылып, үстінің аумағы 6-7 шақырымдай жазық болып келетін, тойға келгендер толық сиып кететін, жан-жағының бәрі көрініп тұратын биік төбе еді.Бәйге аттар осы төбенің етегіндегі қағылған қарақшылардың жанынан шауып өтуі керек. Бәйге қанша орынға берілетін болып белгіленсе, сонша ат қарақшыдан өтіп болғанша әдейі бәйгенің орындарын анықтайтын кеңесшілер тобы жарыс аяқталғанша отырып қорытындыларын жариялайтын болып белгіленген.Төбенің үстінде әр түрлі бәйгі аттары туралы әңгіме өрбіп жатыр. Балгерлер бал ашып, құмалақшылар құмалақтарын тартып, жоруын білмей қиналып жатқандар да аз емес. Назарлар отырған жерге Шотанды ертіп, аттарын жетелеп Базар да келді. Назардың қасында отырған Есекмерген Бектеміске қарап: – Кітабыңды аштың ба, аттарыңыз бәйгіден келе ме, хабарыңды айта отырсайшы, – деді. Бектеміс оған: – Кітап ашуға болар еді, егерде бәйге аттарды Базар түгелдей көріп шықпағанда. Базар көріп шыққасын кітап ашудың қажеті болмай қалды, – деді.–       Олай болса, Базаржан, бірдеме десейші, – деді тағы да мерген.        – Менің көзім алдамаса, бір құдай оңдаса, Шотанның шұбары бірінші келеді, екінші Атағозының жирені келеді, үшінші болып Сатымның қара арғымағы келе жатыр. Төртінші, бесінші орындарда бір көк ат, бір сұр келеді, кімдердікі екенін білмеймін, – деп барып, үндемей қалды. Отырған адамдар да үнсіз қалды.Біраздан кейін мерген:–       Айтқаның келсін, Базарым, тіл-көзден аман бола көр, тіпә-тіпә! – деп шапанының етегін қаққылады.–       Базардың айтқанын періштелер әумин деп солай болып жатса, бірінші бәйгені түгелдей Сатымның ошағының басына қалдырсақ қайтеді, – деді Назар.–       Болады ғой, –деді отырғандар. Сонда Есболай Назарға қарап:–       Бір ішкі есебің бар-ау шамасы, – деп күлімсіреді.–       Сатымның көрерге көз керек сұлу қызы бар екен, Шотанға айттырып алып беру керек, – деді Есекмерген.Шетте отырған Шотанның ұялғаннан құлағына дейін қызарып кетті.Сөйткенше болған жоқ біреулердің “шаң көрінеді” деген айқайы әңгімені бөліп кетті. Жұрттың бәрі ат келетін жаққа көз тікті. Қанша қарағанмен, сағымды даладан көзге ұрып келе жатқан шаң байқалмады. Біреулер “шаң бар екен, келе жатыр” деп дауыстап хабарлап жатыр. Шотан да көкжиекке қанша үңілгенмен, ештеңені байқай алмады. Қасында тұрған Базар  “шаң көрінді” дегенде барып, сұйықтау, сосанылау шыққан бозғылт шаңытты бұл да байқады.Әне-міне дегенше жалғыз шапқан аттың жіңішкелеу болып шұбатыла шыққан шаңы айқындала бастады. Одан әрігіректе тағы да бір жіңішкелеу болып шыққан шаң көрінді. Алдыңғы аттың түрі қара қоңыр болғасын “Мынау шұбарға ұқсамайды ғой” дегенде, атқа қарап көзін сүзіп тұрған Базар “Шұбар болғанда қайтсін, шабысын жаңа түзей бастаған екен, жарықтығым” дегенше болған жоқ, үстіндегі баланың  “Мұңал-Назар!” деп шырылдаған дауысы да естілгендей болды.Атына қарғып мінген Базардың қолындағы ақ орамалды былғап айқайлап:  “Аттың басын жібер, Отыншы” деген зор дауысы төбенің басындағы адамдардың құлағын тұндырды. Шұбардың үстіндегі бәйгі бала Базардың баласы еді, аты Отыншы болатын. Базардың ақ орамал былғап айқайлаған дауысы шығуы мұң екен, аттың басын жіберіп, қамшысын сауырға тигізбей сілтеп еді, шұбар таутекеше қарғып атылғанда алыстан шаршап келе жатқан ат емес, тыңнан қосылған ұшқыр атша қарақшының қасынан ала шаң қылып өте шықты. Базар атын борбайлап шұбардың соңынан кетті.Біраздан кейін екінші болып Атағозының жирені мәреден өтті. Оған ілесе, үшінші болып, Сатымның қара аты келді. Төртінші орынды алақұнан Ағыбайдың көк аты, бесінші орынды Кердері Кесіктің Шайтансұры иеленді.“Бас бәйгеге тігілген 40 атанды Назардың ошақ басына қалдырдық” деген хабарын естігенде Сатым бай қатты разы болды. Сонымен аламан бәйгі аяқталып, жұрт апа-сапа, қонақ үйлеріне тарап шайларын ішіп, шөлдерін басып шыққаннан кейін топтарқатар шабыс болатыны хабарланды. Бұл шабыс қарақшы төбенің алдыңғы жағындағы жазықта айналып шабылатын болды. Әр айналым жеті шақырымнан бес айналым болып белгіленді. Жарыстың тәртібі той иесінің адамы алтын жамбыны алып айналып қашады. Егер де 5-айналғанда жеткізбесе, бәйгі той иесінде қалады. Егерде құғыншы жететін болса, алтын жамбыны сол жеткен адам алып қашады. Сөйтіп, бес айналымның соңында алтын жамбы кімнің қолында жеткізбей келсе, сонікі болып шешіледі. Жарыстың бұл түріне де таңдаулы жүйрік делінгендерден іріктелген аттар қосылды. Жамбыны Тасымбайдың үлкен баласы Құттықадам алып қашатын болды. Жамбыны бір шақырым қашықтықта тұрып алып қашуы керек. Қуатын аттарды қатар тұрғызып болғасын астына қанжирен арғымақ мінген Құттықадам алақандай алтын жамбыны халыққа көрсетіп ақ жібек орамалға түйіп оң қолына ұстап жоғары көтерумен бір шақырым жерге барып тоқтады. Аттың басын жібер деген тапсырманы бәрі де күтіп тұрды. Басқа аттар тықыршып бір орнында тұра алмай аласұрып тұрса, айналымның ішкі жақ шетіндегі қатарда тұрған Шотанның торысы қозғалмастан, бір аяғын бос ұстап, екінші аяғына салмақ салып шыбыннан ғана басын изеп, селт етпестен тұрды. Аздан соң белгі берілді. Құттықадам қанжиренмен оқша зулады. Шотан да тақымын қысып еңкейе берді. Себебі, торының ұмтылысынан қорқып қалған болатын. Ауыздығын жіберіп, тақымын қысуы мұң екен, торы аққан жұлдызша зымырады. Алғашқы айналымда орталай бергенде Шотан Құттықадамға жетіп жамбыны алды. Жамбыны алғанмен Құттықадамнан озбай қатар шауып әңгімелесіп, арттағы қуғыншылар жақындағасын барып Құттықадаммен арасы ажырай бастады. Осылайша, торы ат бес айналғанда кейбір аттар үштен, тәуір дегендері төрттен айналым жасады. Торының нағыз тұлпар екендігіне тойға келгендердің көзі жетті. Топтарқатарға берілген алтын жамбыны Құттықадамның келіншегі Нұрлыгүлге Шотан апарып өз қолымен берді.Сөйтіп, ас та аяқталды. Тойға келген халықта Шотанның өнері мен қос тұлпарының шабысы әңгіме болып бара жатты.“Назар Сатымға құда түсетін болыпты ғой” деген де әңгімелер тарап жатты. Шындығында да бір ай өткесін жеңгелерінің бірі Шотанға келіп, ата-анасының Сатым байға Ханайымды айттырып құда түскісі келетінін, оған Шотанның қалай қарайтынын білуге келіпті. “Ата-анама қалай білдірем” деп жүргенде жеңгесінің мына хабары Шотанды да қатты қуантты.“Ата-анам солай деп жатса, менде қандай қарсылық болады” деп қайтарыпты.Сатымға Тоқтамыс, Есекмерген, Есболай үшеуі құда болып барыпты.Сатым бай да қызының шешесі арқылы қарсы еместігін анықтап, туыстарын шақырып, кеңесіп, қызды беретін болып келісім беріпті. Қалыңмалына 90 бас төрт жастағы торы төбел бие, 9 бас шым жирен айғыр, 90 бас алты жастағы нар, т.б. қымбат бағалы заттар сұрапты. “Қалыңмалы келгеннен кейін үш айдан соң ұзатамын” деп уәделесіпті. Құдалар келіп хабарын айтып болғасын Назар бас жылқышысын шақырып:  “Тоқсан торы төбел бие мен тоғыз шым жирен айғыр табыла ма?” деулі. Жылқышылар қосының бастығы іркілместен “табылады” деп жауап берулі.Олай болса, депті Назар, –  ертең түйені де, жылқыны да, сұраған зер-мақпалдарын да даярлаңыздар.Тапсырма берілген күннен үш күннен соң сұраған қалыңмалын Сатымбайдың қолына табыстап, Назар өзінің келін түсіру тойын өткізуге даярлық жұмысына кірісіп кетулі. Тойдың болатын күнін белгілеп, Ұлы жүзден Төле би бастаған бір топ ру басыларына, Орта жүзден Қазыбек бастаған, Кіші жүзден Әбілқайыр бастаған батыр, сұлтандарға хабар жіберткізді. Той қыркүйек айының орта кезінде Шу өзенінің жағасында, Ұлан жазығында өтетін болып белгіленді. Сөйтіп, 16 жасында Шотан Сатым байдың 15 жасарХанайым атты қызына үйленетін болды. Тойға 700-дің үстінде үй тігілді. Аламан бәйгіге 180 ат 120 шақырымға айдалды. Бас бәйгіні Шотанның шұбары алды. Екінші орынға да Шотанның торысы келді.Той аяқталысымен Әбілқайырдың қатынасуымен билер кеңесі өткізілді. Жоңғарлардың үлкен шабуылға даярланып жатқаны әңгіме болды. Өзінің сөзінде Әбілқайыр 1719 жылғы хан сайлаудан соң жайбарақаттыққа түсіп, әркім қарабасын күйттеп кеткендігін, Дүрбін-Ойраттың орыс шеберлерін ұстап, мылтықтың сол кезеңдегі ең соңғы тиімді үлгілерін жасап жатқанын, оған қоса орыстардың ішінде туып-өскен, кейіннен жоңғардың қолына тұтқын болып түскен Ренат деген шведтің ұйымдастыруымен зеңбіректер құйып, оны сынақтан өткізіп, қазақты тұтастай басып алуға бет түзеген дайындықтарын әңгімелей келіп, Үш жүз шұғыл бірігіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруды ұсынды. Үш жүздің басының тастүйін болып біріге қоюының қиын екендігін ойлағанда Әбілқайырдың қабырғасы қайысып, ұнжырғасы түсіп бара жатты. ІІІ -  тарауҚыспақКелінін түсіріп тойын таратып болғансын, оңаша қалған Назар ойдың мұхитына түсіп кетті. Әбілхайырдың айтқан әңгімесінің салмағының ауырлығын түсінді. Өткенде Қарақұмдағы жиыннан кейінгі Әбілқайырдың қимылы әлі есінен кетпепті. Өзінің ойшылдығымен, ұйымдастыру қабілетінің мықтылығымен, түйіндеп айтқанда, орасан зор ақылдылығымен көзге түсіп еді-ау. “Арқар ұрандының туын Әбілқайыр көтерсін” дегенмен, шынтуайтында, Алаштың да, Арқардың да жорық кезіндегі билігі Әбілқайырға көшіп еді-ау.Әбілқайырдың соғыс ісіне жетіктігінен болар, оның тапсырмасын  “сен Кіші жүзденсің ғой” демей, аузымен құс тістеген Орта жүздегі қанжығалы Бөгенбай, қаракерей Қабанбай, шақшақ Жәнібек, бәсентин Малайсары, Ұлы жүзде Сауырық, Райымбек, Кіші жүзде табын Бөкенбай, тама Есет, байбақты Шолан, беріш Есболай, Итемген, адай Ақпан, Сабытай, Атағозы, Есекмерген, әлім Киікбай, Жаулыбай, керейт Тайлан сияқты көкжал батырлар тік тұрып орындайтын еді ғой.1712 жылғы жоңғарлармен болған бір ұрыста адайдың бес жүз кісілік жасағын өзі бастап келіп, оң қанаттан күтпеген шабуылға шығып, жоңғар қолына күйрете соққы бергені, Әбілқайырдың құшақтап тұрып: “Жарадың, Назар, адайдың қара бұлтын жоңғардың басына қаптатып, қара бұршақ жаудырып жатқан кім екен десем, сен екенсің ғой”, – деп күлгені көз алдына келді.Келесі жылы қалмақтардың екінші жорығына да тойтарыс беруде адай жасақтары көзге түсіп еді. Әсіресе, Сабытай, Атағозы, Есболай сияқты батырлардың қалмақпен соғыстағы қимылдары ерекше болғандығын қалай ұмытарсың. Содан бері қарай да ойлап отырса, біраз жыл өтіпті-ау. 1715 жылы әз Тәуке дүние салғанынан кейін-ақ, қазақты “басшысыз қалды” деп айтуға болатын еді.Әз Тәукенің қартайып қалған інісі Қайып та, баласы Болат та ел басқаруға қабілеттері жетпейтін еді. Әсіресе, әз Тәукенің баласы Болат ел билемек түгіл, өзінің отбасына әлі келмейтін жетесіз, жуас, дарынсыз адам еді.“Егерде халықтың қамы ойлантса, әз Тәукенің орнына халқына абыройлы, қалмақтармен талай соғысып тәжірибе жинақтаған, ақылды да сабырлы, өткір сөзді, өктем мінезді Әбілқайырды таққа отырғызғанда қалай болар еді. Әттең, не керек?” – деп күрсінгенде қасында отырған Мақпалжан Назарға қарап: “Бір жеріңіз ауырып отырған жоқ па?” дегенде барып, терең ойдың шырмауынан зорға ажырады.“Денім сау, – деп, алдындағы құюлы тұрған қымыздан бір-екі ұрттады да, қапталындағы құс жастыққа басын қойып еді, жаңағы ойдың үзілген жері қайта жалғасып кетті.Әбілқайыр айтпаса да Назар біраз жайға қанық болатын. “Әттең, Әбілқайырды Әз Тәукенің орнына отырғызбады” деп өкінуінің көп себептері бар еді. Билердің қателескен жері сол болды. Олар елдің емес, өздерінің бас пайдасына көшті. Көкіректерін қызғаншақтық кернеді. Әбілқайырдың ақылдылығын көре алмады, сондықтан да “сұлтандардың төменгі бұтақтарынан тарайды” , “тегі төмен” деген орынсыз дәлелдермен хан тағына жібермеді.“Қайран Әйтекеге билікті бергенде не қыласың, бүйтіп тығырыққа тірелмеген болар едік. Осы күндері қазақ қолдары жоңғардың басына әңгіртаяқты ойнатуы мүмкін еді” деген ой Назардың басынан шықпай-ақ қойды.Өзінің сырласы Әйтекенің өмірден ерте кетіп қалғанына өкінеді. Әйтеке қалмақтардың от қаруды жасағалы жатқанын кезінде біліп, сезіп еді-ау. Соны қолға түсіруге, құпиясын ашуға қатты жұмыстанғанын ойлады.Шындығында, 1697 жылы таққа отырған Сыбан Раптан салғаннан қазақтарға қарсы соғысты бастауды көздеді. Әйтекенің де сенделуі сол жағдайға байланысты еді. Қазақ әскерінің тағдырын қара демей, хан демей қолынан іс келетін, ақылды да арлы қолбасшыға тапсыруды ұсынған да Әйтеке еді. 1710 жылғы қазақ жүздерін Қарақұмда бас қосуға мәжбүр еткен де, Әбілқайыр мен Бөкенбайды басшы еткен де сол Әйтекенің ұсынысы еді ғой. Өзі сол жиынға қатынаса алмаса да ұсынысы өтті. Әйтекенің сол кездегі от қаруын іздеп, орыс, қытай тараптарына елші жүгіртіп, тыңшылар жұмсап, бірақ нәтиже болмай қиналған тұстары Қожаберген жыраудың айтуынша былай суреттеледі:“Қаруын орыс пен қытай сатпаған соң”Қатынас арадағы тоқтаған соң,Сенделді хандар, билер ақыл таппай,Кенеттен қалмақ елді таптаған соң.Өткен жыл Әйтеке би дүниеден өтті,Келгенде елу алты жасқа ажал жетті.“Бағыну бір көсемге дұрыс қой”,– деп,Боларын осы апаттың болжап кетті.Төреден Әйтеке би безін деді.Келді ғой көсем сайлар кезің деді.Қазақты батыр көсем басқармаса,Быт-шыт қылар жау қалмақ, сезін деді.Хан, сұлтан, төре күні өткен деді,Олардан ақыл, айла кеткен деді.Қазағым, өзіңді өзің тұтас ел қып,Басқарар енді уақыт жеткен деді.Ақылды болсын батыр көсем деді,Басқарса, қазақ болар есен деді.Көрші елмен татуласып, тіл табысар,Тағы да болсын өзі шешен деді.Осындай көптен көсем ізде деді,Хандарды шеттетуді көзде деді.Қазақты төре бастап көгертер деп,Малтаңды би мен бектер езбе деді.Үш жүзден үш ақылшы болсын деді,Қазаққа бақ пен дәулет қонсын деді.Сайлаған көсемдердің кемеңгер боп,Халықтың болашағын шолсын деді.Бұл сөзді би мен бектер ұға алмады,Бас қосып, дұрыс кеңес құра алмады.Үш жүздің шонжарлары төре жақ боп,Ортадан батыр көсем шыға алмады.Өткен күн ойлағанмен, қайта оралмас,Бақыт құс ұшып кетсе, қайта қонбас.Өсиетін Әйтекенің естеріне ап,Қазыбек, Төле, Ақсуат шайқады бас.Қазыбек, Төле, Ақсуат шешен-жорға,Қиналды ақыл таппай осы жолда.Сайланды Әбілқайыр әскербасы,Өзінше ел билігін алып қолға.Жас биі Кіші жүздің Малайсары,Ол-дағы ақыл-айла таба алмады.Бас қосып Күлтөбеде кеңес құрып,Жөн көрді осы жерден құтылғанды.Назардың ойын осы бір жыр шумақтары да растап тұр емес пе?Әйтекені Кіші жүз биі деп жолын кішіге санағанмен, оның тапқырлығы, сөзге билігі, орнықтылығы мен ойшылдығын, ақылдылығын Ұлы жүз бен Орта жүз билері Төле мен Қазыбек өздерінен жоғары болмаса, төменге санамаған. Төле мен Қазыбекке қарағанда Әйтекенің ықпалды әулеттен шыққандағы тағы бар. Ол Жалаңтөспен аталас Ақша батырдың баласы Бәйбектен туған. Әз Тәукенің әкесі Салқам Жәңгірдің жоңғарлармен айқасып, жағдайының қиындап жатқан кезінде жиырма мың қолмен келген Жалаңтөс батыр жауды жермен-жексен етіп, Жәңгірдің абыройын жалаулатқанын Әз Тәуке қайдан ұмытсын.Әйтеке – Әлімнің Төртқарасы, оның – Қарашы, Қараштың – Сейітқұлы еді. Үш би қатар отырғанда Әйтекенің даусы саңқылдап шығатын-ды.Сөйткен Әйтеке ойламаған жерден сиқалы болып, ұзақ ауырып, 56 жасында дүниеден өтті. Әйтеке сырқос дегенді естіп көңілін сұрауға Есекмергенді, Есболай мен Сабытайды және сырқосты емдету үшін өзінің інісі Бектеміс ахунды ертіп барғаны ойына түсті. Бұлар барғанда Әйтекенің ат мініп ел аралауды қойған кезі екен. Әйтеке қонақтарды өз үйіне кіргізіп көңілді қарсы алды. Назарды құшақтап ұзақ тұрып қалды. Назардан құшағын ажыратқасын барып басқаларымен көрісіп амандасып, елдің амандығын сұрасып болып, жақсылап жайғасып демалуларын сұрады. Өзі құндызбен әдіптелген қырмызы шапанын желбегей жамылып сыртқа беттеді. Назарлар да сырт киімдерін іліп, өздері жақсылап жуынып-шайынып, әкелген қоңырсалқын қымыздан бір-бір зереңнен ішіп, шөлдерін басты. Әйтеке үйге қайта келіп, орнына отырғасын Назар:– Ал, аға, көңіл-күйіңіз қалай, сіз сырқостанып қалды дегенсін, көңіліңізді сұрайық деп келіп отырғанымыз, – деп сөзін бастады.–       О, Назаржан, Есболай, Сабытай, Мергенім, сонау ит арқасы қияннан ат сабылтып келгендеріңізге қатты разы болып отырмын. Осы сырқостың білінгеніне 3-4 айдың жүзі болды. Ең алғашқыда шаршаудан басталды. Қазір жүргім келмейді, жата бергім келеді. Тамаққа да тәбетім азайды. Көңілдің қошы жоқ. Міне, сендер келгесін көңілім бір түрлі көтеріліп, осы сырқостың өзі менен кеткен сияқты болып отырмын. Назаржан, ағаңды ауру меңдетті, бірақ  “мешкей адам асқа тоймас, жаман адам жасқа тоймас” деген екен, ал мен ажалдан қорқып отырған жоқпын. Менің қорқып отырған нәрсем ол – осы қазағымның болашағы. Содан ғана қорқамын.–       Әйтеке аға, уайым айтпаңыз, сырқосыңыздың дауасы табылып, жазылып кетерсіз. Мен өзімізбен бірге інімді, Бектеміс ахунды ертіп келдім. Араб оқуын тауысқан, ауруға шипа беретін қасиет дарыған адам. Ертең таң намазында сізге арнап кітап ашады, емін жасайды, құдай оңдаса, дауасы табылар, – деді Назар.Әйтеке күлімсіреп Назарға қарап:– Тікелеп келсе, оған дауа болмас, құдайдың құрығынан ешкім құтылған емес, ниетіңе ризамын, – деді.Қазіргі елдің жағдайын сұрап, хабарға қанған Әйтеке, бір-екі айлықтың шамасында Әбілқайырдың келіп, көңілін сұрағанын әңгімеледі.Есболай Әйтекеге қарап:– Әйеке, “Қолбасшыны тек төре тұқымынан іздемей қарашыдан сайлауды және “ол хан мен хан кеңесіне ғана бағынатын ерекше құзіретте болсын” дегеніңізде ойыңыздағы тұрған Әбілқайыр ма еді, әлі де басқа айтатын адамыңыз бар ма еді, осыны білгіміз келіп еді,-деп сұрақ қойды.– Есболайжан, мен бұл сырқостан жазыламын деп отырған адам емеспін, сондықтан да қойған сұрағың орынды. Бұл әңгімені айтып кетуді өзіме парыз деп санап отырған адаммын, – деп Әйтеке тамағын кенеді: – Тегінде, теңдік тимеген адам ебімен ғана ел қатарына қосыла алады. Ел билеген ұлықтың ебі – жұрт алдындағы қылығы. Ал Әбілқайырдың елі сұлтандар емес, түгелдей қарашы. Өзінен гөрі жөргегі жібек, түбегі күміс, алтын бесіктен өрбіген өрелі тұқым бұл қанша елпектегенмен, бәрібір көкірегінен қос аяқтап теуіп жолатпас. Әділдік пен тазалыққа топырақ шашпайтын, маңдай терімен күнелтіп отырған қарашының ортасында жүргенді жөн көреді. Жарлы мен кедейдің жоғын жоқтайтын, солардың жайын ойлайтын сұлтанды халық төбесіне қойып сыйлайтыны тағы белгілі. Егерде қалың бұқара өзіңді қоштамаса, сұлтандардың қоштауымен мақсатыңа жетпек түгіл, абыройыңнан айырылатының рас. Жетпесе, көзін ашқалы тақтың үстінде келе жатқан, көкірегіне нан пісетін Жәдік тұқымынан шыққан әз Тәукенің өзі қарашыға қайырыла қарап, солардың әңгімелерімен санаспас еді ғой. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, Шыңғысханның тұқымы деген астары тозған әңгімеден басқа төре тұқымында не қасиет қалды?Әз Тәукенің ұзақ жылдар бойы алтын таққа ие болуының өзі – осы жағдайды дұрыс түсінген ақылдылығында Тәукенің қарашыға, шындығында, ниеті түзу болып көрініп келеді. Қарашыдан еті пысық бәреу пайда болса, алдымен Тәукенің көзіне түседі. Ондай адамның көңілін тауып, жылы сөзін ел алдында дабыра етіп, соған арнаса, бір тайпа елдің көңілі бітеді. Елдің көңілін тапқан Тәукеге төре тұқымдарының сырттан кіжінетіндері көп, бірақ қастық жасауға халықтан қорқады. Тәуке – ақылды адам. Оның ақылдылығы сол – қарашыдан пайда келетін жерді қағыс жібермейді.Қазақта найзалының малдыға жалынған күні жоқ деуге болады, малдының найзалыға жалынбаған күні бар ма? Қазірде бәрі өзгеріп кетті. Найзалы малды болды, малды найзалы болды. Сондықтан малдының көңілінен шықса, найзалының көңілінен шыққаны.Әбілқайырдың қолындағы билікті берік ұстаудың негізгі жолы – елдің жағасынан қолы кетпей отырған жоңғарлармен айқасқа түсіп, көзге іліну. Олай етуге тағы болмай тұр. Жоңғарлар ат басын батысқа емес, мұның билігі жүрмейтін шығысқа тіреп отыр.Шығысқа аттануға тек қана хан жарлығы қажет. Жоңғарға қарсы соғысқа аттану құқығы үш жүздің аға ханының қолында. Қолына енді ғана билік алған Әбілқайыр аға ханға барып “жауға шабайық” деп айта алмайды. Ендігі әңгіме аға ханның өзінде, үш жүзді біріктірсе, ең болмағанда, Оралдағы башқұрт пен Еділдегі торғауыттың жерін тартып алуға болатын сияқты. Әз Тәуке әлі талайды бағумен отыр. “Сен тимесең – мен тимеймін” енді отырудың жөні жоқ.Жоңғар оңай жау емес. Қазақтың жүз мың әскерін білегінен әлі кеткен кәріге, не малтасын езіп ішіп отырған былжырбозымбайға бастатып жеңіске жетпейтіні сөзсіз. Оған ойы озық, салқын қанды, сырбаз мінезді, жолбарыстай жүректі, шаршамайтын білекті жас керек. Қазір де қазақ жасақтарын басқарып жүрген – жастар. Енді соларды бастап шығатын бас сардарын өздеріне сайлатса, олардың аузына Әбілқайырдың түсетініне кәміл сенемін.Бірақ тәж астында туып, тақ үстінде дүние келген Жәдік әулетінің көрсоқыр қызғаншақтары жол бере деймісің? Қолдарынан ештеңе келмейтін, дотастыруға жоқ, қастастыруға келгенде алдына жан салмайтын, атақ пен даңқ құмарлығы сондай, оның жолына ата-аналарын сататын құзғындар тұрғанда бұған жол жоқ екенін білемін. Тек қазақтың маңдайына біткен жұлдызының өміріне қастық жасамаса, жарар еді-ау, – деп күрсінді.Осы кезде шайдың даярлығының хабары болды. Қонақтар түгелдей сыртқа шығып, кешкі самалға кеуделерін тосып, аяқтарының құрысын жазды. Үй жанында сірә қазысы бар қысырдың тайы сойылып, мүшеленіп болып қалыпты.Қонақтар айыр інгеннің сүтін қатқан, сарбалақтанған, иісі тұмсығыңды жарған үнді шайын терлеп отырып ұзақ ішті. Шай ішіліп болғасын Әйтекеге Назар:–       Сіздің көңіліңізді сұрап, жағдайыңызды білейік деп және бір шаруаға ақылдасалық деп келдік, рұқсат болса, айтсам ба деп отырмын, – деді.–       Назаржан, іркілме, айтарыңды айт, “жақсы көретін қонағының бұйымын келген бойда сұрайды, жек көретін қонақтың бұйымын кетерінде сұрайды” деген де бар, сондықтан Сабытай, Есболай, Мерген, Бектеміс және өзің Назар, тек ақылдасу емес, бұйымдарыңызды да айта отырыңыздар, – деді де Әйтеке, – “Үйде отырып қалған данышпаннан ел аралаған дәруіш артық” деген бар, мен сендердің діттеген жеріңізден көріне алмай, сіздер “босына келдік-ау” деп өкініп кете ме деген ой мазалап отыр. Өмірдің басталуы болады, аяқталуы болады. Өмір деген – жол.Оның біреуі қысқа болып келсе, біреуі ұзын болады. Бірақ екеуінің де таусылар шағы келді. Соның таусылар мезгілінде келіп сұхбаттасып қалғандарыңыз мұндай жақсы болар ма. Бірақ “ақылды тақта отырғаннан сұрама, тақтан түскеннен кейін сұра” деген де бар. Патша болмасам да Үш жүздің баласын аузыма қаратқан билердің бірі болғаным рас, ақыл сұрағандарыңыз да дұрыс болар.  “Білгенін қызғанған биден без” деген де бар, ақылдаса келген шаруаңды айт, Назарым, білгенімше ақылымды аямаспын, – деді.Назар қазіргі жағдайды әңгімелей келіп:–Жоңғар күшейіп келе жатыр, қазақтар кішігірім жеңіске алдағандай болып желпінісіп жүр, егерде қазақтың, өзіңіз айтқандай, Үш жүзі бірікпей алауыздық күшейіп, жоңғарлардың табанының атында қалып қырылмайсыз ба?  Бұдан құтулудың қандай жолы болады? Осыған ақылды сіздің ауызыңыздан естігелі келдік, – деді.Әйтеке ойланбастан Назарға қарап:–       Менің де көкірегімді жегі құртша жеп жүрген осы ой еді. Ойлап, ойлап, бір тоқтамға келгенмін. Ол тоқтамды Әбілқайыр да сұрап біліп кетті. Мен тұқ етерін айтайын, қазақтың алдында екі бөлек жол тұр. Біріншісі – елді қорғау, екіншісі – жерді қорғау. Жерді күшің жететін болса, қорғайсың, күшің жетпейтін болса, еліңді қорғайсың. Менің топшылауымша, жеріңді қорғауға қыл жалаулы жоңғардың әзір сіздерге әл беретін реті көрінбейді. Сондықтан да “ұсынған басты балта кеспес” деп, “аңдысқан жауатыспаққа жақсы, ақыр түбі бір есеп” деп, жоңғарға ың-шыңсыз берілген, сөйтіп, әйеліңді күң, балаңды құл ету, оған мен қазақты қиғым келмейді. Негізінде, нағыз маңдайың тасқа тірелсе, тиімдісі – атақонысты уақытша қалдырып, қоныс аударған дұрыс. Сырдың бойын жағалап, Үшқиянға бағыттап, шама келсе, орыспен байланыс жасап, күш-қуатымызды жинағанша боданы болуды көздеген дұрыс. Мұңалжар, Астауой, Оймауыт жағын жағалай барып, Еділ-Жайық арасына орнығудың шарасын алу керек. Жем, Сағыз бойлап, Маңғыстаудың қараойына көз салған бөтен болмас, – деп барып, Әйтеке шаршағандай белгі байқатты. Дем жетіспей қысылып қалып барып түзелді.–       Назаржан, бұл – бүгінгінің ісі емес, мүмкін жағдай өзгерер. Әбілқайырмен хабарласыңыздар, аңдысып аңдаңыздар. Қайда жүрсеңіздер де сақадай-сай қарулы жасақтарыңыз болсын. “Қашқан ерге батыр көп” деген бар, жан-жақтың бәрі жау екенін әр уақытта естен шығармаңдар.Осымен әңгіме тәмәмдалды. Жас жабағының етін жеп, артынан салқын шұбат ішкен қонақтар жайлы төсекке бас қойысымен ұйқыға кетті.Ертесіне таң намазынан кейін Бектеміс Әйтекені төсегінде денесін түгелдей қарап, тамырын ұстап, көздерін, тілін қарап тексеріп болып, өзімен бірге алып жүрген кітаптарын оқып, көп отырды. Түске дейін өзімен өзі болды. Түскі астан соң Әйтекеге қарап:– Сізге бойыңызға бірте-бірте тарайтын у беріліпті. Ол нәрсе бойыңызға тарап кетіпті. Сырқосыңыз білінгеннен кейін бір ай, бір ай жарымнан қалмай ем жасағанда кеселден құтылып кетуіңіз мүмкін еді. Қазір қиындап кеткен түрі бар. Енді көмектессе, тек қана сіздің қаныңызды төгіп, орнына жас қан құюымыз керек. Ол үшін сіздің балаларыңыздан, немерелеріңізден қан алуымыз керек, егер олардың қаны сіздікіндей болса. Егер рұқсат етсеңіз мен сол жұмысқа кірісіп кеткім келіп тұр, – деді Бектеміс.Әйтеке қарсылық еткен жоқ. Бектеміс үйді босаттырып, түндікті кең етіп аштырып, өзімен алып жүрген құралдарын алдырды. Сыртқа от жақтырып, таза ыдысқа су қайнаттырды. Үйде тек Әйтеке мен оның кіші баласы Жұлдызды қалдырды. Әйтекенің басқа балалары мен қыздарын, кішкентай немере-немеретайларын шақырып, бір-бірлеп үйге кіргізіп, қандарын алып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Содан соң барып қандары сәйкес келетін бұрын ауырмаған 23 адамды алып қалды да, қан құю жұмысына кірісті. Кешке қарай ем аяқталды. Едәуір көлемді ыдыс толуға айналған қанды ауыл сыртына апарып терең етіп жер қаздырып соған төктірді де, үстіне сексеуілді үйіп от бергізді. Жанып болғасын жақсылап көміп тастауды тапсырды. Мана қан алмастан бұрын ту бие алдырып союға даярлатып қойған еді, енді соны сойдырып, терісін пышақ тигізбей сыпыртып алып, Әйтекені соған орап төсегіне жатқызып, өзі қасында болды.Ертеңге ішіне адам сиятын жылқы терісінен жасалған тұлып даярлауды тапсырды. Жасалған тұлыпқа сұйық құйғанда ақпайтын болуы керектігін түсіндірді. Сол ыдысқа құйылатын қырық литр шамасында ешкінің сүтінің ертең жоқ арғы күні таңертең сауылып әкелінуін де тапсырды. Әйтекені жаңа сойылған жылқының терісіне төрт сағаттай жатқызып шығарғанда қатты терлегені сондай, оралған теріден су болып аққан тер сорғалап жатты. Жылы сумен үстін тазарттырып, таза төсекке жатқызған бойына Әйтеке ұйқыға кетті. Сол ұйықтағаннан ертесіне сәскеде оянғанда тұла бойының жеңілдеп қалғанын байқады. Тамаққа да тәбетінің шауып жатқанын сезді. Бектеміс Әйтекенің жағдайын сұрап білді де:–       Қандай тамақ жегіңіз келсе, соны жей беріңіз. Сүтті, сорпаны көбірек пайдаланыңыз. Ертең сүтке түсіремін, одан кейін жағдайыңыз жаман болмас, –  деп өзі демалуға кетті.Назарларды түскі қонақасына Әйтекенің ортаншы баласы Қонысбай үйіне, отауына шақырды. Ертесіне Әйтекені жылқының терісінен жасалған үлкен тұлыпқа салып отырғызып ішіне ешкінің жылытылған сүтін құйып, отырған адамның мойнына сүт жақындағанда барып тоқтатып ыдыстың аузын Әйтекенің мойнына ақ жібек матамен орап жапсырып тастады. Сүт пісірімдей уақыттан соң Әйтекені сүттен шығарып төсегіне жатқызды. Мұнда да кешегіден кем терлеген жоқ. Әйтеке түсқайта орнынан тұрып, киімдерін ауыстырып киіп, Назарларды үйіне шақырып қонақасылады. Назарлар “рұқсат болса, ертең жүргісі келіп отырғанын” білдірді.Әйтеке:–       Рұқсат–алладан, мені емдеп жаздыңыздар, мен сіздерге қарыздармын. Ал енді бұйым-қызметтеріңізді айтыңыздар, менде бәрі бар, қалағандарыңызды алыңыздар, – деді. – Ең жақсы сараңдық: “қасың сұрағанда “барға” сараңдық, досың сұрағанда “жоққа” сараңдық, айналдырған аурудың алдында жаныңа сараңдық немесе тамыр мен тамырдың арасында боқшаға сараңдық, дос пен достың арасында бопсаға сараңдық” деген бар емес пе, сендер менің досымсыңдар, ниет еткендеріңізді айтыңыздар, – деді.      Назар:–       Әйеке, біз сізден сұрайын деп келген бұйымымызды кеше айттық, енді бұйым бітті, құдайдан сұрайтын тілегіміз – сіздің сауалып кетуіңіз, – деп тоқтады.–       “Биікке шықсаң көңілің ашылар, жақсымен тілдессең зейінің ашылар” деген екен, екі күннен бері сендермен сөйлесіп, күңгірттеніп бара жатқан зейінім ашылды. “Ниеті жаманның иманы кетер, әйелі жаманның мейманы кетер, алланың сүйгені – азан, қонақтың ойлайтыны – қазан” деген бар, бәйбіше, мына Назарлар ертең елдеріне қайтамыз деп отыр ғой, малдарыңды сойдырт, қонақасыңды даярла, – деді Әйтеке.Тағы да қысырдың ұрғашы жабағы тайы сойылды. Таңертең үй сыртындағы кермеде үш торы ат күміс ер-тоқыммен ерттеулі және үстінде алтын жалатқан ер салынған Теке Жәуміттің боз арғымағы байланды. Әйтеке Назарға қарап:–       Мына үш торыны үшеуіңіз мініңіздер, ана арғымақты Бектеміс ініме сыйладым, аман болыңыздар! Хабар алып тұрғайсың, Назар інім, мына сыйға тартқан аттарды мініп, өз аттарыңызды жетекке алыңыздар, ағаларыңыздың көңіліне разы болсаңыздар болды, – дегенде Назар:–       Аға, о не дегеніңіз, біз сізге ризамыз, тек алла риза болсын, – деп қош айтысып, қозғала бастады. Осы кезде үйден Әйтекенің бәйбішесі Ақзер шығып, екі үлкен баласы Жалтыр мен Қонысбайға төрт жол қоржынды көтерткізіп келіп, жетектегі төрт атқа бөктеріп, Назарға қарап:–       Қайным, мынау – жас жабағының тиісті мүшелері, ауылдағы келіндер ауыз тисін деп жатырмын, ал жолдарыңыз болсын, үлкен мен кішіге сәлем айтыңыздар, – деді.Назарлар ауылдың батысындағы қыраттан асқанша Әйтеке үйге кірген жоқ. Үш торы су төгілмейтін жорға екен. Ал Бектемістің арғымағы өте аяңшыл жылқы болып шықты. Арғымақтың аяңына Бектемістің жетегіндегі өз аты жортақтап отырды. Жолға шығыңқырап алғансын бәрі де Бектеміске қарап:–       Сонда Би-ағаның сырқосы не болып шықты, жазыла ма? – деген сұрақтың астына алды.–       Сырқосын кеше айттым ғой, біреу у берген сияқты. Денесіне у жайылып болыпты. Қанына түгел тарап кеткен. Ағзасы жайлап әлсіреп келеді. Мына ем жасалмағанда, екі-үш айлық қана өмірі қалған екен. Қанын ауыстырдым, ұсақ тамырлардың бойындағы уланған сұйықтарды жас жылқының терісі өз бойына сорып алды. Ешкінің сүтіне түсіріп, қалған уды залалсыздандырған болдым. Сүтке әр жеті күнде екі реттен бес жеті түсу керек. Өзіне бәрін түсіндіріп айттым. Жарты жыл сайын қанын ауыстырып тұрса әлі де екі жыл өмір сүретін болады. Әлі де, амандық болса, маған төрт рет келіп ем жасауыма тура келетін шығар, – деді Бектеміс.–       Әйтекенің сол жиындағы сөзін Төле де, Қазыбек те қостап еді-ау. Бірақ керітартпалар көнбеді ғой. Сол жиында Әйтеке аға би болып сайланып еді. Мен солардың ішінен екі адамның Әйтекеге тісін қайрап, қастығын анық білдіріп алғанын, “қап, бәлем” деген сөздерін де құлағым шалып еді. Бірақ зұлымдық әрекетін көзіңмен көріп, қолыңмен ұстамағасын, мойындата алмайсың ғой, – деп Назар қатты күрсінді. Есболай Назарға қарап:–       Олар кімдер, қолымыздан ештеңе келмесе де біліп қоялық, – деді.–       Олар – Әлі сұлтан, ханның ағасы Уәлібақы және Садық қожа. Құдайға күпірлік болмасын, Әйтекеге у берген тап – осы үшеуі, – деді Назар.–       Бұл үшеуінен жақсылық күтуге болмайтын адамдар. Сол жиындағы Әйтекеге деген жаман көзқарастарын мен де байқағанмын. Бұлардың малшы-жалшылары арқылы сөз тартып көру керек екен, – деді Сабытай.  Сөйткен Әйтекеге Бектеміс әр алты ай сайын барып, емін жасап тұрғанмен екі жылдай ауырып дүние салды. Барып жерлесіп, жеті күн жатып құранын шығып келгелі де көп уақыт өтіпті. Енді сол Әйтекеңнің айтқан ақылын алып, елін қорғаудың шарасын алатын мезгіл болған сияқты. Кешегі Шотандардың қолына түскен жоңғарлар жоқ қарап жүргендер емес, жер қарап жүргендер екенін мойындады емес пе? Олар таяқ батқасын өздерінің білетін жеріне дейін сайрады ғой. “Келесі жылы жоңғарлар қазақ жерін түгел басып алады” деп те соққан жоқ па? Жіберілген жансыздардың да хабарлары осыған ұқсас  болып жатыр. Енді кешегі Әбілқайырдың “хабар өзімнен болар” деген сөзін күткен дұрыс шығар деген тоқтамға келген-ді. Енді сәл шегініс жасап, сол кездегі қазақ ордасының жалпы жағдайына шолу жасасақ, Қазақстанның халық жазушысы, ғұлама ғалым Мұхтар Мағауин өзінің “Қазақ тарихының әліппесі” атты деректі толғамында толық тарихи дәлелдер мен анық және әділ тұжырым жасағанын көреміз.“Әз Тәукенің тұсындағы ең үлкен ұтылыс” – қазақ Ордасының әскери құрылымы мен шаруашылық жайын төтенше ахуал, жаңа жағдайға орай жаңаша ұйымдастыру ісінің мүлде тоқырауы. Бұл – жалғыз Тәукенің емес, сол замандағы бүкіл қазақ әміршілерінің бәрінің мойнындағы кінә.Әрине Әз Тәуке де, ұлыста өкім жүргізген басқа шонжарлар да жоңғар қаупін айқын сезінді, күрес қажетін, жаппай көтерілу керектігін білді. Біле тұра Дүрбіт-Ойратты тоқтатар ешқандай амал таппағанын көреміз.Деректерге қарағанда, Тәуке хан сексен мың әскер шығара алады екен. Мұның өзі басып айтылған сөз.Қазіргі заман демографтары ол кездегі қазақтың саны екі жарым миллионға жуыөтады деп есептейді. Мүмкін одан да көп болған шығар. Үлкен ұлыс құрамындағы қырғыз, қарақалпақ, құраманы қоссақ, үш миллионнан еркін аспақ. Көшпенді жұртта бестің бірі, тіпті төрттің бірі жарақ асынған жауынгер саналады. Ескі тарихты зерттеушілер әскер санынан халық санын, халық санынан әскер санын шығара береді. Қазақтың Қасым ханының үш жүз мың әскері болғаны – нақты дерек. Сол замандағы қазақ Ордасының халқы бір жарым миллионға жуықтады деген сөз. Салқам Жәңгір хан 1644 жылы күзде Ауғанстанға көмекке жүз мың әскер аттандырған еді. Бұл – он сан қазақ қосындарының бір ғана бөлігі болатын.XVII ғасырдың соңы, XVIII ғасырдың басында Қазақ Ордасы үшін ең қатерлі кезеңде үш миллион халықтан тым құрыса, үш жүз мың әскер жасақтай алмау – Орданың әскери ахуалының мүлде кері  кеткенін көрсетеді. Жауынгерлік, ерлік заманында балиғатқа толған, тұғырдан таймаған кез-келген еркек жарақшы саналса, енді сол шамадағы бақыр бастының бесеуінің бірі ғана қару көтеруге жарағаны, қалған төртеуі – аяқ босатар, асса, мал қайырар қарауыл ғана.Бұл кезде Дүрбіт-Ойраттағы жағдай мүлде басқаша еді. Барлық жұрты бір миллионға еркін жетпейтін жоңғардың әскерін ешкім санаған емес. Жарағын тастамай, бел шешпей, үнемі ат үстінде жүрген шерігінің өзі жүз мыңнан астам. Халқы қазақтан үш есе кем, әскері әлдеқайда көп. Бірақ бұл мәселе санда тұрмаған. Айырма – бір жарым, екі есе. Ең үлкен артықшылық – сапада болатын.Ол кезде ойраттардың ең басты қаруы – найза мен садақ емес, мылтық пен зеңбірек болатын. Екі жүз жылдық соғыстан жаңакезеңінде Әз Тәуке ханның тұсында ойрат әскері от қарумен жарақтану ісін біршама жүзеге асырып үлгерген екен.От қаруы алғаш жеткен – қалмақ емес, қазақ еді. Тәуекел хан мұрат тұтқан іс Есім хан тұсында жүзеге аса бастады. 1644 жылы жазға салым, Батұр қонтайжымен арада болған атақты соғыста Салқам Жәңгірдің от қауымен жарақтанған алты жүз атарманы ұрыс тағдырын шешкенін білеміз. Салқам Жәңгір хан дүниеден көшкеннен соңғы жерде мүлде аяқсыз қалған, от қаруымен жарақтанған әскер құру ісі сонымен тоқтап ұмыт болған.Салқам Жәңгірдің хан жасағын күркіреткен қырғыннан соң Дүрбіт-Ойрат жаңа қаруға жаппай ұмтылған. Ресейдің жоңғармен шекаралас Кузнецк, Краснояр, Минусин өңірлерінен сатып алады, айырбастап алады, тартып алады. Көп ұзамай мылтықты, соңынан зеңбіректі қолдан соғып, оқ-дәріні өздері жасайтын болған” деп көрсетеді Мұхаң.Шындығында да, біртұтас Қазақ Ордасына отыз бес жыл хан болған Тәукенің жіберген кемшілігінен бүкіл қазақ халқының ауыр қайғыға душар болғанын көріп отырмыз.Тәуке – Салқам Жәңгір ханның бел баласы. Қалмақ қызынан туған. 1637 туған деп шамаланады. Ақыл тоқтатып, алды-артын байқайтын жасқа келгенде, 1680 жылы ақ киізге көтеріліп хан сайланады.Әз Тәукенің билікке келген кезі жайма-шуақ, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған кез еді. Дұрыстап орныққан, салт-дәстүрі сақталған заң жүйесі бар айбарлы елге хан болды. Хақназар ханнан бастап, Тәуекел, Есім, Салқам Жәңгірлер билеп, халықты қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай іргесін бекітіп, өте мықты жарақты жасақтары бар қазақ ордасының билігін қолына алды.Тәуке таққа отырғаннан кейін бір жыл болмай жатып-ақ Ойрат соғыс ашты. Оңтүстік өңірдің талқанын шығарды. Қаншама қаланы қиратты, қаншама мың адамды тұтқын етті. Тарихта қазақ жұрты бұл кезге дейін мұндай шапқыншылықты көрмепті. Осы 1681 жылғы шапқыншылықтан кейін қазақ елінің көп жылдар бойы оңала алмағандығын көреміз.Осы соғыстан кейін қазақ ордасы он екі жыл бойы тыным алды. Бұл аз уақыт емес. Әскер жинауға да, қару табу ға да жететіндей мерзімді өткізіп алды. Хан өзінше Ресейге әлденеше рет елші жіберіп, достық шар жасасып, құдіретті Ресейдің құзырында болғысы келіп, сол арқылы елін қорғау саясатын қолданып көріп еді, одан нәтиже шықпады. Ресей Қазақ Ордасымен бейбіт, достық қатынас орнатуға мүдделі емес екендігін байқатты.Әз Тәуке ханның жасаған Жеті жарғысы Қазақ Ордасы мен қазақ халқының бірлігін, салт-санасын, жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, қазіргіше айтқанда, этика-эстетиканы қамтитын дұрыс құжат болды. Бірақ бұл құжаттың елді жаудан сақтап қалуға септігі жоқ еді.Осы жерде келіп тағы Мұхтар Мағауиннің сөзіне тоқталамыз:“Біздің тарихи және көркем әдебиетте ақтабан-шұбырынды жоңғарлардың тұтқиыл шабуылы салдарынан болған төтенше бақытсыздық ретінде бейнеленеді. Шын мәнісінде, 1723 жылғы жоңғар шапқыны және соның нәтижесіндегі қазақ босқыны – осыған дейін тура қырық жыл бойы жүргізілген саясат пен майданның – Қазақ Ордасы мен Дүрбіт-Ойрат арасындағы аяусыз күрестің соңғы түйіні, қорытынды зардабы ғана. Қазақ Ордасы 1723 жылы қалай қирады деп емес, осы 1723 жылға қалай жетті деп таңырқасақ ләзім” деп келіп: “Біздің жойылып кетпей тұрғанымызды Дүрбіт-Ойрат мен Мәнжу-Цин империясының арасында тұтанған жойқын соғыстың арқасы. Соншама заман қазақты сақтап тұрған ұлы қытай халқына, оның жауынгер боғдыханы Сюань Е-Кансиге рахмет. Егер еженхан Сюань Е бұдан бес жыл бұрын өлсе, Ақтабан шұбырынды 1718 жылы, он жыл кейін өлсе 1733 жылы орнайтын еді” деп қорытындылайды. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома екенін мойындауға тура келеді. Ойлап қарасақ, 1684 жылдан бастап 1723 жылға дейінгі тыныштық қазақтың қамын ойлағаннан болмаған екен, жоңғарлардың жағдайы келмеген екен. Мәнжу-Цин империясы жоңғарға, қазаққа толық мойын бұруға шамасын келтірмеді. Сюань Е 1722 жылдың ақырында қартайып дүниеден өткен соң, топырағы суымай жатып, Ойрат пен Цин арасында бітім шартын жасаған бойда – 1723 жылдың көктемінде, малын қыстан жаңа шығарып, енді төлдетіп жатқан шақта Сыбан-Раптан, Дүрбіт-Ойраттың жүз мыңнан астам шерігін жауып қоя берген жоқ па? Бір жағадан бас, бір жеңнен кол шығара алмаған қазақты қынаша қырып еді ғой. Міне, қазақ халқына ақтабан-шұбырынды деген бақытсыздық осылай келген жок па?Осындай кайғылы жағдайдың жақындап келіп калғандығын жиырма бес таңбалы Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың сезбеген, білмеген ештеңесі жоқ, білді. Сол білгеннің арқасында да жерін қорғауға мүмкіндігінің жоқ екендігін байқап, елін қорғаудың шарасын ала бастады. Ақыл сұрап баратын ханның шама-шарғысын білетін болғасын Әбілқайыр шешімді Кіші жүздің Бөкенбай, Есет, Шолан, Итемген, Назар, Есболай, Киікбай, Жаулыбай, Тайлан, Шотан, Атағозы сияқты елге сыйлы, ауыздары дуалы, халқының қамын ойлап жүрген батырлармен ақылдасып алғанды жөн көрді.Әбілқайыр 1722 жылдың көктемінде Кіші жүздің ру басылары және батырларымен кеңес өткізеді. Кеңес Әбілқайырдың өз ордасында өтеді. Кеңеске Байұлынан Назар, Есболай, Есекмерген, Сабытай, Ақпан, Атағозы және батыр Шотан қатынасады.Кеңесте жоңғардағы жансыздардың жеткізген хабарларының тұқ етері: Мәнжу-Цин империясының боғдыханы Сюань Е-Кансидің аурулы екендігі, оның енді жазылатын мүмкіндігінің жоқ екендігі, қазірде биліктің басында оның баласы Инь Чжень жоңғармен бітуаласып соғысты тоқтатуға келісіп отырғандығын хабарлаған.Сыбан-Раптан алдымыздағы жылдың көктемінде Қазақ Ортасын басып алуға даярланып жатқаны белгілі болды.Әбілқайыр жиналғандарға қарап:-Ал енді не ойларыңыз бар, пікірлеріңізді білдіріңіздер. — деді.Отырғандардан ешкім ештеңе дей коймады. Назар тамағын кенеп, қамшысын көтеріп алдына тастады.ІҮ – тарау Елді қорғау жолындаНазар қамшысын жерге тастап, тамағын кенеді. Отырғаңдардың көңілі Назарға ауды. Әбілқайыр "сөйлеуге рұқсат" дегендей ишарат білдірді.Жиналған көпшілікке жағалай қарап алып, сөзін бастады:   -Қамшының сабындай қысқа өмірде жан бағып, мал жинаудың тәсілін ойлап бұға бермей, жиын-тойдың соңында далақтап шаба бермей, бір сәт жан-жағымызға көз жіберіп, басымыздағы арылмай келе жатқан қырсықтың сырына үңіліп, одан құтылудың жолы — өз ноқтамызды жөн білетін зерделі жанның қолына ұстатқанды жөн көремін.Енді халық бір кезде түсініп, сондай игілікті іске ұмтылған түста көсем адам табыла ма? Егер табылса, оның соңынан халқы ере ме? Халықтың құлқы түзелгенде, бұйда ұстайтын ешкім шықпай, ондай бұйда үстар туғанда, жұртының басы піспей, қашанғы қара шаңырақтарын қараптан-қарап жығып алып жатқан кемталай халық аз ба? Сорға батар сормаңдай жұрт сондай берекесіздікке тап болады да тұрады. Алға жүрер халқы бар да, қарынның тойғаны мен иінінің жылтырағанына мәз боп қалғып қалған бұйда ұстарлар бақ байлайды.Сондықтан да айтарым — біз бұйдамызды әу бастан өзіңе бергенбіз, Әбілқайыр, енді сенің соңыңа ереміз.Сыбан Раптанның хабары расқа айналып барады. Биыл іргемізді бекітіп отырып қалсақ, көктемнің басында козғалып кету - казақ үшін болмайтын шаруа. Елді қорғаймыз десек, жаудың табанының астында қалудан бұрын козғалғанымыз дұрыс сияқты.Егерде іргені қозғағанды дұрыс көрсек, қалай қозғаламыз? Қай жаққа барып табан тірегеніміз дұрыс болады? Кіші жүз түгел бір мезгілде, бір бағытқа қозғала ма? Немесе бөлек-бөлек, әр бағытты нысаналай ма? Қазірде Байұлының өзінен үш мыңдай жасақ шығарып отырмыз. Осылар бәрі бір жүре ме, әлде бөлек жүргендері дұрыс бола ма? Осылардың бәріне келісіп алғанымыз жөн, мен өз пікірімді айтып отырмын, менен басқа азаматтар не айтады, "келісіп пішкен тон келте болмайды" деген мақал бар, - деп кідірді.Осы кезде ортадан біреу:—      Келесі жылы жау шабады екен деп, күні ертең елді көшіргеніміздің жөні жоқ сияқты, — деп еді, оған екінші біреу:—      Айналандағы анталаған жаудың бүгінгі тыныштығы — көз алдарқату, ерте ме, кеш пе, аңысын аңдып тұрып, кенеттен лап қойып, қызыл қырғын қасап жасамасына қайсыңыз кепіл боласыздар? Біздің осы жайбарақаттығымыз түбімізге жетпесе, неғылсын, — деп барып басылды.Осы кезде айналасына қарағыштап отырған Көкінің Есеті:—      Жапатармағай шуламай сөзге кезек бермейсіндер ме?, — деді де өзі сөзін бастап кетті.—      Мен Назардың сөзін бөтен деп айта алмаймын. Болат таққа отырғалы қазақтың жағдайы төмендемесе, жақсармай келеді. "Сұмырай келсе, су құриды" дегендей, екі рет қуаңшылыққа ұшырап жұтап калдық. Қазақтың жағдайын жоңғар көрмей, білмей отырған жоқ. "Алдағы көктемде қазақты басып алады" деген сөз — рас. Енді барлық қазақты біріктіріп, жауға карсы аттандыратын ханның сүдіні анау. Біліп отырып, көріп отырып халықты қырғызатын жайымыз жоқ. Малды түгелдей Сырдың жағасына қазірден бастап козғап, өзен қатқанша сол жерде болып, мұз қатқансын, Сырдан өтіп алып, әрі карай қозғалуды жөн көремін, — деп сөзін аяқтады.Есеттің қасында отырған Бөкенбай:—      Қозғалған дұрыс қой, — деп гүр ете түсті.Осы кезде орта тұста отырған Адай Сабытай қамшысын көтерді.—      Менің, — деп бастады сөзін Сабытай, — бөлек айтатыным жоқ. Жерді әзірге жауға тастап, елді аман алып қалуды мен де жөн көремін. Малды Сыр бойына қыстату деген сөздің де жаны бар. Мұз қатқанша бергі жағаға қамыстан ықтасын қора жасап, малды сонда ұсталық. Мұз қатқасын, арғы жағаға өткізіп алып, аңысын аңдау керек. Амударияны бойлап одан әрі көшкеннің реті жоқ. Хиуалықтар бізге құшақ ашып отырмаған сияқты. Көшкен ел бір-бірімен қанаттас қозғалсын. Әлім бар, Жетіру бар, Байұлы бар, бәріңізді есептегенде сегіз мың адамнан кем емес қарулы жасақ құрылсын. Күні ертеңнен бастап жау тарабына тұрақты шолғыншылар ұсталынсын. Әр үйден шығатын сарбаз күні ертеңнен бастап кару-жарағымен, жауға мінер қос атымен даяр болсын. Мінетін көлігі жоқ сарбаздарға әр ру басылары мен байлары жарамды көліктерді жағдай айтпастан қазір беретін болсын.Негізгі бағытымыз Желтау, Доңызтау, Мұғаджар, әрі қарай Елекке, Жемге, Сағызға бағыттағанды, басты нысана — Еділ-Жайық арасын босатып, өзімізге қаратпасақ, түбінде қоныссыз қаламыз. Тасастау-Кайнар арқылы Қарақұмды коса қамти отырып. Аспантай-Матай, Сам құмдарының үстімен Маңғыстаудың қараойына да орнығудың шараларын алғанымыз жөн. Назар мен Есболайды сірә бөле алмаймыз. Сондықтан Есболай бастаған Беріштер сол Маңғыстауға орналасқаны жөн шығар, — деп күлді-Сабытай мен Есболайдың әзілдесетінін білетіндер бұл әңгімеге мән берген жоқ.—      Менің айтатыным — осы, тұқ етерін Хан иеміздің өзі айтар, — деп Әбілқайыр отырған жаққа карап сөзін аяқтады.Әбілқайыр жиналғандардың шет жағында отырған жас нояндарға қарай көз тігіп "сіздердің айтатындарыңыз бар ма?" дегендей қабақ танытты. Шотан мен Атағозы қатар отырған болатын. Атағозы орнынан тұрып, Ханға бас иіп тағзым жасады да: "біз үлкендердің айтқанына қосыламыз" деп қасындағы Шотанға қарады, Шотан дұрыс дегендей басын изеді. Басқа ешкім сөз сұраған жоқ Үнсіз тыныштықты Әбілқайырдың өзі бұзды:—      Айтқандарыңыздың бәрі дұрыс. Оның ішінде елді жаудан аман сақтап қалу деген әңгіме өте орынды. Малды Сыр бойына қыстатам дегендеріңіз де жөн. Бірақ бір затты қатты ескерулеріңіз қажет, ол — қолдағы барлық күш көлікті өздеріңізде қалдырасыздар. Екінші айтылатын жағдай, барлық Кіші жүз тайпалары өздеріңізден карулы жасақ құрылатын болады. Өздеріңізге белгілі, батыста Еділ мен Жайықтың арасын жайлап, орысқа арқа сүйеп торғауыт тұр. Теріс жақтарыңызда жердің тәуірін иеленіп башқұрт отыр. Күнгейлеріңізді Хиуа мен Бұхара алып жатыр. Сулы, нулы жерлерге иелік етіп казак-орысың тұр. Осылардың ортасында орын таппай сергелдеңге түсіп қазақ қалады. Белді бекем буатын мезгіл келді. Неде болса, бағытты Еділ мен Жайықтың арасына сұғынып, торғауыт пен башқұртты ығыстыруды негізге нысана етпесе болмайды,— деді.Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев Әбілқайырдың осы сөзін былай суреттейді: "Еділ мен Жайыққа қарай ентелей бергендері жөн. Казақ пен қалмақ ұстасса, башқұрт пен түрікмен аңысын андап тыныш тұрады. Әзірге Жем мен Сағыз, Елекке сұғынатын үш арыс ұстап, қалың ойрат жатқан кеуде мен бөксені алты шекті мен жеті руға қалқалатып, ілгері ұмтыла бергеннен басқа жағдай жоқ. Түрікмен жақ қанатқа Есенқұл, Назар, Сабытай бастаған адайды, башкұрт жақ қанатқа Бөкенбай бастаған табынды, Есет бастаған тама мен қалған Байұлыны торғауыт ұлыстарына қарай ұмсынта берген дұрыс. Адай мен Табынның тентек-телісіне "Самның жәуміті мен Мұқалжардың етегіне көз алартпай тұра тұрындар" деп ескертіп қоймаса болмайды" деп көрсетеді. Әбілқайыр сөзін жалғастыра келіп:— Кейбір ағайындардың осы жерде табан тіреп отырып қалғысы келетіндері де бар екен.Жоңғармен әуелден араласып кұдандалы, нағашылы-жиендіктері барлары әзірге аңысын аңдып қалғысы келіп отырғандары болса, оған да көз алартпалық. Осы жерде қалмақтың ортасында әзірге қалып, жағдайды жасырын хабарлап отыратын болса, бізге де керегі сол. Біз жерімізді түпкілікті қалмаққа қалдырып қашалык деп отырғанымыз жоқ. Біз уақытша ғана қалмаққа береміз. Өздеріңіз білесіздер, ұлы жүздің көп жерін кәзірде қалмақ иемденіп отыр. Елді аман сақтау үшін бұл жасап отырғанымыз — уақытша шегініс. Қозғалудың дайындығын жасай беріңіздер. Жаңағы Сабытайдың айтқаны — жөн әңгіме. Бұл қозғалыс туралы көптен іште жүрген ойлар еді. Біздің қозғалып, орын табуымызды және Еділ-Жайық бойындағы құба-қалмақтардың тыныштығын кетіруді Сауырық, Тайлан сияқты батырлармен ақылдасып келісілген шаруалар. Біз осымен енді ақылдаспаймыз, кездеспейміз деген сөз шыкпайды. "Көш жүре түзеледі" деген бар, әлі де талай ақылдасармыз. Әзірге малды қозғап, алдын орналастыра бергендеріңіз дұрыс. Алға қарай жағдай өзгеріп жатса, көрерміз, — деп Әбілқайыр сөзін қорытындылады.Сонымен, күйек кеш алынатын болып белгіленді. Аталық малдар бөлек отарланып бағылды. Немесе төрт түлік малды күн жылынып, жер көгергесін төлдетудің шарасы алынатын болып шешілді.Елдің көші-қонына, күш-көлікке, мініске және тамаққа пайдалану мақсатында түйеден — атан-нарлар, жылқыдан — дөненнен бастап мініс аттар мен бедеу биелер айырылып, бөлектенетін болды.Кіші жүзден әскер жасақтарын кұрып ұйымдастыру жұмысына табын Қараұлы Бөкенбай кірісті. Бөкенбайдың тапсырмасы бойынша адай тайпасынан әскер ұйымдастыру жұмысына жасақ құрып жауынгер дайындау мақсатында – Тоқтамыс, Дәулеталы, Мұратбек, Мете батырлар және жастардан Шотан мен Атағозы бастаған жас нояндар бөлінді. Қарулы жасақ ұйымдастыратындар басқа жұмыстардан босатылатын болды.Елдің қозғалуына жалпы басшылық жасап, түрлі жұмыстарды мезгілінде ұйымдастырып, шешім қабылдап отыратын топ құрылды. Олардың ішінде Назар, Әжібай, Сабытай, Есекмерген, Есет сияқты елге белгілі батырлар болды.V - тарауАқтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаҚытай мемлекетінің абыройын асқақтатқан, жерін кеңітіп, керегесін бекіткен, кемеліне келтірген Сюань Е 1722 жылдың аяқ кезінде жасы ұлғайып дүниеден өтті. Оның орнын басқан Инь Чжень жоңғармен соғысты тоқтатып бітім шартын жасасты. Бітім шартына қол қойған күннің ертесіне — 1723 жылдың ерте көктемінде Сыбан Раптан, бұрыннан қазақтармен талай ұстасып жырынды болып қалған, соңғы 10-15 жыл бойы Мәнжу-Цин әскерімен үнемі соғыс жүргізіп, бай тәжірибеге ие болған, соғыс тәсілдерін жан-жақты меңгерген, ысылған, от қаруы бар жүз мыңнан астам қыл шашақты, қызыл тулы қалмақ шеріктері қазақ жеріне еш кедергісіз кіріп, ойранын шығарды.Бұл хабар құлағы түрік отырған Әбілқайырға ертесіне-ақ жеткен болатын. Хабарды алған бойда хан атына мінді. Кіші жүздің жасақтары мен бөлек-бөлек жатқан тайпаларына хабаршы жөнелтті. Сырдың арғы бетіне елдің малы мен әйел-бала-шағаларын, жасы жеткен қарттарын өткізіп жіберіп, өздері еркек қос болып қалған сегіз арыс адай жасақтарына, Карақұмды жайлап жатқан Бөкенбайға, Қызылқұмдағы Есетке, Борсыққұмға барып қоныстанып жатқан Көкінің Есетіне, ұсақ жорықтарда жүрген Тайлан мен Батырға жедел шақыру жіберілді.Шақырылған жасақтар үш-төрт күннің ішінде толық жиналып, тас-түйін болып түйініп, Қаратау қайдасың деп жүріп кетті. Әбілқайыр бастаған Кіші жүз қолының негізгі бағыты – Қаратаудың күнбатыс құбыла беті болатын.Әбілқайырдың негізгі ойы – Сығанақка жүретін шатқалды бойлап келіп, Сұғындық асуында жауды күтіп алу еді. Солай болғанмен, Балқаш бағытынан шыққан жау Орта жүз бен Ұлы жүздің үстімен жүріп олжаға батпай түгелдей Сұғындық асуына келер деймісің. Келсе де бір бөлігі келеді ғой, қаптап отырған қазақ ауылдары тұтастай жау табанында қалғанын ойлағанда Әбілкайырдың жауырыны мұздап қоя берді.Кіші жүз қолы Сұғындық шатқалына келе бергенде алдағы кеткен шолғыншылардан да хабар келді. Калмақ жасақтарының Сұғындық асуына бағыттап келе жатқаны қарасы он-он бір мыңдай екені анықталды. Көкжиектен әуелі мүнартып барып ылайлана бастаған көп аттың тұяғынан шыққан шаң анық байқалды. Әбілқайыр ауыр қолды екіге бөлді. Әуелгісін шатқалды бойлатып түбіне қарай апарыңқырап тастардың тасаларына орналастырды. Қолдың жарпысын шатқалдан кейінірек екі шеттегі қолаттарға орналастырды.Өте жылдам қимылдаған қалың әскер ұрымтал жерлерге орналасып, жым-жылас болды да қалды.Әбілқайыр қасына Бөкенбайды, Назарды, Есболайды, Сабытайды, Есеттерді алып, бес жүздей жасақпен шатқалдың өкпе тұсындағы биік қыраттың жүлгесіне, соғыстың қимылдарының көрініп тұратын тұсына барып орналасты.Қалмақтар жан-жағына сақтықпен карап, сай танабына кіре бастады. Қазақ жасақтарына берілген тапсырма жау қолының алды шатқалдан шыға бастағанға дейін сездірмеу болатын. Тып-тыныш, меңіреу тұрған шатқалдан сезіктенген қалмақтар ну жынысты, калың шөпті қолаттарға оқты жаудырумен болды. Садақтан ұшқан мың сан жебелер бүйір-бүйірдегі қолаттарга жауып жатқанда. демін ішінен алып, өздерін білдірмей жатқан талай сарбаздың тілсіз кеткені ойына түскенде Әбілкайырдың өзегі өртеніп, бауыры елжіреді. Жаудың алды Сұғындықтың асуына шыға бергенде, арты шатқалға ене бергенде керней тартылуы мұң екен, төбеден, қапталдан садақтың оғы жауды да кетті.Алғашқы минуттың өзінде өкіріп құлаған бірнеше жүздеген қалмақтың, кісінеген аттардың дауысы шатқалды кернеп кетті.Алдыңғы, қапталдағы қолаттардан жалаң кылышты қазақ жауынгерлері аласұрған қалмақтардың талайының басын допша домалатты. Сол кезде қалмақтар кері қарай, кірген ауызға лап қойды. Бір бөлігі шығып та үлгерді. Қазақ жасақтарының қоршауын бұзып шығуға үлкен топ жан шыдатпас қарсылықпен алға ұмтылды. Осыны байқап қалған Бөкенбай тасада тұрған бес жүз жасақпен алға ұмтылған жау тобына дүрсе қоя берді. Шатқалдың ішкі жағындағы айқаста өз тобын бастап жүрген Шотан да кері ұмтылған жаудың пиғылын байқап қалып, ту сыртынан шұбар аттың екпінімен келіп кіргеннен екі қолы бірдей қимылдап, жол ашып тастады. Артына ерген адай жасақтары тастай түйіліп, Шотаннан бір елі қалмастан жау ортасына түсті де кетті. Шотан бастаған адайдың алты жүз жігіті қалың қамысты жарып келе жаткан құйын сияқтанып,жаудың орта тұсының ұйпа-тұйпасын шығарды. Анда-санда шұбардың шапшығаны мен үстіндегі Шотанның кылышының оңды-солды жарқылы кайта-қайта көзге түсумен болды. Оның жаудың ортасын жарып шығып, оң қапталға көзінің түсе бергені сол еді, есік пен төрдей жерде Бөкенбайдың ту сыртынан желкелігін көздеп, найза ұруға жақын қалған еңгезердей калмақты байқап қалған Шотан шалт қимылмен қолындағы найзаны одан бұрын атты. Шотанның карулы қолынан атылған найза бұрын тиді, қалмақ лақтырып үлгере алмай, кеңірдегіне шаншылған найзадан өкірумен барып, атынан құлады. Сонда ғана барып Бөкенбай Шотанды көрді. Құлаған қалмақтың кеңірдегінде қадалып тұрған найзасын күшпен суырып алғанда кеңірдегін қолымен басып қорылдаған қалмақ тірі күйінде қала берді. Шотан Бөкенбайға карап:—Аға, артыңызды жалаңаш қалдырмаңыз, абай болыңыз, енді артыңызда мен болатын шығармын, — деді.Қайта лоқсыған қалмақтардың пәттері қайтып қалды. Әр жерде жан алып, жан беріскен топ-топ болған жұлқыс жүріп жатыр. Бөкенбайдың қасында нөкерлері пайда болғаннан кейін, Шотан қай жерде қиян-кескі айқас болып жатса, сол ортаға кіріп кетіп, жайратып шыға келіп, екіншісіне ұмтылады. Соғыстың жүрісін бақылап тұрған Әбілқайыр ту ұстап тұрған Мырзатайдан:—      Анау ортада айқасты салып жүрген шұбар атты кім өзі, қимылы тіпті Тайланнан да өткін ғой, — деді.Мырзатай күліп:—      Ол да бір балдызыңыз, — деді.—      Балдыз болғанда, ол кайсысы? — деп сұрады Әбілқайыр.—Ол — Назар ағаның баласы Шотан ғой, үлкен ұрысқа бірінші кіруі, — деді Мырзатай. Оған Әбілқайыр:—      Бірінші соғысып тұрғаны мынадай болса, бұдан кейінгі соғыстарда, аман болса, қалмақтарға жіберген алланың жаналғышы осы десейші, — деп басын шайқап күліп, ризалығын білдірді. Жекпе-жегі жоқ ұрыста ханның қасында қарауыл қарап тұруға шыдамы жетпей кірісіп кеткен Есболай мен Сабытайдың анда-санда кезек пен кезек ақырған дауыстары естіліп қалады.Әбілқайырдың қасына келген Назардың түсі әлем-тапырық болып сүйкімсіз көрінді.Әбілқайыр Назарға қарап:—      Жайсызданып тұрған сияқтысыз ғой, бір жеріңіз ауырып тұрған жоқ па? — деп сұрады.—      Жоңғардың негізгі күші күншығыспен оралып кетті, мынау Созақты талқандап келе жатқан азғантай басқыншылар-ау деген ой маза бермей тұрғаны, — деді Назар.—      Мен де осыны ойлап тұрмын, не де болса, осылардың ізімен жүріп көреміз. Түркістан жағына кеткен шолғыншылардан да хабар жоқ, қалмақ қолдарының жүріс бағыттарына көз жеткізбей болмас, — деді Әбілқайыр.Назар қазақ қолының мынадай қимылына, сарбаздарының ер жүректігіне таңданып, Әбілқайырға қарап:—      Талай жорықты көріп едім, тап мынадай он мың қалмақты шатқалға білдірмей қамап, біреуін тірі қалдырмай қырғанды бірінші рет көріп тұрмын. Мынадай тастүйін болып, бір адамша қимылдау, соғыс тарихында ешқандай қате жібермей соғыс тәсілін тайға таңба басқаңдай етіп орындау деген бұрын-соңды болмаған жағдай, — деді.Әбілқайыр Назарға бұрылып:—      Тіліңіз өтіп кетер, түкіріңіз, — деп күлді.Күн бесінге таялды. Шатқал ішінде соғыс әлі жүріп жатыр. Күн намазшамға таялғанда шайқас аяқталды. Әбілқайыр шейіт болған қазақ жауынгерлерін жинақтатып, асудың аяғындағы қыраттың басына әкеліп жерлеу рәсімдерін жасатты. Қазақ қолынан жеті жүздей жауынгердің қайтыс болғаны анықталды. Жаудың он мыңнан астам шерігінен бір де біреуі тірі қалған жоқ. Сұғыңдык асуының аспанында мың-мыңдаған құзғын қарғалардың қарқылдаған дыбыстары сай танабын жаңғырықтырып жатты.Күн батуға таяу қалғанда Әбілқайыр сарбаздарын жинақтап, үлкен ерлік көрсетіп, жауды жеңгендерін әңгімелей келіп, алғысын айтты. Содан соң Бөкенбай сөйлеп, үлкен ерлік көрсеткен қазақ сарбаздарының атын атады. Шотанның ерлік істерін ерекше атап өтті. Сөзін аяқтай бере Әбілқайырға қарап, Шотанды Байұлының жасақтарының бүгіннен бастап Бас сардары етіп тағайындауды ұсынды.Әбілқайыр дауыстап:—Он екі ата Байұлының жасағының Бас сардары болып бүгіннен бастап Шотан тағайындалады, қарсылық жоқ па? — дегенде, үнсіз тұрған қалың қол: "Шотан, Шотан!", "Бас сардар, Бас сардар!" деп бірнеше рет қайталады. Алдына келіп тізерлей берген Шотанды қолтығынан сүйеп тұрғызып алған Әбілқайыр:—Жұлдызың жарқырай берсін, Шотаным! — деп мандайынан сүйді.Сөйтіп, Сүғындық асуынан түсі суық қалың қол қозғала берді. Қол бастап келе жатқан Әбілқайырдың көңіліндегі жеңістің қуанышын екінші бір түйткіл ой ығыстырып шығара берді.Соғыстан шаршаңқырап шыққан калың қолды түнімен жүргізіп, шаршатып алмайын деген Әбілқайыр әскерді кідіртіп, тамақтандырып, демалтып алып, таң-азаннан қозғалу қажеттігін айтты. Шолғыншыларды жан-жаққа жөнелтіп, сақшыларға күзетті күшейтуге тапсырмалар берілді.Таңертең ерте қозғалған қалың қол сар желіспен жүріп отырып, Созаққа келді. Жан түршігерлік көріністің үстінен шыкты. Қираған үйлер, шашылған, сынған, өртенген заттар мен адамның өлігінен аяқ альш жүргісіз. Садақтың оғынан жас сәбилерін құшақтап өлген келіншектер, әкесінің басын құшақтаған күйінде өліп кеткен бойжеткен қыздар, ақ жаулықты аналар мен ақсақалды кәрілер бірінің аяғын, бірінің кеудесін құша құлаған денелерден ат аяғын алып жүре алмады. Әр жерде ұлыған иттің дыбысы шығады. Өліктердің үстіне қонған қарғалар, қаптаған атты адамдарды жақтырмай қарқылдап ұшып, екінші бір өлікке барып қонып жатыр.Мына көрініске шыдап тұра алмаған Әбілқайыр Шолаққорғанға бағыттады. Шолаққорғаңдағы жағдай Созақтағыдан кем соқпады: отын болып қираған үй, жайрап жатқан өлік. Өліктердің ортасындағы екі көзі ашық күйінде, жұдырығы түюлі жаткан ақсақалды қарияның жүзіне көзі түскенде Әбілқайырдың ойына "Басы бірікпеген қазақ қасқа, өзіміздің түбімізге өзіміз жеттік қой", — деп жұдырығын түйіп, өкініп жатқанға ұқсап кетгі. Тұла бойы бір ысып, бір суынған Әбілқайыр ақсақалдан жүзін бұрып, оң жағында қолында қасапшылардың мүйіз сапты қара пышағы бар, айы-күні жетіп отырған екіқабат келіншектің басының жарпысы шабылған күйінде қырымен кұлап жатқанын көрді. Қолындағы пышақтың қанға былғанғанына қарағанда, ат үстіндегі жаудың қара санына сілтеп үлгергені байқалады.Баба-атаның басы да ойран-топыры шығыпты. Сол кезде Орта жүзден Тайланнан да ұзын хабарлар келе бастады.Әсіресе, Сауырықтың хабары шошынтып тастады. Жоңғарлардың түгелдей от қарумен қаруланғаны, жүздеген зеңбіректерінің бар екендігі, Орта жүзді түгелдей жайпап кеткендігін айтыпты. Сауран, Жөлек, Түркістан, Қарнақ, Иқан, Шорнақ маңдарында жаумен қиян-кескі ұрыстардың болғанын, бөлек-бөлек соғыста қазақ қолдарының жойылып кеткенін хабарлапты. Созақ, Шолаққорған, Баба-атаның жағдайы мынау, "қызыл-қырғын деген осы екен ғой" деп Әбілқайыр зеңіп бара жатқан басын сығымдай берді.Сауырықтың айтқаны мен Жәнібек сұлтанның да жіберген хабары бірін-бірі растап тұрды.Жәнібек жаудың күшінің өте көптігін, айлакерлігін айта отырып, 10-15 мың жасақпен қарсы шығуы ақылсыздық деп көрсетіпті. Кейбір бөлектерін, шашау шыққандарын, қазақ жері кең ғой, жасырынып келіп желкесін үзем демесеңіздер, көрініп соғысып босқа қырылмау қажеттігін хабарлапты. Аңысын аңдап қимылдағанды жөн көрген сияқты. Осылайша, қазақ халқы балапан басына, тұрымтай тұсына қашып, пана таба алмай, қалмақтың табанының астыңда қызыл-жап болып қырылды. Отыз-қырық мыңнан кем емес түтіні бар қалалардың орнында күл араласып құлаған, өртенген үйлердің орны қалды. Тірі мақұлықтан ештеңе калған жоқ десек, қателеспеспіз. Күшігін ерткен қаншық иттерге дейін өлтірілді. Итаяқтан басқа қолға ілінер зат қалмады. Қолға түскен адамдарды түгелдей сапқа тұрғызып, бетіне әжім түскені мен шашының бір тал ағы барлары мен екіқабат келіншектерін түгелдей атып кетті. Жас кыздарды ғана іріктеп алып, күң етіп пайдалануға немесе араб-парсы байларына сату мақсатында айдап кетті. Өстіп, казақ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сүлама – атты апатқа жолықты. Қазақтың басына ақырзаман осылай орнады. Малын түгел жауда қалдырған ел аштықтан қырылды. Ұлы жүз бен Орта жүздің қоңыраты мен найманы Сырдария жақтағы Алакөлдің айналасын өлікке толтырып, Бұқараға бет алды. Орта жүзден босқан ел жалаңаш жалпы ақ бұрқылдақ сорды кешіп ақтабан болып шұбырып Торғай жағына бағыттады. Он екі ата Байұлына ермей қалған кіші жүздің халқы өлгені өліп, өлмегені өлімші болып, Хиуаны бойлай тартты.Осы оқиғаны Казақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин былайша қорытындылайды: "Сол қазынасы мол, халқы көп Қазақ Ордасының шегінде көк күмбезді Түркістан, қамалы биік Сауран, топырағы май Ташкент бастаған жиырма бес қала бар екен. Алаш үлы осы базарлы кенттерінің бәрінен айырылды. Мәуреннахрмен күнделікті алыс-берісі қалыптасқан, Иран өтіп, Ауған асатын сауда ошақтары тұншықты. Осы шаһарларда орнығып, кол өнеркәсібін ұстаған экономиканың өз заманына сай тетіктерін игерген кәсіпкерлік тиылды. Шаруашылыққа қажет бұйымдар өндіру, кілем тоқу, мата тоқу, соғыс жасақтарын жасау — осының бәрінің негізгі ұйтқысы қалада тұрған. Жоңғардың жойқын басқыншылығы нәтижесінде қазақ калаларындағы кәсіпкер, ұста мен шебер, маман жұмыскер атаулы түгел қырғынға ұшырады, тірі қалғандары ісмер құл ретінде жоңғарға тұтқынға кетті, әйтіп-бүйтіп жан сақтағаны көшпенді жұртпен бірге босқынға ергені машықты мамандығынан жаңылды. Түркістан бастаған жиырма бес қаладан айырылу — Қазақ Ордасының қанатын қырқып, өрісін тарылтып қана қойған жоқ, оның алдағы замандардағы тіршілік кебін бір жақты мал шаруашылығымен ғана айналысатын көшпенді кепке түсірді", — дей келіп, — "Алаш ұлының рухани медениеті орны толмас казаға ұшырады. Түркістандағы Әзірет Сұлтан дүрбесінен бастап басқа қалалардағы мешіттер қоймасында сақталған бай кітапхана, ондағы діни-фәлсафалық еңбектер, ескі тауарихтар мен шежірелер, біз бар деп білмеген тағы қаншама мұра өртке кетті, талан-таражға түсті, жойылды. Біз Қазақ Ордасы құрылған кезден бергі барлық жазба мұрамыздан айырылдық. Қалалар қираған кезде жойылған өнер туындылары сән-салтанат бұйымдары жөне басқадай заттық қазыналар өз алдына. Қазақ ұлы сәнді шаһар, дулы базар, сәулетті мешіттер туралы аталарының әңгімесінен ғана естіген жаңа ұрпақ арада отыз жыл өткен соң қайта оралған кешегі сансыз қаланың орнында жетім қабырғалар ғана тұр еді",- деп үлкен қынжылыспен жазады. ("Қазақ тарихының әліппесі", 1995 ж.100 б.).Қазақ осылайша тоз-тоз болып жер бетінен құрып кетуге шақ қалды.Осылай қиыншылық жағдайда Кіші жүз қолын бытыратпай, болашақтан күдерін үзбей, ат үстінен түспей, шашау шыққан жаумен түтқиылдан келіп шайқасып шашасын қиып жүрген Әбілқайыр болды. Қанша шабуылдағанмен, жеті-сегіз мың жасақпен жүз мың қалмаққа қарсы шығып ештеңе жасай алмасын білген Әбілқайыр назарды құба қалмақтар мен башқұрттарға және түрікмен қоныстанып отырған Маңғыстаудың қараойына аударды. Ойраттың салған ылаңы бүкіл казақтік болса, түрікмен мен құба қалмақтың ылаңы Кіші жүзге еншіленген құдайдың тап қылған қосымша ауыр жүгі болатын.Әзіретінің Алатауынан бастап көшкен Кіші жүз тайпасы Арал теңізін жағалай, одан әрі қарай Мүғаджар тауын етектеп, Жем-Темір бойларына, Сағызға карай ұмсына орналасты.Әбілқайырдың ұсынған тапсырмасы бойынша сегіз арыс адайдың негізгі бөлігі Мүғаджардан бастап, Аяққұмды, Ақтамберді, Жетіқақ, Матай құмдарын жиектей отырып, Тасастау-Қайнар мен Сам құмдарына да келіп қоныстанды. Енді бір бөлігі, Тәзіке ауылдары, Еділ, Жайық бойына бағыттап, Нарын құмын қоныстануды ниет етті. Әбілқайыр азғантай нөкерін ертіп аттан түспеді. Халықты аралап, тың тыңдап, торғауыттың ішкі жағдайларын анықтады. Негізгі ойы іргесіне келіп бір отырып алғасын, торғауытты қуып, Жайық пен Жемнің бойына толық иелік ету еді. Оның бұл ойы оңынан орала бастады. Қарақалпақтарды құба қалмақтарға айдап салып, Жем мен Жайық бойының тыныштығын кетіре бастады. Қарақалпақтар торғауыттар қоныстанып отырған жерлерді босатып беруді және әрі қарай Қапы тауына өткізуді талап етті. Қазақтар малдарын қуып алып, жан-жақтан бүйідей тие бастады. Осының бәрін ойластырып істетіп жүрген Әбілқайыр болатын.Осымен қатар Әбілқайыр Кіші жүз қолы бар, оның үстіне қарақалпақтардан әскер жинап, толық қаруланған жиырма мың адамнан тұратын ауыр қолды Темір өзенінің бойына қосын тіктіріп, Ордасын да сонда көшіріп алған еді. Осы кезде Еділ-Жайық ортасындағы құба қалмақтар мен торғауыттардың ханы Аюкеге Сыбан-Раптаннан елші келгенін, Аюкенің екі қызына құда түсетіндігін, екі баласына немесе екі інісіне әйелдікке сұрағанын, алдымыздағы көктемде қызын ұзатсын және қыз алатын кұдалармен бірге жоңғар басшыларының да барып жерді аралап көріп, ол жақтағы қазақтар мен қарақалпақтарды қуып жерге иелік ететінін хабарлапты. Ұзын сөздің қысқасы, "Дәм бұйырса, алдағы көктемде Еділ мен Жайық бойын жайлайтын боламыз", депті. Сонда қалай болғаны, қонтайшымен терезесін тең ұстап, "Ол қара қалмақтың ханы болса, мен — құба қалмақтың ханымын", деп келген Аюке мына сөзді естігенде біреу төбесінен мұздай су құйып жібергендей тітіркенді. Сонымен, Аюке өзінің тайшыларын жинап, кеңес өткізді. Тайшылардың ішіндегі беделдісі және байы болып есептелетін Досан-тайшы:— Ертең қара қалмақ келетін болса, бұл жерге екі басшының қажеті болмай қалады. Хан екеу болмайды, Сыбан-Раптан хан болады.Тайшыларыңызды өз жағына кіргізіп алады. Өзіңіздің басыңызға үлкен қауіп туады, сондықтан Ресейге бодан екеніміз рас болса, тездетіп хабар жіберіп, солдат сұратқанымыз жөн. Және мына қазақтың ханы Әбілқайыр үлкен қол жинап жатыр дегенді естіп отырмыз, оған да шүғыл елші жіберіп, тату-тәтті достықта болуға шарт жасасуымыз керек, — дегенге түйін жасалыпты.Келген елшіні Әбілқайыр қалың қолы қаптап қоршап жатқан Темір бойында қабылдады. Қалың әскерді көрген елшінің жүрегі мұздап, іші қалтырап қоя берді. Әбілқайыр елшінің сөзін көп тыңдаған жоқ Аюкеге қоятын өзінің талабын айтты:— Аюке аман тұрғанда Еділ мен Жайықтың арасын босатсын, жердің иесі келді, айтқанды орындамаса, өз обалы өзіне, — деп елшіні қайтарды.Адай Шотан мен Көкінің Есеті бастаған қазақжасақтары Жем бойын жағалай қоныстанып отырған Лекбай-тайшының жасағын талқандап, бес жүз үймен отырған ауылын шауып, үлкен олжа түсірді. "Қалмаққырған" деген атауы бұл жерде де қалды.Әбілқайырдың ойлаған бір мақсаты - қалмақтар мен Жайық қазақтарының берекетін кетіріңкіресе, олар көмек сұрап, орысқа шапқылайды. Орыс әскер бермесе де бітімгершілікке елші жібереді, сол арқылы орыспен қарым-қатынас жасауды нысана етті. Сондықтан да Жайық бойының тыныштығын алыңқырады. Тағы да Шотан бастаған бір мың екі жүздей адай жасағын жіберіп ақтабан шұбырынды кезінде башкұрттар иеленіп алған Ырғыз, Елек, Ор, Қарғалы, Қарабұтақ жерлерін қарсылықтарына қарамай қайтарып алды. Сөйтіп, терістікке қарай да өрістерін кеңейтті.Барлық шаруаның орайласуы Әбілқайырдың өзінің ойлағанындай болды.Ол кезде Әбілқайыр тек Кіші жүз емес, Қарақалпақты да қоса билеп тұрған-ды. Ресей Әбілқайырға елші етіп казақшаға судай татар молдасы Мақсұт Жүнісүғлы деген адамды жіберіпті. Елшінің "орысқа бодан болу керек" деген тұспалдап сөйлеген сөзін Әбілқайыр бірден түсінді. Осындай әңгіменің болатынын алдын-ала болжаған Әбілқайыр елшіні өз елінде емес, сонау Қарақалпақтардың арасында қабылдады. Оның себебі орысқа бодан болу дегенді жасырын жүргізгісі келгенінен еді. Орыс басшыларымен келісімге келу үшін, елшімен бірге турасын айтқанда, бодандығына кіру үшін келіссөз жүргізу мақсатында, Қойбағар Көбекұлын ертіп жіберді. Бұл шаруаны бірде-бір қазақпен ақылдаспастан, өз бетімен ұйымдастырды. Әбілқайыр жоңғардан басқасымен тіл табыса білді. Отырған жерінен зормен қуып шыққан башқұрттардың ішіндегі аузы дуалыларын өзіне қаратты. Қарақалпақтың жартысы Әбілқайырдың ыкпалында болды.Ресейге елші жіберу жөнінде би-сұлтандармен ақылдасатын болса, онда бұл шаруаның ұзаққа созылатынын, артының даулы болып, қазіргі алмағайып болып тұрған қилы заманда кесірлі жағдайға ұшырап кететінін білген Әбілқайыр Қойбағарды орыс елшісімен бірге жібергенін өзінен басқа адамға білдірмеген еді.VІ - тарауБұланты шайқасыОсы бір кезеңді Әбіш Кекілбаев былай деп баяндайды:"Тұрымтай тұсына, балапан басына боп, әрқайсысы әр қырдың астына барып тығылған қазақ ұлыстары елеңдеп, жан-жағына құлак түріп отырған-ды. Олар Әбілқайырдың әр адымын аңдып, әр ісін біліп жатты. Жас сұлтанның мынау қиын жылдарда басқа төрелердей бұғып қалмай қайрат қылғаны, Еділ бойы торғауыттарының іргесін түріп, қара қалмақ пен құба қалмақтың майлы қасықтай араласқан татулығының тас-талқанын шығарғаны, көптен бері қазақтарды көзіне ілмей кеткен патша әкімдерін қайта иілтіп, алдына елші әкелдіргені кім-кімнің де ішіндегі қатқан тонды үт айының талма түсінің шуағындай, сәл де болса жібітейін деді. Әбілқайыр жан-жағындағы жұрттың жоңғардан басқасының бәрімен араласа бастады. Қайсысымен қатынасса да құр алақан қалған жоқ. Башқұрттарды Елек пен Ырғыз бойынан қуып отырып, олардың арасынан да одақтас таба алды. Қарақалпақтың бір жағы жолап кеткен қазақтың атын сабап аулақ қуып жатса, бір жағы Әбілқайырдың айтқанын екі етпей тындап, Жайық бойын дүрліктіріп бақты. Сол бір ала топалаң әлімқайым заманның өзіңде Әбілқайырдың айтуымен патшаға қазақ пен қарақалпақ атынан екі рет елшілік аттанды. Торғауыт тайшыларының да сүттей ұйып отырған бірлігін бұзып, өзара қырқыстырып қойды. Ол жылдары Әбілқайыр көрші жұрттардың ала жібін аттаса, аттаған шығар, бірақ қазаққа әйкәпір дегізетіндей ештеңе істемеуге тырысты. Ырғыз бойына қайта барып алғасын өзі бұғып жатып ап, басқаның қолымен көсеу көсейтін ескі әдетіне басып, баяғыда Қарақұмдағы жиыңда қазақ қолының қолбасшысы болған Табын Бөкенбайға үш жүзге сауын айтқызды. Жаманшыңның күнбатыс бетіндегі Талды сайдағы жалғыз шоқы колы да иісі алаштың маңдайға ұстар нысанасына айналды. Сол бір нысаналы шоқыға тағы үш жүзден қол ағылды. Тағы да дабыл қағылып, тағы да керней шалынды. Үш арыстың баласы жан-жағын қомдаған атан түйедей сәңкиген-сәңкиген қара жалдар қоршаған баяғы шұқыр ойда бас санасып, жалау түгендесті. Бұл жолы, обалы не керек, әншейінде алыпқашпасы, әйтті-бүйттісі көп бопсашыл қазақ елдік жасады. Найзаға таласпаса, туға таласқан ешкім болмады.Үш алаштың туын тағы да ауызы алты қарыс үйсін тұрып, арғын тұрып, алшын тұрып, күні кешегі кірме табындардың көсемі Қараұлы Бөкенбай ұстады. Ортаға шығып, қолына құран ұстап: "Ағайынның аманатын жерге қалдырсам, тұқым-теберігіммен, әулет-зәузатыммен құрып кетейін. Арым — алашқа, қаным — қазаққа", — деп ант су ішті. Одан соң ортаға Ұлы жүз қолының бас сардары ошақты Саурық, Орта жүз қолының бас сардары тағы да кірме керейт Тайлан батыр шығып, құран ұстап ант берісті. Обалы не керек, қазақ басына бақ қонғанда емес, басына іс түскенде көретін халық қой, шіркін! Үш арыстың үшеуінде де арыстандай ақырған талай батыр тұрса да, ортаға шыққан төрт батырға ешқайсысы тебеген аттай теріс айналып қыржыңдаған жоқ. Бәрі де кек аспанды күл талқан қып, шытыната сындырып жерге түсірердей қып саңк-саңқ етіп: "Дұрыс, дұрыс! Әп, бәрекелде!", — десті. (Шығармалар жинағы, 4 том, 114,115 б.).Осылайша, Әбілқайыр бастаған қазақ қолы 1728 жылдың көктемінде, Қаратаудан шығып Сарыарқаға беттеп, одан шығып, Еділ-Жайық арасындағы құба қалмақтар мен торғауыттарға қосылып, "қазақты түгелдей қырамыз" деп желігіп келе жатқан қалмақ қолының алдынан шықты. Бет қаратар кедергі жоқ, жүрген жерін тонап, қырып-жойып келе жатқан жау жұдырықтай түйілген, жауатын бұлттай түнерген қазақ қолын көргенде жүрістерін баяулатып, аттарының тізгіндерін тартты. Кернейлерін тартып, етек-жеңдерін жинай бастады. Екі жақтың кездескен жері Сарысудың оңтүстік-батысындағы Бұланты өзенінің жазығы болатын. Қалмақ қолынан астындағы атынан өзі үлкен, калқаны шаңырақтай, басы қарақазандай біреуі шығып: "Осыңда Сауырық бар ма, батыр болса, менімен жекпе-жекке шықсын, егер қорықса, ең мықтысын жіберсін", — деп айқайды салып ортаға шыға келді. Атын атап шақырған жекпе-жекке шықпай қалуға намыстанған Ұлы жүздің бас сардары аттан түсіп, айылын қайта тарта бастады. Әбілқайыр келіп: "Сауырық, атыңды атай берсін, ол жоңғар қолының бас сардары емес қой, әр батырдың орны бар ғой, басқа жас нояндардың бірі шығар", — деп еді, Сауырық: "Көптен бері жекпе-жекке шықпай сағынып қалыппын, құдай бергенін қайтып алмаса, желкесін үзіп келейін", — деп атына міне бергені сол еді, қалың қол шу ете түсті. Әбілқайыр да, Сауырық та жекпе-жекке шақырған қалмаққа қарай оқша ұшып бара жатқан адам ба, әлде үлкен шұбар жолбарыс па, айырып жатуға болмайтын жылдамдықпен барып өте шыққанда қалмақтың аттан қалай құлағаны байқалмады. Сол жылдамдыкпен қайта шауып оралған бетінде жығылған қалмақтың басын Сауырықтың алдына әкеліп тастады да, ортаға кіріп жоқ болып кетті. Жаңағы адамның кім екенін тек кана Әбілқайыр танып қалды. Дулығасының астынан жібек ақ орамалмен бетін тұмшалап алған Шотан еді. Таң калып тұрған Сауырыққа қарап Әбілқайыр: "Сәке, кешіріңіз, сіздің сыбағаңызды рұқсатсыз пайдаланып кеткен біздің бір жас сарбазымыз", — дегенде: "Ойпырым-ай, өзі адам ба, мен маған көмекке келген пірлердің бірі шығар деп едім", — деп күлді.Осы кезде қазақ қолы бастап майданға кірді де кетті. Оң қанаттан Сауырық бастаған Ұлы жүз қолы бірден ұмсынып жауды ығыстыра бастады. Орта тұстан сұғына кірген Тайлан бастаған Орта жүз жасақтары ортаны ойсыратып ойып түсіп, ілгерілей жөнелді. Сол жақтағы кірісіп кеткен Кіші жүз қолының тегеурініне шыдай алмай жау әскері екі жарылып бөлектеніп калды. Сол қанаттағы бөлектенген қалмақ қолын Шотан бастаған Байұлы жауынгерлері қоршауға ала бастады. Жырылып шыққысы келгендерін шашау шығармастан темір құрсауды сала қойды.Қоршалған қалмақ қолы сығыла-сығыла ат айнала алмастай тығыздалды. Шотанға да керегі осы еді. Қоршалған жауға жаппай, садақтан оқжаудыруға тапсырма берді. Қалмақтардың басына қара бұлт үйірілді. Қоршаудың ортасындағылар садақтарын керіп тарта алмады. Шет жағындағылар топалаң тиген қойдай қырылды. Сейтіп бөлінген жоңғар қолы көпке бармай түгелдей жер қапты. Күн кешкіріп қараңғы тускенше жоңғар түгелдей жойылды. Бұланты жазығы қалмақтардың өлігінен аяқ алып жүре алмастай болды. Бұл алқапта бірнеше оңдаған жылдар бойы қалмақтардың қу сүйектері өткеннің куәсі болып шашылып жатты. Қазақ қолы соғыс болған жерден аулақтап шығып демалып, ертесіне шейіт болған қазақ жауынгерлерін жерлеу рәсімдерін жасады. Сапқа тұрған қалың қолдың алдына шыққан Сауырық Шотанды шақырып, құшақтап тұрып: "Өркенің өссін, інім, жаудан сағың сынбасын, даңқың арта берсін!, — деп, күмістелген ер-тоқымды күрең арғымақты және де алтын балдақты алмас қылышты алға тартты.Сол күннен бастап Шотанның атағы Үш жүзге тарап кетті.Бұланты шайқасында қазақ қолының жеңіске жетуі, бүкіл еңсесі түсіп кеткен қазаққа қуат берді, болашаққа деген үміт отын тұтатты. "Үш арыстың аузы біріксе, алынбайтын жау жоқ екен-ау" дегенді ойға салады.Сол жылғы жазда Жайық бойына орналасқан қазақ ауылдарына қайта-қайта соқтығып тыныштығын алып отырған Назар-Доржының баласы Ложбының қылығына байланысты қозғалған қазақ жасақтары, Ложбы қолын тас-талқан қылып, мал-мүлкін тонап, адамдарын алдына салып айдап ала жөнелді. Осы кезде Еділ-Жайық бойындағы барлық торғауыттардан құралған отыз мыңдай ауыр қол да Жайыққа тақап келіп калған болатын. Тақап келіп қалған қалмақ қолын көрген казақ әскері Жайықтың жағасына жақындай бере ор қазып, бекініс жасап, жиырма үш мың қазақ қолы отыз мыңның үстіндегі қалмақ қолымен бетпе-бет келіп түрды.Қалмақ қолынан жекпе-жекке елін шаптырып, жасағын талқандаттырып, өзі қашып Құтылған Доржының баласы Ложбы шықты. Ложбы талай қазақтың басын кескен қанішер, атақты басбұзардың өзі еді. Енді адамдарының бәрі құлдыкқа түсіп, малы талауға түсіп, іші қара қазандай болып қайнаған, кегін алуға белін байлап шыққаны болатын.Осы кезде Әбілқайырдың алдына Шотан келіп жекпе-жекке шығуға рұқсат сұрады. Әбілқайыр Шотанға карап жымиып: "Рұксат сұрағаныңа таң қалып тұрмын, оныңа да шүкір, жолың болсын", — деді де Шотанның қолындағы ұзын найзаны көріп: "Тым ұзын екен, салмағы қандай'.," — деп қолын созды. Шотан ат үстінде тұрған Әбілқайырға жақындап келіп найзасын ұстатып еді, әуелі оң қолымен көтеріп барып, екі қолымен ұстады да: "Мынаның салмағы екі пұттан кем емес қой", — деп таңданыс білдірді. Сабының жуандығы да кез-келген адамның уысына сыймайтын-ды. Ұзындығы бес құлаштан кем емес болатын. Әбілқайырдың ауырсынып тұрған найзасын бір қолымен лып еткізіп алды да бұрылып жүре берді. Топтан шыға бере аттың басын Ложбыға тікелеп алды да, жіберді. Астындағы шұбар ат жиырылып атылғанда әй-пәйға қарамастан, көзді ашып жұмғанша жаудың қасына жетіп барды. Аттың жылдамдығына қоса найзаны атқан жылдамдық алдында не тұрса да қирататын еді. Бұл жолы да солай болды. Оңтайланып тұрған Ложбы шаншимын дегенше ауыр салмақпен ұшып келіп кіндіктен соққан Шотанның найзасының соққысынан белі екі бөлініп, ат үстінде бүк түсіп қалған еді. Шотан шабумен оралып келіп, басын шауып түсірді де қағып алып, жетекке атын алып журе берді. Мұны көріп тұрған қалмақтар одан әрі шыдамады. Аласапыран майдан басталды да кетті. Жан-жақтан жартылай қоршаған қалмақ қолы көптігіне сеніп ортаны бұзғысы келіп жанталасқанмен, ештеңе жасай алмады. Төрт күн бойы қамап, қанша сүғынып келгенмен тұмсықтарын қанатып, көп шығынмен кейін қайтып отырды. Амалы таусылған қалмақтар ақыр түбінде ақ жалауын көтеріп бітімгершілік сұрауға мәжбүр болды.Екі жасақтан да белгілі адамдар шығып бір бәтуаға келісіп, бұдан былай бейбіт, катар өмір сүруге ант берісті.Осы бір оқиғаны Әбіш Кекілбаев: "Ақ Жайықтың жағасында уыздай аппақ өре киіздің үстінде қалмақ жағынан жер тізерлеп Шырындөндік, Назардың Доржысы, Дендік Омы, Калдан және Дөржін тұрды, қазақ жағынан жер тізерлеп Әбілқайыр, Сәмеке, Есім мен Барақ тұрды. Араларына бір тіні ақ, бір тіні қара жіптен білектей қылып өрген қыл арқан жатты. Оның бір ұшын қазақ батыры шіренте тартып тұрды. Үстіне сарыала, қоңырала әлеміш жамылған қалмақ ламасы мен ақ сәлделі қазақ молдасы орталарына бүгін дүниеге келген шекесі торсықтай бір жас нәрестені құндақтай көтеріп бір қалмақ батырын алып шықты. Молда мен лама өз баталарын айтқасын жас нәрестенің әкесі оң қолындағы ақ семсерді бір сілтеп, ортада жатқан білектей ала арқанды қиып түсті. Екі жақтың игі жақсылары бітім болғанына қуанысып, төс түйістіріп құшақтасты", — деп көрсетеді. (Әбіш Кекілбаев, Шығармалар жинағы, 4 том.116-117 бет).Бұл да Әбілқайырдың тындырған шаруаларының бірі болатын. Еділ-Жайық бойындағы торғауыттармен жасалған келісім, берілген ант жоңғарларға оңай тиген жоқ. Әбілқайырдың көздеп атқан оғы нысанаға дөп тиді. Жоңғарлар мен торғауыттардың арасынан қара мысықты жүгіртті. Қазаққа қарсы қара қалмақтармен бірігіп соғысудың орнына торғауыттар жоңғарларға жау болып шыға келді.Ұлы жүздің ішінде қалған он екі ата Байұлының бір тайпасы Алақұнан ауылынан аттанған тыңшылар Әбілқайырға жоңғарлардың соңғы хабарларын жетістіріп отырды. Соңғы жетістірген хабарға қарағанда, жоңғарлардың ішкі жағдайларының нашарлауымен қатар сыртқы жағдайлары да келіспей қалғаны белгілі болды. Қытай жағы бітім шартын бұзып, Қалдан-Сереннің таққа отырғанына бір жыл толмай-ақ қайтадан соғыс бастағаны белгілі болды. "Әй, бәсе", — деп ойлады Әбілқайыр. Басқыншылардың Түркістанға дейін бойлап келгесін арынының жылдам басылып қалғаны, басып алған жерлерін кеңейтпей, соңғы уақыттарда жайбарақаттыққа түскені енді белгілі болды.Ақтабан шұбырындыдан кейінгі уақыттардың бәрінде де қалмаққа қарсы әрекеттердің ұйымдастырушысы да, бастаушысы да Әбілқайыр болды. Жерді жоңғар басып алғаннан бері аттан түспеген де, киімін шешпеген де, әлденеше рет қайрат көрсетіп жүрген осы Әбілқайыр болатын. Бұл жағдайды көзбен көріп, құлақтарымен естіп жүрген үш жүздің батырлары мен сұлтандарының көбі Әбілқайырды мойындаған еді.Ел ішіндегі "жоңғардың қазіргі жағдайы мәз емес, қазақ тыңайып күш жинап қалды. Осы бір мезгілді жіберіп алмай жоңғарға қарсы күресті бастау керек-ау" деген әңгімелері Әбілқайырға жетіп жатты. Әбілқайыр ойлана келе "шындығында, қазір жоңғар мен қытай қырылысып жатыр, торғауыттың қолын кешегі ала арқанды қиып қазақтармен анттасып, дос болғаны байлап тұр, осы мезгіл ұрымтал кез екені рас" деген тоқтамға келді.Сөйтіп, белгілі-белгілі батырларға ақылдасу үшін шақырып хабаршы жіберді. Әбілқайырдың шаңырағына қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, табын Бөкенбай, адай Шотан, ошақты Сауырық, арғын Жәнібектер ат басын тіреді. Әбілқайыр өз ойын ортаға салды. Әбілқайырдың әңгімесін тыңдап болған Қабанбай:—      Біздің ойымыз да осы еді, бір жерден шығып отыр, үш жүздің ат жалын тартып мінер азаматын Ордабасына жинайық, уақыт өткізбейік, — деген ұсынысын ортаға салды. Басқа батырлардың да бір де біреуі бүған қарсы болған жоқ. Оған қоса Қабанбай:—      Осы жорықтың бас тізгінін өзің ұстайтын боласың, — деп Әбілқайырға қарады.Әбілқайыр "болады" деп лоқ ете түспеді. Әңгімені қанжығалы Бөгенбай жалғастырды:—      Болаттың жайын өзің көріп отырсың, кешегі қалмақтардың екі қырғынын да өзің ұйымдастырдың, ендігі жорық бүкіл қазақ боп атқа қонатын болғасын тізгін ұстар бас сардар сайламай болмайды, мынадай қиын мезгілде оның беделі аға ханнан кем болмауы тиіс. Егер халқыңның қамын ойласаң, сын сағатта жауапкершіліктен қашайын демесең, Қабанбайдың бұйымын жерге тастамассың. Менің де бұйымым — осы, — деді де:—      Дәл қазір Үш жүзде сенен ақылды, соғыс ісіне жетік, салқынқанды. елді аузына қарата алатын азаматты мен көре алмай отырмын. Бұл — сенің көзіңді көріп отырып, көлгірсіп мактағаным емес. Менің ешкімге көлгірсімейтінімді өзің білесің. Менің жасым болса келіп калды, менен енді ақыл дәметпесең қайрат дәметпейсің. Ертең жиында сені бас сардарлықка өткіземіз. Тізгінді сенің қолыңа ұстатамыз деп отырмыз. Егерде мына отырған батырлардың басқа ұсынатын адамы болмаса, — деп самсап отырған батырлардың бет-жүздеріне көз тоқтатып, қарап шықты.Отырғандар, Жәнібек бастап, екі аға батырдың айтқандарының дұрыстығына, өздері осы айтылғандарға қосылатындарына бір ауыздан сенім білдірді.Әбілқайыр Бөгенбай мен Қабанбайға қарап:—      Ал, ағалар, бәріміздің ойлайтынымыз да, тілейтін тілегімз де күллі қазақтың қамы екенін түсінемін. Ел үшін, қазақ үшін жанымды пида етуге әзірмін. Сіздердің айтқандарыңыздан шығып мен қайда барайын, — деді. Сауырықта қоштап: "Әп, бәрекелде!" деді. Батырлар осылай пәтуаласты.Үш жүзге сауын айтқан қазақ батырлары ат жалын тартып мінетін жасы он бестен асқан еркек кіндікті алқалы жиынға шақырды. Жиын Қаратаудан бөлек тұрған Ордабасыда өтетін болды.Жиынға Орта жүз бен Кіші жүздің еркек кіндігінен төсек тартып жатқанынан басқасы түгел келді. Ұлы жүзден жоңғарға бағынбай калған тайпаларынан көптеген сарбаздар келді. Бұл жолы бұрынғыдай жағалай ақбоз үй тігіліп, бұралған арулар қымыз құйып, ән шырқалып, домбыра шертілген жоқ. Бұл жерге жиналатыңдарға әуел бастан хабар берілгенде қару-жарағы мен қостарын алып, жетекке әрі мініс, әрі сойыс төрт-бес атпен келу керектігі айтылған болатын. Осылайша жан-жақтан құйылып жатқан қазақ жасақтары Ордабасын қоршап, қосындарын тігіп, ертесіне биік шоқыға жиналды.Ғұлама жазушы Әбіш Кекілбаев қалың қол жиналған Ордабасының суретін алдымызға былайша алып келеді:"Қаратаудан қашып шығып айқай жазыққа оңаша біткен жазық өркеш қара нардай оқшау таудың тұла бойы сылдырлаған судың үніне, тамылжыта шырқалған құс үніне, тегіс гүлдеп, тегіс бүрлеп тұрған жас өскіннің жұпар иісіне бөгіп түр. Терістікте кемерін жапырып, асып-тасып Арыс пен Бөген жатыр. Күншығыста, көз ұшында көкжиектің үстімен біреу бір мес қатық сүйретіп өткендей ала жағалданып алыс-алыс Алатау шалынады. "Ау, баурайыңдағы қосын кім, басыңдағы жиын не?" — деп сұрағандай Қазықұрт мойын созады. Күнгейдегі қыземшек кішкене бұйраттар барып-барып далиған далаларға ұласады. Арқадан Қаратау мұнартады. Жан-жағындағы сол көк жалқынданып сағым шалып жаткан кеңісіктің бәрі қалмақтікі. Қазақтың екі арысы сол жауда қалған ескі ұяның қақ ортасында Қаратауды айналып барып кіріп отыр. Сондықтан да Ордабасыдағы бұл бас қосу — шынында, жиын емес, жорық-тұғын. Жорыққа қай қазақ қатын-баласын шұбыртып жүрген. Ордабасына тек отау жетелеген бейбіт ауылдар емес, ту көтеріп қолдар келді", — деп қорытындылайды.Ордабасын қоршай сіресіп тұрған қазақ сарбаздарының тұтастығы мен   құдіреттеніп тұрған түрі қазақ батырларының көңіліне қуаныш ұялатты.Сөзді Орта жүздің биі Қазыбек бастады. Ұлы жүз жау қолында болғандықтан, Төле келе алған жоқ. Әйтеке, сірә, бұл дүниеден өткен. Қазыбек алда басталғалы тұрған қалмаққа қарсы жорықта қазақ сарбаздарының жолы болсын деген тілегін айтты. Басталғалы тұрған ұлы жорыкқа жеңіс пен сәттілік тілеген батасын берді. Содан соң Қазыбек Үш жүзден жиналған алаштың біріккен қалың қолын бастайтын бас сарбазды осы жиында тағайындауға ел басшылары мен батырларының пәтуаласқанын хабарлады.Орта жүз биі сөзін жалғай келіп:— Өздеріңіз көріп келе жатырсыздар, естіп отырсыздар, ел босқан, апат соққан осы бір жылдың ішіңде ат үстінен түспей, артындағы нөкерін таратпай, босқан елдің басын біріктіріп, менменсіген қалмақты ара-арасында тәубеге келтіріп жүрген қазақтың бір батыр туған ұлы бар, сол бір арыстан жүректі, алып білекті, кешегі Бұланты басында үш жүздің сарбаздарын біріктіріп, қалмақтарды тәубеге келтірген, Арқаны және Жайық бойын жаудан тартып алған Әбілқайыр баһадүрді бас сардарлыққа үш жүздің батыр-сұлтандары ұсынып отыр, қалай қарайсыздар, халайық, — деді Қазыбек.Сол кезде Ордабасынан шыққан "Әбілқайыр Мұхамбет Қазы баһадүрхан!" деген айқай әлденеше рет қайталанып, аспанды жаңғырықтырды. Сол кезде қолдарына үлкен ақ киіз ұстаған қанжығалы Бөгенбай, қаракерей Қабанбай, керейт Тайлан, адай Шотан бастаған үш жүздің сорпаның бетіне шығар барлық батыры келіп, Әбілқайырды ақ киізге отырғызып алып, қақпақылша қаққылады. Содан кейін ақ киізді бір жапырақтан қазақ батырлары бөлісіп алып кетті. Барлық билікті өз қолына алған Әбілқайыр қалмақтарға тарих бетінен өшпейтін қайғы салған каһарлы жорығын бастауға аттанды.VІІ - тарауАңырақай шайқасы1730 жылдың көктемінің соңғы күндерінде Әбілқайыр бастаған қалың қол қазақтың әрі қасиетті, әрі құйқалы жерін басып алған, қалың қалмақ жайлап жатқан Алатаудың құбыла күншығысы мен Қаратаудың солтүстігіне қарай бет алды. Күнбатыс шеттен қара бұлттай түнерген қазақтың қалың қолы түре тигенде талай қалмақ ат түяғының астында қалды. Қарсы келіп, соғысқысы келгендерінің әп-сәтте тоз-тозы шығып, өлгендері өліп, өлмегендері бас сауғалап қашумен болды.Қазақ қолының жолындағыны жұғын көрмей қырып келе жатқанын Қаратаудан бері қарай естері шыға қашқан қалмақтардан естіген Іле бойындағы, Ертісті жағалай орналасқан және Балқаш маңындағы жоңғар қолдары бірігіп, соғыс дайындығына кірісті. Қазақ қолы мен жоңғар қолының негізгі кездесіп табан тіреп ұрысқан жері Балқаштың оңтүстік жағында, Итішпес деген көлге жақын жерде Хан тауымен арадағы жазықтыққа бекінді. Бұл бекінген қазақ қолының жартысы болатын. Қалған жартысы Әбілқайырдың тапсырмасы мен қалмақ қолының сыртына кеңінен оралу үшін көрінбей жер бедерін қуалап алыстап кеткен-ді. Қалмақ қолы жазықтыққа бекінген қазақ қолына зеңбіректен оқ жаудыра бастады. Қазақ қолы бекіністі тастап, кейін қарай оқ жетпейтін жерге жылжып отырды. Осылайша, тау мен көлдің арасындағы ауыр қолға тарлық ететін қолатқа қарай жылжумен болды. Түйеге артқан зеңбіректерімен тым-тырағай шегініп бара жатқан қазақ қолын атқылаумен ұмтылған қалмақтарды тар қолатқа қарай ендіріңкіреу — Әбілқайырдың негізгі нысанасы еді. Немесе жоңғардың қалың қолын, қашқан болып жетелей берді. Сол кезде тасаланып ұрымтал тұсқа жеткен қазақтардың негізгі қолы ту сырттан келіп лап қойды. Артқы жақтағы сүйретіп келе жатқан ауыр зеңбіректер қазақ жасақтарының қолына түсті. Алдыңғы жақтағы түйеге тиеліп, доп атып келе жатқан зеңбіректер ауызын кері бүрса, өздерін ататын жағдайға тап болып, енді шабысып, шаншысудан басқа жол болмай қалды. Соғыс күн батып, қараңғы түнге дейін созылды. Қазақ қолы жауды жазық далаға шығарып соғысуды ойластырып, түгелдей тауды тастап, сол түнде өздері мидай жазыққа шығып, бекіністерін орнатты. Қазақ әскері қалмақтардан зеңбіректерінен айырылғасын жазықта майдандасудан қорыққан жоқ. Керісінше жеңіске жететініне сенімді еді. Бірақ қалмақтар қазақтар ойлағандай көлеңкелі таулы жерден жазыққа шықпады. Шабуылға шыққан қазақ қолын сай-жыраларды паналап, садақтан оқ жаудырып маңына барғызбады. Және сол күні күн шығысымен қатты ысып кетті. Көлеңкесі жоқ айдай даладағы аптап пен аңызақтан малдың да, адамның да тынышы кетумен болды. Әбілқайыр бастаған әскер басылары жиналып кеңес кұрды.—      Қалмақ қолын алу үшін, — деді Барақ, — әскерді екіге бөліп, екі жақтан тиіскеніміз жөн.—      Сай-салаға бекініп алған қалмақтың біреуінің өзі сенің бес сарбазыңды жояды. Өйтіп жеткен жеңісті жеңіс деуге бола ма? Қазақтың барлық атқамінерлері жиналып келіп тұрмыз. Бізге тыңнан қосылатын күш жоқ. Сарбаздарымыздың жартысынан айырылып жеңіске жетсек, әрмен карай калай соғысамыз? Қазақ жерінің қақжартысы әлі қалмақ қолында. Елді аман сақтап, жерді қалмақтардан тазарту үшін бізге сарбаздар керек — деді Әбілқайыр.—      Ал енді не айтқың келіп отыр? Мидай жазыққа қамаған өзің, ендігі ақылды өзің тап, таба алмасаң, біздің айтқанымызды жаса, — деп ашуға булыққан Барақтың түсі бұзылып кетті.—      Ақыл табу үшін әр нәрсенің байыбына барып ойласатын азамат керек. Көппен кеңессек, бұл қиындықтан шығамыз, — деп Әбілқайыр жан-жағына карады.Босаға жақтан кең маңдайлы, екі көзі оттай жанып тұрған, екі иығына екі кісі мінгендей, молдасоқынып отырғанда көп адамның ішінен көрініп отыратын жас жігіт тамағын кенеп:—      Әбілқайыр аға, — деді, — таңертең бұл жерден қозғалып кетейік, қалмақтар қала берсін, — деді. Жұрт ду күлді. Ішінде біреулер: "Ауылға барғысы келген ғой, келінді сағынған шығар" деп жатты. Әбілқайыр дауыстап:—      Қозғалғанда қайда бармақсың? — деді.—      Қайда барушы едік, қалмақтардың ауылын шабуға да, — деді. Сол кезде шатырдың іші тына қалды.—      Міне, дүрыс әңгіме, енді келді жөніне, — деді Әбілқайыр. — Менің ойымды дөп бастың, Шотанжан, таң қараңғысында көтерілеміз, сағынып отырған келіншекке емес, Іленің бойын жайлап отырған қалың қалмақтың ауылын шабамыз, — деді. "Келіншегін сағынып қалған ғой" деген сөзді парықсыздықпен айтып қалған Барақ Шотанға көзі түсіп кетіп еді, оның өткір жанарымен жауыға карап отырғанын көріп, жүзін бұрып кетті.—Қалмақтар көре отырып ауылын неге шаптырсын, артымыздан іле қуады ғой, — деді табын Бөкенбай.—      Бізге де керегі сол емес пе, жазыққа шығып алғасын кідіріп, қалмақ қолын күтіп алып, сыбағасын бермейміз бе? — деді Әбілқайыр. Сол кезде Қабанбай Шотанға карап:—      "Ақыл — жастан" деген осы, өмірің ұзақ болсын, жауыңды жайрата бер, — деді.—      Қайратына ақылы сай, елге қорған болайын деп тұрған бала ғой, өмірің ұзақ болсын, шырағым, — деді Бөгенбай.Таңертең қалмақтар қазақ қолының орнын сипап қалды.Олардың кетіп калу себебін ойлап, таба алмай тұрғанда, шолғыншылар күннің астындағы қою шаңды байқап қалды. Күншығысқа қарай Іле бойын бетке алып бара жатқан қазақ қолын көргенде қалмақтардың есі шықты. Дабылдарын қағып, аттарына жүгірісті.Қазақ қолы нағыз жазық далаға шығып алғасын, жүрістерін жайлатып қалмақтардын келуін тосты. Әуелі шаң көрінбеді. Біраздан соң барып шаң көрінді. Әбілқайыр қолды үшке бөліп, ортадағы бөлікті қалмақтың алдына қарай аттандырып, соғысты бастаттырып, шаң көтеріліп, арпалыс басталынып, жан-жақ байқалмайтын дәрежеге жеткенде екі қапталдағы қолды қозғап қалмақтарды қоршай бастады. Қалмақтар да есесін жібермеді. Екі жақтан да шығын аз болмады. Қалмақтардың өліспей беріспейтін бағыты байқалды. Осы кезде Әбілқайыр Әбілмансұр мен Шотанға хабаршы аттандырды. Әбілмансұрға (ол кезде Сабалақ деген атпен аталуы койылған болатын) өзінің тобымен жаудың сол қанатын, Шотанға оң қанатын қалайда бөліп кетуді тапсырды. Күн түске таяғанда оң қанаттан ақырған, қиқулаған дауыс күшейіп, адам көрмеген арпалыс басталды да кетті. Көп ұзамай сол қанаттан да кұйын өткендей дүрлігіс басталды. Бір мезетте жаудың екі қанатының бөлектеніп, арасының алшақтап, бөлек соғыстың басталғаны байқалды. Сол кезде орта ашылып Қабанбайдың қубаспен ұмтылып ақырған даусы естіле бастады. Ортадағы қалмақтардың берекесі кетіп араларының сиректей бастағаны белгілі болды. Қабанбайдың оң қапталын ала Жәнібек бастаған ықшам топ қалмақ қолының ішіне үңгіп кіріп кетті. Мұны сезіп қалған калмақтар Жәнібек тобына жан-жақтан өлгеніне қарамай тап берді. Осы кезде Тайлан бастаған топ Жәнібекке көмекке мезгілінде жетті. Тағы да ұйпа-тұйпа ала шаң, тұншыққан дыбыстар, ештеңені айырып болмайтын дәрежеге келді. Оң қанаттағы жау тобын бөліп алып, қырғын майдан ашып жатқан Шотан мен Атағозы бастаған он екі ата Байұлының жігіттері еді. Әсіресе, Шотан мен Атағозының қимылына көріп тұрған адам риза болды. Сол қанаттағы бөлінген жауды Әбілмансұр бастаған топ қусырып тастады.Күн бесінге таянғанда соғыс та аяқталуға айналып еді. Қалмақ қолы тоз-тозы шығып қаша бастады. Тек қашқан жоқ, шаштарын жұлып, аңырап жылап қашып бара жатты. Сол кезде Әбілқайырға "Болат ханға оқ тиіп өлді" деген хабар келді. Барақ, Сәмеке бастаған топ Болатты алып Әбілқайырға бұрылмастан тартып кетті. Әбілқайыр қасына ерген біраз нөкерлерімен қашқан жауды біраз жерге дейін өкшелеп қуып, талайын жер қаптырды. Әбілқайырға капталдасып келген Бөкенбай:— Енді тірі кеткен азғантай қалмақты қуа бергеннің реті болмас. Кейін қайтайық, жаудан шейт болғандарды жинақтап жерлейік. Ханымыз Болатқа оқ тиіп өліпті. Оған да барып жаназасын шығаруға қатынасамыз, — деп Әбілқайырды тоқтатып, кері қайтып, жаудан өлген қазақ сарбаздарын жерлеп, тарқасты.Қабанбай, Сауырық, Бөгенбайлар Әбілқайырды жеңісімен құттықтады.—      Абыройыңыз үстем болсын, Әбілқайыр, төре тұқымдары айтпаса да сенің еңбегіңді елге біз айтамыз, қалмақтарды аңыратып, дауыс еткізіп қырдық қой. Көптен жүрген есеміздің бірі қайтты емес пе, — деді Сауырық. Топтың шетінде тұрған Шотан:—      Ағалар, осы жерді енді "Аңырақай даласы" деп атасақ қайтеді, - деді.—      Айтқаның болсын, Шотанжан, осы жер бұдан былай еңді "Аңырақай даласы" деп аталсын, — деді Қабанбай." Аңырақай, Аңырақай" деген сөз әркімнің ауызында кетіп бара жатты. Аттың басын Әбілқайыр бастап өз бағыттарына қарай бұрған Кіші жүз тобы әркім өз ойымен үн-түнсіз қозғалды. Үнсіздікті Әбілқайырдың өзі бұзды:—      Осы біздің Батыр сұлтан қайда жоғалды? — деп Бөкенбайға қарады.—      Сәмекелермен бірге асығыс аттанып кетіп бара жатқанын байқап қалдым, — деді Бөкенбай.Мынадай жеңістің аяғыңда бас біріктіріп, қалың қолға алғыс айтып, алдағы жорықтарға пәтуаласатын жерді белгілеп кетудің орнына "Болат өлді" деп хабарласпастан, тырым-тырағай болғанына қатты ренжіген Әбілқайыр, бұл Барақтың ісі екенін білді. Бірақ "Сәмекенікі не" деп ойлады. Қазақ ордасының кезекті бытырауының басы осы еді. Күндестік пен қызғаншақтық әлденеше рет қазақ елін кемтарлыққа ұшыратып келсе де қазақтың ауызы күйер емес, тағы да сол бұрынғысына бағып бытырайтынын ойлағанда Әбілқайырдың көңілін мұң басты.Аңырақай шайқасынан кейінгі Әбілқайырдың ойын ұлы жазушы Әбіш Кекілбаев былай суреттейді:"Содан Әбілқайыр біраз уақытқа дейін ұйқысыраған кісідей дел-сал жүрді.Анадағы шайқас есінен шықпайды. Жылмиған жазық, жайраған елік, еңірегенде етектері толып безіп бара жатқан жоңғарлар... Бірақ, ол елестер баяғы майдан даласында тұрғандағысындай көңілін бірлеп, рахатқа батырмайды. Су бетінде жүзіп жүргендей бір жансыз сүлделер... Абыр-ұбыр қимыл-қыбырлар... Еңкілдей қашқан жоңғардың еңіреген дауыстары да құлағына келмейді. Арада сонша көп уақыт өте қойғаны ма? Неге сонша тез ұмыт боп қалған? Бүгінде екі қазақтың басы қосылса, Аңырақайды айтады. Сол бір желпінген әңгіме мұның миына кіріп те шықпайды. Оған ешқандай қатынасы жоқтай... Маңынан жүрмегендей. Тіпті сол ел айтып жүрген шайқас атымен болмағандай. Ордабасы жиыны деген жиын да өтпегендей...Әйтпесе, ондай ұланасыр шайқас болса, оның аяғы осылай қиырман-шиырман боп біте ме? Ордабасыдағы жиындай пәтуалы мәслихат болса, оның ақыры осылай құрдым болып кете ме?..Сергелдең көңіл күніне қырық қайтара ойланып, қырық кайтара толғанса да, осы бір екі әзәзіл сұрақтың ындынын кандырар тұрлау, тоқтам таба алмайды. Екіұдай сана бірде: "Бұның бәрі де әншейін лақап. Арманшыл көңілдің қайдағыны қайдан тауып алып жүргені. Сенбе, сенбе!" — деп азғырса, бірде: "Бәрі де рас әңгіме. Есіннен қалай шығып кете қойды. Шайқас та, жиын да тап биыл, биыл болғанда да осы үш-төрт айлықта болған оқиға. Болмады десең, достарыңды қойып, атарға оғы жоқ қастарыңнан барып сұрашы! Не дер екен? Түркістандағы Әбілмәмбет базарға барған кез келген майтымақ биді ұстап ап: "Әбілқайыр алтын тақтың иесі, әз Тәукенің баласы Болат хан өліп жатқанымен шаруасы жоқ, бір бес жүз жоңғар аман кетті екен деп талағы тарс айырылады", — деп күстаналап жатпаса, қыдыра жалды қара атты тайпалта жорғалатып, жал-жалдың басыңдағы әр ауылдан бағылан жеп жүрген Барақ: "Ел болып қайрат қылып жеткен жеңісімізді Әбілқайыр тағы да бір өзі иемденіп кетпекші... Баяғы Жайық бойындағы қалмақтармен болған шайқастардағы азғантай абыройдың бәрін өз қанжығасына өңгеріп кетіп дәндеген. Бұл жолы қысылтаяң жерде Абылай айла таппағаңда ұрыстың артының "қой болды" боп кетуі әбден мүмкін еді", — деп кәукіп отырмаса, маған кел! Ал, Абылай ешкімге ол жайында ештеңе деп ләм-мим тіл қатпайды...Қанша айтсаң да миына кірмейтін керқұлақ сана тағы күмілжиді. "Ау, сонда қазақ өлгенде көрген айтулы жеңісін араға айлар түсер-түспесте осылай аяқасты қыла салғаны ма?", — деп кергиді. Күмілжіп сөйлеп күңірсітіп бағатын күдік көлгірге шыбын-шіркей боп шықшыты шытынай қалатын Шындық пақыр тағы да күйіп піседі. "Мүмкінбесі несі-ай! Ағайындарды бүгін көріп отыр ма едің? Ордабасына дейін еңселерін жықтырып барған баяғы ақтабан шұбырындының тұсындағы абыройсыздықтары ғой. Кешегі Аңырақайда діттеген жерден шыға алмағанда бар ұятқа сен қалатын едің. Олар: "Әбілқайыр өйтпегенде, бүйтпегенде былай болатын едік", — деп кеу-кеулер еді. Құдай сақтағанда, шайқастың алдында ауызыңнан не шықса, шайқастың тұсыңда соның бәрі аумай-текпей келді де қойды. Саған ондай "Алаш ұрандылар" киғанмен, "Арқар ұрандылар" тіріде қияр ма?! Іздегенге — сұраған дегендей, қайдағы бір қаңғыма оқ ат үстінде қауқиып тұрған Болатқа тиер ме? Сені дегеніңе жеткізбеуге тамаша сылтау табылды. "Хан өліп жатқанда шайқасты қайдан жалғастырамыз. Онсызда жеңдік қой", — десті. Болат өліп, аға ханның тағы босағалы тұрғанда олар өлсе де саған ере ме? Ертең тағы да тақ таласқа түскенде ойраттың әскерін де, ұлысын да типылдап шауып қайтқан бас сардар тұрғанда қалған сұлтандар қалай бақ сынай алады?! Ондай бас сыбағаны саған неге бұйыртып қойсын! Ойда жоқ өлімді пайдаланып, сенің ойынды ақырына дейін орындатқызып шығартпады. Ең әуелі Әбілмәмбет айла жасады. Ажал ауызында жатқан әкесіне жаны ашыған боп, жұртқа қарамай Түркістан асып кетті. Оның бүйтіп бүйректен сирақ шығарғаны Сәмеке, Барақ, Күшікке жақсы болды. Олар да жалма-жан өз ұлыстарына тайып тұрды", — деп, сол кездегі алауыздықты нағыз шынайы күйінде дәл көрсетеді. (Ә.Кекілбаев, 4 том, 146-147 беттер).Әбілқайыр сол кезден бастап-ақ, қазақтың аузының бірікпейтінін, ьдырайтынын оны тоқтатып, біріктіретін күш тек қана ірі мемлекеттерге сүйеніп барып болатынын ұққан еді.Аңырақай шайқасы турасында Мұхтар Мағауин "Қазақ тарихының әліппесі" атты еңбегінде былай деп жазады: "Бұланты мен Анырақайдағы ұрыстар ерге қуат, елге дәт берді. Дүрбін-Ойратқа қарсы соғыста табанды күрес қана оң іске бастарына көзі жеткізді. Алайда үлкен жеңіс аяғы ұсақ дау-шараға ұласады. Осы шамада аты бар, заты жоқ Болатхан дүниеден өткен еді. Зерттеушілер "бар пәле билікке таластан басталды" деп шамалайды. Басы бірігіп келіп, ортақж еңіске жеткен сұлтандар ат құйрығын кесісіп айырылысады. Қазақ Ордасының Әз-Тәукеден соң онсыз да иесіз тұрған қасиетті тағы мүлде қараң қалады. Осы 1730 жылдан бастап кешегі біртұтас Қазақ Ордасы сөз жүзінде де, іс жүзіңде де, ресми түрде әлденеше билікке бөлінеді: қазіргі тарихшьшарымыз айтып жүргендей үш жүздің жігі бойынша емес, далалық демократия негізінде, ұлыстық жүйе бойынша бұларды шартты түрде Әбілқайыр хан, Батыр хан, Сәмеке хан, Әбілмәмбет хан, Жолбарыс хан, Барақ сұлтан иеліктері деп айтуға болар еді.Нәтижесінде, жоңғарға қарсы түбегейлі күрес мәселесі тығырыққа тіреледі. Сол кездегі орыс саясатшьшарының бірі: "Бүл қырғыз-қайсақтар басы біріксе, қалмақтарды жеңіп шығар еді, алайда, бір хан соғысқа шыққанда, екіншісі қалыс қалады, сөйтіп қалмақтан ұтылып тұр", - депті. Ұтылып қана қоймайды, біржола жер болады.Бұдан былайғы күреске күші сарқылған Жолбарыс хан мен Төле би жау табанында қалған қалың елмен бірге ойрат әмірін мойыңдауға мәжбүр болады. Қарауындағы ұлысын сақтаудың төтенше амалын іздеген Әбілқайыр Ресей бодаңдығы туралы әңгіме көтереді. Көп ұзамай Орта жүздің басым бөлігін ұстап отырған Әбілмәмбет те заман тарлығынан туындаған тайғақ саясатқа ден қояды, — деп тұжырымдайды.Сонымен, қазақ хандығы 1730 жылдан бастап іс жүзінде ыдырап, бөлшектенді. Күллі қазақтың келешегін ойлап, аттан түспей қанша тырысса да абырой таппайтынын Әбілқайыр енді білді. Сондықтан да өзін көрсетудің басқаларды өзіне табындырудың түрлі жолдарын қарастыра бастады. Әрине, ондай жол көп емес еді. Оның алдында бір-ақ қана жол тұрды. Ол күшті мемлекеттердің біріне иек арту еді. Оның біреуі орыс, біреуі Цин патшалығы. Цин патшалығы алыс, "сырын білмеген аттың сыртынан жүрме" деген бар. "Аңдысқан жау атыспаққа жақсы" деген, бұрыннан сырын білетін орыспен айналысқанды дүрыс көрді. Орыстан да жүректің шайлығатын уақыты болды. Орысқа жағынам деген Тәуке нәтиже шығара алмағанда, Қайып та бос әуре болғанда, мен не шығара аламын, тағы да бұрынғы Қойбағар құсатып пәтуасыз қайтарса, бұның адымын андып отырған жұртқа не жорық. Осындай оймен журген Әбілқайыр бүкіл алашқа беделі жүріп тұрған табын Бөкенбаймен акылдасуға бел байлады.Ақылдасты да... Бөкенбай мен Есет Әбілқайырдың ойын бөтен көрген жоқ. Бірақ орысқа бодан боламыз деген сөзден жұрттың үркетіні анық еді. Ойластыра келгенде ақылдары тұйыққа тірелді. Осы жерде бұл жағдайды елдің аткамінерлері мен ақсақалдарының кеңесіне салып, "орысқа одақ болуға елші жіберейік" деген келісімді алалық та, елшіге "бодан боламыз" деп айтқызсақ, кезінде бір көрерміз, есебін табармыз деген келісімге келген-ді.1731 жылы көктемде Әбілқайырдың ордасына Кіші жүз бен Кіші жүзге жақын отырған арғын, қыпшақ, керей, уақ руларының ақсақалдары мен атқамінерлері жиналып, жоңғарлардан біржолата арылу мақсатыңда орыспен одақтасу үшін елші аттандыру қажет дегізіп, ұйғарым жасатты. Осыдан кейін қазақ елшілігі Уфа арқылы аттанып кетті.Міне, сол елшіліктің қорытындысымен орыс патшайымы, Әбілқайырды өз қарауындағы ұлысы мен ұлы орыс имиериясының қол астына алуға келісім білдіргенін, осыған байланысты Әбілқайыр ханға, басқа да сұлтандар мен ру басыларына, күллі қазақ жасақтарына арнайы хат жолдап, сыртқы істер коллегиясының шығыс елдері жөніндегі тілмашы Алексей Иванович Тевкелевті елшілікке жіберді.Әбілқайыр ордасына Тевкелевтің келуі мұң екен, тағы да тартыс, тағы да айтыс, тағы да арбасу, неше түрлі зұлымдықтың түрі өршіп ала жөнелді. Бұның бәрі тағы да сол күндеу, бірін-бірі көре алмаудан туындап жатқан қитұрқылықтар еді."Әбілқайыр орысқа бодан болу арқылы үш жүзге хан болғысы келіп жатыр, оған түрлі кедергілер келтіріп, мақсатына жеткізбейік, оның орнына өзіміз елші жіберейік, біз Әбілқайырдан кембіз бе?" — деген пасық ойлылар көбейді- Әбілқайыр 1731 жылы ант бергеңде бірігіп бермей, 1732 жылы Тевкелевке оңаша келіп Батыр сұлтан ант берсе, 1733 жылы Уфаға келіп, Сәмеке хан өз елшілігін аттандырды. 1934 жылы Ханкелді, Төле, Қодар, Сатайлар Ұлы жүз елшілігін Петербордың өзіне жөнелтті. Абылай мен Әбілмәмбет 1740 жылы Урусовка барып ант берді. 1742 жылы қараша айында Барақ сұлтан бодандыққа алуды өтініп, "құзырыңызға мойын ұсынамыз" деп хат жазып, бодандықты қабылдап ант беріп, патшаға Сырымбет Бекбасұлын елшілікке жіберді. Немесе 1745 жылдың қазаныңда Күшік сұлтан қарауындағы он мың үйімен бодандықты қабылдап. Рахманкұл биді елшілікке жіберіп жатты.Осы бір жағдайларды көңіліңізден өткізіп көрсеңіз ұлы Абайдың айтқан мына бір шумағы ойыңа еріксіз оралады:Бас-басына би болған,Өңкей қиқым,Мінекей, бұзған жоқ паЕлдің сиқын.Осы мәселе тұрғысында Ә.Кекілбаев былай деп жазады:"Ол кездегі деректерден қазақ арасындағы саяси ахуалдың біркелкі, бірыңғай емес екенін айыру онша қиын емес. Мәселен, Әбілқайырдың бос тұрған тақты иемденіп қалу үшін сонау Тәуекел, Тәуке заманынан бері айтылып келе жатқан әңгімені қозғап, патша ыкпалын пайдаланғысы келгені, онысынан ештеңе шықпасын байқап, көрші Иран, Түркия, тіпті жоңғар қонтайшысымен астыртын байланыс жүргізе бастағаны, бас тақты Өсеке әулетіне беріп коймас үшін, олардың жолын бөгеу мақсатында өздері де ақ патшаға үсті-үстіне елші аттандырып, бодандық сұраған Жәдік әулетінің әрқилы өкілдері Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай, Батыр, Барақ, Күшік басындағы бірде олай, бірде былай, аумалы-төкпелі ахуалдар, қоластында амалсыз отырған жоңғар қонтайшысына бір жақты кіріптар болып қалмас үшін оқтын-оқтын орыс әкімшілігіне де елші аттаңдырып отырған Жолбарыс хан мен Төле би саясаты, бодандыққа ант бердік екен деп, орыс патшасының ғана иегінің астында кетіп, екінші жақтан қауіп шақырып алмау үшін Цинь билеушілерінің де қас-қабағын аңдыған Абылай дипломатиясы, екі жақтан бірдей кезенген екі күштінің екеуін де емексіткенмен, екеуіне де түбегейлі ьңғай танытпауды көздеген Қазыбек пәтуасы, бір жағынан Қызылтау мен Ертіске қол сала бастаған патшадан, екінші жағынан шапанның шығыс жақ шалғайына шап бергелі отырған шүршіттен бірдей қауіптенген Бұхар уайымы жүйе-жүйесімен тайға басқан таңбадай сайрап тұр...", — деп көрсетеді. (Ә.Кекілбаев, 8 том, 56 бет).Міне, осылайша бірінің етегінен бірі тартқан қазақ хандары мен сұлтандары елінің қамы үшін емес, астына қояр тақ үшін арсыздықпен күрескендері сондай, бірін-бірі өлтіруден де тайынатын түрлері болмады. Орыс елшісі Тевкелевтің өміріне де әлденеше рет Әбілқайыр арашашы болмағанда өлім қаупі туып отырды.Әбілқайыр өзінің бодан боламыз деп шақырып алған елшісін еліне аман-есен жеткізудің жолын қарастыра бастады.1732 жылдың желтоқсан айының ортасында Әбілқайыр, Бөкенбай, Есет, Назар, Шотан, Атағозы бастаған топ тілмаш Мәмбет пен Тевкелевті Уфаға баратын жолға шығарып салды. Тевкелев мырзаның қасына қазақтардың елшілері Ералы, Нияз сұлтандар Кіші жүзден Шәдік, Құдайназар, Мырзакелді, Орта жүзден қыпшақ Байкенже, Күдері батырлар ердіЖүрер аддында елші Мәмбет мырзаға карап Әбілқайыр хан:—      Елші мырза, сөге жамандамай жақсымызды асырып, жаманымызды жасырып барады деп сеніп тұрмыз. Сізді қандай жағдайда бастап әкеліп жолға салып тұрғанымызды өзіңіз біліп тұрсыз. "Бір күн жолдаска мың күн сәлем" деген бар. Сіз бізбен бір күн емес, бір жыл жолдас, дәмдес болдыңыз. Енді бір-бірімізге тілеулес туыстан да жақынырақ болып қалғандаймыз. Біздің ішіміздегі бір жылдағы көрген-білгенімізді түгелдей жіпке тізбей-ак, патша ағзамға жақсы жақтарын жеткізетін шығар деген сенімдеміз. Біздін бір жыл мерзімдегі қуанышынан реніші көп жұмысымыздың қорытындысы енді сіздің қолыңызда. "Елдестірмек — елшіден" деген бар. Казақтың бәрі бұзақы, сотқар екен деп ойлап қалмаңыз. Көп халықтың ішінде тентек-телілері болады. Азын-аулақ түсінбеген өркөкіректердің жасаған қастандықтарына қарап барлық қазаққа күйе жақпайтын шығарсыз. Жалпы, қазақ халқы өзіне қамқоршы тапқанына қуанышты екенін есіңізге мықтап алуыңызды сұраймын, — деп сөзін аяқтады.Тап осы күнді Тевкелев те көптен күткен еді.—      Сіздің бір жыл бойы халқыңыз үшін атқарған барлық қызметіңіз менің көз алдымда өтті. Халқыңыздың қамы үшін шырылдап отқа да, суға да түсіп, басыңызды оққа байлап жүргеніңізге көзім жетті. Тіпті қаскөйлердің орысқа бодан болдырмау жолындағы сізден ант алуға дейін зират басына апарып зымияндық істерін ұйымдастырғаны, сізді өлтіру үшін қазылған көр екендігін өмірімде ұмытармын ба? "Ақтың отын ақмақ өшіре алмайды" деген аталы сөздің шындығына көзім жетті.Қадірлі Әбілқайыр хан! Ұлы орыстың патшайымына сіз туралы сіздің халық туралы барлық жақсы лебізімді дәлелді түрде жетістіретініме алдыңызда тұрып ант етемін! — деп келіп, Әбілқайырмен құшақтасып, ажырасты.Осылайша елшілер өз бағыттарына қозғалып кетті.ІІ - бөлім VІІІ - тарауӨліара ұзақ болмадыБұланты мен Аңырақайдағы жоңғарлардың күйрей жеңілуі қазақтарға арқаны кеңге салғызды. Әсіресе, Кіші жүздің ішіндегі он екі ата Байұлына жан-жағын жинақтап, дұрыс қоныс іздеп орналасуға мүмкіндік болды.Әбілқайыр Тевкелев бастаған елшілерді өзінің ұлы Ералыны қосып аттандырғаннан кейін, үйіне келіп ешқайда шықпастан, сыртқы тіршілікке назар аудармастан жатып алды. Өзінің қатты шаршағанын сол кезде бір-ақ білді. Бір жылға дейін ел аралауды қойып, шақырған жерге қонақтыққа ғана барып, тынығудайын тынықты.Ол кезде Кіші жүз ауылдары да межелі жерлеріне толық жетпегенмен, қонысы шүйгін, суы мол жерлерге орналасып, 6-7 жыл ішінде қораларыңда мал басы көбейіп, жағдайлары да біршама жақсарып қалған-ды.Кіші жүз тайпаларының кейбір бөліктері Аралдың сыртқы бетіне таман жайғасқан арғын, керей, уақ ауылдарымен қанаттас орналасса, Сыр бойының төменгі жақтарына да мекендеген болатын. Он екі ата Байұлының адай ауылдары Мұғаджардан бастап, Доңызтау, Желтау, Борсыққұм, Аяққұм, Ақтымберкін жайлауларын жайлады. Бір бөлігі Кіші жүздің басқа да тайпаларымен бірге Еділ-Жайық арасына ұмсына кіріп, Нарынқұм бойына да орналасып алған-ды.Назар, Есболай, Сабытайлар Мұғаджарға қоныстанған болатын.Орта жүз тұтастай Арқаға ауған еді. Ұлы жүз бен қазақтың негізгі мәдениет көздері болып саналатын қалалары түгелдей жоңғар қолында қалған-ды. Ол кезде Төле би, Жолбарыс екеуі Ұлы жүзде Шаш қаласында, Қазыбек Ұлытау бетінде жүрген болатын.Әйтеке бұл өмірден өткен, Нұр-Ата қауымыда жерленген-ді.Бұл бір азғантай уақытқа болса да өліара кезең еді. Жоңғарлар мен қазақ қолдары арасында үлкен сұрапыл ұрыстар басылып, ара-арасындағы ұсақ кездесулерде итжығыс түсіп жүрген-ді. Әсіресе, соңғы кездері қалмақтар мен қазақтар арасы қарута сүйенуден гөрі сөйлесіп, бітуәласуға қарай бейімделіп келе жатырған сияқтанатын.Солай болғанмен, Кіші жүздегі жағдай басқаша еді. Жайық бойындағы құба қалмақтар орыстарға арқа таңа ма, немесе бөлек-бөлек көшіп жүрген Кіші жүз қазақтарын менсінбей ме, әйтеуір шабуылын тоқтатпады. Оның үстіне Жайық бойынан төмен қарай, Каспий теңізін жағалай жайлаған Нәдіршахтың қарауындағы түркімендермен де қақтығыстар жиілей бастаған болатын.Еділ бойындағы қалмақтардың ауыр қол жинақтап, Жайык, Жем, Сағыз бойларындағы орналасқан Кіші жүз қазақтарына аттанғалы жатқан хабарын естіген Әбілқайыр қайтадан атына мінді. Өліара ұзақ болмады. Табын Бөкенбай, әлім Есет бастаған және қарақалпақ жасақтарын қосқанда он мындай қолмен Еділ, Жайық арасындағы қалмақ жасақтарына қарсы аттанып кетті.Ол кезде Орта жүздің ханы Әбілмәмбеттің ордасы үш жүздің түйіскен жері болып саналатын Телікөлге келген еді. Сол күні хан ордасына өзінің бес жүздей сарбазымен қанжығалы Бөгенбай батыр Бұхар жырауға көрісу үшін әдейі келіп жатқан болатын.Сол уакытта Әбілмәмбет ханның ордасындағыларға жағымсыз хабар жетті. Аты әйгілі қандықол қалмақ ханының інісі Лоло-Доржи сегіз мың қолымен Сырдың төменгі бойындағы Әбілқайырға қарайтын қарақалпақ                        ауылдары мен Кіші жүздің көптеген елдерін шауып, адамдарын өлтіріп, қыз-бозбала, сұлу әйелдері мен жұмысқа жарамды ер адамдарын Хиуадағы құл базарына айдап бара жатқандығы, бір белігі он үш мындай малды өздерінің еліне Ілеге қарай қозғап бара жатқан хабары келіп жетті. Көріп келген барлаушылар жоңғардың қолы екіге бөлінгенін, алты мыңы тұтқындарды айдап бара жатқаны, ал екі мың жасақтың малды айдауға бөлінгенін айтып келді. Айдатып бара жатқан тұтқындардың ішінде жиендері, табындарға қыдырып келіп жатқан Әбілқайырдың туған қарындасы Сақыпжамалдың бар екендігі белгілі болды.Бірақ Әбілмәмбет бұл хабарға айылын жиған жоқ. Қайта Әбілқайырдың қарындасы Сақыпжамал да құл базарына айдалып бара жатыр деген хабарға қуанғандай белгі танытты.—      Әбілқайыр елді аузына қаратқан кемеңгер неме ғой, жесірлерін өзі айырар, — деп, қолын бір сілтеулі.Әбілқайырды үлкен Ордадан бөлініп кетті деген сылтаумен Әбілмембеттің жасап отырған мына қылығы Бөгенбайға қатты батты. Шыдай алмаған Бөгенбай Әбілмәмбет ханға карап.—      Әбілқайырға өкпелеймін деп бүкіл Кіші жүз елін жау қолына беріп қойып калай отырамыз? Әбілқайыр қазір Еділ бойындағы бізге қарсы келе жатқан қалың қалмақ қолымен соғысып жатыр. Ол келіп жау айдап бара жатқан елін арашалап қала алмайды. Соңдықтан маған осы Орда басындағы жауынгерлерді бер, мен барып әуелі елді, сосын малды қайтарайын, — деген Бөгенбайға қарап:—      Сегіз мың қолды екі мың адаммен қалай жеңгің келіп отыр, мен саған хан жасағынан бір адам да бермеймін, — деп сазарып қалды. Мұны естіген Бөгенбай қатты ашуланғаннан тілге келместен өзінің бес жүз сарбазын ертіп, жолға шықты.Бұл хабар Мұғаджардың етегінде отырған Адай ауылдарына да жетті. Хан Ордасына хабар жеткізгендердің бір белігі Он екі ата Байұлына да хабарлаған болатын. Хабар естілісімен Шотан, Атағозы, Сабытай, Есболай, Тоқтамыс, Мұратбек, Дәулеталы, Мете, Шеркеш, Таз, Беріш руларынан да жасақтар жиналып қалды. Сөйтіп, қарасы үш мындай әскерді бастап Шотан да суыт жүріспен аттанып кетті.Жерді жақсы білетін Бөгенбай бес жүз жасақпен Сүйірбастың аласа шатқалының алдына келіп жоңғарларды тосып жатқан-ды. Азғантай жасағын үшке бөлген. Шатқалдың екі қапталына жүз-жүзден садақшы жігіттерді қойып, өзі үш жүз жігітімен алдыңғы жақта жар тасасына тығылып тұрған-ды.Жоңғарлардың алды аласа шатқалдың жалпақ табанына келіп кірді. Шатқалдың іші қаптаған адам, күңіренген дауысқа толып кетті. Жоңғардың қалың қолының ортасында ұзыннан шұбатылған тұтқындар. Жас баласын құшақтаған, екі-үш жасар балаларын сүріне-қабына ерткен кәрі-жасы аралас әйелдер әзер жүріп келеді. Бір-бірін арқанмен байластырып тастаған батыр тұлғалы жігіттер. Бет-ауыздары тілгіленген қан, түгелдей жарақат, кейбіреулерінің құлағы жұлынған, көздері шыққан... Тамақ сұрап ышқынып жылаған балалардың ыңыранған жаралылардың дауысын естіп көріп тұрған қазақ жауынгерлерінің төбе құйқасы шымырлады.Сол кезде ортадағы айдалып келе жатқан тұтқындардың орта тұсынан қазақ тарихында қанды ізін қалдырған "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" деп аталатын халықтың ұлы апаты тудырған, шұбырған елдің қанды жасынан туған "Елім-ай" әні әуелі жайлап өксікпен басталды да арты көп дауысқа ұласты:Қаратаудың басынан көш келеді,Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.Ел-жұртынан айрылған жаман екен,Екі көзге мөлтілдеп жас келеді. Мынау заман, қай заман — қысқан заман,Басымыздан бақ құсы ұшқан заман.Шұбырғанда ізіңнен қар борайды,Қаңтардағы қақаған қыстан жаман. Мынау заман, қай заман — бағы заман,Баяғыдай болар ма тағы заман ?Қарындас пен қараорман қалғаннан соң,Көздің жасын көл етіп ағызамын. Мына заман, қай заман, кай-қай заман,Ұл айырылған атадан дай-дай заман.Бауырыңнан айырылған жаман екен,Күн бар ма көрісетін есен-аман ?!Осылайша жылау, зарлау, уыл-шуыл арасынан күңіреніп көтерілген, өкініш пен өксікке толы зарлы ән естіле бастады. Орта тұстан жетелеп келе жатқан баласын әлі құрып жығылғанда көтеріп алғысы келіп еңкейген анасы қоса жығылды. Орнынан тұруға ұмтыла бергені сол еді, аттың үстіндегі еңгезердей жоңғар еңкейіп келіп әйелдің шашынан бүре ұстап, жоғары көтеріп алып шырқ көбелек айналдырып-айналдырып жіберді де лақтырды. Анадай жерге барып мойны қайырыла құлаған әйел тілге келместен кетті. Енді жердегі бүк түсіп жатқан баланы найзаның ұшымен іліп алып, жолдан асыра мұны да лақтырды.Жоңғар өзінің ісіне өзі қарқылдап келіп күліп еді, басқалары да оған қосылып күліп, сайдың іші сасық күзендердің шақылдаған дыбысына толып кетті.Осы көріністі көріп тұрған Бөгенбай бұдан артық күтуге шыдамады, дабылды қағып-қағып жіберді. Сол уақытта екі жақтан да садактың оғы жауып кетті. Аралары ұйлығып жиі келе жатқан қалмақтар ойламаған жерден жауып кеткен жебелердің құрбаны болды. Екі жақтан жауған екі жүз садақтың оғы қалмақтардың талайын аттан жұлды. Шатқалдан енді шыға берген жоңғарларға Бөгенбай бастаған, жанын шүберекке түйген үш жүз қазақ жауынгері жалаң қылышпен кірісіп кетті.Қаптап келе жатқан алты мың қолды бес жүз сарбаз шатқалдың ауызында бие сауымдай кідіртті. Одан ары қарай қоршауда қалып құритынын білген Бөгенбай шұғыл шегініп үлгерді. Сол кезде есін жинаған қалмақ қолы Бөгенбайдың азғантай тобын көріп қоршауға алудың шарасын ала бастады. Немесе айдалып келе жатырған тұтқындарды шатқалға бір бөлек жасақтарының қоршауында қалдырып, қалғаны қанаттарын жайып Бөгенбай сарбаздарына қарай бағыттады. Ал Бөгенбай қолы шегінумен болды.Осы кезде Шотан бастаған он екі ата Байұлының үш мың сарбазы бар жасағы жаудың ізімен келіп шатқалға кірген еді. Шатқалға кірісімен-ақ, жоңғарлардың соғысып жатқаны белгілі болды. Шатқалдың табанындағы бір мындай тұтқынды қоршап тұрған жоңғарларды ей-пайға апармай аттарынан түсірді. Байлаұлы тұтқындағы еркектерді босатты. Олар босаған бойда өлген жоңғарлардың қаруларын алып иесіз қалған аттарына мініп майданға кірісіп кетті. Бөгенбайларды қоршауға аламыз деп Лоло-Доржи бастаған қалмақ қолы шатқалдан ұзап кетіп еді.Тұтқындардан хабарды естіген Шотан оларға қалмақтың қаруы мен атын пайдаланып, әйелдер мен жас балаларды демалдырып, тамақтандыруды ұйымдастырып кейін қарай жылыстай беруді тапсырды да өздері шатқадың аузына қарай бағыттады. Арттарынан келе жатқан қалың қолдың кімдер екенін ілкіде айыра алмай қалған Лоло-Доржи "Шотан, Шотан!" деп ұрандаған қазақ жасағының дауысын естігенде тұла бойы мұздап кетті. Бөгенбай жасағын түгелдей қолға түсіреміз деп келе жатқан Доржи атының басын кері бұрды. Бөгенбай жағына сегіз жүздей қалмақты қалдырды да қалғанын өзі бастап Шотанға беттеді. Шотан да сарбаздарының жүрістерін баяулаттырып, соғыс тәртібіне келтіріп, Лоло-Доржидың қолының жақын келуін күтті. Қалмақ қолының алдына көлденеңдеп, астында күміс ер-тоқымды таудай қоңыр аты бар, басында қара қазандай дулығасы бар, үстіндегі көк темір сауыты күнге жарқ-жұрқ етіп, қара мұртын екі құлағына орап алған нар түйедей Лоло-Доржи шығып Шотанды жекпе-жекке шақырып, ақырып ортаға қарай беттеді. Шотан өзінің атын естігесін, шұбардың інісі теңбіл шұбардың айылын қайта тартып мініп, ойнақтатумен Доржидың қасына келді.—      Әлгі адайда Шотан деген бар деп еді, сол сенбісің? Енді иманыңды айта бер, естіп жүрген шығарсың, менің атым Лоло-Доржи деген болады. Егерде жан керек десең, атыңнан түсіп, ақ жалауыңды көтер! Мына артыңа ерген сарбаздарыңмен түгелдей берілетін болсаң, жандарыңызды олжа-                                                                 лап елдеріңізге қайтасыздар, болмаса, жасыңның кішілігі көрініп тұр, кезегімді бер, — деді Доржи.—      Әй, шірік кеуде жаман қалмақ, кім-кімнің иманын үйіретінін қазір көресің, кезегіңді ал, қапыда қалма, — деді оған Шотан.Екеуі екі жаққа барып тұрды. Қалмақ білтелі мылтығын қолға алды. Шотан өзінің басынан бастап үзеңгіге дейінгі қашықтықты алатын ұзын болат қалқанын бір қырын отырып жау бетіне ұстап атылған оқты тосты. Бір кезде мылтықтың даусы жер жарды. Оқ қалқанға келіп тиді, тесіп өте алмады. Кезек Шотанға келді. Шотан күлдір-мамай деп аталатын түтігі ұзын, оқтаулы тұрған мылтығын қолына алды да, қалмақты қарауылға алып атып жіберді. Доржи аттан құлады. Шотан шұбармен келді де жылдам еңкейіп басын кесіп, найзамен түйреп алды да жүре берді. Шотанға мылтық пен қалқанды Еділ бойындағы орыс саудагерінен 100 жылқыға Назар былтыр сатып әкеліп берген. Қалқанның салмағы сауыттың салмағынан әлде қайда ауыр еді. Шотан қалқанды тек қана жекпе-жекке шыққанда ғана пайдаланатын. Басқа кезде қосалқы атында тиеулі болатын.Қалмақтар жағынан қанжирен айғыр мінген алып денелі жас жігіт шығып:—      Шотан, батыр болсаң жекпе-жекке менімен шық, ағамның кегін алам, қанынды ішпей тынбаймын, — деп шапқылаумен келіп ортаға шықты.Шотан найзаға шаншыған Лоло-Доржидың басын Есболай мен Сабытайдың алдына әкеліп тастай салды да ортаға қайта келді. Осы кезде Шотанның алдын кес-кестеп Атағозы:—      Сен кідіре тұр, ендігі кезек менікі сияқты, — деп еді, оған Шотан:—      Оның ағасын өлтірген мен ғой, ол менен ағасының кегін алуға шығып тұр, менің атымды атап шақырып тұр, сондықтан оған мен керекпін, сен ендігі осыдан кейінгі жекпе-жекке шығарсың, — деп жүре берді.Шотан жекпе-жекке шақырған жоңғар батырының қасына келгенде байқады, қалмақтың жасы отызға жетпеген жас жігіт екен. Қолдарының саусақтары бақандай, жүн басып кетіпті. Өте үлкен күш иесі екені қимылынан байқалады. Ол Шотанға карап:-        Мен - күллі қазағыңа белгілі болған Лоло-Мәнжімін! Қазір басың кесіледі, өлім алдында ақтық сөзің бар ма айтатын, — деп ақырды.-        Менің басым емес, кесілетін — сенің басың. Сен жаңағы ағаң сияқтанып өлесің. Соңыңнан ерген қалмағың түгелдей қырылады. Оның себебі, сен жазығы жоқ елді қырғынға ұшыратқаның — әділетсіздік. Әділетсіздіктің жолы да, күні де қараң. Енді сенің күнің сөнеді. Құдай мені сенің күнінді, бүкіл қанды қол жоңғарлардың күнін сөңдіруге жіберді. — дегенше болған жоқ, Мәнжі өте тез жылдамдықпен Шотанға найзасын сілтеді. Шотан да өте сақ тұрған, қалқанын үстап үлгерді. Найза тайқып кетті. Шотан да найзасын ұрып еді, Мәнжі тайқып дарытпай кетті. Тағы да найза сілтесті. Шотан зорға қорғанып үлгеріп тұрды. Жаудың нағыз әккі айлакер және өте жылдам қимылдайтыны Шотанды қапылтып тастады.Осыны байқаған Мәнжі шабуылды үсті-үстіне үдете түсті. Шотан шұбарды шырқ айналдырып Мәнжіге тақаңқырап келіп, тақымын қысып қалғанда үйреніп қалған шұбар шапшып, екі алдыңғы аяғын аспандатқан мезгілде қапталындағы шоқпарды көз ілеспес жылдамдықпен алып Шотанның жоғары көтергенін көргенде Мәнжінің көзі шарасынан шығып кете жаздады. Сөйткенше болған жоқ бастан тиген ауыр соққыдан кейін үн қатуға шамасы келмеген Мәнжінің аузынан қан атып кетті, қараңғы түнек орнады да мәңгі тыныштыққа кете берді. Мәнжінің басы кесілгесін қалмақтар шыдап тұра алмады, екі жақ та бір-біріне лап қойды. Қырғын майдан басталды да кетті. Теңбіл шұбарды орғытып, болат сауыты жарқылдап қалың қалмақтың ішіне қойып кетіп, жарып шығып ақырып жүрген Шотанды көрген қазақ сарбаздарының арқалары қозып, жауды жапырумен болды. Қазақ әскерінің тегеурініне шыдай алмай жоңғарлар ұйымшылдығынан айырылып, тұтастығы үзілген жеке-жеке топтардың қолдардың айқасына айналды. Осы кезде онсыз да қызыл қанға боялған әлем бетін бұрынғысынан да қызыл қоңырландыра түсіп күн де батты.Екі жақ еліктерін жинап көмуге ұрыстарын тоқтатты. Сол күнгі ұрыста жоңғар жағынан қырылған адам қазақтардан анағұрлым көп екендігі анықталды.Сол кезде Бөгенбай бастаған жасақ та сегіз жүз жоңғарды талқандап, Шотан сарбаздарына келіп қосылды.Бөгенбай Шотан інісін құшақтап көрісті.—      Жақсы келдің, Шотанжан, сен келмегенде біздің жағдайымыз қиындыққа тіреліп еді, — деп күліп, Шотанның иығынан қақты. Бөгенбайды Шотан өз шатырына алып жүрді.—      Апырым-ай, Бөгенбай аға, бұл қалай бес жүз адаммен алты мың қолға қарсы шығып жарты күн бойы соғысып, жауды үлкен шығынға ұшыратқан жағдайды бірінші естіп, бірінші көріп отырмыз. Әлде жаумен тосыннан аяқ астынан кездесіп қалдыңыз ба, — деді—      Жоқ, Шотанжан, аяқ астынан күтпеген жерден кездескен жау емес бұл. Әдейі хабар келіп, аттанып шыққан әскеріміздің реті осы болды, — деді де, Әбілмәмбеттің жәйін айтып, — Қатты ашуланғанымнан байқамай жолға шығып кетіппін, "тентектің ақылы түстен кейін келеді" дейді ғой, сол түстен кейін сан жағынан орасан көп жауға аттанғанымыз ақылдылық емес екенін білдік. Бізден басқа жаудан елді арашалап алатын күштің жоқ екендігіне көзіміз жеткесін кері кайта алмадық. Екіншіден, Әбілмәмбет айтарын айтқанмен, шыдап отыра алмас, артымыздан айналасыңдағы барлық жауынгерін жинап, қуып жететін шығар деп ойладым. Іс жүзінде олай болмады. "Неде болса, жастығымызды алып жаталық" деп жатқанымызда өздеріңіз жетістіңіздер, — деп сөзін аяқтады.—      Бөген аға, сізге бүкіл Кіші жүз халқының атынан, Әбілқайыр ханның атынан, өзімнің атымнан алғысымды айтып, сіздің алдыңызда басымды иемін, - деп Шотан орнынан тұрып, тізерлеп, басын иді.—      Шотанжан, ол не дегенің, Кіші жүз бізге бөтен бе еді? Бізге ұқсаған қараша халықтың тілегі де, білегі де бір емес пе? Барлық уақытта да таққа да, баққа да таласатын хандар мен сұлтандар ғой, солардың әлегінен жазықсыз ел қырылып келеді. Осы көріп отырған қырғынымыз да соның куәсі емес пе? Ел азаматтарының ауызбірлігіне қырсығын тигізіп отырған Әбілмәмбеттен халыққа қандай пайдалы жағдай күтуге болады? Бүкіл қазақтың ауызын біріктіретін сөзі дуалы, әділеттіліктің жоқтаушысы болатын адам шығып үш жүздің тізгінін ұстамаса, біз ел бола алмайтын шығармыз, — деді Бөгенбай. Шотан Бөгенбайға қарап:—      Шатқалдың ішінен кемі бір мыңдай қалмақтың өлігін көрдік, өздеріңізден қанша шығын болды? — деп сұрады.—      Қазір менің сарбаздарымның төрт жүз он адамы тірі, одан он жеті адам жаралы. Таңертеңгі соғысқа менімен үш жүз тоқсан үш адам қатынасады деп отырмын, — деді Бөгенбай.Соғыста шейіт болған сарбаздарын жинатып, жерлеу рәсімін жасатқан Шотан өз сарбаздарынан төрт жүздей адамның өлгенін білді. Жобамен екі жарым мыңдай жоңғардың өлгені белгілі болды.Жоңғар әскерінің тірі қалғаны әлі де қазақ қолынан көп еді.Ертесіне жоңғарлар жағынан ақ жалау көтерген бір топ қалмақ бітімгерішлік сұрап келді. Қазақ қолының басшылары ақылдаса келе келісімге келді. Келісімге келудің негізгі себебі адай батырларының бірі Сабытайдың жарақатының ауыр екендігін ескеріп, қалмақтың өтінішін амалсыз орындаған еді.Жаралылар мен тұтқынан босағандарды қалмақтардан алынған қару-жарақ ат-көліктермен қамтамасыз етіп және қасына негізгі әскерден қарулы жасақ бөліп, жолға салды да, Шотан мен Бөгенбай айдалып бара жатқан малды қайтаруға жүріп кетті.Малды айдап бара жатқан қарулы екі мыңдай жоңғар қолымен келесі күні сәскеде Жалғызтөбе деген жерде кездесіп кескілескен соғыс жүрді. Қазақ қолының талай жоңғармен сайысқа түсіп жүрген әккі сарбаздары қалмақ әскерін бірден бөлшектеп кетті. Әсіресе Атағозы бастаған бес жүз қазақ сарбазы жауды ойлануға шама бермей ортасын ойып, қақыратып өтті. Сөйтіп, екі бөлінген қалмақ қолының екі шетінен Шотан мен Бөгенбай тиісті. Берекеті кеткен жоңғарлар ет пісірім уақыттан кейін өлгені өліп, өлмегені қашып құтылды. Өлген қалмақтың астындағы мың қаралды аты мен қару-жарағын олжалап, малды айдап, қазақ қолы елге оралды.Бөгенбай мен Шотан қалмақ шапқан қазақ ауылдарының мал-жанын түгендеп, орналастырып бір айдай уақыттарын өткізіп алды. Әбілқайырдың қарындасы Сақыпжамалды қасына қарулы күзет қосып, Ырғыздағы хан Ордасына аттандырды.Жаралыларды шұғыл түрде үйлеріне жеткіздірді. Сабытайды Есболай бастаған Дәулеталы, Тоқтамыс, Мұратбек батырлар нар түйені жазылып, үстіне жатқызып, Борсыққұмдағы ауылына алып кетті.Шотан Бөгенбайды сарбаздарымен адай еліне қонақ болуға алып жүрді.Қонақ келетінін айтып әкесі Назарға алдын ала хабаршы жөнелткен болатын. Назар хабарды алысымен Астауой деген жерге тоғыз қанатты сексен ағаш үйді, Әбілқайыр мен Бөгенбайға арнап екі он екі қанат ак орданы тіктіріп, Он екі ата Байұлының ауызы дуалы билері мен батырларын және жорықтан енді келіп жатқан Кіші жүздің ханы Әбілқайырға шақырушы жіберіп, жауды жеңген "жеңіс" тойын жасауға дайындықты бастап кетті.Сабытайдың жағдайының ауыр екендігін естіген Назар өзінің емсек інісі Бектемісті, баласы Уәлиді шұғыл Борсыққұмға аттандырды.Әбілқайыр жорықтан олжалы оралып еді. Бір айдай соғысып, қалмақ қолын жеңіп, мал-жанын олжалап, еліне келгенде қарындасы Сақыпжамалдың да ордаға келіп жеткен кезі еді. Хабарға қаныққан Әбілқайыр үш-төрт күн Ордасында демалып тынықты. Жаудан түскен олжаны қазақ сарбаздарына түгелдей таратқызды және хан Ордасында өзімен бірге келген жасақтарға  елдеріне қайтуға рұқсатын беріп, алғысын айтып, ханнан хабар баратын болса, белгіленген жерге жиналу керектігін ескертіп, қоштасты.Қазақ жасақтарының табын Бөкенбай бастаған батыр басшыларын алып қалып, әрқайсысының алдарына салып берген малдан басқа бір-бірден қалмақ сұлулары мен күмістелген ер-тоқымды ат жетектетіп, Бөкенбайдан басқаларына елдеріне қайтуға рұқсатын берді.Осы кезде Назардың шақыруы да жетті. Әбілқайыр Бөкенбайға Назардың шақыруына жүру керектігін айтып және қанжығалы Бөгенбай батырға тартуға не апару қажеттігіне ақылдасты.Бөкенбай Әбілқайырға қарап:—     Бөгенбайдың бес жүз сарбазбен қалмақтың алты мың қолына қарсы шығып соғыс ашқаны тек ерлік емес, жүрекжұтқандық деп түсінемін. Бөгенбайға не сыйлаймын десең де артық болмайды, — деді.—      Олай болса, кешегі қалмақтан түсірген асқан сұлу, етегін жел ашпаған Хореннің қызы Ақсұқсырды, балдағы алтын асфаһани қылышты және жалпақтығы екі қарыс гауһар орнатқан алтын деңментті сыйға тарталық, Назар ақ үй тіктірген шығар, сол үйді және мына жаудан түскен жылқыдан қос жиреннің үйірін, жүгін тиеп жүретін отыз нарды айдатсақ, болмай ма? — деп Бөкенбайға қарап еді. Бөкенбай:—      Болады ғой, басқа бұйымы болса, өзім оңашалап сұрармын, - деді.Сонымен он күннен соң Назардың ауылында кездесетін болып, Бөкенбай өз ауылына аттанды.Әбілқайыр қос атқа орыстың пәуескесін жектіріп, қасына екі баласы Әділ мен Айшуақты, бәйбішесі Бопай ханымды алып және елу адамдай жасағын ертіп, жолға шықты. Жол әлім, табын, тамалардың ауылдарының үстімен өтетін. Күн түске таласа Әбілқайырдың келе жатқанын естіген Есет батыр қасында оншақты жолдасымен жолда күтіп тұр екен. Әбілқайырмен амандасып, ауылдың жолдан көп бұру еместігін, түскі қонақасының даяр екендігін айтып ханды ауылына бастап алып жүрді. Есет жорықта Әбілқайырдың әскербасыларының бірі болып жүрген. Қалмақтарды жеңіп, кеше елге қайтқанда жолай қайын атасының ауылына соғатын болып, өздеріне тиісті олжаларын алып, жасағымен бөлініп еліне кеткен болатын.Есет ханға оңаша үй тігіп, дұрыстап даярланған екен, Әбілқайыр сол күні Есеттің ауылында болып, келесі күні жолға шықты. Есеттер де оншақты адам болып Әбілқайырмен бірге қозғалды. Назар тойға Есетті де шақырған болатын.Әбілқайыр жолшыбай соғыста шейіт болған сарбаздардың үйіне соғып, көңіл айтып, қонақасын даярлап отырған батырлардың үйлеріне кідіріп, он күндей жол жүріп, он бірінші күні Назардың ауылына жетті. Әбілқайырдың алдынан Бөгенбай, Бөкенбай, Шотан, Атағозы бастаған адай, таз, шеркеш, жаппас руларының батырлары мен билері шығып қарсы алды. Қарсы алуға шыққан жүз қаралды батырлар мен билер анадайдан аттарынан түсіп, ханның пәуескесіне қарай Бөгенбай бастап жаяу жүрді. Әбілқайыр да пәуескесінен түсіп, жаяу аяңдады. Алда келе жатырған Бөгенбай: "О, хан ием!" — деп сөзін бастай бергенде Әбілқайыр дауыстап: "Бармысың, Бөгенбай сынды қыраным!" — деп қаусыра құшақтады. Екеуінің құшақтары біразға дейін ажырамады. Содан кейін барып басқалармен де төс түйістіріп көрісіп шықты. Шотан қонақтарды бастап ақ шағаладай болып тігілген үйлердің ортасындағы екі ақ ордаға қарай жүрді. Орда сыртында қонақтарды Назар бастаған адай тайпасының билері мен бір топ батырлары қарсы алды. Әбілқайыр Назардың мол құшағының ішінде тағы да ұзақ тұрды. Қысқаша амандықтан кейін Назар хан бастаған қонақтарды әдейі арналып тігілген ордаға жүруге ишарат білдірді.Хан ордасына Әбілқайырмен бірге Бопай ханым балаларымен және арнаулы қонақтар — қанжығалы Бөгенбай, табын Бөкенбай, тама Есет, беріш Есболай,адай Ақпан, Есенқұл т.б. ру басылары келіп орналасты. Қонақтарға салқын қымыз беріліп, шөлдері басылғасын, әңгімені Назар бастады:—      О, хан ием, Еділ бойыңдағы қалмақтарды енді бұлай қарай бағыттамайтындай етіп, жермен-жексен етіп жеңді деген хабарынды естіп, қуанып отырған жайымыз бар. Соғыс болғасын шығын болады. Шейіт болған сарбаздарыңыздың қайырын берсін! Сіздер Еділ бойында жүргенде Лоло-Доржи бастаған қалмақтардың сегіз мыңдай қолы келіп, Сыр бойының бергі жағын жайлап отырған қалың қазақ ауылдары мен бізге қарап отырған қарақалпақ елін түгелдей шауып, көптеген адамын өлтіріп, қалғанын тұтқындап кетті деген хабармен он екі ата Байұлы мен басқа да Кіші жүз азаматтары аттанып, әуелі құдайдың көмегі, қалды Бөгенбай інімнің арқасыңда, жаудан елді айырып, малды қайырып, біз де өзімізше тірлігімізді жасап жатқан жайымыз бар. Мына бүгінгі өзіңіз көріп отырған қуаныш тойы осы сіздердің жеңіс тойларыңыз болса,мына Бөгенбай інімнің жеңісіне шашу және өзіне беріліп отырған қонақасы деп біліңіздер, — деді Назар.Әбілқайыр Назарға қарап:—      "Үй сыртында төбең болса, ерттеулі тұрған атың ғой, ел ішінде ақыл иесі қарияң болса, жазулы тұрған хатың ғой" деген қазақта мақал бар, Назар аға! Біздерді жоқтатпағаныңыз көрініп тұр, сізге мың да бір рахмет — деді. — Еділ бойындағы соғыста қазақ қолы жеңіске жетті. Ол — жеке менің еңбегім емес, ол — мына отырған Бөкенбай, Есет бастаған ержүрек қазақ жауынгерлерінің еңбегі. Сыр бойы жағынан үлкен қауіптің барын сезгенмін, сондықтан да он екі ата Байұлының Шотан бастаған сарбаздарын Еділ жорығына шақырмағанмын. Ол жайындағы хабарымды сізге жетістірген болар, — дегенде Назар:—      Әрине, сіздің жолдаған сәлеміңізді алып, жау шабуылына әзірлігімізді жасап, жорыққа жасақтарды даярлап, батырларымыздың басын әдейі біріктіріп отырған мезгілде елге тиген жаудың хабары келді ғой. Сіздің кетеріңіздегі берген тапсырмаңыздың орындалғандығының арқасында Лоло-Доржидың қолын ойсырата жеңген сияқтымыз, — деді.Әбілқайыр орнынан тіктеліңкіреп, Бөгенбай батырға қарай бұрылып:—      Бөгенбай аға, біріншіден, біздің елімізге кұдай бұйырып келген қадамыңыз кұтты болсын! Әуелден де Алла-тағала батырлық пен даналықты, қазақ халқына деген паналықты сізге еншілегенін білеміз. Бүгін соның куәсі болып отырмыз. Бес жүз адаммен сегіз мың қалмақ қолына қарсы аттанғанда, Әбілмәмбет ханмен жүз шайысқанда, өзіңнің қандасың қазақ елі мен ағайының қарақалпақ үшін шыбындай жаныңызды пида етуге шешім қабылдағаныңызды бүкіл қалың қазақ, қарақалпақ, оның ішінде Кіші жүз елі қалай ұмытады. Сіздің алдыңызда борыштымыз, Бөгенбай аға! — деді.—      Мені тым асыра мақтап жіберген жоқсыз ба, Хан ием? Қазақ елі үшін бәріміз де жанымызды пида етіп жүргеніміз жоқ па? Болған жайдыің бәріне қанық көрінесіз. Бес жүз адам жоңғардың алты мың қолына не жасай алсын? Шотан інім бастаған сарбаздар келмегеңде ағаңның басы осы күні қалмақтардың қанжығасыңда кететін еді, -деп күлді. Есік жақта отырған Шотан Бөгенбай батырға қарап:—      Неге олай дейсіз, Бөгенбай аға? Біз тұтқындар қалған сай табанына келгенде бір мыңның үстінде қалмақтың өлігін көрдік. Енді шатқалдан шыға бергеніміздегі өліктердің саны да мыңнан кем болған жоқ. Біз сай табанынан шығып, Доржидың қолы бізге қарай кері бұрылғанда, сіздер жақта да мыңға тарта қалмақ жасағы қалып еді, солардың да көзін жойдыңыздар ғой. Бөгенбай аға, нақтылап айтқанда, сіздер екі жарым мың жоңғарды жер жастандырдыңыздар. Егерде сіздер болмағанда Доржидың бізден жеңілетін түрі жоқ екен. Бұл соғыста жасаған өшпес ерлігіңізді біздің ұрпағымыз да ұмытпайтын болар, құдай тілеуіңізді берсін, Бөген аға! — деді.Қонақтар хан ордасынан қонақасысын жеп болғаннан кейін, Әбілқайыр ордаға осында шақырумен келген ақсақалдар мен ру басыларын, батырларды, билерді жинады.Шақырылғандар жиналған соң, Әбілқайыр ел жинап жеңіс тойына шақырып, елдің басын қосып отырған Назар бастаған Он екі ата Байұлының басшыларына алғысын айтты. Осы тойға шақырылып отырған негізгі қонақ Бөгенбай екенін, елді шауып мыңдаған адамды өлтіріп, бірнеше мыңдаған адамды тұтқынға айдап алып бара жатқан қалмақтың аты шыққан қандықол басқыншысы Лоло-Доржи бастаған алты мың әскеріне азғантай қазақ сарбазымен соғыс ашып, бірнеше мыңдаған қалмақтың көзін жойған Бөгенбай батырдың алдында халықтың борыштар екенін, қалмақтармен соғыстың өлі де болатынын, оны қазақ жерінен біржолата қуу үшін ауызбірліктің қажет екенін айтты. Сол ауызбірліктің жоқтығынан Бөгенбай батырдың бес жүз сарбазы мен жалпы саны сегіз мың жоңғарға қарсы аттануға мәжбүр болғанын әңгімеледі.Әбілқайыр Бөгенбайға қарап бұрылып:Бөгенбай батыр, сіздің еңбегіңіздің сатулы еместігін білемін, солай бола тұрғанмен, ІІІотан ініміз щақырып қонақ етіп жатыр екен, Назар ағамыз жеңіс тойын тойлап жатыр екен, енді сізге арнап алдырған сый-сияпатымыз бар, — деп, Шотанға қарап иегін қақты.Шотан орданың есігін ашып еді арғы жағынан алты-жеті келіншек алтын шытыра бүркеген бір қызды қоршалай жайлап жүріп келіп, Бөгенбайдың алдына әкеліп, алтын шытыраны түсіргенде, ішінде белі бүгілген екі беті нұрға малынғандай әппақ, ерні қызыл гүлдей, екі нәркес қара көзі жарқ-жұрқ етіп төмен қарап, буын-буыны еліктің лағындай дірілдеп тұрған Ақсұқсырдың білегінен ұстаған келіншек Бөкенбайдың уысына ұстатты да өздері иіліп сәлем беріп, басқан ізін білдірместен шығып кетті. Сол кезде Шотан есіктен екі білегінің үстіне жалпақтығы екі қарыс, ұзындығы құлаштан асатын таза алтыннан құйылып, топсалармен ұстастырылған үш жеріне гауһардан көз орнатқан деңмент белбеуді Әбілқайырдың қолына әкеліп берді. Әбілкайыр орнынан тұрып, түрегеліп тұрған Бөгенбайдың беліне деңментті белбеуледі. Бөгенбайдың денесінен қызғылтсары сәуле ұшқын атып қоя берді. Осыдан кейін Шотан әкелген балдағы алтын асфаһани қылышты Бөгенбайдың қолына ұстатты. Әбілқайыр осыдан кейін қос жиреннің үйірі мен отыз нар Астауойдың құдығының басыңда Назар ағаның малшы-бақташыларына тапсырылғанын айтты. "Ендігі әңгімені Назар аға жалғастырсын", — деп Әбілқайыр орнына отырды. Назар орнынан тұрып, Әбілқайырға қарап:—      Хан ием, біратала өзіңіз қорытындылап кетсеңіз де болатын еді ғой, — деп еді:—      Жоқ, Назар аға, шындығына келгенде қонақ сіздің шаңырағыңыздың астында отыр, сондықтан да сөздің қорытындысы өзіңізден болғаны жөн, — деді Әбілқайыр.—      Олай болса, Бөгенбай інім, қолыңа алтын құсты қондырып тұрсың, құсың құтты болсын. Жаңа түскен келін екеуіңізге он екі қанат ақ орда тігіп қойдым және осы жақта бола берем десеңіз осы Астауой деген жер мен суын өзіңнің меншігіңе беріп отырмыз, осы азғантай сыйымызды өкпелемей қабыл аларсың, інім, — деді.Ақ орданың ішінен "Әп, бәрекелде!" деген ақсақалдардың дауыстары естіліп жатты. Осыдан кейін Назар келінді отауының алдына апаратынын, сол жерден беташар болатынын хабарлады. Сол кезде бес-алты қыз-келіншек келіп, Ақсұқсырды алып кетті. Шотан келіп, Бөгенбайға тарту етілген бұйымдарды сыйлыққа берілген ақ ордаға апарып, керегенің басына ілді.Қонақтар сыртқа шығып, беташар жырын тыңдады. Сонымен, Бөгенбайдың тойы да басталып кетті. Ертесіне күрес, алтынқабақ, қыз қуу, ат бәйгелері болды.Той біткесін Бөгенбай Әбілқайырдан рұқсатын сұрап, елге жүретінін білдірді."Битке өкпелеп тоныңды отқа салма" деген бар, Әбілмәмбетке жақпадым деп бұл жақта қалып қойған дұрыс болмайтын сияқты,-дегенде, Әбілқайыр:—      Өте дұрыс айтасың, Бөгенбай батыр, Әбілмәмбет бізді жақтырмаған екен деп өз туған халқымыздан, өзіміз туған жерімізден безінуге әсте болмайды. Сіз ханға қажет болмағанмен, елге керексіз. Сондықтан да бұл жерде бөтендігіңіз болмағанмен, туған жеріңіздің қамқоры болып жүргеніңізге не жетсін?! — деді.Осы әңгімесімен бірге:—      Біздің ордамызға соғып, қонақ болып кетсеңіз қайтеді? — деді Әбілқайыр.Бөгенбай шын жүректен рахметін айтып:—      Сізбен бірге төрт-бес күннен бері дастархандас болып жатырмын. Сізге тігілген ордадан, Бопай ханымның қолынан да дәм таттым, сондықтан да сіздің үйде біз қонақ болдық деп тұрмыз, көріскенше күн жақсы болсын! — деп қоштасты.Әбілқайыр да өз ордасына беттеді. Көш жерге дейін ханды Он екі ата Байұлының батырлары шығарып салды.Бес-алты күннен кейін Бөгенбай көші де қозғалды. Бөгенбайды да көш жерге адай батырлары шығарып салды.ІХ - тарауХанның өліміОрта жүзді билеп отырған Сәмеке 1737 жылы дүниеден өтті. Оның орнына Болаттың баласы Әбілмәмбет үлкен Орданың ханы болды. Әбілмәмбет хан болып алғансын жоңғар қонтайшысы Қалдан Серенді жағалай бастады. Ол жоңғар хандығына бағынышты болу арқылы атамекен Түркістанды қайтарып алғысы келді. Тіпті аманатқа баласын да жіберуді ойлады.Бұның негізгі себебі, Әбілқайырдың орыс патшайымы Анна Иоанновнаның грамотасын алып онда "...өздеріңіздің өтініштеріңіз негізінде жоғарыдағы көрсетілген тапсырмаларды орындауды міндеттей отырып, қырғыз-қайсақ әскерін қол астымызға алдық. Бұдан былай хан мен оның бар әскері біздің императорлық мәртебеміз бен оның мұрагерлігіне адалдығын сақтауы керек" делінген. Грамотада жалпы қазақ жерімен өтетін орыс керуендеріне, әскерлеріне кедергі келтірмей үнемі көмектесуді, қажет болған жағдайда қарулы жасақ дайындап, орыстың соғыс басшыларының қарауына беруді, Ресейге бағынышты басқа да ұлттарға тиіспеуді, бұрыннан келе жатқан орыс тұтқындары болса, қайтаруды ұсынған. Осы грамотаның бүкіл қазақтың атынан Әбілқайырға патшадан келгеніне Әбілмәмбет, Барақ бастаған хан-сұлтандар қызғаныштан бүйі тигендей болды.Әбілқайырға патшадан грамота келгенмен, губернатор мен оның қолшоқпарларының елге деген ниеттері жақсара қойған жоқ Оның себебі: "Орыс патшасының қол астына кірсем, Еділ-Жайық арасындағы шұрайлы жерлерге қазақ ауылдарын орналастырып, өрістерін кеңітемін " деген ой да болған еді.Ол ойы іске аспады. "Патша ағзамның нұсқауы бойынша" деп, Орынбор әкімдері жайылым берудің орнына Кіші жүз руларына Жайықтан өтуіне тиым салды. Тиым салғаны тиым салған ғой, Жайықтың бергі бетінің он шақырымдай жерін өртетіп, тып-типыл еткізді. Мұндай озбырлықты күтпеген "Кіші жүз халқы орысқа арқа сүйесек жағдайымыз жақсарады" деп жүрген Әбілқайырға сенімсіздікпен қарай бастады. Онын үстіне Орынбор бекінісінен екі жүз отыз шақырымдай жердегі Торғай өзенінің бойындағы мал жайылымы болып келген Доғал, Қарақоға дейтін шөбі шүйгін жерлерді орыстар иемденіп, егіске ыңғайлап, жырту жұмыстары жүргізіле бастады.Қазақ жеріне салынған бекіністер саны күн санап өсіп келе жатқанын ел жақтырмады. Бір жағынан қызғаныштан жаулықтың неше түрін ойлап тауып жатқан Әбілмәмбет пен Барақ сияқтылардың іс-әрекетінен, екінші жақтан жерінен айырылғандардың "Орысқа бағынсақ бізді жарылқаймын дегенің кайда?" деген әңгімелерінен Әбілқайырдың жұртшылық алдында қадірі төмендей берді.Оның үстіне өзінің баласы Нұралының орысқа дым беріліп кеткендігі, зұлым губернатор Неплюевтің әкелі-балалы адамдардың арасына от жағып, ши жүгіртіп жүргендігі қатты батты.Халықтың арасындағы өзіне деген ниеттің бұзылуы — Орға қала салдырып, орыс патшасының ауызын алып, соның арқасында бүкіл қазақтың билігін қолыма алсам деген Әбілқайырдың арманын орындатпады.Бір мың жеті жүз қырық екінші жылдың тамыз айының жиырмасы күні губернатор Неплюев қазақ хандары мен сұлтаңдарын, қарақалпақ басшыларын, жоңғар елшілерін Тасөткел деген жерге шақырып жиын өткізді. Қырықтың үстінде қазақтын аппақ киіз үйі мен өздерінің шатырларын тұрғызып, атты және жаяу әскерлерін қазақтарға соғыс өнерлерін көрсету мақсатында алдырып, дайындық жасатты. Келген қонақтарға қонақасыны Неплюев далаға үстелдер қойғызып, дастархан жайғызып, неше түрлі тағамдармен толтырды. Арақ-шараптың көптеген түрлерін қойғызды. Асқа отырудың алдында әскер өнерін таныстырып тамашалатты. Орыстың атты, жаяу әскер ұрысының түрлерін орындатқызып көрсетті. Содан кейін қонақтарды зеңбірек орналастырған төбеге апарып, алты зеңбіректен оқ атып, естерін шығарып қорқытып, аттары шошынып, шылбырын үзіп шығынып кеткендері болды. Мұндай дыбысты бұрын естімеген дала қазақтарының қорыққаны сондай, естері шығьш, ауыздары кәлимаға келмей қалды. Осылайша, Неплюев күні бұрын қазақтардың еңсесін түсіріп, тәубесіне келтіргеніне масаттанып қалды.Жиналыс алдында Неплюев Әбілқайырмен әңгіме жүргізді. Оның себебі ертесі күнгі жиналыста көпшілік алдында ханның қоятын мәселесін алдын-ала біліп, жауабын осы жерден беруді жөн көрді. Себебі, Әбілқайырдың елінің жағдайын сөз ететінін білді. Егерде Әбілқайыр ұсынысы өткізілмеген жағдайда оны ертең қазақ халкы естісе, Әбілқайыр емес, өзінің көздің қырында қалатындығын ойдағандығы еді.—      Жиында қоятын қандай мәселелеріңіз бар? Қандай тілегіңіз бар, соны оңашада естігім келіп тұрғаны. Ертең елдің алдында тілегіңіз орындалмай қалса, хан басыңызға лайық болмай қалар деп сұрап тұрғаным, — деді.—      Мен де сізбен оңаша, ашық түрде әңгімелессем бе деп жүргенмін, сәтін өзіңіз келтірдіңіз, рахмет, — деді де Әбілқайыр, — менің елім үшін қоятын үш мәселем бар және жеке басымнан қоятын бір өтінішім бар, — деді.—      Айта беріңіз, — деді губернатор.—Бірінші айтатыным, қазақты өзіңіз білесіз, малсыз күнелтісі жоқ. Малын өсіру үшін жайылыс жер керек. Бұрынғы мал ұстап отырған жерлерге егін егіліп, өріс тарылып барады. Осы жағдайды ойластырып, Еділ-Жайық бойындағы қалмақтар иелік етіп отырған жерлердің бос пайдаланусыз жатқандарынан жер бөліп берсеңіз. Және Жайықтың екі бетін де қазақтарға бергенді жөн көремін. Осыған қоса салықты азайтып, малы көп байлардан басқасын салықтан босатса, дұрыс болар еді, — дей келе Әбілқайыр:—      Екіншіден, қазақтардан екі мьңдай әскер дайындап, оларды орыс қаруымен жасақтандырсақ сол әскерді Нұралының басқаруына беріп, Хиуаны басып алсақ-жеріміз кеңір еді және қарақалпақтарды, Маңғыстауды жайлап отырған түркімендерді түгелдей өзімізге бағындырып алуға толық мүмкіндік туар еді. Осыған қоса орысқа бодан болмаймыз деп, қазірде менімен жауласып жүрген Әбілмәмбет пен Барақтарды да бағындырып алуға орыс қаруы бар әскер керек. Сөйтіп, үш жүздің басын қосып, түгелдей бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, ақ патшаға бағынып, сіздің дегенінізбен тұтастай жүріп отырсақ, жаман болмайды емес пе? — деді.—      Үшінші өтінішім, бұл жеке басымның өтініші. Ортаншы ұлым Қожахмет сіздерге аманат болып тұрғалы жеті жылдан асты. Сол баланы ауыстырсақ деп едім. Орнына кіші ұлым Шыңғысты аманатқа алсаңыздар, — дегенде Неплюев:—      Төртіншісін де айтасыз ба? — деді.—      Мұны айтылған үш мәселенің шешілуіне қарай айтарым, — деді Әбілқайыр.—      Губернатор ойланып қалды. Әбілқайырдың кейбір қимылдары мен саясаткерлігі Неплюевке ұнамайтын. Оның үстіне хиуалықтарды қарулы күшпен басып алып қарақалпақтар мен түркімендерді түгелдей өзіне қаратып болғасын орыстарды көп мойындай бермейтінін Неплюев жақсы түсінді. Әбілқайыр мен Әбілмәмбет, Барақтардың әбден бір-біріне өшіккеніне Неплюев іштей қатты қуанды. Бұратана халықтарды біріне-бірін айдап салып, дәрменін құртып, ноқталаулы құл етіп өзіне бағындырып отыру — орыс билеушілерінің ертеден қолданып келе жатқан тәсілдерінің бірі болатын.Оның үстіне Әбілқайырдың Әбілмәмбетті орыстардан шеттетіп жүрген тәсілдерін де Неплюев естіп, өз жансызы арқылы біліп отырған-ды.Әбілқайырдың орыстардың қолындағы аманатта жүрген Қожахмет атты баласын өте тәуір көретінін, оның орнына берем деп отырған Шынғыс деген баласының қалмақ әйелден туған бала екендігінен де Неплюев хабардар еді. Оның үстіне Қожахметтің нағашысы қазіргі кезде Әбілқайырмен ат-құйрығын үзісіп кетпегенмен, қабақтарына кірбің ұялай бастаған жағалбайлылар екенін ойлаған губернатор Қожахметті босатса, Әбілқайыр жағалбайлылармен қайтадан ымыраға келетінін сезіп, ішін тартып қалды.Әбілқайырдың ойын топшылап түсінген Неплюев өзінше жылы сөйлеп:—      Қыдырлы Әбілқайыр хан,-деп сөзін бастады, — сіздің ұлы орыс патшасының алдында үлкен еңбек жасағаныңызды мен жақсы білемін. Сондықтан да мен сізді ерекше сыйлаймын. Бүгінгі сізге беріліп жатқан қонақасы да соның куәсі. Сіз қазақ халқын орысқа бодан қыламыз деп бірінші болып өзіңіз кірістіңіз. Соның арқасында орыстар қазақ елін қамқорлыққа алып отыр.Бірінші сұрағыңыз жер мәселесі болса, оған өзіңіздің айтқан жерлеріңіз болмағанмен, ойластырып, көмек берудің шарасы алынар. Ал қалған сұрақтарыңызды орындауға тап бүгін мүмкіндік болмай тұр. Россия жеті жылдан бері Түркиямен соғысып жатыр. Әлі біз түріктерді толықтай жеңгеніміз жоқ. Хиуаны жаулап алғаннан кейін Нәдир шах қазақтарға аттанғалы жатқанда оны тоқтатқан Россия емес пе, сондықтан да оған тап бүгін соғыс ашуға асықпай-ақ қояйық.Бірақ бұл ұсынысыңыз түбінде жерде қалмас деп ойлаймын. Ал қазақтардың басын біріктіруге кедергі келтіріп жүрген Әбілмәмбет, Барақтарды әскерсіз-ақ реттеу сіздің қолыңыздан келетін шаруа екенін біздер білеміз,-деді. Бұл сөздің төркінінде не жатқанын Әбілқайырдың іші сезді.—      Салықты азайту, одан босату және Қожахметті кепілдіктен алып, орнына кіші балаңыз Шыңғысты беру мәселесін шешу үшін ұлы мәртебелі Россия патшасы Елизавета Петровнаға хат жазып, указ шыққаннан кейін болатын мәселе, — деді.Неплюев Әбілқайырға қарап:—      Төртінші сұрағыңызды айтыңыз, өте құпия болмаса, — деді.—      Кұпиялық ештеңесі жоқ, менің ажалым жетіп өліп кетсем, орныма Кіші жүзге хан етіп Нұралыны қоюды ұсынамын, — деді Әбілқайыр.—      Бұл сұрағыңыз толықтай шешіледі, — деп Неплюев айтып қалды да іле өзінің келісе кеткендігін жуып-шайып:—      Сіз Россияға керексіз, Нұралы әлі жас, сіздің бізге тигізетін пайдаңыз көп, — деп көлгірсіп, Әбілқайырдың астына көпшік салып тастады. Қаншама көлгірсігенмен, Әбілқайыр Неплюевтың ойын түсініп тұрды.—Қалған мәселені ертеңгі жиналыста әңгімелерміз, — деп Неплюев Әбілқайырмен қоштасты.Жиналыста қазақ елінің Россияға бодан болып кіргендігін жоңғарларға мойындатқызу болатын. Және жоңғарлар мен қазақтар арасындағы шешілмей тұрған жағдайларды анықтап біріне-бірі қандай талап қоятындарын білу қажеттігі еді. Сондықтан да жиынға қатынасып отырған жоңғар өкілдерін сөйлетіп талаптарын тындады. Жоңғар өкілдері сол кезде жоңғарға бағынышты болып отырған қазақ ауылдарының салықтарын төлеп, аманатқа адамдарын беріп тұруын тоқтатпауды ұсынды. Губернатор бұл мәселеге, Россия өзінің қарауындағы елдердің біріне-бірін салық төлеп, аманат береді деген жағдайларының заңға қайшылығын, сондықтан ондай жағдайға жол берілмейтіндігін айтты.Жиында Орта жүздің атынан Жәнібек, Кіші жүздің атынан Әбілқайыр қолдарына құран ұстап "Россияның қол астына кірдік, бұдан былай мәңгі бірге боламыз, орыс патшасы ағзамның айтқанын екі етпей орындаймыз" деп губернатор алдында анттарын берді. "Біздер жоңғар елімен жауласып келдік. Егер бұдан былай бізге тиіспейтін болса, біз де оларға қол көтермейтінімізге ант беруге даярмыз" делінді.Жоңғар өкілдері қазақтардың сөздеріне сенбейбейтіндерін, талай рет ант беріліп, артынан бұза беретіндерін әнгімеледі. Губернатор Неплюев қазақтардың осы беріп отырған анттарына бұзбайтынына сенімінің мықты екенін, сондықтан кепілдік беретінін айтып қортындылағысы келгенімен, жоңғар өкілдері келіспеді. Қалмақ қонтайшысы Қалдан Серенге елші жіберіліп, "бұл келісім сол жерде қонтайшының өзінің алдында жасалуы керек, біздің мұндай келісім жасасуға құқымыз жоқ" деп, бастарын алып қашты.Ол кезде бүкіл Жетісу өңірі түгелдей қалмақтың қолында еді. Ұлы жүз қонтайшыға салығын төлеп, аманатын беріп келген-ді. Екінші мәселе Үш жүздің, әсіресе, Орта жүз бен Кіші жүздің хандары мен сұлтандары арасындағы жаулықты қойдыртуды ішінен дұрыс деп таппағанмен, тіл табысу қажет деп Әбілқайырға өтірік ақыл айтқан болып көрінді.Үшінші мәселені де Неплюев қазақтардың пайдасына шешкен жоқ. Еділ қалмақтарымен қарым-қатынасты жақсартып, Еділ-Жайық арасынан Кіші жүз еліне жер беру мәселесіне келгенде: "Қазақтар Жайықтың арғы жағына, ал қалмақтар бергі бетіне шықпасын" — деген бұйрығын жариялады. Бұл дегенің — қазақ пен қалмақты қырылыстырып қоюдың нағыз тиімды тәсілі еді.Әбілқайырға Берді, Етек өзендерінің бойын пайдалануға рұқсат етті. Кейіннен бұл жердегі орыс мұжықтарынан егін салуды үйренген қазақ шаруалары пайда болып, Кіші жүздің кейбір көшпенді қазақтары егінмен айналысып, отырықшылыққа бет бұрған-ды. Кіші жүз ханының өзін қазына астығымен қамтамасыз ететіндігін хабарлады. Мұның бәрі патша ағзамның Кіші жүз ханына көрсетіп отырған құрметі деп түсіндірді.Әбілқайыр бұл Неплюевтің ойлап тапқан шығарып салма алдамшы сөзі екенін жақсы білді. Неплюевтің жиынынан кейін жағдай шиеленісіп кетті. Себебі, Еділ-Жайық арасында ешқандай қазақтың малы жайылмайтын болды. Жайық өзенінің арғы бетіне шығуға тиым салынды. Егерде қазақтар тыңдамай Жайықтың арғы жағына шығатын болса, малын тартып алып, өздерін қаматып тастауға бұйрық берілді. Қазақтарға қарсы казак-орыстың қарулы күштерін жұмсады. Бұл Неплюевтің жарлығы емес, патшалық Россияның сенатының бір мың жеті жүз қырық төртінші жылғы бесінші марттағы жарлығының күші еді. Сөйтіп, қазақтарды әуелден иттің етінен жек көретін казак-орыстардың құдайы беріп қалды. Олар қазақтардың малдарын тартып алып, өздерін тұтқындап жер аударып, кен шығаратын жерлерге жер қазу жұмыстарына жіберіп жатты. Мұндай жазаларды казак-орыстарға сотсыз іске асыруына рұқсат етілді. Қысымды тек қазақ шаруалары ғана көрген жоқ, Россия ішінен көшіп келген орыс шаруалары да кіріптарлыққа ұшырады. Күннен күнге қысымшылықтың түрі көбейді. Жайық өзенінің оң жағына мал айдауға, жаюға рұқсат етілмегенімен тұрмай, өзеннің сол жағасын Каспий теңізіне дейін күзде өртеуге бұйрық берілді. Қыспаққа қазақ кедейлерімен қоса Россиядан келген орыс мұжықтары да ілікті.Бұдан әрі озбырлыққа шыдай алмаған қалың бұқара, орысы бар, қазағы бар, кедейлер бас қосып, көтеріліске дайындала бастады. Пугачев бастаған орыс, башқұрт, қазақ шаруаларының көтерілісі осы кезде басталу үстінде болатын.Әбілқайыр Неплюевке бірде-бір әңгімесін, ұсынысын, өтінішін өткізе алмағасын амалы құрып, өзінің қадірінің кеткендігін түсініп, бойын ыза кернеді. Оның ызалануы дәлелді болатын. Себебі, губернатор Неплюевке жоғарыдан Әбілқайырдың ісіне кедергі жаса деген тапсырма жоқ еді. Әбілқайырдың барлық жоспарын іске асыртпай беделін түсіруді ойластырып отырған Неплюевтің жеке өзі еді. Губернатор Неплюевтен сұраған жерін де, әскерді де, аманатқа берген баласы Қожахметті де ала алмаған Әбілқайыр орыс патшалығына қарсы ашық қимылдар жасай бастады.1747 жылдың қысында екі мыңдай жасақты Жайық өзенінен мұздың үстімен өткізіп, қалмақтардың ұлысы мен орыстардың қалашығын талқандап, 140 адамды тұтқын етіп, бірнеше табын жылқысын айдатып алды.Губернатор Неплюев Әбілқайырға қарсы қарулы жасақ шығарып, күшпен басып алу үшін патша ағзамға Сыртқы істер коллегиясы арқылы шығу керек. Онда Неплюев туралы жоғары жақ қандай ойда болады. Бүкіл қазақты Россияға қосуға Әбілқайырдың алғашқы қадам жасағаны, үлкен жанқиярлық еңбек еткені, Сыртқы істер коллегиясына да патша ағзамның өзіне де белгілі. Енді келіп ондай адаммен тіл табысып, бірігіп қызмет атқарудың орнына соғысуға қарулы күш сұраса, Неплюевтің дипломатиялық жағынан таяздығы білініп қалар еді.Ал Әбілқайыр болса, орыс бекіністеріне қарсы бірнеше жорықтар ұйымдастырды. Әбілқайырдың орыстарға қарсы шығып жатқанын көрген Кіші жүз рулары қайтадан ханның қасына жақындай бастады.Әбілқайыр Россияға қарсы шығып ештеңе жасай алмайтынын біледі. Біле тұра Неплюевке жасап жүрген қоқан-лоққысы еді. Баласы Қожахметті босатып алу үшін түрлі тәсілдер қолданып көрді. Көптеген тұтқынға түскен орыстарды да босатты. Бірақ одан ештеңе шықпады.Осы кезде орыс әкімдерінің алдында Әбілқайырдың беделінің кеткендігін байқаған Әбілмәмбет енді губернатор Неплюевпен тіл табысудың жолын ойластырды. "Іздегенге — сұраған" дегендей, Неплюев Әбілмәмбетті, Абылайды, Барақты Ор бекінісіне сөйлесуге шақырды. Неплюевтың шақырғандандағы негізгі ойына алған мақсаты — өзінің ескі тәсілін қолданып, осы келетін үш адамның біреуінің қолымен Әбілқайырды өлтірту болатын. Қайсысына тоқтайды, қайсысы Әбілқайырды қатты жек көреді, әуелі әңгімелесіп, тамырларын басып қарап алып, біреуіне тоқтамақшы. Әбілмәмбеттерді Неплюев қонақ үйге түсіріп күтіп алды. Жақсылап қонақасы ұйымдастырды.Жасалған үстелдің үстінде арақ-шараптың, сусынның түрі тұрды.Неплюев Әбілмәмбетке қарап:— Сіздердің бастарыңызды біріктіріп, оның ішінде сізге арнап қонақасы даярлатып, әрі көптеген мәселелерді қарап шешу үшін жиын өткізгенімізді өзіңіз білесіз. Оған сіз келе жатып, жолдан қайтып кеттіңіз. Оның да жайын естідім. Екеуімізді бір-бірімізге айдап салып шайтандық жасаған адам да анықталды. "Ештен кеш жақсы" деген мақал бар. Осы қадамдарыңыздан бастап достығымыз дұрысталатын болар деген сенімдемін.Сондықтан мына ішімдікті Россия патшасы ұлы ағзамның денсаулығы үшін, біздердің достықтарымыздың нығаюы үшін ішіп қоялық, — деп әуелі өзі көтеріп қойды. Барақ та іркілместен ішіп жіберді. Әбілмәмбет ернін тигізді. Абылай ішпеді. Тамақтың үстінде негізгі мақсатты әңгіме айтыла қойған жоқ Алып-қашпа жеңіл әңгімелер айтылып, Неплюевтің күлкілі әңгімелері тыңдалып, дастарханның үсті күлкімен көңілді өтті.Қонақтардың ішіндегі әңгімені де, ішіп-жемді де меңгергені Барақ болды. Тамақтың үстінде Абылай "рахмет" деген сөзден басқа артық бір ауыз сөз сөйлемеді. Сұп-сұр жүзінде бірде-бір рет күлкінің табы білінген жоқ. Адамға қарағанда көз жанары өңменіңнен өтіп амалсыздан көзіңді аудартқызатынына Неплюев ішінен таңданып отырды.Абылайды сөзге тарту үшін Неплюев әдейі Әбілмәмбетке қарап:—      Абылай ініңіз жоңғарлардың қолында қанша уакыт болды? Бұл жігітті босатып алу жолында сіз үлкен еңбек еттіңіз-ау деймін, - деді.—      Бір жылға жақын болды ғой. Жалғыз мен емес, бүкіл қазақтың бетке ұстар адамдары барғасын жоңғар қонтайшысы да түсінген болар, — деді Әбілмәмбет. Абылай естімеген адамша отыра берді.Қонақтарды ертеңіне Неплюев өзінің жұмыс орнында қабылдады. Әңгімені Әбілмәмбет бастады. Өзінің жоңғар қонтайшысының Түркістан бастаған бірнеше қаланы қайтарып береміз деген әңгімесіне сеніп қалғанын, соған байланысты жоңғарлар мен одақ қүрғанына кешірім сұрады. Жоңғарлардың өз еркімен қазақтардың жерін қайтармайтынына көзінің жетіп, сондықтан да Неплюевтің өзіне келіп отырғандығын айтып, енді орыстардың қарауында бодан болып кіретінін, достықтарының енді мызғымайтын берік болатынына сендіріп, уәдесін берді. Және Әбілқайырдың жасаған қиянатын әңгімеледі. Неплюевтің шақырғанына келмеген себебінің де сол Әбілқайырдың қастандық әңгімесінен болғандығын айтты.—      Әбілқайырдың хабаршысы келіп "Губернатор сіздің жоңғарлармен келіссөз жүргізгендеріңізді білетін көрінеді. Сіз барған бойына жоңғардың елшілерінің көзінше Россия жағында екеніңізді дәлелдеу үшін бір балаңызды аманатқа беріп және сол баланы Орынборға әкеліп тапсырғанша өзіңізді елге қайтармай қамауда ұстайтын көрінеді" деген хабарын жеткізді. Біз сол әңгімеге сеніп, кері қайтып кеттік, — деді Әбілмәмбет.Губернатор өзінің сөзінде Кіші жүз ханы Әбілқайырдың өзінің "бодан боламын" деген антын бұзып, шекарадағы орыс адамдарын тұтқындап жатқандарын әңгімеледі. Және қазақтың Үш жүзінің басын біріктіру үшін қарулы жасақ талап еткенін айтты. Жайықтың бергі бетіне өтуге болмайтын патша ағзамның жарлығын мойындамай малдарын өткізіп, адамдарын жіберіп Россия заңын өрескел бұзып отырғанын баяндады.—Бұған қарсы қарулы жасақтар шығарып. Әбілқайырды ұстауға күш жетеді. Бірақ соғыс болады, жазықсыз адамдар өледі, сондықтан сіздермен ақылдасу да ойымда болып еді, — деді.—      Соғыссыз-ақ Әбілқайырдың көзін жоюға болмай ма? — деп Барақ шақшасын шығарып етігінің өкшесіне қаққылай бастады. Осы кезде әңгімеге қайтадан Әбілмәмбет оралды:—      Осы Әбілқайыр-ақ түбімізге жететін болды. Елді бөрліктіріп, орыстардың да малдарын айдап алып, кедейлерге бөліп беріп жатыр дейді. Енді ақылы көзіңдегі надан халық Әбілқайырдың төңірегіне шоғырланып, соның сөзін сөйлеп, соның соңынан еруге бейімделуде көрінеді. Біздің елдің де кедей-кепшіктері сол жаққа көшуді ойластырып жатқанын естідім. Бұның көзін жоймаса, бұл бүкіл қазаққа да, сізге де тыныштық бермейді, — деп тоқтады.Осы мезгілде Абылайға тіл бітті:—      Губернатор мырза, деді. Анықтап қарасаңыздар Әбілқайырдың наразылығын дұрыс емес деп айтуға келмейді. Әбілқайыр барлық қазақ халқы үшін сізден жер сұрады және көшпелі қазаққа салынатын салықты азайтуды сұрады. Онысы бөтен бе? Сізге халқының қамы емес өзінің қара басының қамын ойлайтын, сіздің тапсырмаңызды ғана орыңдайтын хан керек. Ондай адамның сізге керек болғанымен, еліне хан болу қолынан келмейді. Россия патшасы жайылым жерді өртеткізуге тапсырма беріпті деп естіп отырмыз. Сонда өзінің бодандығына қабылдаған халықтың малы жайылғанша өртеніп кеткені жақсы дегені ме? Қалай түсінуге болады?Губернатор мырза, ең бірінші қазақтан орысқа бодан болуды ұсынған және дегеніне ұзақ күрестің нәтижесінде жеткен жалғыз адам, ол — Әбілқайыр. Әбілқайырға сіздің тарапыңыздан қысым болмаса, ол Россияға қарсы шықпайды. Оның ақылы бізден көп. Ол қазірде қарсы емес, сізге өкпелегеннің әсерінен ашуланып жасап жүргені болу керек. Әбілқайырмен тіл табысу арқылы қазақтың көңілін табасыз, губернатор мырза, — деді.Мынадай тура әрі әділдігі басым өткір айтылған әңгімені күтпеген Неплюев сең соққаңдай есеңгіреп қалды. Әбілмәмбет пен Барақ не айтарын білмей тілі байланып қалды. Бірдеңе айтуға Абылайдың өзгеріп кеткен ашулы жүзінен қорықты.Бүгінгі әңгімені осымен доғарған Неплюев келесі күні Әбілмәмбет пен Барақты жеке-жеке қабылдап, оңаша және кұпия әңгімесін жасады. Барақ пен Неплюевтің әңгімесі Әбілқайырдың көзін жою туралы болды.Барақ Неплюевке:—      Егер Әбілқайырды маған "өлтір" десеңіз, мен оған даярмын. Оның маған істеген жаулық істері мен жасаған қиянаттары жетерлік. Сондықтан менің сізге коятын екі талабым бар, соны орындайтын болсаңыз мен Әбілқайырды сізге ешқандай соқпайтындай қылып елге көрсетіп өлтіремін, — деді.—      Талабыңызды айтыңыз, — деді Неплюев.—      Бірінші талабым, Әбілқайырды өлтіргеннен кейін мен жазаланбайтын болайын. Құнын төлеуге әзірмін. Екіншіден, мені Ұлы жүздің ханы етіп тағайындайтын боласыз, — деді Барақ.Неплюев ойлана келіп:Екі талабыңызды да орындау жолында жұмыстанамын, — деп, Барақпен қолдасты. Сол күні тағы да дұрыстап конақасын беріп, Неплюев конақтарын шығарып салды. Барақтың даусынан сол күні үлкен көңілділіктің белгілері білініп отырды. Әбілмәмбеттің де көңіл-күйінің жаман еместігін ыңылдап ән салуынан-ақ байқауға болатын. Тек Абылайдың ғана қабағының ашылмай түнерген түрін көріп, Әбілмәмбет пен Барақ ашық әңгіме айтуға батылдары бармады. Бұлардың жүздерінен көрініп тұрған қуаныштарының арғы түбін түсінген Абылай Барақты шауып тастағысы келіп, қылышының балдағына қолы әлденеше рет барып, кайта алды. Еліне бір адам еңбек етсе, Әбілқайырдай-ақ етер. Сол Әбілқайырды көре алмаған Барақ бастаған керсоқырларға не жасасаң да, не айтсаң да ем болмайтынына көзі жетіп келеді.Қонақтарын аттандырып салған Неплюевтің ойынан Абылайдың айтқан мірдің оғындай болған сөздері мен өңменінен өтетін жанары, езу тартуды білмейтін көксүр бет-әлпеті кетпей койды. "Түбінде қазақтың басын біріктіріп хан болатын осы болар" деп топшылады."Кіші жүз ханы Әбілқайырды өлтіргеннен кейін көп ұзатпай Барақ сұлтанның өзінің көзін жоймаса болмайтын шығар" деген ой көкірегін шымшып өтті.Әбілқайыр сол кезде өзінің жағдайын толықтай түсіндіріп Петербургке, Тевкелевке хат жазды. Хатта губернатор Неплюевпен түсінесе алмай жүргенін айта келіп, көмектесуін сұрады.Әбілқайырдың Тевкелевке хат жазғанын, хаттың ішіндегі әңгімелерге дейін Неплюев біліп отырды. Әбілқайырдың хатшысы башқұрт жігіті Құдабай Неплюевтің жансызы еді. Әбілқайырдың айналасындағы барлық қозғалысты Неплюев осы Құдабай арқылы біліп отыратын-ды. Бұл жолы да солай болды.Әбілқайырдың шақыруымен Петербургтен Ор қаласына 1748 жылы генерал-майор Тевкелев келді. Тевкелевтің шақыруы бойынша Әбілқайыр қасында Кіші жүздің өзінің маңындағы басты адамдарын ертіп, Ор қаласына жүрді. Атты адамға он күндік жолды өте суыт жүріп, бес күнде Орға келді.Тевкелевпен бір жетідей бірге болды. Әбілқайыр орыс патшасы мен губернаторға деген өкпесін толықтай бүге-шігесіне дейін баяндап айтып шықты. Тевкелев жағдайды бірден толық түсінді. Қазақтардың Россия патшасына толықтай бағынып боданы болуына орыстар жағынан еңбегі сіңген нағыз қайраткер, мықты дипломат, теңдесі жоқ саясаткер осы Тевкелев еді. Соңғы кездері мемлекетаралы қатты шиеленіскен даулы жерлерге патша осы Тевкелевті жіберіп ымыраға келтіретін-ді. Тевкелев Әбілқайырдың аманатқа берген Қожахмет атты баласын қайтар қызды. Орнына өзінің ортаншы үлы Айшуақты қалдырды. Тевкелев Әбілқайыр мен Неплюевтің арасындағы келіспеушілікті жойып, достастыруды өз міндетіне алды. Әбілқайыр ашуын таратып, Ақ патшаға барынша таза қызмет етуге уәдесін беріп, кері қайтты.Неплюев Әбілмәмбет, Абылай, Барақтарды шақырғанын, олармен оңаша сұқбаттасқанын, көп ұзамай-ақ Әбілқайыр өзінің жансызы арқылы білген Барақтың губернатордан арақ ішіп шығып, "Әбілқайырдың ажалы енді таянды" деп тұрғанын естіген Ор қаласындағы бір қазақ Әбілқайырға жетістірген-ді. Осы жағдайға байланысты Орынбор қаласына соқпай, Неплюевпен хабарласпай тікелей Ырғыздағы ордасына жүріп кетті. Кіші жүздің жеріне орналасқан қарақалпақтардың бір бөлігі жоңғарларға беріліп кетіп, сол үшін Әбілқайырдан үнемі теперіш көріп келді. Және Ақтабан шұбырынды кезінде Қарақалпаққа келіп қосылған Ұлы жүздің жалайыр руларынан екі мыңдай шаңырақ бар еді. Сол жалайырдың басты адамдары Әбілқайырмен келісіп, ауылдарын Торғай бойына көшіретін болған. Жалайырлардың ішіңде оғы болса Әбілқайырды атқысы келетін дұшпандары да кеп еді. Соның да салдары болар, жалайырлардың көшуіне Әбілқайыр қарсы болған жоқ. Сол көштің ішінде үш-төрт ауыл қарақалпақтар да ере көшіпті. Көшіп келе жатқан елге Барақ пен Көшек сұлтандар "сендер Әбілқайырдың ауылысыңдар" деп тиісіп, қарусыз көшті басып алулы. Осы қақтығыстың кезінде қарақалпақтың жүз шамалы үйі қашып шығып келе жатқанда алдарынан Әбілқайыр шығып мән-жайды түсінген. Қарақалпақтар қателігін мойындарына алып, көштің басын кері бұрған.Әбілқайыр Барақтардың басып алған ауылдарын құтқармаққа бел байлайды. Қасындағы жолдастарының "біздің қару-жарағымыз жоқ және бар болғаны қырықтың үстіндегі ғана азғантай адамбыз" дегенін тыңдамай Әбілқайырды ажал айдап, Бараққа жүргізеді. Үстінде сауыты жоқ, қолында найзасы жоқ Әбілқайыр бастаған бір топ адамды көргенде Барақ қатты қуанды. Әбілқайыр көзсіз ер болатын және соғыс өнеріне де өте жетік еді. Келген бойда алдында кездескен үш-төрт адамды атынан аударып тастады. Қолындағы бұзаутіс дойырмен қарулы адамдарды жақындатпады. Сол мезгілде артынан келген Барақтың баласы Шығай қылышпен оң иығын шауып ат жалын құштырды. Шауып жеткен Барақ найзасын оң жақ жауырынның астынан қос қолдап ұрғанда көзі қарауытқан Әбілқайыр тас қараңғы тұғиық әлемнің ішіне кіріп, мәңгілікке кете берді.Әбілқайыр ақ жал құла жорғаның үстінен екі бүктетілген күйіңде жерге құлап түсті. Ақ жал кұла ат иесін иіскеп жіберіп, үш рет кісінеді де байланған аттай орнынан қозғалмай қақшиып, оқтын-оқтын оқыранып тұрып алды. Барақ жан-жағына қарап, бет-жүзі әлемтапырык болып, көзі жерге түспей алақ-жұлық етіп, қарлыққан дауыспен:—      Әбілқайырды мен өз қолыммен өлтірдім, ешкімнің жұмсауымен өлтіргенім жоқ қанын ішіп, кегімді алдым, — деп айқайлаумен болды.Ұрыс та, алыс-жұлыс та басылып қалды. Төбелесіп жатқандар аңтарылып тым-тырыс болды да қалды. Осы үнсіздікті елді бастап көшіріп келе жаткан жалайырлардың басшысы Аманжол бидің күңіренген сұсты даусы бұзды:—      Құдай ұрған екен ғой, құдай ұрды ғой сені, Барақ сұлтан, канша ұрысқанмен, осылай етуге қалай дәтің шыдады? Әбілқайыр калмақ емес еді ғой, қазақтың ханы еді, — деп, аттан түсіп, әлдеқашан жүрегі тоқтап қалған Әбілқайырдың басын сүйеді.Барақ ештеңе естімеген адамдай астыңдағы қара атты қамшымен бір тартып, шаба жөнелді. Соңынан баласы Шығай бастаған үш жүз адамдай қарулы жасақ та еріп кетті.Көшіп келе жатқан жалайырлар мен қарақалпақ ауылдары амалсыздан жүктерін түсіріп, еруледі. Киіз үй тігіліп, арттан адам келгенше Әбілқайырдың жансыз денесі үйге кіргізіліп, сол жақ керегенің іргесіне жатқызылды.Әбілқайырдың өлімін естіртуге ауылдан бірге шығып, Ор қаласынан бірге келе жатқан адамдардың ішінен белгілі жасы үлкендері Әбілкайырдың ордасына шұғыл жүріп кетті. Бұдан басқа да жан-жаққа ханның өлімін хабарлауға жаушылар аттанды. Екі жас жігіт қос атпен Он екі ата Байұлына аттанып кетті.Х - тарауКекХанның өлімін хабарлауға Кіші жүздің еліне әр тарапқа хабаршылар жөнелтілді. Байұлына аттанған хабаршының біреуі Мұғаджардағы Назарларға, екіншісі Желтаудағы Атағозы мен Қонайларға бағыттады.Әлімдер мен Жетірудың азаматтарына мезгілінде хабар жетістірілді. Он екі ата Байұлынан ханның азасына алты жүздей бойдақ қой, екі айғырдың үйіріндей жылқы айдалды. Малдарды бабымен қозғап, асықпай жеткізуге тапсырма беріп, өздері өте суыт жүріспен отырып, ханның жеті күндік садақасына зорға үлгеріп жетісті.Абылай, Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Бөкенбай, Қазыбек би, Бұхар жырау бастаған ханның азасына келген тағы да басқа қазақтың бетке ұстар батырлары мен сұлтандары, билері үш күндік садақасын өткізгесін елдеріне кетіпті.Жәнібек бастаған Орта жүздің жүз қаралды адамы Әбілқайырдың жеті күндік садақасын өткізісуге қарап қалыптыКіші жүзден келген жүз елулей адамның үштен екі бөлігі жеті күндік садақасына қатынасып кері қайтты. Назар бастаған Байұлының елудің үстіндегі адамы қырық күндік садақасын өткізісуге қарап қалды.Қайғылы қазаның үстінде Әбілқайырдың өлімі турасында шешімді әңгіме айтылған жоқ.Бөкенбай мен Шотан қол жинап Барақты шабуға ниетінің барын әкесі Назарға ақылдасқанда Назар батырларға қарап:—      Барақтан кек алу дегенін бөтен емес шығар Бірақ бұл жұмысқа асығыстық жасамаңыздар. Әбілқайыр қарадан шыққан адам емес, ол — хан тұқымы. Оның билікке қосылып қалған балалары бар. Мен кеше Әбілқайырдың үлкен баласы Нұралыдан осы жағдайды оңашада сұрап қарағанымда, ол "бұл мәселе орыстың заңымен шешіледі" дегендей әңгіме айтты. "Егер де олай болмай жатса, онда басқаша жолдарын ақылдасып шешерміз"деді. Сондықтан сабыр сақтаған жөн. Екіншіден айтарым; барып Барақты шауып өлтіреді екенсіңдер, оның артының не боларын білесіндер ме? "Ханның басын хан алар, қардың басын қар алар" деген әңгіме бар. Бұл тегіннен-тегін айтылған сөз емес. Біз — тек қана ханға қыз берген қайын жұртымыз. Егер орыс шара қолданбай Барақ бостандықта қала берсе, ержеткен, ел басқарып жүрген балалары Нұралы мен Ералының ауыз-ләміне қарай іс жасаған дұрыс болады. Барақтың басы сендердің қолдарыңызбен алынбауы керек, алынса, тек қана хан тұқымының адамының қолымен орындалатын жаза екенін естеріңізден шығармаңыздар, — деді Назар.Назар бастаған Байұлының азаматтары Әбілқайырдың қырық күндік садақасын өткізісіп барып, елдеріне оралды.Уақыт дегенің адамдарға байқатпай ілгері жылжи береді ғой. Әйтіп-бүйтіп жүргенде Әбілқайырдың жыл садақасы да берілді. Әбілқайырдың жьлы өтісімен 1749 жылдың қыркүйек айының басында орыс патшайымы Елизавета Петровна Нұралыны Кіші жүзге хан етіп тағайындаған указға қолын қойды. Нұралы Кіші жүзге хан болып тағайындалғаннан кейін губернатор Неплюевке Барақты қылмысқа тартып, сот арқылы қатаң жаза бергізуді ұсынды. Ол кезде Россия заңында өлім жазасы бар болатын. Неплюев тағы да бұрынғы ескі тәсіліне салды. Нұралыға қарап:—      Сол Барақты үлкен әңгіме жасамай-ақ, жұрт білмейтін жолмен өзің де жазасын бермейсің бе? — деді. Абылай да Неплюевке Бараққа орыс заңы бойынша ең ауыр жаза қолдануды талап еткен болатын. Әбілқайырды өлтіргеннен кейін Барақ Неплюевке келіп бірнеше рет жолыққан. Ең соңғы кездескенде Барақ:—      Мені Орта жүзге хан етпей-ақ қой, Россия заңымен жазалатпасаң болады. Мен билердің сотынан ақталып шықтым.—деп губернатордың келісімін алып кеткен еді. Ендігі Неплюевтің ниеті Барақты не Абылайдың, не Нұралының қолымен өлтірту болатын.Неплюевтің ойынша, еңді Абылаймен таққа таласатын тек қана Барақ. Олай болса, Барақтың көзін Абылайдың өзі де жоюы мүмкін. Абылай болмаса, Нұралының дегеніне жетпей қоймайтынын Неплюев жақсы біледі.Барақ Кіші жүзден Төртқарадан Каратоқаны, Орта жүзден Каракесек Мәмбет аталығын, Ұлы жүзден Найман Өтебайды және белгілі рубасы билерден Қозанайды, Олжабайы, Сырлыбайды, Қара-Өтекті алдырып, өзіне сот құрғызып, ақталып алған-ды. Барақ кезі жоқ Әбілқайырға жала жауып, Хиуадан күйеу баласының жіберген керуенін тонап алды, — деп, куәлікке Кіші жүзге қарасты қарақалпақтың бір-екі адамын "Әбілқайырдың үш түйеге жүктелген керуеннің адамдарын өлтіріп тартып алғанын көрдік" дегізіп, куәлікке тартқан.Қарақалпақтың үш жігітін артынан Нұралы хан таптырып алып тұтқындап: "Шындарыңызды айтсаңыздар босатып жібереміз, болмаса, өлтіреміз" деп соққының астына алған кезде үшеуі де өтірік айтқандарын мойындап, Барақтың астарына ат мінгізіп, әрқайсысына бір жылға күнелтісіне жететін күміс ақша бергенін айтып, сондықтан куә болғандарын ант-су ішіп отырьып мойындаған.Бұл жағдайды Нұралы хан губернатор Неплюевке және Орта жүздегі Абылайға, қанжығалы Бөгенбайға, шақшақ Бөкенбайға, Жәнібекке, қаракерей Қабанбайға, Төле мен Казыбек биге ресми түрде мәлім еткен. Кіші жүздің сұлтандары мен билеріне, батырларына да ханға жабылған жаланы әшкерелеген хабарын жеткізген.Осы кезде Әбілқайырдың бәйбішесі Бопай ханым баласы Нұралыға:—      Әкеңнің кегін қайтаруды ұзаққа созып жібердің, — деп ренжіп, орыс тілін жатық сөйлейтін, қатесіз жазатын Нұралыдан кейінгі баласы Ералы сұлтанға арыз жаздырып, екі рет губернатор Неплюевке өзін жіберіп алған.Ералы сұлтан екінші рет барып губернатормен сөйлескенде Неплюев:—      Барақ қазірде ұстатпай бізден қашып жүр, Нұралы ханмен ақылдасып, шарасын аламыз, — деп екіұшты әңгімемен шығарып салыпты.Бұдан әріге шыдамы жетпеген Бопай Кіші жүздегі төркіндеріне, оның ішінде Байұлының адай тайпасының ауызы дуалы билері мен батырларының ішінен Назарды, Саназарды, Абызды, Шотанды, Атағозыны, Қонайды, Арғынбайды, Айбасты шақыртты.Бопай ханым жауынгер ел адайдың ішіңде тұқымынан батыр болып келетін кек найзалы Табынайдың ер Сүйіндігінің қызы еді. Жас жігіт кезінде аң аулап жүрген шағының бірінде аты жығылып, құлап мертігіп, Сүйіндіктің ауылына тап болып. туғаннан сынықшы он алты жасар Сүйіндіктің қызы екі бөлініп сынған ұнжырғаны орнына салып, жиырма бір күнде жазып, атына өзі қолтығынан демеп мінгізіп жіберген адамы осы — Әбілқайыр ханның өзі еді. Әбілқайыр еліне барысымен құда аттандырып, қалыңмалын беріп алған Бара бәйбішесі осы Бопай болатын.Әбілқайырдың Бопайдан туған Нұралы, Ералы, Әділ, Айшуақ. Қожахмет атты бес баласы болды. Әбілқайырдың бұл балаларының бәрі де сауатты, орыс оқуын оқығандар болатын. Кейбіреулері алты-жеті жыл орысқа аманатқа беріліп, орыстың тәрбиесінде болып. орыстың әдет-ғұрпына дейін білетін-ді.Енді, міне, бүкіл қазаққа белгілі, тек қазақ емес орыстың билеушілеріне жақсы таныс, қалмаққа да, башқұртқа да тырнағын батырған бүкіл қазақ әскерінің Бас сардары, Кіші жүздің ұлы ханы, Бопайдың жары Әбілқайыр қара ниетті Барақтың қолыңан қапияда қаза тапқанына екінші жылға аяқ басып отыр. Хан тағына отырғаннан кейін әкесінің кегін алудың түрлі амалын Нұралы да қарастырып жатқан еді.Бопайдың шақырған Қыдыр көрген екі ағасы Назар мен Саназар сынды ақсақалы Адайдың Шотан бастаған жүрек жұтқан батырларын ертіп, хан ордасына келіп түсті.Бопай төркіндеріне қысыр емген жабағы сойғызды да, куырдаққа семіз бұзау бауыздалды.Келесі күні Бопай ханым жағдайды толық баяңдап айтып шықты. Әбілқайырды өлтірткен губернатор Неплюев екенін, қазірде Барақты ұстамай, жаза қолданбай отырғанын әңгімеледі. Содан соң:—      Енді сіздерді шақыртқан себебім, бұл жұмыс ұзаққа созылып барады. Барақты жазалау, одан кек қайтару бара-бара сиырқұйымшақтанып, жайына қала ма деген ой маған маза берер емес. Әрі Кіші жүздің ханы, әрі өздеріңіз қолдарыңыздан тойын жасап қыз берген күйеу балаларыңыз, бүкіл елге атағы кеткен Әбілқайырдың кегін Барақтан кайтару үшін сіздерді шақырттым. Бұған не айтасыздар, менің ағаларым? — деп Назар мен Саназарға қарады.Назар Бопайға:Қарағым, Бопайжан, өзіңнің не ойың бар? Сенің ойлағаныңды, қолдан келсе, біз орындайтын шығармыз, — деп, Саназарға қарады. Саназар да Назардың айтқанын қайталап:—      Қаңдай міндет артасың, бізде де ар мен намыс бар, осы кезге дейін Барақтың талтаңдап жүргеніне біз де намыстан күйіп отырмыз, - деді.Олай болса, — деді Бопай, — Шотанжан, қасындағы батырларыңды ертіп, қазірде Карнақта отырған Бараққа барып жазасын беріп кайтасыздар. Барақты өлтірмеңдер. Ол — канша қанішер болса да, хан тұқымы. Хан тұкымын төркіндеріме өлтіртіп, айықпайтын дауға,аямайтын жауға қалдыра алмаймын. Барақты түбінде Әбілқайырдың балалары бар ғой, солар өлтіріп әкесінің кегін біратала ала жатар. Мен оны өлгенше елдің алдында тірі өлік еткім келеді.Бопайдың осы әңгімесін белгілі ақын, "Дарын" сыйлығының лауреаты Светқали Нұржан "Хан кегі" дастанында былай деп суреттейді.Ендеше. тарт, Бараққа, Қарнақтағы!Орыстың асыранды қан-қақпаны.Ойымен аран қазып жатқан шығар,Тағы бір бейкүнәні зарлатқалы. Мойынға жүктемейсің харам қанын,Келген соң айтасыңдар маған бәрін.Ұл-қызын жазым қылып жүрмеңіздер,Ашылып шері мінез — арандарың Қолында бір Алланың — еркі кімнің,Сендерге Ар-туыстың сертін ілдім.Төренің қанын артып мойыныңа,Қоя алман қолын былғап төркінімнің. Безгені белгілі ғой маза менен,Қайдағыдан осы жолы тазарар ем.Жасалмау үшін мұндай қанды қылмыс,Ешкім де естімеген жаза берем. Ай, Шотан!Саған айтам, от қаптырып,Күл-көмеш босағасын аттап кіріп,Жауыңды табанга сап, таптап тұрып,Айтарсың айтарыңды, қақтап, тіліп! Тәжін ал, ең әуелі, басындағы,Кісесін кетпе ұмытып қасындағы.Асасын, бес қаруын түгел сыпыр,Мөрін ал, саусағының тасын-дағы! Содан соң біржолата "ақталап " кет,Көрінсін қара жүзі ақ та көк боп.Күзеп ал иектегі құрым қылын —Күзелген қала берсін қатпа көрт боп Ұрғанда төбесінен салмақтап кек,Жатсын бір арам қанын талмап көкбет.Құны жоқ қауға құрлы жұртта қалған —Кәлласын ұстарамен шаңбақтап кет. Бақыраш көтере алмас қазан жүгін,Дегенмен, кетпес осы жазам қырын;Қатыннан айырмасы қалмау үшін.Тіл, екі құлағының азандығын! Ханымдық белгісін ал қатынының,Өргізіп жүрмесі үшін тақымы жын!Танысын Ер қолынан саны құнын —Жыландай жынға оралған бапы — бұрым!Тұлпарын тайша күзеп, тұлдарсыңдар,Тіліңдер туырлығын шатырының. Содан соң көріп алдық болған ісін,Тигізген осы болсын қолғабысың...Бұл бәнім неше күнгі толғанысым, —Айтайын, әлгілердің мен мәнісін. Жанардың жастық куә жасы қалған,Осы-дүр басымдағы асыл арман.Төренің төріндегі тәжін алсаң —Мың есе жеңіл одан басын алған Көз жасым өртер оның от боп көрін,Үркітер кеудесінен көк кептерін.Кісесін беліндегі шешіп алу —"Беліңді сындырғаным!" деп кеткенің. Бәрібір сатқының не, жендетің не —Бәрі де түптің түбі —елге түрме...Айырылсаң-асаң менен бес қарудан,Ешкімге бола алмайсың ер де, пір де! Мына бір күлбеттенген өңсіз жалған,Жараңды қанатпай ма ең сыздаған.Сатқынның хақысы жоқ мөр ұстауға,Мөрсіз хан — мүрдемен тең көрсіз қалған. Дерттенген күндерімде кірмей маза,Серт бергем — Жіберем, — деп, — зілдей қаза!..Төрені өз төрінде күзеу деген —Ақталап жібергенмен бірдей жаза! Лайық жазаны іздеп неше бір күн,Санамды қиялыммен көседім мың...Ханымның белгілерін алып кетсең,"Қожасы — мен, — дегенің, — төсегіңнің!'" Аржағы өздеріңе мәлім шығар,Бала емес, түбіжіктеп бәрін сұрар.Үлгі ұрып алты Алаштың баласына,Күн туды жездеңіздің Арын сұрар!  (Таң қауызын жарғанда", 3 том. 239-341 беттер).Бопай тапсырмасын бергеннен кейін Назар мен Саназардан бата алып, Шотан бастаған Атағозы, Қонай, Арғынбай, Айбас батырлар атқа қонды. Қастарына жолды жақсы білетін Нұралы ханның қорғаушысы, әйгілі палуан, барымташы Салпықты алды.Барақтың жауынгер жасағының басшысы болып жүретін Адайдың Алақұнан тайпасынан шыққан белгілі батыр Майлыбайды және оның інісі Барақтың күзет тобының жетекшісі Боранбайды да Шотан жақсы танитын-ды. Жолда келе жатып Салпықтан осыларды сұрағанда қазірде де бар екенін, бұрынғы қызметтерінде жүргендерін естіді. Ақтабан шұбырынды кезінде Байұлы Әзіретінің Алатауынан көшкенде Мұңалдың бір баласы Алақұнан аулының көшпей қалғанын, артынан қалмақтардың қозғалысынан хабар беріп, тыңшылық қызметтер атқарғанын әңгімеміздің бас кезінде айтып кеткенбіз.Әуелден Барақ ауылымен қоныстас болып, қалмақтарға қарсы тізгін қосып, бірге соғысып, өздерінің ерлігімен көзге түсіп жүрген ағайынды Майлыбай мен Боранбай Барақтың сеніміне мықтап кірген адамдар болатын. Әбілқайырды өлтіргелі Барақтан Майлыбай мен Боранбайдың көнілдері де суый бастаған.Бұрын қарауында қырық мың үйі бар Барақ сұлтанның қазірде соңынан ерген түтін саны төрт жүзге жетпей қалған-ды. Әбілкайырды өлтіргесін-ақ елдің көпшілігі Барақтан бойларын аулаққа салған. Барақтың төңірегінде өзіне тете жақын ағайындары, құдандалы, бөле-жиендері, түрлі жекжаттары ғана қалған болатын.Майлыбай мен Боранбайдың ауылдары — сегіз-тоғыз үй Қарнақтан бергі Шағырлы деген жерде өз малдарының жайында жайлауда еді. Шотан Қарнаққа емес, әуелі Шағырлыдағы Майлыбайлардың ауылына барғанды дұрыс көрді. Жолшыбай көзге түспеу үшін елсіз жермен жүргізетіндігін ойлап, Салпықжол азықты да дұрыстап алып шығыпты. Соның арқасында ешкімді кездестірместен бес күн жүріп, алтыншы күні сәскеде Алақұнан ауылына ат басын тіреді. Ауылдың сыртына келіп кідіріп, аттарынан түсе бастағанда ортадағы үлкен ақбоз үйден екі жас жігіт шығып жүгіре басып келіп, сәлемдерін беріп, аттарды ұстап, кермеге байласып, "жол болсын" айтып жөн сұрасты. Шотан бірден Майлыбай мен Боранбайды сұрады. Жігіттер: "Екі аға да ауылда", - деді де:—      Өзіңіз кім боласыз? — деп, Шотанға қарады.—      Менің атым — Шотан, Адаймын, барып, ағаларыңа қонақ келіп жатқанын хабарла, — деді Шотан. Жас жігіттер тездетіп барып хабарды айтқан бойда үйден Майлыбай да, Боранбай да шығып, қонақтармен көрісіп амандасты. Майлыбай Шотанға:—      Көрмегелі қанша уақыт болды, аман-есен жүрсің бе, Шотан батыр? Жүрісіңіз қайырлы, жолыңыз оң болсын, — деп, Шотан екеуі қайтадан құшақтасып амандасты. Сол күні Шотандар Майлыбайдың үйінде ту бие сойдырып, қонақ болды.Келесі күні ауылдың сыртындағы қара төбенің басына шығып, Майлыбай мен Боранбайға жүрісінің жайын түсіндірді.—      Сіздер түгіл, Ұлы жүзде қалған біздер де осы уақытқа дейін жездеміз Әбілқайырдың кегін Барақтан алмай жүргендеріңізге қатты намыстанып жүр едік. Жолдарыңыз болады екен. Дәл мезгілінде келіп отырсыздар. Бір айдың шамасындай болып қалды, біздің жағымызда қасқыр деген жау пайда болды. Жылқы малы шарта күзетте тұр. Шашау шықкан жалғыз жарым жолаушыны да жазым етіп жатыр. Барақтың бес мың жылқысын бар жылқышысы мен күзетшілері қосылып, күндіз-түні күзетіп бағуда. Қазір ордада Барақты күзететін Боранбай екеуміз. Үлкен кісіміз сырқостанып қалып, Барақтың қасындағы өз отауларымызды ауылға көшіріп әкелгенімізге де бір айдай уақыт болған. Үлкен кісіміз қазір жақсы болып жазылды. Ауылдан, малдан хабар алу үшін кеше сіздердің алдарыңызда біздің де Барақтан үш-төрт күн рұқсат алып келген бойымыз еді. Барақта қазір күзет жоқ. Үш күннен кейін біз отауларды қайта көшіріп баруымыз керек. Енді сіздердің жұмыстарыңызға байланысты, түскі қонақасыдан кейін Бараққа аттанып кетсек, түн ортасынан ауа Қарнаққа, құдай сәтін салса, барып көңілдеріңізге алған істерңізді бітіріп қайтасыздар, — деді. — Біздер де ертеңіне кайтып келіп, арғы күні үйлерімізді көшіріп, Барақтың ордасының қасына дым білмеген адамша апарып тігеміз.—      Қазір Барақтың жасағында бас-аяғы бес жүздей жігіт қалды. Олар ауылдарында малы бар, әртүрлі тірліктері бар, сонымен айналысып жатыр. Солардың көбі — менің жекжаттарым. Олар да Барақтан ат-тонын аулақ салғысы келіп жүрген жігіттер. Турасын айтқанда, соғыс жағдайы бола қалса, көбі Барақтың соңынан ермейді, менің соңымнан еретіндер. Қажет болып жатса, бір керегіне жарайтынымызды Нұралыға айтарсыздар,-деді Майлыбай.—      Заты әйел демесең, апамыз Бопайдың тапсырмасынан ақылдың кені екені көрініп тұр. Барақты халықтың алдында қарабет қылып, мазақтап өлтірудің жолын қалай ойластырған?! Кіші жүзге апамыздың өзін хан сайласа да болғандай екен. — деп, Майлыбайдың көңілі бітіп отырды.Түскі астан кейін Шотан бастаған сегіз адам Алақұнан ауылынан Қарнақты бетке алып, аттанып кетті.Майлыбай жолда Барақтың қазірде ауру екенін әңгіме қылды. Түнде бастығырылатынын, күндіз де кейде ауысып сөйлейтінін, бұрынғы Барақ емес екендігін, көңілсіз сүлесоқ жүргендігін білдірді.Жолаушылар түн ортасы ауа Қарнаққа Барақтың ордасына жарты шақырымдай жер қалғанда тоқтап аттарынан түсті. Шотандарды осы жерде күттіріп, Майлыбай мен Боранбай Барақ сұлтанның ордасына кетті. Сүт пісірімдей уақыттан кейін екеуі де қайтып оралды. Екеуі Барақты күзететін үлкендігі тайдай екі төбетті тұмылдырықтап жетелеп келіпті. Келісімен Майлыбай аттардың қасына Салпықты және екі төбеті мен Боранбайды қалдырды да, қалғанын ертіп, Барақтың ордасына жөнелді. Ордаға жақындағанда Қонай мен Айбасты желідегі қара арғымақты күзеп, орданың туырлығы мен үзігін тілуге қалдырып, өздері алқасыз тұрған орданың есігінен жымын білдірмей алтын керуетте шымылдықтың ішіндегі Барақ пен оның бәйбішесіне жақындап келді де, шымылдықты жұлып лақтырды. Көз ілеспес жылдамдықпен керуетте жатқан Барақты Шотан жұлып алып кеудесіне мініп, ауызына даярлап келген шүберегін тығып үлгерді. Есі кетіп калған Барақ көзін бір ашқанда кеудесіне мініп отырған бетін қара нәрсемен тұмшалап алған адам ба, әлде жын-перілердің өзі ме, ажырата алмай, екі қолын тізесімен басып кеудесін жаншыған алапат күшке шыдамай, талықсып кетті. Барақтың қол-аяғын буып, Шотан мен Атағозы сақалды күзеп, қолындағы мөрлі сақинаны алып, тақтың үстіңдегі тәжді алып, кісесін, деңментін алып, бәрін жолқоржынға салып болғанда Айбас та Барақтың қойнындағы бәйбішесінің бұрымын түбінен кесіп, мойнындағы алтын алқасын, қолындағы гауһарлы сақинасын алып, сақал салынған қоржынға оларды да әкеліп салды. Шотан еңді соңғы шаруасына кірісті. Беліндегі алмас кездікпен Барақтың екі құлағының да азандығын тіліп, басының құйқасын тіліп Адай таңба салды да, ауызындағы шүберегін алды. Ол кезде Арғынбай найзаны, қылышты, садақты, шоқпарды, сауытты жинап алып, есіктің босағасында үнсіз тұрған Майлыбайға ұстатты да "шыға бер" деп ымдады. Майлыбай жылыстаумен ордадан шығып кетті. Осы кезде барып Барақтың есі кірді. Алакөлеңке ордадағы беттерін тұмшалап алған адам екенін және не істеп тұрғандарын орданың тілінген үзігін көргесін барып түсінді. Дауысы қырылдап:—      Кімсіңдер? Бұлай етіп кетпеңіздер, өлтіріп кетіңіздер, — деп булығып қалды.Сонда Шотан Барақка карап:—      Ертең басыңа айнамен қарарсың, соңда біздің белгіміз тұр, кім екенімізді содан білерсің. Бұны саған құдайдың жіберген жазасы деп білерсің, Барақ. Менің кім екенімді енді танып жатқаныңды сезіп тұрмын. Сені де, бала-шағаңды да әлдеқашан өлтіріп кететін едім. Оған апамыз рұқсат етпеді. "Барақты өлтірме, бала-шағасын жазымдама, әйелі мен екеуіне осы жазаны беріп кел" деп жұмсаған сол апамыз. Және жүрген жүрісіңізді Барақтың елінен бір адам білмесін деген тапсырма берген. Біз осы тапсырманы түгелдей орындадық. Енді сенің үш айсыз ешкімнің бетіне қарай аймайтындығынды да білеміз. Үш айдан кейін кездескің келсе. Кіші жүз күтіп алатын болады. Бұл жолы өлмей қалғаныңа шүкіршілік етерсің, Барақ сұлтан, — деп, батырлар есіктен шыға берді.—      Шотан, өлтіріп кет мені! Өлтіріп кет деймін! — деп Барақ қырылдап барып, тағы қалып кетті.Майлыбай мен Боранбай ауылдарына тікелей жүрмей із тастап солтүстікке қарай бағыттап кетті. Салпық Шотандарды да батыска қарай шашырата жүргізіп, қозыкөш жер жүргеннен кейін ауылдарына беттеді. Шотандардың жүрісі өте суыт болды. Таң құлан иектенгенше сексен шақырымдай жерді артқа тастап үлгерген еді. Немесе жеті күндік жолды төрт күн жүріп, Әбілқайырдың ордасына келіп, Бопай ханымның тапсырмасын толық орындағанын әкелген заттарын табыс ету арқылы білдірді.Әбілқайырдың ордасында үш-төрт күн демалғасын Назар, Саназар бастаған топ елдеріне аттанды. Нұралы хан нағашыларының әрқайсысына күмістелген ер-тоқымды, алтын жалатқан үзеңгілі түркіменнің ақалтекесінен бір-бір боз арғымақ жетелетті. Нұралы мен Ералы қарулы жасақтарын ертіп бір күндік жерге дейін қонақтарын шығарып салып, Назар мен Саназарға:—      Жолдарыңыз болсын, ағалар, еңбектеріңіз Алладан қайтсын! — деп қоштасты да, Шотанға қарап тұрып:—      Нағашеке, шешеміздің арманы орындалды, мұныңызға рахмет! Барақта енді көп жер басып жүре алмас, оны өз мойныма аламын, — деп, атының басын кері бұрды.Соңынан жылға жетпей Қарнақта бір қожаның үйінде Барақтың уланып өлген хабары естілді.ХІ - тарауЖоңғар мемлекетінің әлсіреуіҚонтайшы Қалдан-Серен өлгеннен кейін оның балаларының арасында таққа талас басталды. Осы таласта жеңіп шыққан Қалдан-Сереннің ортаншы ұлы Сыбан-Доржы бір мың жеті жүз қырық жетінші жылы таққа отырды. Сыбан-Доржының қонтайшы болып сайлануына Чорас ақсүйек нағашыларының үлкен көмегі болды Сыбан-Доржыны бес жылдан кейін туған ағасы Лама-Доржы өлтіріп, өзі таққа отырады. Лама-Доржыға "күннен туған, таққа ие болуға хақысы жоқ" деп танып, кейбір тайшылар мен нояндар қарсы күрес жүргізеді. Олардың талаптары бойынша ата тектері жөнінен контайшы болып Әмірсана мен Дабашының біреуі жоңғар тағына отыруы жөн деп табылады. Осы жағдайларға байланысты қалмақ жұрты екіге бөлініп, бірімен-бірі соғысадыДабашы мен Әмірсананың әскері жеңіліп, екеуі 1751 жылы Қазақ Ордасына қашып келіп, бас сауғалайды. Қазақ еліне қашқан Әмірсана мен Дабашыны кері қайтару жөнінде Лама-Доржы үш рет елшісін жібереді. Бірінші келген елші Әмірсана мен Дабашыға тікелей келіп, қонтайшының сәлемін жеткізеді. Онда бітуәжалық әңгімесін айтып: "Өз еріктерімен, келісімдерімен қайтадан өз елдеріне оралса, менің қоластымда болып қызмет атқаратын болса, бұрынғы отырған елдімекендерін, ұлыстарын мал-жанымен қарауларына беремін" деген. Бұл әңгіменің жалған екенін, егер бұл сөзге сеніп қайтып барған жағдайда алдарынан ажалдың күтіп тұрғанын екеуі де жақсы білді. Сондықтан да олар өздерінің туған халқына Лама-Доржы отырғанда өз еріктерімен бармайтынын білдірді. Осыдан кейін барып қалмақ ордасынан екінші рет елшілер келіп, Әбілмәмбет пен Абылайдан қашып келген қалмақ нояндары Дабашы мен Әмірсананы байлап беруді талап етеді. Ол кезде қазақ ханы Әбілмәмбет делінгенмен, негізгі биліктің тізгіні Абылайға көшкен еді. Екінші келген елшіні "ойланайық" деп кері қайтарады. Үшінші рет келген елшілерді қабылдаған Абылай: "Бастарына күн туып пана сұрап келген адамды жауының қолына беріп жіберетін қазақта дәстүр жоқ, сондықтан бұны хан ордасындағылар шеше алмайды. Бұл жағдайды үш жүздің құрылтай кеңесін шақырамыз, сонда шешіледі", — деп, қалмақ елшілерін күттіріп қойғызады. Шындығында, Абылай құрылтайды қалмақ елшілері келместен бұрын Әбілмәмбет арқылы шақыртып қойған-ды. Оның себебі, жоңғар қонтайшысы Лама-Доржының қазақ еліне басып кіруге даярланып жатқанын, Әмірсана мен Дабашыны тек сылтау етіп отырғанын естіген болатын.Сол уакытта Абылай күтпеген жерден өте тиімді шешім қабылдады. Ол Сайын-Бөлектің қазақ шекарасында Бұратолада тұрғанын, Намеху-Жырғалдың қырғызға қарсы аттанғанын біліп алды да, Әмірсана мен Дабашының үш мың қалмақ қолына қазақтың сұрыпталған екі мың адамнан тұратын жасағын қосып, бес мың қолды жоңғар Ордасына құпия аттандырды. Қыстың күнінде қалмақ ордасын жау басып қалады деп ойламаған Лама-Доржыны өз ордасында Дабашы өз қолымен өлтіреді.Сөйтіп, ертесіне қалмақ ордасын басып алған Дабашы мен Әмірсана билікті қолдарына алады Жоңғар қонтайшысы болып Дабашы таққа отырады.Қазақ жерінің шекарасында тұрған жоңғар әскерін кері қайтарып, Сайын — Бөлекті тұтқынға алады. Бұл хабарды естіген Намеху-Жырғал жоңғар ордасына барудан бас тартады. Бұл да ата-тегі жағынан Дабашыдан кем емес батыр қоңтайжының тұқымы болатын. Екеуінің әмеңгерлік құқы бірдей еді. Намеху-Жырғал Дабашыға қарсы өз ұлыстарынан жасақ кұрып жатты.Абылай жоңғар хандығындағы алауыздық жағдайды дәл мезгілінде пайданалып, соғысуды дұрыс деп тапты. Әлі де күш-қуаты бойында, күні бүгінге дейін басып алған казақ жерін иеленіп отырған жоңғарға қарсы үш жүзді көтеріп майдан ашу үшін халықтың келісімін алу керек болды. Әрі өзінің айтқанынан шықпайтын Дабашы мен Әмірсананың қолына тиген билік ұзағынан болса, қалмақты жан қинамай-ақ өз жағына шығарып алар еді-дағы. "Бірақ екі қошқардың басы бір қазанға сыймас" дегендей, Әмірсана мен Дабашының арасы да көп ұзамай ашылатынын Абылай күні бұрын сезіп отырды.Абылайдың дипломатиялықта, саясаткерлік те, соғыс тәсілдері жағынан да ойлап отырған ойын орыс губернаторы Неплюевтің дөп басып, қимыл жасап отырғаны да белгілі болды. Себебі, Неплюев те қашып келген жоңғар нояндарын жоңғарлардың өздеріне қайтаруды немесе орыстардың қолына тапсыруды сұрап елші жіберуі де осының куәсі еді.Егер де жоңғар қоңтайшы болып хан тағына Дабашы мен Әмірсананың бірі отырып, билікті қолдарына алар болса, қазақ пен қалмақ бірігіп үлкен күшке айналса, Ресей империясына да қауіпті екенін орыс губернаторы да жақсы түсінген болатын. Осы жағдайға байланысты Ресей шекараға әскерлерін топтастыра бастады. Ішінен іріп жатқан жоңғарды дәл кезінде басып алуды орыстар да ойлап еді.Үш жүздің біріккен құрылтайын Абылай нағыз тиімді мезгілде шақырды. Абылай жиында өзіне маза бермей жүрген ойларын жасырмай ортаға салды.Абылай өзінің сөзінде: "Әсіресе, жоңғар үшін, қала берді қазақ үшін, ең қауіпті жау — өзін жарым дүниенің әміршісі деп есептейтін Қытай мемлекеті екенін" ашық айтты. "Және ол батысқа дұрыстап үлкен күшпен соқтығатын болса, Жоңғария мен Қашқарияны талқандап қана қоймай, оларға көздері тоймай қазақ даласына да ауыз сала ма деп қауіптенемін. Қазірде қазақ елінің кейбір жерлерін жоңғарлар иемденіп отыр. Біздер сол Маншың жоңғар жерімен қоса біздің жерімізді де иеленіп алмас бұрын жоңғарлардан өзіміз қайтарып алып, түгенделіп отырғанымыз дұрыс. Сондықтан да "ұзын арқан, кең тұсауды" қойып, биыл жоңғар иеленіп отырған өз жерімізді түгелдей қайтарып алуымыз керек", делініп қорытындыланды.Кеңестің белгілеуі бойынша, қазақ қолы шілде айының соңғы аптасында Аягөз өзенінің бойындағы Акшәуліге жиналуға сөз байласты.Кеңеске Арал төңірегіндегі он екі ата Байұлынан Шотан батыр бастаған аз ғана адам қатынаскан. Ералы сұлтанды Орынбор әкімшілігі шақыртып келе алмай қалған Ал Нұралы болса, жиналысқа үнемі Ералыны жіберіп отыратын-ды.Шотан қайтар жолда Ырғыздағы отырған Нұралы ханға соғып, хабарды айтып, әскердің қай күні, қай жерге жиналатынын және өзінің он екі ата Байұлынан екі мындай жасақ жинап келетінінен хабардар етті. Нұралы Кіші жүздің басқа руларынан әскер ұйымдастырып шығарып, оны Ералы сұлтанның бастап апаратынын және Шотанмен қай жерде кездесетінін белгілеп, келісіп, түйін жасады. Шотан Ырғыздан әрі қарай он екі ата Байұлы ауылдарының үстімен әр жерде бөлек-бөлек жиындар өткізіп, алдағы жорықтың жәйін түсіндіріп отырды. Ауыл-ауылдан лек-лек болып жасақтар жинақтала бастады. Негізгі жиналатын жері Темір болып белгілендіктен, шілде айының басында толық жиналып аттану керектігі хабарланды.Сөйтіп, шілденің бірінші аптасында Темірге он екі ата Байұлынан Шотан мен Атағозы бастаған екі мындай жасақ келді. Темірде Ералы сұлтан бастаған үш мың жасақ күтіп тұрған болатын. Сонымен, бес мың қолды Ералы сұлтан мен Шотан батыр бастап, Аягөзге қарай бағыттайды.Осы уақытта үш жүздің жасақтары Аягөз өзенінің жоғарғы саласындағы Ақшәуліге туларын тігіп, жорық дайындығына кірісіп жатқан болатын. Ералы мен Шотан бастаған бес мың қол Ақшәуліге қозыкөш жер қалғанда қапталдан бір мыңдай жасағы бар Абылай кездесті. Анадайдан Ералы мен Шотан аттарынан түсіп, Абылайға қарай жүргенде ол да атынан түсіп, бір-бірімен құшақтасып көрісті.Бес мың қолды көргенде Абылай қатты қуанды. Себебі, Кіші жүз ханы Нұралы Әбілқайыр өлгеннен бері жоңғарларға қарсы өнжейлі әскер шығармай, Орынбор бастықтарының шырмауынан құтыла алмай жүрген еді. Бұл жолы да "көп болса, Шотан он екі ата Байұлынан бір-бір жарым мың жасақтан артық әкеле алар дейсіңбе?" деп топшылаған-ды. Адайдың атақты Шотан батыры мен Кіші жүздің сұлтаны Ералының бес мың сарбазды бастап келе жатқанын көргенде Абылай Шотанға қарап:— Жарайсың, Шотан батыр, дәметкен жерден асып шықтыңыз, үш жүздің басын бір жағадан шығара алсақ, бізді ешқандай да жау ала алмас, солай емес пе? — деп әуелі Шотанға, сосын Ералы сұлтанға қарады. — Шынымды айтсам, — деді Абылай, — батыр Шотан, мен сізді тек он екі ата Байұлының сарбаздарының бас сардары деп жүрсем, сіз бүкіл Кіші жүз жасағының бас сардары екенсіз ғой, — деп, жүзінен қуаныштың лебізі есіп тұрды.Абылай бастаған алты мың жасақ Акшәуліге жақындап қалғанда бұрыннан келіп жатқан атақты батырлар Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары, көкжал Барақ, ер Жәнібек, батыр Баян, Есенгелді. Райымбек, Еспенбет. Баймұрат, Дәулетбай, Шоңқай, Шынқожа батырлар қалың қолдың алдында келе жатқан Абылайды танып, алдарынан шығып амандасты.Абылаймен қысылмай әзілдесетін көкжал Барақ:—      Абылай, сені бір мың төлеңгіт сарбаздарымен келеді деген хабарды естігенбіз. Енді мына ауыр қолдың алдында саған ұқсайтын аламның келе жатқанын көргенде "Ие, Абылай Лама-Доржыны соғыссыз көндіріп жоңғар қолын алып келе жатыр" деген ой басыма келді де "енді соғыс та жоқ, олжа да жоқ, елге бос кайтады екенбіз" деп еңсем түсіп кеткен, жақындаңқырағасын қасыңдағы шұбар тұлпардың үстіндегі Шотан ағамды, оң қол жағыңдағы шым жирен ат мінген Ералы інімді көргесін барып, көңілім орнына түсті, — деп жұртты бір күлдірді.Ералы мен Шотан көріспеген батыр сұлтандарымен төс түйістіріп көрісіп шықты.Бөгенбай мен Қабанбай жарыса:—      Шотан, Ералы інілерім, аман жүрсіңдер ме? Жолдарыңыз болсын, жерімізден қалмақтарды біржолата қуып, жеңіс тойын бірге тойлауға жазсын, — деді.Шотан:—      Ағаларым, айтқандарыңыз келсін! Ұятты болмайық деп Ералы ініміз екеуіміз Кіші жүз сарбаздарын бар мүмкіндігімізше жинақтап алып келдік. Нұралы хан Абылай бастаған сіздердің жеңіске жетулеріңізге тілегін жолдап, сәлем айтты, — деді.—      Жиналып тұрған Абылай бастаған Ұлы жүз бен Орта жүз батырлары Әбілмәмбетті айтпай орнына Абылайға сәлем айтқанының себебін бәрі де түсініп тұрды.Кіші жүз қолы екі-үш күн демалып, аттарының белін босатып, терін кептіріп, бас-аяқтарын жинастырғасын, Абылай әскербасыларымен жиын өткізді. Жауға үш бағытта аттанатын болып шешім кабылданды.Бірінші қол — Бөгенбай бастаған көкжал Барақ, ер Жәнібек, Ақпантай, Байғозы, Оразымбет батырлар бір түмен қол солтүстікке қарай Қалба бағытына қозғалатын болды.Екінші қол — Қабанбай бастаған Есенгелді, Еспембет, Райымбек, Баймұрат, Дәулетбай, Шынқожа, Шоңқай мыңдықтары мен Малайсарының қолы тұтастай Алакөл, Еміл бағытына қозғалды.Үшінші қолды Абылай мен Ералы сұлтан бастап, Шотан батыр мен батыр Баян басқарған сегіз мыңдай қол Намеху-Жырғал соғысып жатқан Дабашы мен Әмірсанаға көмектесу мақсатында Бұратолаға қарай аттарының бастарын бұрды.Лама-Доржыны өлтіріп, хан тағына отырғанмен, Дабашыны саны көп дүрбіттер мен шоростардың кейбіреулері мойындамады. Мойындамауының негізгі себебі, Әмірсана мен Дабашының өз елінен қуылып, қалмақтың қас жауы қазақ еліне қашып барып паналауы болды. Қалмақ әскерінің ішіндегі ақсүйектер арасында беделді, жоңғар еліне белгілі қанқұмар дүрбіт шонжары Тоғыз-Кашка да қол жинап. Дабашыға қарсы аттанған-ды. Дабашы өз жасақтарымен қарсы шығады. Бірақ аз адаммен Тоғыз-Кашка бастаған қалың қолға қарсы тұра алмай ойсырап жеңіліп, азғантай жасағымен қашып келіп. Бұратола маңындағы Әмірсана жасағына қосылады.Осы кезде Намеху-Жырғал ойрат ордасын басып алып, өзін "жоңғар ханымын" деп жариялайды.Осы бір-екі ай аралықта Әмірсана мен Дабашы бірігіп, бір түмен жасақ жинақтап. Намеху-Жырғалмен Жырғалаң өзенінің бойында кездеседі. Намеху-Жырғал мен Тоғыз-Кашканың жасақтары Әмірсана мен Дабашының қолынан әлдеқайда көп еді. Және орналасқан жері соғысуға тиімді жер болатын. Намеху-Жырғал мен Тоғыз-Кашканың қолы Әмірсана мен Дабашының жасақтарын бірден-ақ еңсеріп кетті. Әмірсана қолы кері ығыса бастады. Міне, осы кезде Абылай бастаған әскер де жетіскен еді. Намеху-Жырғал өз қолымен Әмірсана мен Дабашыға қарсы соғысын жалғастыра береді де, Тоғыз-Кашка өз жасағымен Абылайдың алдынан шығады. Жағдайды байыптаған Абылай батыр Баянды екі мыңдай жасағымен Әмірсанаға көмекке аттандырады да, Ералы мен екеуі Шотан бастаған алты мың қолмен Тоғыз-Кашкаға қарсы жүреді.Тоғыз-Кашканың жасағының қарасы да аз емес екендігі байқалды. Жобасы Абылайдың қасындағы алты мың қолдан көп болмаса, аз емес еді.Екі жақ та бір-біріне, бірін-бірі толық көретін жерге келіп әскерлерін соғыс тәртібіне келтірді. Осы кезде құлажирен айғыр мінген, үстіндегі сауыты мен дулығасы күнге шағылысып жарқ-жұрқ еткен, қолындағы найзасын аспанға сермелеп, "Жекпе-жек! Жекпе-жек!" деп, зор дауыспен айқай салған қалмақтың бір батыры ортаға шауып шыға келді. Сол кезде Абылай: "Мынау жекпе-жекте Сауырықты өлтірген Тоғыз-Кашканың өзі ғой" дегенді естіп қалған Шотан Абылайдың алдына келіп: "Сауырық жақсы көретін ағам еді, егер осының қолынан өлгені рас болса, құдай айдап тап қылған екен, өзім шығайын", — деп атынан түсіп айылын тартты. Абылай Шотанға қарап: "Мұның өзі ешкімге алдырмайтын нағыз айлакер, әккінің өзі дейді, жазым етіп жүрмесін, Шотан батыр", — деп Абылай алаңдап қалды. Талай жекпе-жекті көріп дағдыланып қалған шұбар тұлпар Шотан айылын тартып, қайта мінгесін кісінеп, екі алдыңғы аяғын көкке көтеріп шапшып жіберіп, екі құлағын кейін қарай жығып алды. Сол кезде Шотан ортада тұрған Тоғыз-Кашкаға шұбардың басын қаратып тақымын қысуы мұң екен, шұбар ат аумаған жолбарыстың қимылын жасап, тұрған орнынан жиырылып атылды. Жылқының мынадай тұқымын Абылай бұрын-соңды көрген жоқ еді және Шотанның атқа отырысы мен өте үлкен найзаны жіңішке шыбық сияқты оң қолына алып ойнатуы, оның үстіне сол қолындағы шумақтаулы қыл арқанды көргенде қатты таңданды. Өте жылдам шапшаңдықпен кеткен Шотан әй-пәйге қарамастан ортада тұрған Тоғыз-Кашканың қапталынан ала шаң қылып өте шықты. Шотанның найзасы садақтың жебесінше ұшумен келіп, Тоғыздың қара санын жұлып кеткенін екі жақтың да жасақтары көріп тұрды. Шотанның шұбарының шаңынан Абылай бастаған арттағы тұрғандар байқамай қалды. Сол шабумен қайта оралған Шотан аттың оң қапталына қисайып калған Тоғыз-Кашкаға қапталына келгенде қыл тұзақты лақтырып жіберіп еді, дәл кеудеден түскен тұзақ Кашканы ат үстінен жұлып кетті. Сол сүйретумен келіп Абылайдың алдына әкеліп бір тоқтады. Сол кезде Абылай Шотанға қарап:"Сауырықтың кегін қайтардың, Шотан батыр, мен де Сауырықты туғанымнан кем көрмеуші едім, сондықтан да мына жауыздың басын өзім алайын" деуі мұң екен, оң қолында тұрған алдаспан көз ілеспес жылдамдықпен жарқ өте түскенде Тоғыз-Кашканың басы бөлініп қалды. Арамның ауыз омыртқасынан қан шапшып, қорылдап жатты. Соның арасы болған жоқ, Шотан бастап қазақ қолы жаппай шайқасқа кірді де кетті.Абылай мен Ералы сұлтан азғантай нөкерлерімен биіктеу жерге шығып, соғыстың барысын бақылай бастады. Әуелі айқай-шу, ала шаң ештеңені айырып болмайтын дәрежеде болды.Бара-бара соғыстың қимылы ажыратыла бастады. Ең әуелі Кіші жүздің бас сардары Шотанның қозғалысы ерекше көзге түсіп отырды. Әсіресе, сіресіп ортасын бермей жүрген жау тобына кіріп, бір қолында шоқпары, бір қолында алдаспаны, оңды-солды сілтеп жол ашқаны және соңынан бір елі қалмай Шотанның салған жолын кеңітіп келе жатқан бір мың жарымдай сарбаздарының қимылын көргенде Абылайдың көңілінің біткені сондай: "Мына Шотан батыр құдіреттің өзі екен ғой, тусаң ту!", — дей берді. Қасында тұрған Ералы сұлтан Абылайға: "Шотанның соңына бір елі қалмай жүрген — Адай жасақтары. Бұлардың қимылы үнемі осындай. Шотанның өзінің үйреткені, сол машықтарын бұзбастан жүреді. Менің мақтағаным емес, Абылай аға, егерде осы мың жарым жасағымен қасыңызда Шотан болса, жоңғардың бес мың қолына қарсы сескенбей шығуыңызға болады", — деп Ералы сұлтан да көңілденгеннен ағынан жарылды. Адай жасағының жүрген жері жайрап қалып жатты. Күн бесінге таянғанда қалмақ қолы бытырап, бөлек-бөлек болып, қаша бастады. Осыны байқап қалған Шотан қалмақ қолының негізгі бөлігін қоршауға алды. Көп ұзаған жоқ қоршаудың ішінен қолына ақ шүберек көтерген оншақты қалмақ жауынгері шығып, Шотан тұрған жаққа қарай беттеді. Сол кезде қоршаудың жиегінде тұрған Шотанның қасына Абылай мен Ералы да келіп еді. Қоршаудағы қалмақ жасағынан келген елшілер жандарын қалдыруды өтініп, жан сауғасын сұрады.Шотан Абылайға қарады.Абылай Шотанға:—      Жауды жеңген — сіз, билік жеңген адамның қолында болуға тиісті. Сондықтан да шешімін өздеріңіз — Ералы сұлтан екеуіңіз аласыздар, біздер сіздердің алған шешімдеріңізге ризамыз, — деді.—      Олай болса, - деді Шотан, — ат-көліктері мен қару-жарақтарын әкеліп біздің қолымызға ұстатсын, сонсын өздеріне рұқсат береміз. Он жоңғарға — бір ат, көлік үшін өздеріне қалдырамыз, қалғанын дәлелсіз әкеліп тапсыратын болсын, — деп Ералыға қарады. Ералы:—      Дұрысы осы, — деді.Сөйтіп, бес мыңдай ат-көлік пен көптеген қару-жарақты олжалап, шейт болған үш жүздей қазақ жауынгерін жерлеп, қалмақтарға да өлгендерін жерлеуге рұқсат етті. Қалмақтардан екі мыңның үстінде адам шығыны болғаны анықталды. Жерлеу рәсімі біткесін Абылай қазақ қолын қырғын болған жерден аулаққа шығарып тамақтанып, демалуларына рққсат етті.Келесі күні Абылай бастаған қол Әмірсананың жағдайын білуге аттанды.Дабашы мен Әмірсананың қолына көмекке батыр Баян келгеннен кейін Намеху-Жырғал бастаған қалың қол кедергіге ұшырай бастады. Күні бойы соғысып, бірін-бірі ала-алмаған жоңғар мен қазақ қолы кешке шейт болған жауынгерлерін жинақтап жерлеу рәсімдерін жасап, таңертең қайтадан ұрысқа кіріскен-ді. Қалмақтардың өліспей беріскісі жоқ екені белгілі болды.Күн сәскеге таялған мезгілде Абылай бастаған қол да келіп жетісті. Ұрыстың бағытын толық байқаған Шотан жау қолын сырт жақтан оралып келіп, тұтастай қоршап алды. Намеху-Жырғал қоршауда калғанын кейін барып білді. Сол кезде Шотан да өзінің кәнігі тәсіліне салып, Намеху-Жырғалдың туы тігілген төбеге қарай салып қоя берді. Намеху-Жырғал да Шотан келе жатқан бағытқа негізгі күштерін салып бағып еді, бірақ Шотан оған кідірмеді. Тығыз тұрған жау әскерін қақ жарып жүре берді. Артынан ерген Адай жасағы Шотанның жарып келе жатқан жолын кеңейтіп, бір елі қалмастан жоңғарларды өрт тигендей жайпап отырды.Осы көрініске қарап тұрған Абылай атылып жатқан жебе мен мылтық оғының бір де біреуі Шотанға дарымай, сілтеніп жатқан жау құралдарының біреуі тимей жатқанына айран-асыр калды. Шотанның оққағарының анық бар екеніне көзі жетті. Жау ортасына келе бергенде Намеху-Жырғалмен кездесе кетті. Көзіне қан толған Намеху-Жырғал найзасын ала ұмтылды. Қалқанын ұстап үлгерген Шотан, найза тайқып кетіп, Намеху қапталдан өте бергенде Шотанның шоқпары көк желкеден тиіл есін аударып жіберсе керек, ат жалын құшып қалды. Сол кезде Шотанның ізімен келе жатқан Атағозы батырдың алдаспаны Намеху-Жырғалдың басын денесінен бөліп түсірді. Осылайша, Шотан бастаған қазақ қолы жау қолын жарып өтіп, Әмірсана жақтан бір шықты. Осы кезде жоңғар жасағынан найзаның ұшына ақ жалау байлаған елшілер тобы да Әмірсана мен Дабашы тұрған шатырға қарай беттеді. Қолма-қол болып жатқан ұрыс та өзінен өзі саябырси бастады.Елшілер жоңғар қолының жансауға сұрап, өз еркімен берілетінін айтқаннан кейін қазақ қолына соғысты тоқтатуға жарлық беріліп, даңғыралар қағылды.Бұл жолы да жоңғар жасақтарының ат-көліктері мен қару-жарақтары олжаланды. Өздеріне өлгендерін жерлеуге, содан кейін еліне қайтуға, одан әрі қарай қазақ жерін босатып, жоңғар қақпасынан әрі асып кетуіне рұқсат етілді.Міне, осы кезден бастап жоңғар елі ыдырай бастады. Абылайды ордаға шақыртып хабаршы келді. Орыстан да, жоңғарлардан да елшілер келіп күтіп жатқан хабарын жеткізді.Абылай ендігі жорықтың жайын Қабанбайға тапсырып, жүріп кетті. Кетерінде Кіші жүз қолын бастап келген Ералы сұлтан мен Шотан батырлардың жаудан түскен олжадан толықтай үлестерін алуын және жаудан босатылған жерлерден жер аламыз десе, қолынан қақпауды Қабанбайға дұрыстаңқырап тапсырды. Қабанбай өзінің ойында да осы мәселенің бар екенін айтқанда Абылай көңілденіп сала берді.Абылай кеткеннен кейін Қабанбай жасақтарды іріктеп, жасы үлкендер мен жараланғандарды жаудан түскен олжадан үлестерін беріп, ауылдарына қайтарды. Содан кейін Шотан мен Ералыға қарап:—      Сіздерге үлкен алғысымызды айтамыз. Жер аяғы алыс, қайтамыз десеңіздер, өкпеміз жоқ. Бізбен бірге болып, қазақ жерін жоңғардан түгелдей қайтаруға қатынасамыз десеңіздер, құба-кұп, — деді Қабанбай. Шотан Қабанбайға:—      О, дарабоз аға, ниетіңізге ризамыз. Біз неде болса, келіп қалдық қой, қалмақтардан жерімізді тұтастай осы сапар қайтарып алуға бар күшімізді салып, сізбен тізгіндес болып, біратала аяғына дейін болғанды дұрыс көріп тұрмын, егер де Ералы сұлтан келісіп жатса, — деді. Ералы Шотанға қарап күліп:—      Сіз не десеңіз, сол болады ғой, — деді. Шотанның сөзін естіген батырлар:—      "Бәрекелде, Шотан батыр! Сізден күткеніміз осы еді, ойлаған жерден шықтыңыз", — деп ақ көңілдерімен қошаметтеп жатты.Осы әңгімеден кейін Шотан өз жасағын бас-аяғын жинақтап, жаудан түскен мал мен қару-жарақты жүз шақты жауынгерлермен, ішінде жараланғандары да бар, кері кайтаруға шешім қабылдап еді.Міне, осы кезде қасында жиырма шақты адамы бар бір топ қалмақ Қабанбайдың шатырына ат басын тіреді. Бұл топты бастап келген — Қабанбайдың туған құдасы Банжыр еді. Банжырдың келуі бүкіл қазақ қолының жоспарын бұзып жіберді.Қабанбай батыр құдасы Банжырмен құшақтасып көрісті. Банжырдың отбасы, туған-тумаластарының кейбіреулерінің отбасын Қабанбай ауылына көшіріп әкелгеніне де екі жылдай болып қалды. Өз туыстары мен отбасыларының амандығын естіп, Банжыр да қуанып қалды.Бұл жолғы Банжырдың жүрісінің жайы былай болған еді:Қазақ қолының биыл Ертіс бойындағы Алтай, Барқытбелді жайлап отырған торғауыттарды қарсыласқанын талқандап, қарсыласпағанына тимей түгелдей Жоңғариясына көшіріп жатқаны Дабашы, Әмірсана және Банжырларға тиімді әрі пайдалы еді. Себебі, Әмірсана мен Дабашыға мойын ұсынбай, жаулық жасап келе жатқан торғауыттарды мекендеп отырған жерінен қуып, қарсылық көрсеткендерін талқандап Жоңғарияға әкеліп тыққаны — Дабашы мен Әмірсананың табанының астына әкеліп салғанымен бірдей еді. Ал еңді Қабанбайлардың соғыс ашып қуайын деп жатқан тайпалары Алтай, Сауырдағы қалың ұранхайлар болатын. Жалпы, ұранхайды төрт ойраттың бірі деп ешкім де айтпайды. Көптен жоңғар хандығының құрамында, салт-дәстүр жағынан ойраттарға ағайындас ел болып келеді. Жоңғарлардың Халқа-монғол бетінде орналасқан жау жағындағы панасы болып есептеледі. Дабашы мен Әмірсананы бірден-бір қолдап, солардың жағында соғысып келген де осы — ұранхайлар. Сондықтан да Банжыр қазақ қолын ұранхайларға соғыс ашқызбай бейбіт жолмен шешу мақсатында келіп еді. Банжыр өзінің ұсынысында "ұранхайлар осы отырған қонысында отыра берсін" демейді, олар Қара Ертістің бойынан түгелдей, Марқакөл мен Қатынқарағайды да босатып, Алтайдың күншығысына көшетінін айтты. Тек осыған мұрса беруді сұрады. Биыл көшіп үлгермегендері келесі жылы көшіп болады, соған дейін қазақ қолы соғыс ашпай, жаулап алмай кідіре тұруын сұрады.Қабанбай қазақ қолындағы рубасы батырларды түгелдей жинап, жиын өткізіп, осы мәселені талқыға салды. Ұранхайды шапқанда да олжа түспейтіні әңгімеленді. Себебі, бұл тайпа мал жинап байымаған, тек қана аңшылықты кәсіп етіп, күнелтіс жасап отырған ел екені айтылды. Сондықтан да ұранхай елшілерінің өтініштері қабыл алынды. Оның үстіне күз болса келіп қалды. Әр сарбаздың артында отбасы бар, түрлі тірлігі бар, осы жағдайларды ойламаса да болмайтынын Қабанбай жақсы түсінді.Мінекей, ойламаған жерден соғыс тоқтатылып, қан төгілмей-ақ қазақ жері қалмақтардан келесі жьлы толық тазартылатын болды.Сонымен, үш жылға созылған қазақтың ең соңғы аттаныс жорығы да өзінің кездеген нысанасына жетті.Қабанбай шатырларды тіккізіп, жеңіс тойын тойлады. Тойдың аяғында топ тарқатар жиынын өткізді.Көпшілікке қарап Кабанбай:—      Үш жүздің басы бірігіп, жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ соғыстың бүгінгі жеңісінің жемісін қолымызға ұстап отырмыз. Мінекей, көп жылдан бері бір көруге зар болған атажұртымызды жаудан қайтарып алып отырмыз. Қазақ жерінің соңғы шекарасы Алтайға жетіп, Марқакөлдің жағасында отырмыз. Ойрат жұрты бұл мекенді босатқысы келген жоқ. Әл дәрмені біткесін амалсыздан беріп отыр. Енді көп болып ақылдасатын шаруа болып түр. Мына жаудан босаған аймақтарды қазақ жұрты иеленуі керек. Осы мәселе тұрғысында менің көңілімде бір ұсынысым болып отыр, соны сендердің талқыларыңа салғым келеді, — деді Қабанбай.Жиналып отырғандар:Қалмақпен соғыста бастан-аяқ қол бастап өзіңіз жүрсіз, сіз не айтсаңыз сол болады. — дегендей лебіздерін білдіріп жатты. Содан кейін Қабанбай Шотан батыр мен Ералы сұлтанға қарап:—      Шотан, Ералы інілерім, сонау қияннан қол бастап келіп, қазақ жерін жаудан тазартуда зор үлес қосып, мыңдаған жоңғарды жер жастандырып отырсыздар. Әсіресе, Шотан інім, сені ең алғаш рет Бұланты шайқасында көріп көңілім бітіп еді. Содан бері бірнешелеген ұрыстарда сенің жүрекжұтқан батырлығынды көріп келе жатырмьгн. Енді Ералы сұлтан екеуіңіз бастаған Кіші жүз қолына еліне қайтуға рұқсат етейін деп отырмыз. Сондықтан да мына жаудан түскен беті ашылмаған жесірлерден қалғандарыңызды, мал-мүлік заттардың қақжартысын аласыздар.Енді ең соңғы айтарым, жаудан қайтарылып алынған түгел жерді жеребе салып үшке бөлеміз, өзіңізге шыққан жеребеде көрсетілген аймаққа ие боласыз, — деді.Жиналып отырған қазақ қолының ішінен:—      Дұрыс айттыңыз, бас сардар, Шотанның қолынан қақпаймыз, қалағанын алсын,-деді. Әсіресе, көкжал Барақтың:—      Шотан інімнің алғаны — адал, Шотандай ұл таптырған ағамызға, осындай ұлды туған жеңгемізге мыңда бір рахмет! Орта жүз бен Ұлы жүздің батырлары сенің қолыңнан қақпайды, — деп гүрілдеген дауысы анық естіліп жатты.Сол кезде Ералы сұлтан Шотанға қарап:—Нағашеке, бірдеңе айтпасаңыз болмайтын болды, сөйлеңіз,-деді.—      Жасың кіші болғанмен, жалың биік, өзің сөйле, — деді Шотан Ералыға. Ералы:—      Нағашеке, не дегеніңіз, сіз отырғанда мені сөйлетіп қара бастырайын дегеніңіз бе, өзіңіз сөйлеңіз. Сіздің шешіміңіз мен үшін дұрыс болып шығады. — деді.Шотан орнынан тұрып көпшілікке басын иді де, жан-жағына қарап алып:—      Бауырларым, ағаларым, інілерім, сіздердің бізге дегендегі ақ ниеттеріңіз бен ақтарылып шыққан ақжарма лебіздеріңізге риза болып тұрмын. Жоңғар бізге ортақ жау емес пе? Оған қарсы қару ұстап шығып, қасықтай қаның қалғанша күресу бәрімізге парыз емес пе? Бір әңгіме ойыма келіп тұр. Айтпасам — жасырғаным болар, жасырсам — жаулық істегенім болар, сондықтан айтайын—      Әбілқайырдың тірі кезі, Еділ бойындағы қалмақтар мен соғысып жатқаңда Сырдың төменгі жағындағы біздің елімізге Лоло-Доржы бастаған сегіз мың жоңғар қолы басып кіріп, алаңсыз отырған елді қырып, мал-жанды көп олжалап бара жатқанда ағам Бөгенбай сегіз мың қалмақка бес жүз қазақ жауынгерін бастап келіп, соғыс ашқанын естіген шығарсыздар. Сонда ойлап қараңызшы, Бөген ағам біз үшін жанын пида етуге келген жоқ па? Бұндай ерлік некен-саяқ кездеседі. Бұны қазақта "жүрекжұтқан батырлық" дейді. Бөгенбай ағам белінің құяңы ұстап қалып елге қайтып кетті. Егер осы жерде болғанда жақсы болатын еді. Бөгенбай батыр біздер үшін ажалға өзі келіп тиісіп отырғанда, мен қалай Орта жүз бен Ұлы жүздегі еліме қол ұшын бермеймін? Менің бұл еңбегім неге сіздердің еңбектеріңізден артық болып, артық баға алады? Менің еңбегім сіздердікімен бірдей. Мен үлестің бәрін де сіздермен бірдей алуым керек. Сардар ағам Қабанбай, сізге, сіздің ақ ниетіңізге біз тойдық. Жерді үшке бөліп бір бөлігін тұтастай Кіші жүзге берем деп ағыңнан жарылып айттыңыз. Сізге біз емес, бір Құдайдың өзі риза болатын болар!Бұл жер —негізінен Ұлы жүз бен Орта жүздің жері. Өздеріңіз білесіздер, біздің ата қонысымыз—Әзіретінің Алатауының жиегі, Шудың бойы, Қазықұрт пен Қаратаудың арасы. Сайрам мен Түркістанның жазда жазығын, қыста тау шатқалының ығын жайлаған елміз. Қазір Еділ-Жайық, Жем-Сағыз бойын, Мұғаджар тауын жиектеп, Аспантай-Матай асып, Сам құмын, одан әрі Айладырдың қараойына құлап, теңіз жағасына дейін бойлап қалдық. Кіші жүздегі бауырларыңның жортуылы көп, мына жақтан, сіре, жоңғарға шапсақ, қала берді хиуалықтар мен түркімендер тұр. Еділ-Жайықтың жағасына жақындасаң, орысың тұр. Біз осыдан елге барып та сіздерге ұқсап шаруамызды жайлап отыра алмаймыз. Түркіменмен достықтан айырылып жауласқалы да көп болып қалды. Түмен-түмен қол болмағанымен, қоныс іздеп бытырап шығып кеткен он екі ата Байұлының ішіндегі менің елім Адай тайпасы — нағыз жәумітпен де, нәдір-шахпен де бетпе-бет келіп, жағамыздан қолы кетпей жауласып жатқан елміз. Суы таңқы, өрісі кең далада бытырап қоныстанған елімді төрт жүз-бес жүз жасақпен келіп бірде Хиуа хандығы, бірде түркімен ағайынымыз шауып кетеді. Малға жаның ашымаса да, жау қолында кетіп бара жатырған ақ жаулықты ана мен қаракөз қарындасыңды, еңкейген кәрің мен еңбектеген нәрестеңді қалай қиып жауға жібересің. Әрине, естіп тұрып тартынатын адамың мен емес. "Жаным арымның садақасы" деп қолыма түскен азды-көпті қазақ жігітін ертіп жаудың соңына түсіп жесірімізді қайтарамыз. Сөйтіп жүргенімізде ежелгі жауға аттанатын хабар сіздер жақтан да келіп қалады. "Ежелгі жау — ел болмас" деген, естіген бойда аттың басын осылай бұрамыз.Жаудан босатып алған барлық жердің үш бөлігін бізге ал деп тұрсыз, бұныңызды біз мырзалық деп қабылдамаймыз, құдайдың алдында бізге көрсетіп тұрған ырзалық деп түсінеміз. Тағы да кайталап айтамын, біз де сізге ырзамыз. Бұл жерді жайлаған ата-бабаларымыздың қазіргі үрім-бұтақтары бар емес пе, бар болса жерін өздеріне берген жөн болады.Кіші жүз ол жақтан да қысым көріп осылай беттейтін күн болса, өздерінің бұрынғы ата-қонысына, тарымшылық жасалмаса, болғаны. Бірақ Кіші жүздің енді негізгі атақонысына әзір келе қоятын ойы жоқ. Біз не болса да сол жақты иеленіп алдық. Енді осы жоңғардың бетін біржолата әрі қаратқаннан кейін сіздерді сағынғанда көрісуге төркіндеп келетін шығармыз,-деді. Шотаннан кейін Ералы сұлтан тұрып:—      Мен де нағашымның айтқанына қосыламын. Бізге жер де, жесір де, мал да, дүние де қажеті жок, бізге керегі ауызбірлік пен достық, осыдан айнымасақ болды, біздің осы әңгімемізді Абылайға жеткізетін шығарсыз деген ойдамын, сардар аға, — деді. Қабанбай Ералы сұлтанға қарап:—      Мен сіздердің айтқан әңгімелеріңізді түгелдей Абылайға жеткізуді мойныма аламын және сіздерге жаудан түскен олжаның тең жартысын және жерді беруді Абылай өз ауызынан айтып маған тапсырып кеткен. Менің айтқан әңгімемнің бәрі Абылайдың тапсырмасы деп біліңіздер, — деді де, — Шотанжан, әңгімеңнің бәріне түсіндім, бұл сөзімізді осы көпшіліктің ішіндегі жас батырлар мен елге танылып келе жатқан болашақ ел басқарады деген жастарымыз естіп отыр. Біздердің де жасымыз келіп қалды, уақытымыз бітіп, бұл дүниеден біздер кеткеннен кейінгі ұрпақ осы бір әңгімені ұмытпайтын болсын, әумин, — деп аяқтады.Осыдан кейін қалмақтың үш сұлуын бірінен соң бірін Қабанбайдың өзі Ералыға, Шотанға, Атағозыға әкеліп білегінен ұстатты. Және әрқайсысына алтын жалатқан ер-тоқыммен бір-бірден теке-жәуміт арғымағын мінгізді.Жаудан түскен мал-мүліктің тең жартысын Қабанбайдың өзі түгендеп, өз колымен Шотанның қарсылығына қарамастан Кіші жүз қолының бір жағына басшылық етіп жүрген Атағозы батырдың қарауына күштеп өткізді.Қалың қолдың алдыңғы жағында отырған Шотанның құрдасы Райымбек дауыстап:— Құрдас, қолындағы құсынды тұғырына қондырмай тұрғанда сауғамды бер, — деп айтып қалды. Шотан алтын шытыра көйлек киген қызды жетелеумен келіп, өзінің жандай құрдасы Райымбек батырдың қолына ұстатты да: "көріп берейінші" деп қыздың бетіндегі пердесін ашып жібергенде, бұлттан шыққан ай сияқтанып жарқ еткен нұрлы жүзді, жәудіреген нәркес көзді көргенде Райымбектің аузына сөз түспей, қызға қараған жанарын аудара алмады Отырғандардың ішінен "құрдас болсаң, осындай бол" деген әңгімелер естіліп жатты. Сол күні Қабанбай Кіші жүздің Ералы мен Шотан бастаған батырларын өз шатырына шақырып, қонақ етті.Келесі күні Кіші жүз қолын Қабанбай бастаған Ұлы жүз бен Орта жүз батырлары көш жерге шығарып салды.ХІІ - тарауШотанның ойратпен соңғы соғысыОйрат-қазақ соғысының соңы Еділ бойындағы торғауыттың қозғалуы және жанқиярлық дәрежедегі қазақтармен болған соңғы соғысы 1771 жьлы болған еді.Тарихтан белгілі Еңсегей бойлы Есім ханның уақытында ойсырап жеңілген ойраттардың бір бөлігі Еділ бойындағы ноғайлы елімен соғысып, ноғайлыны жеңіп, отырған жерінен қуып шығып, өздері иеленбеп пе еді.Сол құрылған қалмақ хандығы ноғайлы елін біржолата тоздырып, башқұрттардың да тынысын тарылтады. Сөйтіп, бара-бара күшейіп, айналасындағы мұсылман елдеріне қысым көрсетіп отырады. Осман империясына қарсы соғыстарға да қатынасады. Ұзын сөздің қысқасы, Ресейдің жұмса — жұдырығында, ашса — алақанында болып, соның иегінің астында жұмсаған жағына шабуылдап, қазақ ордасының батыстағы досы емес, жауының бірі болып шығады.Сөйтіп, Еділ ойраты бір жарым ғасырдай өмір сүріп, Ресей бодандығын қабылдай тұрса да азды-көпті ішкі дербестігін де сақтап отырды.Ақыры, міне, жоңғардың бағы қайтып, біржола жеңіліс тапқаннан кейін, өздерінің де қазақтардан әлденеше рет соққы көргендігінен және ең негізгісі Ресейдің отар халықтарға қысымының күннен күнге күшейуінен торғауыттардың да тынышы кете бастап еді.Бір мың жеті жүз алпыс бірінші жылы хандық өкімет жойылды. Және қалмақ басшылары да орыстардың қалмақ күшейіп бара жатса, қазақтарды, қазақ күшейіп бара жатса, қалмақтарды айдап салып ұрыстырып, әлсіретіп отыратын зымиян саясатын түсініп болған-ды. Еділ бойындағы торғауыттар жоңғар хандығы құлап қалғандықтан, көтерілген жоқ, негізінен жан-жақты жасаған орыстардың кысымына шыдамай қозғала бастады.Орыстардың соңғы кезде өктемдігі күшейді. Шөбі шүйгін, қонысы жақсы жерлерге Ресейден келген қарашекпендер, орыстың шаруалары ие бола бастады.Казак-орыстар қалмақтың жас қыздарын зорлап, малдарын барымталап, адамдарын жиі-жиі соққыға жығып кетуді шығарды. Дінінен зорлықпен айырып, еріксіз шоқындыруға дейін барды. Сөйтіп жүргенде, ойраттарды қазақ пен қытай түгелдей қырып салыпты, Жоңғария жері бос қалған көрінеді деген лақап хабар торғауыттар арасына тарап кетті.Отырған жерлерінің де мәзі кеткесін торғауыттардың бас көтеретін басшылары Серен мен Ұбашы көтеріле көшу мәселесін шұғылдата бастады.Қазіргі отырған жерінде тыныш өмір сүре алмайтынына көздері жеткен құба қалмақтар ата-қонысқа неде болса, көшуге бел байлады. Қалмақтардың негізгі бөлігі торғауыт тайпалары Еділдің шығыс бетін жайлайтын. Ал дүрбіттер мен хошауыттар Еділдің батысында орналасқан болатын. Қалмақ басшылары 1770 жылдың күзінде өздерінің жасырын жиналысында түп көтеріле көшуді қаңтар айының басы деп белгілейді. Көшу мәселесі толық шешіліп күні белгіленгеннен кейін оң жағадағы хошауыттар мен дүрбіттер жайлап орыстарға күдік туғызбай шығыс бетіне өте бастайды. Негізгі бөлігі буынып, түйініп қаңтар айын күтіп отырды.Мұхтар Мағауиннің "Қазақ тарихының әліппесі" атты зерттеу еңбегінің 122 бетінде былай деп көрсетілген: "Бүкіл қалмақ жұрты түп көтеріле көшетін 5 қаңтар қарсаңында, қатты аязда шатынап Еділдің мұзы жарылады, мұз үстіне қызыл су жүреді, сөйтіп, сол жақ қабақтағы 11 198 шаңырақ Еділден өте алмай, салқар көштен бөлініп, біржола Ресей шегінде қалады.Еділ дариядан өтіп үлгерген үйімен, үйелменімен, мыңғырған малымен Жоңғарияға бет қойған қалың қалмақтың нақты саны — 30 909 шаңырақ екен. Шамамен 170-180 мың адам. Қарулы әскер де аз емес, 40 мың қол. Бір ғана кілтипан — қалмақ көші қазақ қоныстары арқылы өтуге тиіс еді", — деп көрсетеді. Қазіргі Каспий теңізінің жағасындағы Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болып отырған 143 мың қалмақ — сол Еділден өте алмай қалғандар.Еділ қалмақтарының түгелдей ірге көтеріп қашқанын естіген Ресей басшылары қалмақтарды жұртына қайтару жөніндегі шараны кеш алып қалды. Жайық бойындағы казак-орыстардың жасақтары қорыққаннан соғысудан бас тартты. Үлкен қол жинақтап генерал Траубенберг бастап шыққан әскер, орта жолдан қалмақ колына жете алмай кейін қайтады. Себебі, қалың қалмақтың қолы ол кезде қазақ жеріне дендеңкіреп еніп кеткен болатын. Орасан үлкен көлемдегі қозғалыс жолдағы азғантай жасақтарды да, кедергі келтірген қазақ ауылдарын да жайпап басып өтеді. Бұл хабар Кіші жүз ханы Нұралыға жетеді. Нұралы Үш жүзге жаушы аттандырып, Жем бойына шұғыл жиналуға тапсырма береді. Кіші жүздің бас сардары Сарыойда отырған Шотанға әдейі хабаршы жіберіледі.Жайсыз хабарды естіген Шотан шұғыл түрде он екі ата Байұлы сарбаздарын жинастырып, үш мыңдай қолмен Жемге келіп, Жемде жетіру мен өлімнен жинақталған екі мың сарбазды өз қолына қосып, барлығы бес мыңның үстіне жауынгері бар қолмен келе жатқан қалмақты Нұралы ханның өзі бас болып күтіп алады. Талай қалың елдің қозғалғанын көргенмен, тап мынадай үлкен аймақты қамтыған, тасып келе жатқан дария сияқтанған, қарақұрым болып келе жатқан қозғалысты Шотан да, Нұралы да бұрын-соңды көрген жоқ еді.Көштің шамамен ені он шақырымдай, ұзыны жиырма шақырымдай көлемді алып, жылжып келе жатты. Көшті қалмақтың қарулы қолы қоршап күзетке алып отырғандығын көрген Шотан қапталдан шабуылды бастады. Бес мың қол қапталды жарып, қалмақтардың бір бөлігін бөлектеп алып кетті. Немесе үш мыңдай адамды тұтқындап, көптеген малды олжалады.Жағдайларының қиындағанын сезген қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен тайшылар Нұралы ханға елшілерін жіберіп, Кіші жүз жерінен ешкімге тимей өтіп кетуге рұқсат сұрайды. Қазақтарға тимейтінін, ешкімге зарар салмайтынын, "орыстардан қорлық көріп, қуғынға ұшырап, амалсыздан атажұртқа көшіп бара жатырмыз. Біздің ешкімге жазығымыз жоқ, қорламаңыздар, бізге кару көтеріп адамдарымызды өлтіріп қорлық беріп жатқандарыңыз әділеттікке жатпайды, жеріңізден өтіп кетуімізге кеңшілік жасаңыздар" — деп, хат жолдайды.Хатты алып оқығаннан кейін, Нұралы бастаған Кіші жүз батырлары мен билері ақылдаса келіп, Ұбашы мен Серенге жауаптарын жолдайды. Қалмақтың алдына екі мәселе қойылады.— Біріншісі, қазақ жерін басып өтуге рұқсат етілмейді, түгелімен кері қайтуды ұсынады. — Екіншісі, қалмақтар осы жерге тоқтап қару-жарақтарын тапсырып өздері Кіші жүз ханына түгелдей берілуі керек және осы жерден әрқайсысын бөлектеп жан-жаққа бөледі, егерде осыған келіссе, қазірден бастап осы талапты орындауды ұсынады.Ұбашы мен Серен Нұралы ханның бұл талабына жауап берместен өз бағыттарына қозғала береді. Шындығында да Нұралы ханның бұл ұсынысына көшіп бара жатқан қалың қалмақтың келісе қоятын регі жоқ еді. Неде болса, алған бағытынан қайтпауға бекінген болатын.Қалмақтардың кері кайтатын да немесе кідіріп, Нұралы ханның қарауына өтетін де ниетінің жоқ екендігіне көзі жеткенсін Шотан бастаған қазақ қолы шабуылды үдете бастады.Қалмақтар күн сайын үлкен шығынға ұшырады. Ақтабан шұбырындыдан бері елу жыл өткен екен. Соның қайғылы күндерін басынан өткізген қазақтардың кейбіреулері әлі атынан түсе қойған жоқ еді. Жалпы, жоңғармен соғыстың ақи-тақи аяқталғанынан бір мүшелден енді асып бара жатқан шақ Қалмақтың қазаққа істеген адам көріп естімеген зұлымдықтары көз алдарынан әлі кетпеген еді. Оның үстіне бүкіл үш жүзге аты жайылған қазақтың талай батырларының жоңғар қолынан қаза тапқанын ойлағанда Шотанның көзіне қан толып кететін-ді. Соның да әсері шығар, жолдағы қазақтардың көбінің қалмақты көргендерінің тұла бойына кек пен ыза толып қаруларын қолдарына алып, Шотанның қолына жан-жақтан шұбырып келіп қосылып жатты.Кешегі қазақтың жер-жебіріне жеткен ақтабан шұбырындысы аумай-төкпей калмақтың басына келіп орнады. Қалмақтың басына төнген қара бұлт ақтабан шұбырындыдан гөрі қайғысы басымырақ болып шықты. Тасып жатқан Ырғыз өзенінен қамыстан-қияқтан сал жасап өтеміз дегенде де көптеген адам, мал-жанымен суға кетіп қырылды. Шұбырған қалмақтан бір елі қалмай жүріп отырған Шотан қолы біресе сол жақтан, біресе оң жақтан шабуылын үдетіп, қатты қырғынға ұшыратумен болды. Тұтас ауыл-ауылдарымен қолға түсіріп, малдарын олжалап, өздерін тұтқындап, қарсыласқандарын табанда атып тастап отырды. Шеру тартып келе жатқан қалмақтар карсыласпастан қолға түсіп келе жатырған жоқ. Оларды қоршап алып келе жатқан қалмақ жасақтары өліспей беріспеуге бекінгендер еді. Қазақтардың талай боздақтары, қалмақтың садағының жебесінен қыршын кетіп жатты. Кіші жүздің жаңадан ұрысқа қатынасып аты шығып келе жатқан жас батырларының да жау қолынан қаза болғандарының саны күннен күнге көбейе берді. Бұны көрген Шотан қалың қалмаққа жасындай тиді. Күніге соғыс, күніге қырғын, дұрыс демалыс, дұрыс ұйқы жоқ, ат арып, адамдардың табаны тозып, қартаңдары, жас балалары, ауру-сырқаулары төгіліп жолда қалып жатты.Қалмақтар Кіші жүз қолының шабуылына ақпан айының екінші жартысынан бастап бес жарым ай бойы төтеп берумен Сарыарқаны кесіп өтіп, Балқашқа жақындайды.Осы кезде Шотан бастаған қазақ жасақтары қалмақтардың қырық мың адамын жойып. айдап келе жатқан малдарының үштен бірін олжалаған-ды. Әсіресе, соңғы уақытта Кіші жүз жасақтары соққы беріп, қалың көшті суы бар жерлерден қашақтатып, шөлмен жүргізіп, үлкен шығындарға ұшыратумен болды.Шотан қазақ қолын төртке бөлді. Әр бөлікте бір мыңнан сарбаз болды. Бұндай әскер құрамдарын бұрыннан мыңдық деп атап келген болатын.Мыңбасылары болып Атағозы, Айбас, Арғынбай, Қонай батырлар тағайындалды.Шотанның өзі іріктелген бес жүз сарбазбен Нұралы ханның қасында болды.Төртке бөлінген қазақ қолы қалмақтарды қасқырша талады. Әсіресе, жас батыр Қонайдың шабуылынан қалмақ жасақтарының беттері қайтып қалды.Қарақұрым болған қалмақ көші көп адамынан айырылып, көп адамдары ауыр жаралы болғандарына қарамай соғысумен келіп, Мойынты өзеніне жетіп тоқтап, аз болса да демалыс жасап, енді қозғаламыз дегенде көп әскердің қоршауында қалғанын бір-ақ білді.Қалмақ қолын темір құрсауша қоршап алған Абылай бастаған отыз мыңның үстіндегі қазақ қолы еді. Еділ бойындағы құба қалмақтардың тұтастай көтеріліп Жоңғарияға бағыт алғанын Нұралы ханның хабаршыларынан естіген Абылай асықпай Орта жүз бен Ұлы жүздің жауынгерлерін жинақтап, Балқаштың жағасына келіп күтіп жатқанына да он күндей болып қалған-ды.Ұлы жүз бен Орта жүздің жасақтарын өзі бастап келген Абылай қолымен Кіші жүз ханы Нұралы жасақтарының бірігіп қоршап алғанын естіген қалмақтар, қазақтың қара қазанының ішінде енді қуырылатынын білгенде естерінен айырылып қалды. Өле-өле жүз жиырма мындай қалмақтың ішіндегі атақты беделді адамдарынан іріктеп Ұбашы мен Серен Абылайға елшілерін жөнелтті. Абылайдың шатырына жақындағанда аттарынан түсіп жаяу келіп Абылай бастаған қазақтың батырлары мен сұлтандарына басын иіп, жер бауырлап сәлемдерін беріп, тізерлеп отырып Ұбашы мен Сереннің аттарынан жандарына сауға сұрады.Бодандықты қабылдап, қазақтың бір ұлысы болып қарауына құл болып кіретінін, жер беріп, су беріп қабылдап алуын сұрайды.Енді барар жер , басар тау қалмағанын айтып жан сауғалайтын сая беруді сұрапты.Қалмақ елінің қайғылы қалін көрген Абылай әскери кеңес шақырады. Кеңесте Абылай қалмақ елшілерінің өтініштерін қабылдау жағын ұсынады.Қазақтар жағының кейбір батыр, сұлтандары қалмақтарды осы күйінде құртып жіберуді қолдайды. Әсіресе, Райымбек бастаған бір топ қазақ батырлары Абылайға қарап, "жау аяған — жаралы" деген қазақтың аталы сөзінің тектен-текке айтылмағанын, қазір "құлың боламын" деп тұрғанымен, ескі кектің ұмытылмайтынын, күндердің күнінде етек-жеңін жинап алғасын жау болып шыға келетінін дәлелдеп, қалмақпен келісімге келуден үзілді-кесілді бас тартумен болды.Абылай топтың алдыңғы жағында отырған Шотан батырға қарап:—      Қандай ұсынысың бар, Кіші жүздің бас сардары? — деп, — Сіз де құрдасыңыз Райымбек батырдың сөзін қостайсыз ба, қалай қарайсыз? — деді.Шотан орнынан тұрып:—      Мен Райымбек батырдың айтқанын бөтен дей алмаймын. Түптің түбінде не болатынын кесіп айту қиын. Бірақ "Ежелгі дүшпан ел болмас" демей ме, солай бола тұрғанмен, бүкіл бір тайпа елді тұқымын құртып қырып тастау деген де қатыгездіктен гөрі қаныпезерлікке жататынын ұмытпалық. Өздері келіп ант беріп, аяғымызға жығылып, құлдық ұрып отырған елді қырып тастасақ, құдайдың алдында ақтала алмауымыз мүмкін. Меніңше, бұларға енді тимей, ит терісіне "өмір бойы қазақтармен достықта боламыз" деген антын жаздырып қандарына батырған бармақтарын бастырып, Жоңғарияға жіберген дұрыс. Егер бұлар өздерінің жеріне барып, өмір сүріп кете алса, бізге Мәнжу-Цинмен екі арадағы қалқанымыз болар ма еді, қайтер еді. Бұл — менің жеке ойым. Дұрыс емес десеңіздер, ренжитін жайым жоқ. Енді екінші ойымды да айтайын, рұқсат етсеңіздер, — деді.—      Ойыңызды бүкпей айтыңыз, Шотан аға, — деді Нұралы хан.—      Сөзіңізді бөлмеңіз, әбден айтып болыңыз, Шотан батыр, — деді Абылай хан.—      Ондаша, екінші ойым — қалмақтарды ешқайда жібермей, өзіміз ішімізге кіргізіп алып қалалық. Бәрін бір жерге емес әрине, Үш жүздің әр түпкіріне бөлектеп, түбінде қазақтандырып алатын жағдайды көздесек те бөтен болмайтын сияқты, — деді Шотан. Одан кейінгі сөз алған батырлардың көбі Шотанның ұсынысын қолдады.Жартысы калмақтарды жойып жіберу жағында болды.Соңғы екі жүз жылдың үстінде қалмақпен соғысып тұқымы құрып кетуге айналған қазақ біздер емеспіз бе, — деп қанына қарайып алғаны сондай, ешқандай келісімге келмейтіндерін ашық айтты. Кеңес ұзаққа созылды. Үшінші күні Аылай сөйлеп, бір тұжырымға келуді ұсынды.Абылай өзінің сөзінде Шотанның айтқан ұсынысын дұрыс деп тапты. Себебі, Шотанның сөзі Абылайдың ойын деп басқан болатын. Әуелден де Абылай ойрат жұртының біржолата құрып кетуін қаламаған еді. Себебі, Абылай шығыста тұрған Кытай империясының ең қауіпті жау екенін біліп еді. Сондықтан да қытай мен қазақ арасындағы жоңғар халқының мемлекет болып тұрғаны қазаққа қолайлы болатынын көреген саясаткер Абылай жақсы білді. Қазіргі ойлап отырған ойы да осыған сайып тұрды. Қазақ пен Қытай арасында дербес мемлекет болып жоңғар тұрса, онда ол арқа сүйер қалқан болатынын ойлау керектігін қазақ батырларының қатеріне мықтап беріп, көңілдерін бұрғандай болып еді. Бірақ әлі де толықтай біржақты шешім алынған жоқ еді. Қалмақтар адамдарын тынықтырып, ат көліктерінің арқасын босатып демалдырып алғасын, үшінші күні түнде Ұбашы мен Серен бастап тұтастай шабуылға шығып, қазақ жасақтарының қоршауын бұзып өтеді. Таң алдында күтпеген жерден қоршауды бұзып өткен қалмақ көші соғысумен, жағаласумен алға жылжи береді. Қазақ қолы да аяушылықты қойып, дүркірей көшкен жауды жұлқылай тартып, бөліп алып, қырып отырды. Қалмақтардың Балқашты жағалап келіп, Ілені өрлеп, жоңғарға өтпек болған ойын біліп қалған қазақ қолы қалмақтың су жағын алып отырып соғыс жүргізіп, көбін шөлден өлтірді, өлмегендері тұтқын болып қолға түсті. Азғантай тірі қалған бөлігі Нарынқол арқылы әрең жоңғарға ілікті. Түнгі қоршауды бұзып өткенде Тәнжі тайшы бастаған қырық мыңдай қалмақ қолы бөлініп, Балқаштың солтүстік жағымен бой тасалап жүріп отырып, Қаратал өзенін кесіп өтіп, Ілені өрлеп келе жатқанда Шотан бастаған Кіші жүз қолына кездесіп, соғысып қырылады. Он мыңдайы қашып құтылып кетеді.Осылайша сонау Еділден көшіп шыққан құба қалмақтардың қырыла-қырыла жиырма мыңға жуығы жоңғар жеріне келеді.Есі кетіп, қан кешіп келген азғантай қалмақ жұртына ешкім де алдынан шығып аяушылық жасаған жоқ. Ол жақтағы Қытай басшылары өлдім-талдыммен жеткен азғантай қалмақ ауылын жан-жаққа бөлшектеп, бодандықтан гөрі құлдық жолында, бұғау салып, бірінен бірін адастырып жіберді.Бұл жорықты тарихта Шаңды жорық деп атап кетті. Өте көп халық малы мен барлық мүкәммалымен көшкесін, оның жүрген жері үлкен аумақты шаңдатып отырғандықтан, "Шаңды жорық" деп атаған болуы керек. Шындығында, бұл жорық бұрын-соңды болып көрмеген қайғылы қанды жорық болды.Өткен кездерде қазақтарды Ақтабан шұбырындыға ұшыратқан, Қазақ Ордасын құртып жіберуге аз-ақ қалған, шығыс Түркістанды басып алған немесе қазақтың Ұлы жүзіне көп уақыт билігін жүргізген, Мәнжу-Цин басқыншылығына қарсы бірнеше жыл соғысып жеңдірмеген Дүрбіт-Ойрат халқының тұқымы, міне, ең соңы "шаңды жорықпен" құрып бітті.Еділ-Жайықтың бойындағы қалмақтардың негізгі бас ордасының құлауы әуелі Әбілқайыр, одан кейін Абылай бастаған қазақ қолдарының ауыр соққыларынан әлсіреуімен қатар өзінің ішінен іріп, ауыз бірлігі кетіп, таққа таласып, бірін-бірі өлтіріп жауласқанынан еді. Оның үстіне Абылайдың қолданған ішінен іріту саясаты да қалмақтарды болдыртып болып еді. Абылай қалмақтарды әлсіреткенмен, біратала құртып жіберу саясатын қолданған жоқ болатын. Бірақ сондай кезді пайдаланған Қытай империясы бұрын-соңды адам естімеген айуандықпен қалмақтардың бірін калдырмай жойып жіберді. Міне, осының соңы Еділ бойындағы қалмақтардың қашып көшуімен барып, бір үлкен елдің осылайша орнының жоғалуымен аяқталды.Осы бір кайғылы оқиға ауызбірліктің жоқтығы осыған әкеліп соқтыратынын адам баласына ескертіп тұрғандай әсер қалдырып тұрған жоқ па?ІІІ – бөлімХІІІ -  тарауШотанның Маңғыстауды иеленуіҚазақ халқының басына тұтастай жойылып кету қаупі туғанда Адай тайпасы да екі жүз жылдың үстінде ұрпақ өсіріп, кір жуып кіндік кескен жерінен Сауран айналып (Сауран — Түркістан қаласының батыс бетінде отыз үш шақырым жердегі жоңғарлардың жойып жіберген қалаларының бірі), Сыр бойын жағалап келіп, он екі ата Байұлының басқа да ауылдарымен іргелес Мұғаджар тауын жағалап қоныстанғанын бұрын да айтқанбыз.Мұғаджардың бойын жайлап, дұрыстап орнығып, мал-басын өсіріңкірегесін қоныстың тарлық ететіні біліне бастады. Осыған байланысты Беріш, Ысық, Жаппас, Таз, Шеркеш, Тана, Есентемір, Алаша, Байбақты, Масқар, Қызылқұрт, Адайлардың бір бөлігі тағы басқа он екі ата Байұлы ауылдары жер қарап, жасақ құрып, қоныстарын кеңейтуге жұмыстана бастады.Сөйтіп, қазіргі Атыраудың Нарын, Тайсойған жерлерін Астраханға дейін, терістік жағындағы Жем, Сағыз, Қобда, Елек, Орынборға дейінгі аймақтарды иеленіп алды. Кейіннен бұл жерлеге қоныстанған Адайларды "Жоғары Адайлар" деп атап кетті. Адайлардың негізгі тайпалары 1740-41 жылдардың шамасында Доңызтау, Желтау, Қарақұм, Аспантай-Матай, Сам құмдарын қыстап, Маңғыстауға қарай бағыттай бастады.Маңғыстаулық Адай Түмен ақынның мына бір өлең жолдары Маңғыстау тарихының түпкі арнасына қарай жетелеп кетеді:Қара ойы қасиетті Маңғыстаудың,Жерленіп жеті жұрттың жайлаған жер.Бұл жерден кімдер кетіп, кім қалмаған,Қара жер қаза жетсе, кімді алмаған,Қызылбас, Қытай, Қыпшақ, Қырым, Қырғыз,Айладыр алтау болса, қалмақ – жетеу,Ерлерден ертедегі қалынған жер, — деп жырлайды. Осы бір жыр шумақтарынан арғы бабаларымыздың талай қиыншылықтар мен табиғаттың қатыгез сұрапылдары мен қатар бірімен бірі жауласып, бірінің бірі тұқымына тұз сеуіп, бірі пайда болып күресумен осындай кемелдену дәуіріне жеткендігін байқаймыз.Маңғыстау жерінің жаратылыстары түрлі-түрлі атаулары бұрынғы миграциялык көшкіндерден хабар береді. Ақындар жырында "жеті жұрт кеткен жер" деп, сегізінші Адай тайпасы деп те көрсетеді. Шындығында, Маңғыстау өлкесінің гидронимдері, топонимдері, жерінің тұрғындарының атаулары көптеген елдердің келіп-кеткеніне дәлел болатын сияқты.Мысалы, қазіргі Каспий теңізінің бір кездерде Хазар, бір кездерде Әбескүн, қазіргі Маңғыстау түбегінің бір кездерде Сиях-Күк, Мангышлак болып аталулары немесе Ас-Мантай, Ман-Суалмас, Отман деген атаулары да сол көшкіндерден қалған атақ екені сөзсіз.Бұл өлкені ғалымдардың топшылауы бойынша Тұран аймағыңдағы Қаңлы, Үйсін, Оғыз, Дешті Қыпшақ, Түрік, Ақ Орда, Шағатай мемлекеттері мен Хорезмнің де, Еділ бойындағы Бұлғар, Хазар, Алтын Орда тіпті Днепрдегі орыстар тарихымен де астасып жатқандығын көреміз.Сонау өткен Дешті Қыпшак, Алтын Орда кезеңдеріндегі көріністерді толықтай баяндап беретін Қырымның қырық батыры атты батырлар жырының жиынтығының осы Маңғыстауда ғана міні құрамай сақталынып, атақты Адай жыршысы Мұрын Сеңгірбек ұлының ауызымен біздің заманымызға жетуінің өзі көп нәрсені аңғартады.Бұрынғы ноғайлы кезіндегі Сыптыра жырауды осы өлкеде туып, өмір сүріпті деген мәлімет те шындыққа жанасады.Қазіргі ғылыми болжамдарға сүйенсек, VII-VIII ғасырларда Атырау, Арал, Қаратауды жайлаған сақтар, массагеттер, одан кейінгі печенег, қаңғылы, оғыз субстраттарының Алтай мен Сібір жақтан ауған қыпшақ, қалмақ, алшын, байұлы араласуынан осы заманғы Кіші жүз руларының пайда болғандығы айтылалы. Сол кездерде Ноғай ордасына қарап келген олардың оғыз тілдес бөліктері торғауыт қалмақтарына бағынып кетсе, қыпшақ тілдес бөлігі Ақназар хан түсында Қаратау мен Жетісу бойындағы шаңырақ көтерген қазақ хандығына барып қосылады. Адай деген адамды да сол кезде қазақ хандығының шаңырағын көтеріскен адамның бірі деп айтады. Жоғарыдағы айтылғандарды түйіндесек, Маңғыстауға келген көшпелі тайпалардың саны жетеуге толық жетіп тұрғанын көреміз. Сонымен, "жеті жұрт кеткен" деген әңгіменің де шындық екеніне көзіміз жеткен сияқты.Әңгімені азғантай тарихи деректерге бұрып кетуімізге Түмен ақынның жоғарыдағы жыр жолдары себеп болды.Кіші жүз жайлаған өлкеде өткен тарихи деректері қамтып жырлап кеткен ақындардан Абыл, Нұрым, Ақтан, Қалнияз, Қашаған, Мұрат, Аралбай, Сәттіғұл, Сүгірлерден, Айтқұл, Шамғұлдардан көптеген әңгімелер қалған. Кәрі Маңғыстау талай аузы дуалы билерінің кесімді, адал биліктеріне, түмен-түмен қол ертіп, терлігін терге шірітіп, елін қорғаған ерлердің ерліктеріне, малының көптігінен көшкенде жұртында желідегі елу құлынды бие, тоқсан боталы түйені ұмытып тастап кетіп жүрген байлардың байлықтарына, таңды таңға ұластырып жырлаған ақын-жыршыларымызға, олардың әр қилы тағдырларына куә бола алады.Маңғыстау өңірінде өткен тарихтан хабары бар кәрияларымыздың ауызында, жыршылардың жырыңда жүрген бұрын ерлік істері жазбалы тұрде толықтай көрсетілмей келген Адай тайпасынан шыққан батыр, бүкіл үш жүзге аты әйгілі, Кіші жүз жасағының бас сардары Шотан туралы болып отыр. Оның он екі ата Байұлының ішіндегі Адай елін Маңғыстауға бастап келіп, дұрыс қонысқа орналастырудағы еңбектері әңгіме болмақ.Адай елінің Маңғыстау жеріне алғаш қоныстануын ақын Түмен Балтабасұлы "Маңғыстау" атты дастанында былай деп жырлапты:Маңғыстау — үш қиянның өткен жері,Жерленбей жеті жұрттың кеткен жері.Елеспен есі кеткен иесіз жерді,Атамыз Адай мекен еткен жері.Суы сүт, шөбі шүйгін, бал татиды деп,Төлдейтін төрт түліктің өскен жері.Бөлініп босқан елден қоныс қарап,Ел болып ірге-қоныс тепкен жері.Ер Шотан шұбар атты ұстап мініп,Аға деп Әжібайға бата айтқызып,Той жасап Адай туын тіккен жері, — деп көрсетеді.Немесе кейбір жазбаларда:Жолдасы Есболай мен Есек мерген,Өңшең батыр қайыспас көпті көрген,Еліне коныс іздеп шыққаннан соңБи Әжібай Шотанға бата берген, — деген халық жыры деп көрсетіледі.Қалнияз Шопықұлының, Мұрат Мөңкеұлының жырларына қарағанда, Маңғыстауға Адай тайпасын бастап келіп қоныстандырған батырлардың басында Шотан тұрғандығын көреміз. Немесе Адайдың азаматтарынан жасақ құрып, түркімендер мен хиуалықтармен соғысып, жекпе-жекке шығып белгілі батырларын өлтіріп, жерге иелік етіп елін қоныстандырған да Шотан деп айтылады.Кіші жүздің Адай тайпасы 1741-42 жылдардан бастап Мұғаджардан бері қарай Аяққұм, Ақтымберкін жерлерін жайлай отырып Матай, Сам құмдарына қарай жылыстап қоныстарын кеңейтіп қанатын жая бастаған-ды. Сөйтіп, батысқа қарайғы жерлерді Каспий жағасына дейін иеленуге бағыт ұстады.Ең бірінші жер қараған топты бастап келген Шотан екендігін Мұрат Мөңкеұлының мына бір жыр шумақтарынан тағы да көруге болады:Есболай, Кете Әжібай қарай келген,Қасына батыр жары Шотан ерген.Әжібай арқа жағын қыстап қалып,Керелді Есболай бай иеленген.Кіші жүз тайпаларының ішіндегі он екі ата Байұлының Қалнияз, Абыл, Қашаған. Мұрат, Түмен секілді ақындарының жырлары мен солардың айтқан шежірелерін негізге алғанымызда Адай тайпасын Маңғыстаудың ойына бастап әкелген Шотан, Есболай, Есек, Атағозы, Өмір, Лабақ, Ақпан батырлар екеніне күмән туғызылмайды.Сөйтіп Керелге Есболай бірінші келіп орналасса керек.Адай көшіне жол бастап, Өрмелі арқылы құлатқан Қосай Есенқұлұлы Есек батыр делінеді. Адайдың өңшең алып тұлғалы, арыстан жүректі батырларын, оның ішіндегі жолбарыс тұқымдас шұбар мінген, екі көзінен от шашып тұрған, ұзын бойлы екі иығына екі кісі ер салып мінгендей, сандары бураның санынан да жуан, қолы ұзын, жұдырықтары қара қазандай, бес қаруы бойында, ешқандай жаудан сескенбейтін жүрек жұтқан Шотанды түркіменнің әйгілі батыры, алдын болжап отыратын қасиет иесі Ерсары анадай жерден Шотанның екі қапталында еріп жүрген қос жолбарысын көрісімен-ақ өзінің отбасын алып, желкенді қайықпен Әзірбайжанға асып кетіпті деген аңызға айналып кеткен шындық жатырған-ды.Шотанның жоңғарлармен соғысқанда да екі қапталында екі жолбарысының бірге жүріп оқ, басқа да   сілтенген қаруларды қағып, дарытпай отыратынын алғаш рет Аңырақай шайқасында Қабанбай батырдың ғана көзіне көрінгенді. Сол кезден бастап Шотаңды — Қабанбай батыр өзінің туған інісінен бетер іш тартып, ағалық құшағын ашып тұратын-ды. Адай тайпасының алдыңғы легі күзге салым уақытта келсе керек. Оған Түмен Балтабасұлының мына бір жыр шумағы дәлел болатын сияқты:Келгенде алпыс үйден аз келіпті,Ішінде Ақпан деген таз келіпті.Есболай бірге келген екі үй екен,Қалғаны қыс өткен соң жаз келіпті,-деп көрсетеді. Алғашқыда Адайлардың келіп қоныстануын жақтырмаған түркімен ағайындардың ішіндегі пейілі тарлары Хиуа хандығына "қазақ босқындары келіп, рұқсатсыз жер-суымызды басып алып иеленіп жатыр" деп хабар жеткізген. Хабарды естіген Хиуа ханы "шұғыл қазақ босқындары Маңғыстаудан көшірілсін" деген жарлық шығарып, азғантай көлемде — 70 адамдай жасақ жөнелтеді. Жасақ жүріп отырып, қоныстанып жатқан Адай ауылдарына келіп, көшуді талап еткен хан жарлығымен таныстырады.Адай ауылдарының ақсақалдары мен Есболай, Ақпан сияқты қарт батырлар келген жаушыдан — қыстың жақындап қалғанын айтып, қыстап шығуға мұрша беруді өтінеді. Келген жасақтарды қонақасылап әрі-бері жүргізілген келіссөздерден кейін, басшысы қыс өтісімен көшетін болып келісіп, келген топ кері қайтады. Шындығында, бұл келген хан жасағы адай ауылдарын күшпен көшіруге келгеңдер еді. Келгеннен кейін ақсақалдардың өтініші мен қонақасыланып, жайласып отырғаңда Шотан бастаған құлан аулауға кеткен жиырма шақты адай батырлары ауылға оралады. Келген батырлардың түр-түсін, дене бітімін, қимылдарын байқаған жасақ бастығы ауылды күшпен көшіруге жүрегі дауаламайды. Бірақ онысын сездірмей келісімге келген болып, елдеріне кайтады. Жаушы кетісімен Шотан кейінде қалған адай ауылдарына, оның ішінде Атағозы батырға хабаршы жөнелтеді. Хиуа хандығының жасақтарының келіп-кеткен хабарын жетістіреді. Осыған байланысты жазғытұры қар кетісімен жігіттерден жасақ құрып, Маңғыстаудағы азғантай адайларға наурыз айынан қалмай көмекке келуді тапсырады. Ол үшін қазірден бастап жастарға соғыс өнерін үйрету қажеттігін, қару-жарақтың сайлы болуын, мініс аттарды қыстай баптап, жазғытұры жорыққа дайын болуын тапсырады. Өзі көшіп келген азғантай ауылдың қырық жігітін соғыс өнеріне Есболай, Ақпан сияқты аға батырларды қатынастырып отырып үйрету жұмыстарын жолға қояды. Ауылдарды жауға алдырмайтын ыңғайлы жерлерге орналастырып, қысқа дайындық жұмысын жүргіздіреді.Шотан хиуалықтардың зорлығына көнгісі келмейді. Болашақ Маңғыстауды тұтастай иеленуді ішінен мақсат тұтады. Жоңғардағы қазақ жансыздарының хабары бойынша алдағы жазда Сыр бойымен Кіші жүздің еліне қалмақтың үлкен қолы аттанбақшы. Оған дейін Кіші жүз жасақтарын біріктіріп жоңғар қолына қарсы шығуға даяр тұруды Әбілқайыр қазірден бастап ойластырып жатқан-ды.Әбілқайырдың айтуы бойынша, алдағы жазда — маусым айының басында он екі ата Байұлыдан екі жарым — үш мыңға дейін жасақ шығарып, Сыр бойына бағыттау тапсырмасын тікелей Шотанға берген еді.Шотанның өз тайпасынан қазірден бастап жасақ ұйымдастырып, соғыс өнерін үйретуі, біріншіден, хиуалықтарға қарсы тұру үшін болса, екіншіден, негізгі жау жоңғарға аттануды ойластырғаны болатын. Шотанның көптен күткен арманы адай тайпасынан іріктеп бір мың жауынгер тұрақты шығара алса, ешкімнің аяғының астында қалмас едім деген ой еді.Адай ауылының жігіттерінің әскер өнерін үйреніп, болашақ соғысқа дайындалып жатқаны түркімендерге белгілі болды. Бұл дайындықты Хиуаның түркімен ішіндегі жансыздары Хиуа ханына хабарлап отырды.Наурыз туа Мұғаджардан бастап бері қарай адай ауылдарынан жиналған, көбісі сыналған, жоңғар соғысына қатынасқан сарытіс болып қалған жауынгерлерден құралған екіжүздей жасақты бастап Атағозы да келді.Көп ұзамай Хиуа ханының Бектұрлы бек бастаған бес жүз адамдық қолы түркімендердің ішіне келіп қыстап отырған босқын қазақты шауып алуға жіберген хабары да келіп жетті.Хабар алынғаннан кейін екі жүз елу адамнан тұратын қазақ жауынгерлерін Шотан үш топқа бөлді. Ауыл отырған жерден алты шақырым жаудың келетін жолына шығып оң қанаттағы қолатқа Атағозы бастаған бір жүз жауынгерді, сол қанаттағы қолатқа Өмір бастаған бір жүз жауынгерді орналастырып, қалған елу шақты адаммен өзі жаудың қарсы алдында тұрды. Бұл топтың ішінде жасы үлкен Есболай, Ақпан, Лабақ, Есек батырлар да бар еді. Бұлар әуелі жау жағымен тілдесіп, келісімге келуді ойластырады. Нағыз  болмайтын болса, соғысуға бел байлап тұрды.Қарт батырлар сауыттарының сыртынан мол шекпен киіп, қаруларын жасырып ұстады.Сол кезде әуелі шаңытып, артынан жаудың өздерінің қарасы да көрінді. Хабаршылардың жетістірген хабары шын болып шықты. Келе жатқан жаудың саны бес жүзден кем емес екені байқалды. Алдыңда тұрған қырық-елу адамды көзіне ілмеген Хиуа жасағының басшысы Бектұрлы бек өңмендеумен тап келіп, ақыра сөйледі:—      Ал, көне, қазақтар, қар кете көшеміз деп былтыр келген біздің адамдарымызға уәде беріп, бастарыңызды иіп шығарып салыпсыздар, неге алдадыңыздар? "Уәде — құдайдың сөзі" дейді, еңді тағы алдымыздан шығып, алдарқатқыларыңыз келе ме, оған енді жол жоқ! Кәнекей, ауылдарыңызға жүріңіздер, ешқандай кідірместен жүктеріңізді тиеп келген жақтарыңызға кететін боласыңдар. Болмаса, тап осы жерде түгелдей бастарыңызды аламын, — деп қылышын қынабынан суырды.Топтың алдыңда тұрған Есболай бір адым алға шығып:—      Екі ауыз сөзім бар, айтуға мұрша бер, Бектұрлы мырза, — деді.—      Бас-басыңа сөйлесіп тұратын уақытым жоқ, екі ауыз сөзіңді айт, кәне, — деді Бектұрлы бек.Есболай Бектұрлыға қарап:—      Мьна екеуіміздің басып тұрған жеріміз кімнің жері екенін білуге болама ма? — деді.—      Әй, қаңғырған қазақ, жердің кімдікі екені саған қандай шаруа? Мен саған "өкшеңді көтер" дедім ғой, болмаса, белдескің келіп тұрса, жекпе-жекке шыға ғой менімен. Мені жеңсең осы жерге ие боласың, — деп қарқылдап күлді. Оған қосылып жасақтары да шулап күлген болды.—      Жекпе-жек деп тұрсың ғой, оныңа да келісемін. Жер құдайдікі, хан да, қара да құдайдың құлы, пендесі, жер бәрімізге ортақ Ақылға келіп түсінеді ғой деп едім, оған келіспедіңіз, — деп үстіндегі шекпенін шешіп тастағанда үстіндегі ақ сауыт жарқ ете түсті. — Ал, қәне, Бектұрлы бек, жекпе-жегің рас болса, жерді кеңейтейік, — деп Есболай өз адамдарын кейін жылжытты. Бектұрлы да жасақтарына кейін тұруға тапсырма берді.Осы кезде Есболайдың қасына келген Шотан:—      Нағашыеке, алдында тұрған сүмелекпен жекпе-жекке шығып атағыңызға нұқсан келтірмеңіз, әуелі мені жеңіп алсын, сонсын сізбен шығар, — деп Есболайға көзін қысып, өзі ортаға қарай атының басын бұра берді. Сол кезде Есболай:— Әй, Шотан. Кіші жүз қолының бас сардары Хиуадан келген жаман сартпен жекпе-жекке шықты деген атаққа калатын болдық қой, қайт кері, өзім-ақ мойнын бұрап тастайын, — деп Есболай ұмсына беріп еді, Ақпан келіп Есболайдың қолынан ұстап күліп: "жаспен жас белдессін, жиеніңнің пәтін қайтарма" деп Есболайды өз ортасына қарай алып кетті. Әңгіменің бәрін естіп тұрған Бектұрлы Шотанның атын естігенде жүрегі зу етті. Шотанның атын естігені болмаса, өзін көрмеген болатын. Шотанға енді назар салып қарап астындағы шұбар тұлпары мен оның үстіндегі келе жатқан Шотан екендігін көргенде оның ерлігі туралы аңызға айналып кеткен әңгіменің шын екендігі ойына сап ете түсті.Енді болар іс болды, жекпе-жектен бұлтаратын жер қалмағанын білген Бектұрлы атын бұрып белгілі қашықтыққа барып найзасын оңтайлай бастады. Шотан да әрі ұзын, әрі жуан найзасын оң қолына алып шұбарды текіректетумен Бектұрлыға жақындай берді.Бектұрлы шыдамады, аттың басын Шотанға бұрып алды да жіберді. Әккі болып қалған Шотанның шұбары тізгінді солға қарай қағып қалуы мұң екен, Бектұрлы келе бергенде сол жағына қарғып шығып кетті. Бектұрлы найзасын солға бұруға үлгермей қалды, зулаумен қатарға келіп қалғанда Шотанның ауыр найзасы мойнынан соққанын бір-ақ білді, ар жағы қас-қағымда қара түнек орнап жүре берді. Мойын омыртқа опырылып сынып, бас кеудеде былаңдап қалған еді. Даладан қарап тұрған адамға Шотан ат ойынын көрсетіп жүрген адамға ұқсап кетті. Бектұрлы атынан құлап түсті. Сол кезде Шотанның аттандаған дауысы жер жарды. Шотан бастаған Лабақ, Есболай, Есекмергендер ерген қырық шамалы топ басшысы аттан құлап абыржып қалған жасақтың ортасына жарып кіріп, жапыра жөнелді. Сол кезде Атағозы бастаған жүздік "Ер-Қосайлап" ұран салып, оң қапталдан тиісе жөнелгенде, сол жақтан Өмір бастаған тағы бір қазақ қолы адай атын ту етіп, сол қанатты жапырып бара жатты.Бір мұрсатта көп адамынан айырылған хиуалықтар қаша бастады. Жан-жақтан ұрандап тиіскен қазақ жүздіктері олардың көзіне мыңдаған қол болып көрінді. Бір жүздің үстінде өліктерін қалдырып, хиуалықтар алды-артына қарамастан қарасын батырды.Адайлар жағынан екі адам қайтыс болды, оншақты адам жараланды.Жеңіліп қашқан хиуа жасағы ханына барып көшіп келіп жатқан қазақтар Кіші жүздің жауынгер сарбаздары адай тайпалары екенін. екі мыңға жақын жауынгерлері бар екенін, оны бастап жүрген Кіші жүз қолының бас сардары жоңғарлармен соғыста үнемі жеңіске жетіп жүрген, Әбілқайырдың оң қолы Шотан екенін айтып, әскердің саны жөнінен өтірік мәлімет бергені кейіннен мәлім болды. Хиуа жасағын талқандағаннан кейін адай ауылы құдай жолына садақасын таратып, соғыста шейіт кеткен азаматтарын ақжуып арулап, қара жердің қойнына беріп, қаделерін жасап жатқанда үстірттен, Қарақұмды жайлап отырған түркімендердің егдір тайпасынан Есекмергенге жақын нағашы болып келетін, және көптен бері танитын, дос болып кеткен Аннасейіттің баласы Бәубек батыр келіп, Есекмерген отырған үйге ат басын тіреді.Есекмергеннің Хиуа жасағына қарсы қол бастап кеткенін естіген Бәубек тікелей адай ауылына ат басын тіреген еді.Келіп Есекмергенге сәлемін бергеннен кейін ауылын малы мен жанын қалмақтардың шауып кеткенін, соған шұғыл көмек сұрап келгенін білдірді. Есекмерген әңгіменің төркінін түсінгесін Шотан мен Атағозыға осы жердегі жинақ тұрған екі жүз жауынгерді алып Бәубектің ауылын, жау алып бара жатқан жесірлерін қайтаруды және Сағыз бойындағы қалмақтардың басқа да ауылдарын шауып, малдарын айдап алуды тапсырды.Басқа ауылдарды да шабуды тапсырған себебі, екіншілей қалмақтардың қазақ-түркімен ауылдарына қарай аяқтарын аңдап басатын болсын дегені еді.Адай тайпасының ең жасы үлкені, адай руының басшысы болып есептелінетін Есекмергеннің айтқанын тек адай емес, он екі ата Байұлынын кез-келген ересилаға енген адамы тындайтын-ды.Есекмергеннің тапсырмасын орындау мақсатында Шотан мен Атағозы екі жүз жасақты ертіп атқа қонды. Жем бойындағы отырған құба қалмақтар да қуғыншы келетін шығар деген оймен қамданып, үш жүздің үстінде жауынгері бар топ құрып, дайындықпен тұрған болатын. Қалмақ пен қазақ жауынгерлері Жемнің жағасында кездесті. Шотан алыстан қалмақ қолын көріп, қарасының көп екенін байқады да, Атағозыға сол қапталын алып өзінің жүздігімен "осы бойда аттың басын жіберумен, шабуылдаумен барып тиісетін бол, мен оң жағын алып кірісетін болайын" деп бірден жүз адамды бөліп алған Шотан аттарының басын оң қапталға бағыттатып, дүрсе қоя берді. Қалмақтар мұндай жағдайды күтпесе керек, салғаннан абыржып қалды. Сөйткенше болған жоқ, екі жақтан бірдей казақ қолы екпінмен келіп, екі қанатты талқандап тастады. Шотан өзінің жоңғар соғысындағы тәсіліне салып, оң қанаттан келіп кірді де, жарып өтіп, арғы жағына бір шықты да, кері бұрылып, ортаға қайта салды. Соңыңда келе жатырған Өмір бастаған жүздік те Шотанның соңынан қаққан сынаша қалмай жау қолын екінші жарып өткенде, Атағозы жүздігі де оң қанатты сөгіп, ортаны жарып кірген еді.Атағозыны қамап жүрген қалмақтарды көріп қалған Шотан үшінші рет ортаға салып қоя берді. Атағозыға таяп келген Шотан қалмақтардың сыртынан келіп оң қолында семсерін, сол қолында шоқпарын көз ілеспес жылдамдыкпен сермеп, он шақтысын аттан аударып тастады. Өмір де Атағозының сол қапталындағы қалмақтарды жусатып үлгерді. Сол уақытта есік пен төрдей жердегі айқасып жатқан түркімен батыры Бәубектің ту сыртынан қылышын көтеріп барып қалған қалмақты байқап қалған Шотан шұбарды қарғытып келіп, шоқпарын сілтеп үлгерді. Шоқпар қалмақтың басынан тиіп, бас сүйегін талқан қылып, миын жан-жаққа ұшырып жіберді.Артынан қылышын құлаштап келіп қалған қалмақты көрген Бәубек не істейін дегенше болған жоқ, "бақ" еткен қалмақтың дыбысымен бірге бас сүйегінің жаңқаша ұшқанын көргенде барып, қасына келген Шотанды бір-ақ байқады. Шотанға деген ырзашылығы сондай, көзінің жасын ірке алмай қалды. Сәскеде басталған соғыс түсқайта қалмақтардың тірі қалған жасақтарының қашуымен аяқталды. Қалмақтардың тең жартысы қырылды. Қазақ қолынан жеті адам қаза тауып, он бір адам жеңіл жараланды. Сол жеті жігіттің өліміне Шотан қатты қиналды. Бәубектің ауылымен мал-жаны түгелдей қайтарылды. Қалмақтардың Сағыз жағасында отырған ауылдары толығымен шабылды. Малдары түгелдей олжаланылды. Тірідей қолға түскен калмақтарды Шотан тұтастай босаттырып, Еділ-Жайық бойынан кетуді талап етті. Еділ бойын жайлаған қалмақтардың бұл хабарды естігенінде ойлануына тура келді. Қалмақтардан түскен екі мындай жылқы мен бес мындай қой-ешкінің тең жартысын соғыста өлген жеті жігіттің отбасына бірдей қылып, Шотан өз қолымен бөліп берді. Калған малдың көбірек бөлігін жарақаттанған сарбаздарға, қалғанын соғысқа қатынасқандарға үлестірді. Бәубек үлкен той жасап, қазақ қолын жібермей үш күн ауылында қонақ етті. Қонақтарын аттандыратын күні Бәубек батыр Шотан мен Атағозыдан бұйымдарын сұрады. Шотан Бәубекке:—      Біздің бұйымымыз жоқ, Есекмерген ағамыздың тапсырмасын орындадық. Енді Бәубек батыр, сізден, сіз арқылы түркімен ағайыннан Адай елінің бұйымы бар, соған септігіңіз тисе, Атағозы мен екеуіміз ауылға үлкен шаруа бітірдік деп барамыз, — деді.Бәубек:—      Шотан аға, маған тірелетін, менің шамам келетін шаруа болса, бұйымыңыз орындалады, ал менің шамам келмейтін шаруа болса, жолында өлетін боламын, — деп жауап берді. Шотан іркілген жоқ:—      Олай болса, — деді, — біз — түбіміз туыс, одан бері қарай құдандалы, нағашылы-жиеңді, дос-жаран болып кеткен елміз. Біздер сіздердің үстеріңе көшіп келіп, қонақ болып жатырмыз. Маңғыстаудың ойы-қыры кең жер ғой. Сол қонсықа орналасуға ықпал етсең деген бұйым бар, — деді. Бәубек батыр:—      Қалаған жерлеріңізге көшіп келіп орналаса беріңіздер, менің көзімнің тірісінде түркімен туыстарым сендерге ештеңе айтпас, — деді. Сөйтіп, Шотан, Атағозы, Өмір батырларға алтын жалатқан ер-тоқым салынған теке-жәуміт арғымағын мінгізді және әр қайсысына бір-бірден алтын тайтұяқты сыйға тартты. Түркіменнің жоғын жоқтап, қалмақтар шауып алып кеткен Аннасейіт ауылының мал-жанын түгелдей қайырып, жауды тас-талқан етіп жеңген Шотанның ерлігі Сағыз бойындағы қалмақ ауылдарына, бүкіл Маңғыстауды жайлаған түркімендерге тарап кетті. Осыған байланысты түркіменнің ішінде үлкен беделі бар Аннасейіт ақсақалдың адай еліне қарсылык етпестен "отырам деген жері берілетін болсын" деген тапсырмасы түркімендердің басшы адамдарына да естіліп жатты. Міне осыдан бастап адай мен түркімен арасында достық орнай бастады. Сол уақытта Маңғыстаудың ойында екі мын үш жүздің үстінде түркімен отбасы болған деп айтылады. Міне, содан бастап адайлар мен түркімендер тез татуласып, көп жылдар төс қағыстырып дос болған деп көрсетіледі. Адайлардың түркімендермен араласып кеткендері сондай, малдарының жайына қоныс іздеген адайлар Жаңғақтың ойына, Тәжен, Көшкіге дейін барып, жайлап қайтып тұрған.Хиуа хандығын Иран шаһы Нәдір басып алып, оның жайсыз әрекеті Маңғыстау түркімендеріне де әсер ете бастады. Нәдір Хиуа елін басып алған күннен бастап халықтан алынатын салықтың мөлшерін қатты көбейтіп, оны төлеуден бас тартқандарын қыспаққа алып жазалай бастады. Маңғыстау түркімендері екіге жарылады. Бірі Хиуаны басып алған басқыншыға бағынудан бас тартады. Сөйтіп, көбісі су жолымен Әзірбайжанға, Астраханға, басқа да орыс жерлеріне қашып көшіп кетеді.Екіншісі — Оғылша, Құтылық, Сейід түркімендер басқарған тайпалары Нәдір шаһқа бағынып, соның тапсырмасын орындау жолында жұмыстанады. Маңғыстауды жерленіп отырған адайларға да орасан көп салық салғызып, оны өндіруді Оғылша бас болып талап етті. Адайлар Хиуа хандығына бұрын аз мөлшерде салық төлеп келген болатын.Енді қызылбастың орасан көп мөлшерде салып отырған салығынан бас тартады. Нәдір шаһтың итаршылары Оғылша, Құтылық, Сейідтермен арада осыған байланысты келіспеушіліктер пайда болды. Маңғыстаудың жерінде мал басын өсіріп, жайлап отырып патшасының салығын төлеуден бас тартқан адай ауылдары мен Нәдір шаһтың жауласуы осылайша басталды. Жазғытұры мезгіл болатын. Ойдағы адай ауылдары Үстіртке жаз жайлауға көшетін мезгілдері жақындағанда Оғылшалардың әскер ұйымдастырып, Үстіртке шығармауға әрекет жасап жатқанынан адай батырлары хабардар болды.Шотан хабарды естісімен, Сам құмының батыс бетін жайлап отырған Атағозыға хабаршы жөнелтеді. Сол жақтағы адай ауылдарынан жасақ жинап, наурыздың соңғы күні Қаратүйе асуына келіп күтуді тапсырады. Сол кезде көшкен елді бастап өзінің жетісетінін, Оғылшалардың құлау жолда күтіп тұратын хабарын да айтып жіберді. Хабарды естіген Атағозы Шотанның тапсырмасын шұғыл жан-жаққа жетістіріп, екі жүздің үстінде жасақ жинап, көрсетілген мерзімге жетісуді ойластырып жатты.Осы кезде Оғылша, Сейід, Құтылықтар да үш жүз адамдық жасақпен Қаратүйе асуына келіп, Үстірттің үстіне жайлауға көшкен адай ауылдарының жолын тосып тұр еді. Шотан бастап көшіп келе жаткан қазақ ауылдары малының жайын жасап, жайлап. мардымсыз жүріспен қыстақтарынан енді көтеріліп шыққан болатын. Бұрын келген Оғылша ұрымтал, садақ оғынан жақсы қорғанатын жерлерге жасақтарын орналастырып, Шотанның келуін күтіп жатқан-ды.Шотан ойластыра келіп, Қаратүйеге көшті соқтырмай, түнделетіп келіп Өрмелі асуынан көтеріліп, дөңнің үстіне елін шығарып тастап, өзі көшпен бірге келе жатқан елудің үстіндегі қарулы жігіттерін ертіп, наурыздың соңғы күні таң шапағы жаңа білініп келе жатқанда Қаратүйе — Маната құлауына келіп тұрған Атағозы бастаған адай жасағына келіп қосылды. Сол жерде аттарының белін босатып, өздері таңғы астарын ішіп, ауқаттанып алғансын, құлаудың астындағы түркімен қолын барлауға шығады.Құлаудағы түркімендер де қозғалысқа түсіп, адай көшінің қарасы керінбегесін қабаққа шығып, қарауыл қарау мақсатында бір тобы жоғары көтеріліп, Шотаңдар тұрған ернекке бағыттайды.Ернекке көтеріле бергенде қазақ жасақтарының садақтан оқ жаудырып түгелдей қырып тастайтынын сезген Шотан жауынгерлеріне оқ атпауға тапсырма беріп, ернекке шыққан азғантай топпен өзі сөйлесіп бітімгершілікке келу мақсатыңда Оғылша бастаған Сейід, Құтылықтарды келіссөзге шақырады.Қабаққа көтерілген түркімен шолғыншылары алдынан шыға келген Шотанды көргенде қорқып кеткендері сондай, қолдары қаруларына жетпей қалды. Шотанның ақ орамал көтеріп тұрып айтқан жылы сөзінен кейін барып естерін жинады.Шотанның әскер басшыларын келіссөзге шақырған сөзін естісімен шолғыншылар келген ізімен кері құлап, Оғылшаға Шотанның хабарын жеткізді. Шотанның басқа жолмен шыңнан шығып кеткенін естігенде Оғылша санын соғып қалды. Амал жоқ, жасағын бастап Қаратүйенің жолымен көтеріле бастады. Тар жолмен қарулы жасақтың бірінің артымен бірі жүріп, тізбектелген күйінде қозғалуы қабақта самсап тұрған қазақ колының саржасынан егерде атқылайтын болса, түгел қырылатын еді. Бірақ Шотан оған бармады. Шотанның негізгі мақсаты Оғылшалардың іс-әрекетінің қисық екенін түсіндіріп, жөнге келтіріп, түркімен,қазақ болып бірігіп, Нәдір шаһқа қарсы күреске шығуды көздеп еді.Оғылша бастаған түркімен жасақтары түгелдей көтеріліп кең жазыққа шығып болғаннан кейін Оғылша Шотанға келіп әуелі дұрыс сөйлесіп амандасудан бастады.Аман-саулықтан кейін Оғылша Шотанға қарап:—      Ал, Шотан, адайларыңды ертіп келіп қалаған қонысыңа орналасып, тұнық судан малыңды суарып, мәре-сәре болып, дегеніңе жетіп жатқаныңа да көп болды. Енді Хиуа хандығына салық төлеуге келгенде түркімендер төлей берсін, адайлар төлемейді деп қолды бір сілтегенің әділеттік пе? Сол үшін де мен сенің еліңді жаз жайлауға салығын төлегеннен кейін ғана көшіретін жағдайға келтірейін деген тоқтамға келіп едім. Бірақ сен айлаңды асырып, дөңге шығып кетіпсің. Қалай болғанда да бізбен қоныстас, тату көрші болғың келсе, ханның салығын бізбен бірдей төлейтін боласың. Оған келіспесең бұл қоныстан кететін боласың, екінің бірі — қалағаныңды таңда, Шотан, — дейді Оғылша.Шотан Оғылшаға қарап:—      Сенің бұл ақыңа мен келісе алмаймына, оның себебі, мен бұл жерге сенің рұқсатыңмен келгенім жоқ, алты арыс Сейліханның ақсақалдарының рұқсатымен келдім. Түркіменнің атақты абызы Аннасейіттің елін, мальга түгелдей қалмақтар шауып алып кеткеңде қазақтан жасақ жинап барып соғысып, жесірлеріңіз бен малдарыңызды қайырып әкеліп бергенмін. Сол соғыта бірнешелеген қазақ бауырларым жоңғар қолынан қаза тапқан. Осы жағдайға байланысты осы жерді жайлаған 2300 үйлі түркіменнің ақсақалдары бірігіп адай ауылдарына қалаған жерлеріне келіп қоныстануға пәтуа жасағанын өзің де білесің. Сол ақсақалдардың ұйғарымын бұзамын деп кеуде соққаның дұрыс емес. Оғылша, сен ақылға кел. Біз қазақ-түркімен болып бірігіп, Нәдір шаһқа салық төлеуден бас тартайык. Әскер жіберсе, соғысайық. Күшіміз жетпей жатса, мен түгелдей Кіші жүзден жасақ ұйымдастыруыма да болады. Ақсақалдардың сүттей ұйып отырған келісімін бұзбайық. Жекжат болып кеттік, құдандалы болып кеттік. Босына қан төгіспейік. Ауызымыз бір болса, бізді жау ала алмайды, ойланып істегеніміз дұрыс болар, Оғылша, - деді.Сол кезде Оғылша күндей күркіреп Шотанға қарай шабынып:—      Шотан, сен не деп мені алдарқатып тұрсың? "Қазақ пен түркімен біріксе" деп келіп шалқаясың, сен де түркіменге бірігіп дейтіндей қанша адамың бар еді. Шауып шықканда осы ойдағы Адайың жүзге жететін жасақ шығара алмайды. Ертең Нәдір шаһтың бір мың қолы басып кіргенде жүз адаммен не бітіргің келеді? Қырылса. қырылатын осы жердегі қалған түркімендер. Қазір сен батырсынып тұрғанмен, ертең Нәдір шаһтың мың-мыңдап әскері келгенде сен қырық-елу үйіңді түйеге тиеп, табаныңды жалтыратасың, қырылатын менің елім болады. Сондықтан менің айтқанымды орындап, салығыңды төлейсің, болмаса, тап қазір табаныңды жалтыратасың, оған көнбесең, тұрысатын жеріңді айт, — деп ақырды.Оғылшаны Шотан бұрыннан білетін. Ашуы көп, ақылы қысқа, қара жерді қақ айыратын алып күштің иесі болатын.—      "Тұрысатын жеріңді айт" дегенде не тыңдырғың келіп тұр, қара күшіңе сеніп, соғыс ашып, кісі өлтіргенде мүйізің шығатын болса, соғысалық, жоқ әлі де болса, ойланасың ба? — деді Шотан.—      Сен не, менімен тәжікелескің келіп тұр ма? Шотан болсаң өзіңнің Адайыңа Шотансың, мен үшін сенің құның — бес теңге. Мен ойланып болғанмын. Әуелі батырларың болса, менің ерлеріммен жекпе-жекке шықсын, соңғы кезек екеуіміздікі болады, — деді де, бұрылып анадай жерде шоғырланып тұрған түркімен жасақтарына қарай жүре берді.Оғылша барысымен түркімен жағынан атын ойнатып Сейід батыр ортаға "жекпе-жек! Жекпе-жек!" деп шыға келді. Қазақ жағынан да кідірместен акмойнақ атпен Лабақ батыр шықты. Екі батыр бірден найзаласуға көшті. Қалқаннан тайқып кеткен найзаның шақұ-шұқыр еткен дыбыстары екі жаққа да естіліп тұрды. Лабақтың астындағы ақмойнақ аттың екпініне шыдай алмаған Сейідтің сұр аты шатқаяқтап барып сүрініп кетті, осы сәтті пайдаланған Лабақ найзасын мойынның сол жақ қапталынан шаншып үлгерді. Сейід те жандәрмен күн тырбынып найзасын сілтей бергенде Лабақ найзаны күшпен ырғап итергенде Сейідтің кеңірдегін жұлып кетті. Сейід қорылдаумен барып атынан құлады. Лабақ Сейідтің атының тізгінін қағып алды да жетектеп жүре берді. Кеңірдегі жұлынған Сейід ышқынып жиырылып, қорылдаумен жығылган жерінде қала берді.Түркімен жағынан екі атты шабуылдаумен келіп, Сейідті көтеріп атқа өңгеріп салғанда жаны кешіп кеткен еді. Көп кешікпей ортаға торы арғымағын ойнатып түркімен жағынан Құтылық батыр шықты. Құтылық ортаға келе бергенде қазақтар жағынан меңсіз қара тұлпарын еміндіріп Атағозы да Құтылыққа жақындай берді. Құтылық оң қолындағы найзасын оңтайлана бастады. Атағозының оң қолы қапталдағы басына шәуімдей қорғасын құйылған шоқпарын қысып ұстап, Құтылықтың сол қапталына шыға берді. Құтылық та найзасын Атағозыға сілтеп үлгерді. Атағозы сол қолындағы болат қалқанымен найзаны қапталға тайдырып жіберді де қара аттың қапталынан қолымен қағып қалғанда қара ат қосаяқтап Құтылыққа шапшыған мезгілде Атағозы да шоқпарды жоғары көтеріп көз ілеспес жылдамдықпен төмен ұрғанда Құтылықтың басын жанай барып сол иығынан соқты. Иықтың опырылғаны Құтылықтың қисайып қалғанынан белгілі болды. Сол мезгілде Атағозы алдаспанын суырып алып Құтылықтың басын шауып түсірді. Бір шай ішімдей уақыттың ішінде түркімен қолы екі бірдей батырынан айырылды.Көп ұзаған жоқ, көк бурыл тұлпармен ортаға шыққан Оғылша айқайлап Шотанды шақырды. Шотан да теңбіл шұбардың тұқымы шұбарала бестінің тартпасын қайта тартып мініп, Оғылшаға қарай бет алды. Астындағы шұбар тұлпар ауыздығын керіп, жер тарпып, басын жібер дегендей қайта-қайта шапшумен болды.Оғылша Шотанға қарап:—      Мына астындағы жолбарыс тұқымдас шұбар маған лайық мал екен, ажал айдап келесің ғой, көп ұзамай жарық дүниемен қоштасасың, шүбар менің тақымымда ойнайтын болады. Иманыңды айта бер, Шотан, — деп найзасын үйірді. Шотан да қалқаны мен найзадан қорғана жүріп ұрымтал жерлерде Оғылшаға да найзасын ұрды. Екеуі де біріне бірі қару дарыта алмады. Найзадан кейін алдаспанға көшті, одан кейін шоқпарға ерік берді.. Шотан ерікті Оғылшаға беріп жүрді. Бір кезде екеуі де каруларын тастап белдесіп күресуге көшті. Оғылшаның жуандығы сондай Шотанның қолы құшақтауға толық жетпеді. Екеуі бір сүт пісірімдей айқасты. Оғылша Шотанды оңға тартты, солға тартты, ыңғайына келтіре алмады. Шотан ешқандай тәсіл қолданбастан үнемі қорғанумен болды. Бір кезде бұқадай болған Оғылшаны Шотан өзіне қарай тартыңқырап алды да шырқ көбелек айналдырды. Бұл әдісті Шотаннан күтпеген Оғылша аяғының жерден көтеріліп бара жатқанын бір-ақ білді. Шотан Оғылшаны басынан асырып айналдырумен барып лақтырды. Оғылша жерге басымен түсіп құлағанда мойны қайырылып астында қалды. Оғылшаның ышқынған дыбыс шығарып барып аяғын сермегеннен кейін қозғалыссыз қалғанынын-ақ өліп кеткені белгілі болды. Сол кезде түркімен қолы кейін қарай ат басын бұра бастады. Қашуға ыңғайланғанын байқап қалған Шотан басындағы дулығасының ішіндегі ақ орамалын алып көтеріп түркімен жасағына жақындап келіп дауыстап:—      Ағайындар, біз сіздерге жау емеспіз, біздер — сіздермен ағайын, туыс, жекжат адамдармыз. Сіздерге ешқандай жазығымыз жоқ. Хиуаны басып алған Нәдір шаһтың зорлығына көнбейтінімізді білдіріп, салық төлеуден бас тарттық. Жөне түркімен ағайындарымызға да осылай істеуді ұсындық. Жауға бірігіп қарсы тұрмасак, олар біздің басымызға күнде әңгіртаяқ ойнатады. Сөйтіп бізді құлдықта ұстайтын болады. Біздің осы айтқандарымызға түркімен ағайындармен ақылдаспастан, Оғылша бастаған Сейід, Құтылықтар келіспеді. Салық төлемейтін болсаңдар бұл жерден кетесіндер, болмаса түгелдей қырамыз деп күш көрсетті. Ақыр түбі өздеріңіз көріп отырсыздар, жаз жайлауға шығатын жолға сіздерді бастап келіп, біздерді және жазығы жоқ қатын-балаларды өлтіруге шешім қабылдап, соғыс ашып отыр. "Аққа —құдай жақ" деген, біздер аман қалдық. Өздерінің басын өздері жутты. Енді менің осы хабарымды барлық түркімен ағайындарымызға жетістіріңіздер. Бәріміз бірігіп жауға қарсы тұралық. Салықты біреуіңіз де төлемеңіздер. Біз сіздермен біргеміз. Мына соғыста шейт болғандардың сүйегін елдеріңізге өздеріңіз отбастарына апарып тапсырыңыздар. Ақ жауып арулап қолдарынан қойсын, — деп Шотан сөзін аяқтады да, атының басын бұрып. анадай жерде тұрған өзінің жасағына келіп хабарын айтты. Түркімен жігіттері жекпе-жекте өлген батырларын киізге орап атқа теңдеп алып елдеріне беттсді. Ішінен екі-үш адам бөлініп шығып, іркіліп тұрған қазақ қолына тақап келіп, ішіндегі жас шамасы тоқтасып қалған түркімен жігіті дауыстап:—      Шотан аға, біз сіздің әңгімеңізге түсіндік, біз сізді танимыз. Біз Аннасейіттің тұқымынанбыз. Сіздің айтқан әңгімеңізді ақсақалдарымыға жеткіземіз. Оғылшалар бізге сіздер туралы бұлай айтқан жоқ. Олардың әңгімесі "адайлар бізбен бірге салық телеуден бас тартты, Хиуаға салық төлейсің бе, төлемейсің бе, соғысасың ба, біздің шаруамыз жоқ, бұл жердің жартысы біздікі, қырға кешеміз, ойға құлаймыз, ол — өзіміздің шаруамыз. Сіздер не болсаңыздар, ол болыңыздар" деген хабарларын таратты. Міне, сондықтан да түркімен ағайындарыңыз қисық жеткізілген хабардың әсерінен сіздерге өкпелі болып қалды. Біздің шындық хабарымызды естігеннен кейін жағдай өзгеретін болар, Шотан аға. Жауға қарсы үзеңгілес жүріп аттануға біз дайын болатын шығармыз, — деп аттарының басын кері бұрды.Шотан, Атағозы, Өмір бастаған батырлар жайлауға кешкен Адай ауылдарын орналастырып, жайлау тойын өткізді. Жайлауға қонған жан-жағындағы түркімен ауылдарын да тойға шақырды. Сол кезде той болып жатқан ауылдың ортасына өлген Оғылшаның әйелі Оразгүл келіп, адайдың ақсақалдары мен батырларын ортаға шақырған хабары лезде той болып жатқан ауылға тарап кетті.Күйеуін өлтіріп кеткен қаралы келіншектің той болып жатқан ауылдың ортасына келуі адай ақсақалдары мен батырларын үйлерінде отырғызбады. Бәрі де ортаға жиналды. Түгел жиналғаннан кейін Оразгүл сөз сөйледі:—      Менің жолдасымды, Оғыллшаны қазақ батыры Шотанның жекпе-жек шайқаста өлтіргенін естідім. Мен қазірде жесірмін. Сондықтан да адай ақсақалдарының алдына арылуға келдім, — деді.—      Олай болса, — деді Есекмерген ақсақал, — шырағым, Оразгүл, әуелденгі дәстүр — жаудан қалған жесір келіншек пен қыздарды өздерінің қалаған адамдары келісіп жатса, соған қосамыз. Кәнекей, Оразгүлжан, кімді қалайсың, айтып көр, — деді.Оразгүл кідірместен:—      Оғылшамен жекпе-жекке шығып жеңген Шотан батырдың етегінен ұстағым келеді, — деді. Оразгүлдің Оғылшаға тұрмысқа шыққанына әлі жыл толмаған еді. Оразгүл қараторының сұлуы болатын. Белі тал-жібектей бұралып, екі көзі шоқтай жайнап, Шотанға кірпігін қақпай тесілумен қарап, жауап күтумен болды. Шотан асықпай аяңдап, ортаға шығып, тақ тақылеттес алтынмен апталған отырғышта отырған ақсақалы беліне түскен Есекмерген батырға карап:—      Ал, аға, менің өзіме салсаңыз, Оразгүл замандасымыздың мені қалағанын қабыл ала алмаймын. Оның себебі, өзіңіз білесіз үйдегі келініңіздің келісімімен Жапақбайдың қызына құда түсіп, қалыңмалы беріліп койды.Екіншіден, мен талай жоңғарға қарсы қол бастап, үлкен майдандасқан соғыста жеңіске жетіп, талай жүздеген жесірді алдымнан өткіздім, бірақ біреуіне де иелік еткенім жоқ. Тіпті киянатқа да барғаным жоқ. Аға, есіңізде болар, бұрынырақта өзіңізге айтқаным, түсімде Қыдыр-ата келіп аян беріп: "саған батырлықты ғана бердім, озбырлықтан аулақ бол" деген, содан бастап мен жаудан түскен жетім-жесірлерден бойымды аулақ салғанмын. Ал сіз қалайда Оразгүлді аласың деп зорлайтын болсаңыз, амал жоқ, көңілімнің қалауынан емес, шынымен ренжіп өкпелейтін болсаңыз, амалсыз аламын, — деді.Есекмерген иығы бүлкілдеп күліп алып:—      Айналайын, Шотаным, пірлердің берген баласы, сені зорлап "түркіменнен түскен жесірді койныңа кіргізіп ал" деп айтып, алжыды деп отырсың ба? Көңілің қаламаса, зорлығым жоқ. Оғылшаның зайыбы жесір келіншек ауылымыздың ортасына сені іздеп келіп, бұйымын айтса, үнсіз қалуға бола ма? Үнсіз қалсақ, біздің кім болғанымыз? Сондықтан да сені шақырып кездестіріп отырғанымыз, - деді. Енді Есекмерген Оразгүлге қарап бұрылып:—      Шырағым, бізге кінә артпайтын шығарсың, Шотанның әңгімесін естідің, шындығында да Шотан талай сұлуды алдынан өткізген, бірақ біреуін де олжаламаған, біреуіне де қиянат жасамаған, мен бұл әңгімені Шотанның өзінің әңгімесіне сеніп айтып отырғаным жоқ. Бұл әңгімені үш жүздің талай батырларының ауызынан әлденеше рет естідім. Сонсын барып иланғанмын. Ал, шырағым, бізде еркек кіндік жалғыз Шотан емес, мына тұрған батырлардың ішінен тағы да қалағаның болса, етегінен ұстауыңа болады, — деп Есекмерген самсап тұрған адай батырларына көз жүгіртіп өтті.Оразгүл Есекмергенге қарап:—      Ақсақал, алдыңызға келіп сізді әлектегеніме кешірім сұраймын. Сіздің айтқан әділ төрелігіңізге басымды иемін, — деп Есекмергеннің алдына келіп тәжім етіп, басын иді. Сонсын орнынан тұрып:—Сізге мыңда бір рахмет, менің қалауым тек қана Шотан еді,себебі, Оғылшамен таза қиянатсыз жекпе-жекке шығып, Оғылшаның өзінің қалауы бойынша қаруды қойып күресіп, Шотаннан жығылып қаза тапқанын естідім. Және де басшылары өлген түркімен жасағына ешкімді тигізбей өлген батырларын алғызып, түркімен халқына түсінікті түрде әңгімесін, сәлемін жолдағанын да естідім. Шотанның жүрек жұтқан батырлығын да білемін. Себебі, менің атам — өздеріңіз білетін, әулие батыр Ерсары Шотанды анадайдан қапталында жүрген екі жолбарысын көріп, ертесіне отбасын алып көшіп кеткен. Кетерінде түркімендерге "көшпейтін болсаңыздар, адайлармен тату болыңыздар, адай батыры Шотанды сыйлаңыздар" деп айтып кетіп еді. Атамыздың өсиетін Оғылша бастаған Сейід, Құтылық сияқтылар тыңдамады. Оғылшаға мен оңашада айттым, "адайлармен жауласпалық, бірігіп, тізе қосып жауымызға қарсы шығалык" дедім. Шотанмен соғысуға аттанатынында түс көріп, өлетінін өзіне айтып, жалынып-жалбарындым, мені кеудемнен итеріп тастады. Мен шын көңіліммен Шотанға қосылайын деп келіп едім. Менің көңілімді елемеді, мен жер болып тұрмын. Менің Шотанға айтарым: "Тұқымың өспесін" деген тілек тілеймін, — деп айтты да, анадай жерде тұрған атына барып мінді де жүре берді.Кейбір жас жігіттер қозғалайын деп бастап еді, анадай жерде тұрған Шотан:— Біреуің Оразгүлге қарай аяқ басып, артық сөз айтар болсаңыз, менен жақсылық күтпендер, — деп еді, адай жігіттері жым болды. Артынан жүрейін деп жаткан қайықпен Оразгүлдің кәрі әкесі Ерсары батырдың соңынан кетіпті деген хабары шықты.Зайыбы Ханайымның өтініші бойынша Шотан екінші әйел алуға келіседі. Оның себебі, Шотанның үйіне қонақ өте көп келетін болды. Мал көп сойылады. Ханайым үшін қолдап жасамаса да соның басы-қасында жүрудің өзі үлкен шаруа болып шығады. Қонақ қабылдап отыратын отау үйдің қажеттігі күннен күнге біліне бастады. Қонақ қабылдап, қонақ жөнелтісіп отыратын Шотанға көмекші болатын акылды, салмакты, колынан іс келетін, көргенді адамды Ханайым іздегеніне көп болған-ды. "Іздегенге — сұраған", сол адамға бір күні тап болды.Шотанның замандасы, жас жағынан Шотаннан екі жастай үлкендігі бар Шеркеш Жапақ байдың баласы Жаңабай батыр Шотаңды қонаққа шақырады. Қонақта отырған Хананйымның назарын Жаңабайдың қарындасы Айкенже өзіне бұра берді. Себебі, Жаңабай батырдың өзі де, оның жолдасы Мұңсыз да кейбір әңгімелердің кезінде Айкенжеге қарап ақылдасып алып отырды. Ара-арасында, сараң да болса, Айкенже әңгімеге араласқанда айтқан сөздерінен үлкен ақыл иесі адамның исі шығып тұрды. Ханайым қонақтан келген күпі-ақ Шотанға "Айкенжемен жолығып, құда түс" деп өтініп отырып алды. Шотан Айкенженің ағасы Жаңабаймен дос еді. Бір-бірінің үйіне жиі баратын. Жаңабайдың ауылының маңында кыз ұзату тойы болып, тойға Шотан да, Жаңабай да, Айкенже де шақырылады. Сол күні кешке алтыбақанның қасында Айкенжеге кездесіп, Шотан ойын білдіреді. Қыздың қарсы еместігін білгеннен кейін Ханайым екеуі Назардың үйіне келіп, хабарды айтып, әке-шешенің келісімін алып, құдалыққа кімдерді жіберу қажеттігі әңгімеленеді. Шотан құдалыққа Токтамысты, Метені. Атағозыны, Өмірді жібергенді дұрыс көрді.Сонымен ертесіне Назар құдалыққа жүретін адамдарды үйіне шақырып, қонақасылып, құдалыққа жүретін күнін белгілеп, қалған жұмысты ұйымдастыруды Тоқтамысқа тапсырады. Көп ұзамай Жапақ байдың үйіне Айкенжені айттырып Тоқтамыс бастаған құдалар келіп түсті. Жапақ құдалардың әңгімесінен кейін ағайын-туыстарын, құдандалы жекжаттарын, бала-келіндерін түгел жинап, ақылдасып барып, жауабын берді.Баланың жасауына, отауын дайындауға, түрлі той шығындарына және басқа да туыстарына сый-сияпаттар жасау үшін жеті айғырдың үйірін, тоғыз нар, бес жүздей бойдақ қой, жеті күміс жамбы, үш тайтұяқ алтын сыйлауды талап етті. Назар мен Шотан сұраған бұйымдары мен малдарын түгелімен көп ұзамай Жапақтың қолына ұстатты. Жапақ тойдың дайындығына кірісті. Той Сағыздың жағасында өтті. Ат жарыстың бірінші бәйгесінен Шотанның шұбар дөнені келді. Бәйгеге тігілген отыз нарды Назар ошақ басына қалдырды. Екінші бәйгенің жиырма тайлағын Лабак иеленді. Назар тойды Тоқсанбайдың жазығында өткізді. Тойға бес жүз үй тігілді. Назар өзінен ат қосқызбады. Бәйгі аттары тоқсан шақырым жерге айдалды. Бірінші болып Атағозының қара аты келді. Екінші болып Жапақтың сүры келді. Бірінші бәйгеге тігілген төрт айғырдың үйірін Атағозы ошақ басына тастап кеткен болатын. Назар тындамай жартысын, екі айғырдың үйірін Атағозының ауылына айдатып жылқысына қостырып, жылқышысының колына тапсыртты.Жапақ екінші бәйгенің жиырма нарын кұдасы Назардың "алып кет" дегеніне тыңдамай, ошақ басына қалдырды. Назар құдасы Жапақты қояр да қоймай бөлек үй тіктіріп, тойға қатынастырып, "бұрын бәйгеге қосылмаған сұр дөненнің аяқ алысын сынап көр, той өткесін сірә дұрыстап араласамыз ғой" деп қолқа салып алдырған-ды. Сөйтіп, Айкенже мен Шотанның үйлену тойы да аяқталды. Осындай тойдың қызығымен жүргенде Сыр бойынан бері қарай қоныс теуіп отырған он екі ата Байұлы ауылдарымен Кіші жүзге қарасты қарақалпақ ауылдарын жоңғар қолының шауып алған хабары келіп, шұғыл түрде Байұлынан екі мындай қолмен Шотан аттанады.Бұл аттаныс жайлы бұрын жазылып суреттелген, Бөгенбай батырдың қатынасуымен қалмақтың ойсырап жеңілгенін білеміз Сол жеңістен оралып Әбілқайыр, Бөгенбайлардың басы біріктіріліп Астауойда жеңіс тойы тойланып, конақтар еліне аттанғаннан кейін көп ұзамай Шотанға тағы хабаршы келді. Бұл уақыт қыс бекіп, күн суытып, үш ай тоқсанның кезі болатын. Суыт жүріспен Шотанның үйіне Жайықтың бергі бетінде орналасқан Жайық Беріштің батыры Шотанның құрдасы Ағатайдың баласы Боқай келді. Боқайдың хабары жақсы болмай шықты. Жайықтың бергі бетінде орналаскан он екі ата Байұлынын елін Еділ бойының қалмақтары тұтқиылдан келіп, көптеген мал мен жанын шауып алып кетіпті. Байұлының сол жердегі азғантап жігіттерінің жасақ құрып қарсыласқандарын талқандап, өлгендері өліп, өлмегендері қашып құтылыпты. Жау қолының шамасы бір мың жарымдай адам, бастап жүрген құба қалмақтардың белгілі батыры Солаң көрінеді, — деді Боқай.— Жау шапқанда мен ауылда жок едім, бергі Жем, Сағыздағы ағайындарда жүр едім. Жаудан қашып шыққан, біздің ауылдың екі жігіті келіп хабар берді. Хабарды алысыммен елге барып орындарын сипап қалдым. Енді саған әдейі хабар берейін деп келіп отырғаным, - деді. Шотан шұғыл жаушыларын жөнелтті. Жан-жаққа шашырай орналасқан Адай ауылдарына сегіз жігітті аттандырды. Жем-Сағыз, одан әрі қарай Жайық бойындағы Нарын құмындағы, терістіктегі он екі ата Байұлының барлық ауылдарына шыбыртқыға ілінген жас жігіттер бес қаруымен жарамды атымен Жем бойындағы Шеркеш Жаңабай батырдың ауылына алдымыздағы сәрсенбіде жиналуға тапсырмасын берді. Сөйтіп, Шотан бастаған екі мыңдай қазақ қолы сөрсенбінің сәтінде Жем бойынан шығып, Жайықтың мұзынан жау өткел арқылы өтіп, Еділге қарай елін шауып кеткен қалмақ қолының ізіне түседі. Қазақ қолының алдында шолғыншы топты бастап Жаңабай батыр жүріп отырады. Жаңабайдың көзі өте қырағы болатын. Кырағылығы сондай, қияда қашып бара жатырған анды қасындағы адамдардың біреуі көрмей түрғанда Жаңабай оның каскыр ма, түлкі ме, қоян ба, айырып айтып тұратын. Немесе алыстан көрінген қараны қасындағы жолдастары зорға көріп тұрғанда Жаңабай жылқы екенін, түр-түсіне дейін айырып айтып беретін. Сол Жаңабай қазақ колының алдында көш жерде шолғыншылар тобын бастап келе жатты. Желтоқсанның аяқ кезі, жерде аттың шашасынан келетін сұр қар бар. Түн ызғырық суық. Қолды бастап шолғыншылардың ізімен атақты жершіл, айсыз қараңғы түнде, түтеген борандарда бағытынан адаспайтын Беріш Андағұл бастап отырды. Жаңабай бастаған шолғыншылар Құмтөбеге жақындағында алда келе жатқан Жаңабай белгі беріп шолғыншыларды тоқтатты. Үнсіз ұзақ уакыт алдыңғы жағына тесіліп қарап тұрған Жаңабай Құмбөтеде қарауылдар бар екен, етегінде байластырулы бес-алты ат тұр деді. Қасындағы жігіттер қанша қарағанмен, ат түгіл Құмбөтенің өзін көре алмады. Жаңабай артта келе жатқан қалың қолға хабарласып, Құмтөбеде қарауылдардың бар екенін. етегінде аттардың тұрғанын айтып, қалын қолды осы жерге кідіртіп, өзі қасына жиырма шақты жігіттерді ертіп Құмтөбені қоршап алып ұйқылы-ояу отырған қалмаұтың алты адамын қолға түсірді. Біреуі атына мініп үлгеріп қашып еді, Жаңабайдың жебесінен құтыла алмады. Екеуі беріспей қарсыласып бақты, бірақ жиырма жігіттің тегеуірініне шыдамай жан тапсырды. Қалган үшеуі бірден жан сауғасын сұрады. Жаңабай үшеуіне қарап, кешегі қазақ ауылдарын шауып кеткен қалмақ қолының қайда екенін, айдап кеткен жесірлерді қай жерге апарғанын сұрады.—      Егерде, — деді Жаңабай, — осы сұрағыма анық, дәл жауап айтсаңыздар, мен сіздерге тимеймін. Сіздердің отбасыларыңызға да тигізбеймін, — деді, — үйлеріңізді де, малдарыңызды да өздеріңе қалдырамын, тек маған Солаңның айдатып келген қазақтарының қай жерде екенін көрсетсеңіздер болды.Үш қалмақтың ішіндегі жасы үлкендеуі болса керек, Жаңабайға қарап таза қазак тілінде "осы айтқан уәдеңде тұратын болсаң, мына құранды жүрегіңе басып тұрып ант берсең, мен сенің айтқандарыңның бәрін орындаймын", — деп, қойнынан кішілеу құран кітапты суырып алып, Жаңабайдың қолына ұстатты. Жаңабай кідірместен құраңды жүрегіне басып тұрып:—      Айтқан уәдемді орындауға құранның атымен ант етемін, — деді, — ал, қалмағым, енді маған тағы қандай талап коясың? — деді Жаңабай.—      Мен — қалмақ емеспін, қазақпын, мына қасымда отырған — менің інілерім. Өлген үшеуі — қалмақ. Сіздің атып өлтірген жігітіңіз — батыр Солаңның інісі. Қазақтан түскен тұтқындар мен олжа малдарды ертең бөліске түсіреді. Қазір тұтқындар түгелдей Солаңның ауылында. Жеті жертөледе қамаулы жатыр. Еділдің осы жағасында қалмақтың бес жүздей үйі бар. Аралары бір-бірінен қашық емес. Солаң жасақтарын таратқан жоқ Үш ауылға бөліп орналастырды. Бірақ мына сіздің жиырма шақты адаммен кімге әліңіз келетінен түсінбей тұрмын, — деді.Жаңабай :—      Оған алаң болмай-ақ қойыңыз, атыныз кім болады сіздің? — деді.—      Менің атым Анарқұл, мына інілерімнің аттары — Жалайыр, Шомақ - деді. Сүй деді де, Жаңабайға қарап: — сіздің ныспыңыз кім деп айтамыз? — деп еді, Жаңабай:—      Менің атым — Жаңабай, — деді.—      Олай болса, Жаңабай інім, аман-есен жауларыңыздан еселеріңізді қайырып, елге қайтатын болсаңыздар, бізді де отбасымызбен қосып айдап алып кетерсіңіздер, бір арманымыз орындалғалы тұр, — деді. Жаңабай күліп:— Айдап алып кетпей-ақ бізбен бірге өз елдеріңізге көшсеңіздер болмай ма? — деді. Анарқұл көз жасына булығып үндей алмай қалды.Осы кезде Жаңабай шұғыл кейіндегі күтіп тұрған қолға хабар жіберді.Шотан хабарды естісімен қолды бес жүз адамнан үшке бөлді. Бір бес жүз адамды өзі бастап, қасына Боқайды алып, Солаңның ауылына бағыттады. Қалған екі бес жүздікті жасақтар жатыр делінген екі ауылға, біреуін Атағозы мен Алдар бастап, екіншісін Лабақ пен Жаңабай бастап, таңғы ұйқыда жатқан үш ауылды қамап алды. Солаңның ауылын қамаған Шотандар үлкен кедергіге кездесе коймады. Үш жүздің үстінде қалмақ қолы қарсы шығып сүт пісірімдей уақыт қақтығыстан кейін қамауда қалғанын сезгендіктен, амалсыздан берілді.Кеше түсқайта Еділдің арғы жағындағы қалмақ ауылдарына казак-орыстар шабуыл жасап, масқаралап жатқан хабары келген. Кейбір ауылдарды басып алған казактар өздерімен бірге әкелген арақтарын ішіп мас болып, білгенін жасап жатып алыпты дегенді естігесін Солаң екі мыңдай жасақпен кеше кетіп, түнде казактардың көзін жойып, бүгін түске дейін қайтып оралатыңдығын естіген Шотан олжаланған жесірлер мен малдарын және жаудан босатқан бір жүздей тұтқынды жандарына екі жүздей жауынгерді қосып, шұғыл түрде елге жүргізеді. Анарқұл мен Жалайыр, Шомақтардың үйлері де көшіріледі.Қалмақтардың Сағыздағы қазақ ауылдарын шауып олжалаған малдар түгелдей қайтарылып, оның үстіне Еділдің жағасындағы жатқан қалмақтардың малдары түгелімен қосылып айдалды. Үш мындай түйе, жеті мың жылқы, төрт мың сиыр, жиырма мыңның үстінде уақ жандық олжаланды. Тұтқынға қалмақтардың елу шамалы жас қызы мен келіншектерден кұралған жесір алынды. Қалмақтардан түнгі қақтығыста оншақты адам өлгені анықталды.Қалмақтардың жас балалары мен кәрі-құртаңдарыңа бірде-бір қазақ жауынгерінің тиіспеуіне Шотан қатаң тапсырма берді.Қазақ жасақтары жаудан қайтарылған өз адамдары мен қалмақтан алынған жесірді көлік ұйымдастырып жүргізіп, олармен бірге айдатып жібергеннен кейін Солаңның жолына шолғыншьшар жіберіп, өздері дұрыстап тамактанып, көліктерін тынықтырып алғаннан соң барып, аттарына мінді. Сол кезде шолғыншьшардан да Солаңның Еділден өтіп, ауылдарына беттеп келе жатқан хабары келді.Шотан да қазақ қолын бастап Солаңның келе жатқан жолына бағыттады. Солаңның ауылынан алты-жеті шақырым жердегі Майдажал деп аталатына (артынан Қалмаққырған болып аталынды) жерде қалмақ-қазақ қолдары бір-біріне бетпе-бет келіп тоқтады.Жау жағынан жіңішке жирен ат мінген, даусы да шәңгірлеп шығатын бір қалмақ шығып, жекпе-жекке шақырды. Қазақтар жағынан Ағатай ұлы Боқай шықты. Екі батыр найзаласуды бастағаны сол еді, жиреннің үстіндегі қалмақтың ердін үстінен ауып бара жатқаны анық байқалды. Сол кезде Боқай алдаспанын сілтеп қалғанда қалмақтың басы денесінен бөлініп түсті.Сол бойда атын ойнатып тағы бір қалмақ шығып еді, Алдар шығып бір мұрсатта атынан аударып тастап еді. Аударып тастаған адамы тұрып алып, жаяу қашты. Алдар қуып жетіп шоқпармен ұрғанда жерге құм асап құлады, сол кұлағаннан тұрмай калды.Кідіріңкіреп барып, қарақасқа ат мінген, үстіндегі сауыты күнге шағылысып жарқылдаған қалмақ шыға келіп, айқайлап Жаңабай батырды атын атап жекпе-жекке шақырды. Жаңабай да шығуға даяр тұр еді, астындағы бурылды қарғытумен барып, әй-пайға қарамастан найзаны ұрды. Қалмақ та қалқаңды ұстап үлгерді, соның өзінде тайқыған найза жаудың оң тізесіне барып кіріп тұрып Жаңабайдың аты қарғығанда шығып кетті. Тізесіне кірген найзадан ауырсынып қалған қалмақ Жаңабайдың сол қолындағы шоқпардан жалтаруға үлгермей қалды. Тас төбеден тиген соққыдан көзінің оты жарқ ете түскенін біледі, арғы жағы белгісіз түңғиық болып жүре берді. Қалмақтың басын кесіп алған Жаңабай қазақ колына оралды.Ортаға шыдай алмай астына ұзындығы есік пен төрдей қаражал айғыр мінген, еңгезердей Селеңгі "жекпе-жек" деп, ақырып шыға келді. Селеңгіге қарсы астында тілерсегі жіңішкелеу ақсұр арғымақ мінген Лабақ ортаға қарай шыға берді. Лабақтың мінген атын енді байқаған Шотан тоқтатып, "ат ауыстырып мін" дегенше Лабақ ұзап кетті.Қасына келген Лабаққа қарап:—      Сен өзің кімсің, менің қолыммен өлтірген қазақтың аты-жөнін біліп қалатын әдетім еді, — деп астамси сөйледі.—      Менің атым — Лабақ, сен өзің кімсің, әлі де аты-жөнің жоқ па? — дегенде қалмақ:—      Е, әлгі қазақта Лабак деген біреу бар деп еститін едім, сол сенбісің. Менің атым — ер Солаң, күні бүгінге дейін мені танымай көзіңе ақ шел ақптады ма? Ал, қәне, иманыңды айта бер, ажалыңа тап келдің, — деп ақырды. Мына әңгімеге шыдамы таусылған Лабак найзасын қос қолдап тұрып сілтеп қалды. Найза Солаңның қалқанынан қапталынан барып тор сауыттың көзіне ілінді. Сол кезде Солаңның найзасы да Лабақтың қалқанына соғып тайқып барып сауыттың көзіне ол да ілінді.Екеуі тіресті де қалды. Сол кезде Солаңның астындағы қаражал айғыр омыраулап ұмтылғанда Лабақтың ақсұр арғымағы шатқаяқтаумен барып сүрініп, бөксесімен құлады. Лабақ аттан қарғып түсті. Бұны көріп тұрған Шотан шұбар бестінің басын Лабаққа қарай бұрды да тақымын қысып еді, бұрынғы теңбіл шұбар әкесінен де бетер атылды. Солаң жаяу қалған Лабаққа енді бұрыламын дегенше Шотан да жетіп үлгерді. Зымыраумен Солаңға келе бергенде екі пүт салмағы бар найзаны омырауға атып үлгерді Найза иектің астынан сокқанда бас шалқасынан қайырылумен барып қаражал арғымақтың үстінен Солаң аударылып түсті.Қаражал айғырдың тізгінінен үстап үлгерген Лабақ үзеңгіге аяғы ілінуі мұң екен, аттың үстіне бір-ак шықгы. Қалмақтар жағы жекпе-жектің тәртібі бұзылды деп шулап қоя берді. Шотан Лабаққа карап:—      Сіз бара беріңіз, екіншілей астыңызға белді ат мінетін болыңыз. Қазір, міне, мына астыңыздағы каражал ат сізге жарасып тұр, — деп күлді де: — енді, Леке, менің кезегім, — деп атын шапшытып "жекпе-жек, жекпе-жек" деп айқайға салды. Лабақ өз қолына келіп қосылды. Сол кезде калмақ жағынан құлажирен ат мінген, атқа отырысы мығым, денелі бүлшық еттері киімнің сыртынан байкалып түрған, түріне қарағанда қасы киылған сұлу жас жігіт ортаға шыға берді. Қалмақ Шотанның қасына жақындай беріп, қазақша сәлем берді. Шотан жігіттің лебізінен бір жылылықты байқап қалды да, сәлемін алып, аты-жөнін сұрады. Қалмақ:—Атым — Момбат, — деп таныстырды. Шотан Момбаттың бет-ауызына қарап:—      Менің атым — Шотан, өзің менімен жекпе-жекке шығып түрып жып-жылы қылып сәлем бергеніңе таң қалып тұрмын, — деп найзасын оңтайлай берді. Момбат та найзасын ыңғайлады, бірақ шанышқысы келмей тұрған адамға ұқсап кетті. Шотан енді шымбайына батырып көрейінші деп дұрыстап найзасын сілтеп еді, Момбат қағып жібергенде Шотан найзасынан айырылып қала жаздады. Сонда Момбат күлімсіреп:—      Аға, осылайша найзаласа жүрейік, менің сөзіме де құлағыңызды сала жүріңіз, — деді.Сөйтіп даладан қарап тұрғандарға найзаласқан болып көрінумен жүріп, Момбат өз жайын айтып бітірді. Бір кездерде екеуі ат үстінен қолдасып қалды, сол кезде Шотан Момбатты аттан жұлып алып, алдына екпетінен салды да құлажиренді жетектеп жүре берді. Қалмақтардың барлық сенген батыры осы Момбат болса керек, жиналып тұрған қалмақ қолы абыр-жабыр болып ұйлығысып қалды. Қалмақ қолының абыржып қалғанын сезіп қалған Шотан аттандап қолын былғағанда қазақ қолы тасқын судай жапыра жөнелді.Шотан мен Атағозының ескі тәсілдері бойынша қазақ қолынан бес жүз жасақ бөлініп мана қалмақ қолы келе жатыр дегенде бір тасалау жерде Атағозы бастап бойтасалап қалған еді. Қалмақ пен казақ қолы араласып, әуелі ызы-қиқы адам айырып болмайтын жағдайда болды. Шотан өзінің бұрыңғы жоңғарлармен соғыста талай бірге үзеңгілес болып жүрген бес жүз сарбазын ертіп алып, соғысып жатқандарды жағалап жүріп отырып, шеттеп қыра берді. Бір кездерде шуыл басылып, қалмақ пен қазақтың арасы ашыла бастаған мезгілде Шотан жау жағының ортасына бұрын әккі болған сарбаздарын бастап жарып кіре жөнелді. Шотанның астындағы шұбар ат жолбарысша қарғып, шауып бара жатты, ал Шотанның өзі көз ілеспес жылдамдықпен шоқпар мен алдаспанды бірдей сілтеп, іркілместен ортаға ене берді. Артындағы сарбаздары бір елі қалмастан жауды жапыра жарып, арғы бетіне өтіп шықты. Жаудың арғы бетіне жарып шыққан Шотан атының басын кері бұрып алып, ортаға қайта кіріп, тағы да жапыра жөнелді. Шотан бес жүз сарбазбен ортаға тағы кіріп қирата жөнелгенде жаудың берекеті кетіп, үрке бастады.Осы кезде Атағозы бастаған бес жүз қазақ сарбазы садақ оғы жететін жерден қоршап алды да шашау шыққандарын жер құштыра бастады.Күн бесінге таянғанда тірі қалған бес-алты жүздей қалмақ ақ орамал көтеріп ұрысты тоқтатты. Ұрыс тоқтағаннан кейін қолға түскен қалмақ жауынгерлерін жинақтап, Шотан сөз сөйледі:— Қалмақтардың Сағыз бойында отырған жазығы жоқ қазақ ауылдарына шабуыл жасап кісілерін өлтіріп, көптеген адамдары мен малдарын олжалап, отырған елге кайғы салып кеткенін, сол үшін қазақ колының аттанып келіп соғыс ашып тұрғанын, жазықсыз елге келіп тиіскен қалмақтардың істерінің жөнсіз екенін "аққа — Алла жақ" деген рас болар, —деп, қазақ қолының жеңіске жетіп тұрғанын, қалған қалмақ жауынгерлеріне тимейтінін, екіншілей қазақ жеріне жаушылықпен келмейміз деген анттарын бергесін босататынын хабарлады. Қалмақ жасақтары бірауыздан анттарын беріп, бостандықтарын алды.Сөйтіп, бұл соғыста бір мың жарымдай қалмақ өлді. Қазақтар жағынан да алпыстың үстінде адам шығыны болды. Жаудан шейт болған сарбаздардың мүрделерін қазақтар өз шаңырақтарының астынан ақ жуып арулап шығару үшін алып жүрді. Бұрынғы Майдажал аталып келген жер сол соғыстан кейін "Қалмаққырған" деп аталды. Қазақ қолы жаудан жесірді айырып, жауды жеңіп, жаудан жесір алып, көп малды олжалап Сағыздағы Боқай батырдыкіне келіп кідіреді.Сол жердегі жаудан шейт болған жауынгерлердің үйлеріне Шотан бастап барып көңіл айтып, жаудан түскен малдардың денін соларға бергізіп, қаралы садақаларына қатынасады.Шейіт болған жауынгерлердің ішіндегі үш адамы Шотанның ауылынан еді. Оларды да шұғыл елге жөнелтті. Адай жасақтарына жаудан түскен олжадан үлестерін беріп, елдеріне жіберді. Кейбір ерекше ерлік көрсеткен батырларға түгелдей қалмақтан келген жесірлер бөлініп берілді. Айдалып келген бір жүзге тарта қалмақтың қыз-келіншектерінің қақ жартысы Шотаннан басқа батырлары мен жауынгерлеріне бөлініп берілді. Шотанның жесірдеп бас тартатынын бұрын да айтып кеткенбіз.Бұл жұмысты бітіргеннен кейін қалған Шотан бастаған адай батырларын Боқай жібермей кідіртіп тастады. Себебі, Шотан бастаған адай батырларына әдейі қонақасы берілетін болды. Сөйтіп, Боқай батырдың ауылы Шотандарды бес күн бойына конақасылап жібермеді. Соңғы күні Боқай Шотандарды өз үйінде қабылдады. Қабылдай отырып. Шотаннан және қасындағы жолдастарынан бұйымдарын сұрап, көңіл еткен заттарын алатындығын, қолдарынан қақпайтындығын айтты.Шотан Боқайға қарап күліп:—      Құрдас, сен не болып кеткенсің, дүнияға қашаннан жақын болып жүрсің? "Не қалайсыздар, қандай бұйымдарыңыз бар, көңіл еткен заттарыңызды айтыңыздар, қолдарыңыздан қақпаймын" деген әңгімені маған қалай айтып отырсың? Екеуіміздің арамыздағы достықты қандай дүниямен немесе қандай бұйыммен алмастырғың келіп отыр? Сенің отбасыңды жау айдап кеткенде, соны мен барып қайтарып әкелгенім үшін мен сенен сый-сияпат алуым керек пе? Ертең менің ауылымды жау шапса, сенің баратыныңды жақсы білемін.—      Баяғыдағыны сен ұмытқан шығарсың, мен ұмытқаным жоқ. Ол уақытта екеуіміз де он жеті жаста едік қой. Қаратаудың жиегінде аң аулап жүргенде жүз қаралды қалмаққа тап болып, қаша соғысып келе жатқанымда астымдағы торыға оқ тиіп құлап, жаяу "енді жаудың қолына түстім-ау" деп, қалған жалғыз саржамды қуғыншылардың алдында келе жаткан қалмаққа жібергенім де сол еді, артқы жағымнан "Шотандаған" дыбысқа бұрылғанымда көкала тұлпармен, алдаспаның қолыңда, артында ерген қырық-елу адамыңмен қалмақтың қолын қашырып, оралып келіп, астындағы атыңнан түсіп, мені мінгізгеніңді білесің бе? Мен сонда саған не айтып едім? Өлгенше ажыраспаспыз, біріміздің жоғымызды біріміз іздеп тауып беріп отыратын болалық деп, менің сені құшақтап тұрып айтқанымды ұмыттың ба? — деді.Боқай ұшып тұрды, Шотан да ұшып тұрды, екеуі құшақтаса жөнелді. Боқай жылап тұрып:—      Кешір мені, жан досым, жандай құрдасым. Мен достықты дүниеге, сый-сияпатқа неге айырбастайын. Бұл — бір біздің ата-бабаларымыздан қалып келе жатқан әдет-ғұрпымыз ғой. Және сенің қасында ерген басқа да батырлар бар ғой. Менің анамды, жарымды, тумаластарымды, балаларымды жаудан арашалап алып келіп отырғасын көрсетіп жатырған көңілім ғой. Маған да мал мен дүнияның қажеті жоқ екенін өзің білесің ғой, Шотан, — деп көзінің жасын сүртті. Шотан Боқайды құшағынан босатып, екі иығынан ұстап, сілкілеп тұрып күліп:—      Әй, сенің жылауың қай жылау, не больш кеткенсің, боркемік болып алыпсың ғой, әлде шал болайын деп жүрсің-ау осы, — деп тағы күліп барып, орнына отырды. Шотанның қасындағы адай батырлары да орынан тұрып кеткен еді. Шотан мен Боқайдың құшактасып тұрып айтқан әңгімелерін естіген батырлар да түгелдей көздеріне жас алғандарын өздері білмей қалды. Шотан өз батырларының да жанарларының боталап тұрғанын байқап қалып:—      Сендерге не болған? — деп тағы күлді де, өзінің де көңілінің босап түрғанын байқап, өзін-өзі тежеп, сабыр сақтап қалды.Боқай батырдың үйінде Беріш тайпасының ауызы дуалы аксақалдары да отырған-ды. Солардың ортасыңда төрде отырған Төлеген ақсақал Шотанға карап:—      Жиенжан, сіздікі де дұрыс. Боқай екеуіңіздің достықтарыңыз өмірлеріңнің аяғына дейін баратынын байқап отырмыз. Бұл достықтарыңыз ұрпақтарыңызға да дарысын. Енді мына Боқайдың айтып отырған сый-сияпаты да орынды нәрсе. Алған-берген малда, дүнияда ештеңе емес, бірақта "орамал тон болмайды, жол болады" деген әңгіме бар, сыйлығын ақ ниетпен ақ көңілмен ұсынып отырған достың қолын қағуға болмайды. Сіздерге малдың да, дүнияның да қажет емес екенін өздеріңізде жеткілікті екенін білеміз. Солай болғанмен, досынның ак көңілмен ұсынған затын алмай тастауға тіпті де болмайды. Егерде досыңның сыйлығын алмай кетсең ол саған шын дос болса, өкпенің көкесі сонда болады, — деді де есіктің алдында отырған Боқайдың інісіне иек қақты. Ол жігіт есікті ашып тұрып қалды, сырттан қолында жалпақтығы екі қарыстай, қалындығы сұқ саусақтың еніндей таза алтыннан құйылған, бес жерінен топсаланған, алдыңғы тоғаға бес гауһар тас орнатылған, ұзындығы құлаштан ұзынырақ алтын деңмент белдеуді алып Боқайдың анасы Құндыз кіріп Шотанға карай бағыттады. Шотан орнынан қарғып тұрды. Сол уақытта Боқай да келіп қолы зорға көтеріп келе жатқан деңментті шешесінің қолынан алып, Шотанның беліне салды. Деңменттің өлшемі дәл Шотандікі болып шықты. Құндыз құшақтап бетінен сүйіп тұрып:—      Құрттай күнінде талай алдыма алып едім, Боқайым екеуіңнің достықтарың берік болсын, құшақтарыңыз ажырамасын, өмір жасың ұзақ болсын, әкең Назардың жасын берсін, — деп бата берді. Боқай оң жақтағы тұрған түкті кермеден алтындатқан садақты бес күміс саржасымен және балдағына жақұт орнатқан исфаһани алдаспанын алып, Шотанның қолына ұстатты. Содан кейін барып қонақ болып отырған адай батырларына бір-бірден алмас қылыш және бір-бірден үстінде алтындатқан ер-тұрманы мен түркіменнің теке-жәуміт арғымағын жетелетті.Батырларды сол күні конақ етіп, келесі күні сол маңдағы он екі ата Байұлының барлық ақсақалдары мен батырлары көш жерге дейін шығарып салды. Сыйланған Адай батырларының ішінде Шотанның жау қолынан түсірген туысы Момбат та бар еді.Шотан елге келгесін жазда мамыр айының ішінде Момбатқа арнап той жасайтындығын хабарлады. Оның себебі үйіне келгесін Шотан адайдың сол кездегі жас үлкендері Есекмергенді, өзіні, әкесі Назарды, Ақпанды. Әжібайды, Есболайды, өз туыстары Метені, Тоқтамысты, Бектемісті, Дәулеталыны, Мұратбекті. Базарды түгел шақырып, Момбаттың атын өзгертіп, Мәмбет деп. Бектеміс моллаға азан шакыртып, атын қойғызады. Содан кейін Есекмергеннің әңгімесі бойынша, Шотанның бәйбішесі Ханайымның астынан өткізіп, емшегін еміздіріпті. Сөйтіп барып, өзіне бала қылып алады. Ел шақырып жазда өткізілейін деп жатқан осы Мәмбет баласының тойы болатын.Шотан мен Мәмбет өтірік найзаласып жүргенде Мәмбеттің өзін кім деп таныстырғанынан көпшілік қауым хабарсыз болатын.Тарихтан Еуразиядағы жер көлемі жағынан да, адам саны жағынан да, әскери қуаты да дамыған, екі жүз жылдан астам дәуірлеп тұрған Алтын Орданың XV ғасырдан бастап тарихи және экономикалық түрлі себептермен ыдырағаны белгілі. Алтын Орданың күркіреп тұрған уақытында одан бөлектеніп дербес мемлекет болуды мақсат еткен Көк Орда жеріңде казіргі Қазақстан аумағында Казақ Ордасы құрылады.Сібірдегі түрік тайпалары Сібір хандығы болып бірігеді. Еділ-Жайық арасындағы халықтар Ноғай Ордасы деген атақпен ұлыс болып шығады. Ал Еділдің төменгі жағы Хажы-Тархан хандығы болып аталады. Қырым түбегіндегі ел Қырым хандығы деген атаққа ие болады.Еділ дарияның орта тұсындағы, бұрыннан түріктер мен бұлғарлар жайлап отырған орында Қазан хандығы орнайды.Осындай бөлікке бөлінгенмен, олардың күш-қуаты әлі де мол еді. Солай болғанмен, ауызбірліктің жоғынан әдет-ғұрыптары ортақ, діні бір, тілінің де айырмашылығы жоқтың қасы, туыс елдер қасындағы аранын ашып келе жатқан орыс басқыншыларымен бірлесіп қарсы күресудің орнына, бірін-бірі жаулап, соғысып әлсіреп болып еді. Осылайша, Алтын Орданың орнындағы тікелей мұрагері болып саналатын Ұлы Орда құлады. Ноғай Ордасы жоғалуға айналып әлсіреді. Арада бір ғасыр өткенде аты әлемге аян болған Алтын Орда біржолата ұмытылған-ды.1627 жылы жеңілістен кейін азып-тозған торғауыттар есін жинап, Жайық пен Еділдің арасын жайлап, соңғы мезгілде түрлі ішкі қақтығыстан әлсіреп отырған Ноғайлыға қарсы соғыс ашып, жайлап жерлеріне кіре бастайды.Өзі әлсіреп отырған Ноғай Ордасы калмақтарға қарсы мардымды қарсылық жасай алмай онбес-жиырма жылдан кейін торғауыт қалмақтары Еділ-Жайық бойына тұтастай иелік етеді. Сөйтіп, бұрынғы Алтын Орда жерінің кіндігінде жаңадан қалмақ хандығы орнайды. Ноғайларды мекенінен қуып, аздырып-тоздырып, жоқ кылып жіберген қалмақ ордасы бір жүз елу жыл бойы казақтардың қас жауы болып шыға келді.Әңгімесінің ретіне қарағанда, сол кездері Ноғайларды жерінен қуған қалмақтардың кезекті бір шабуылында қалмақ батыры Солаңның олжасы болған ноғай баласының шындығында аты Мәмбет еді. Мәмбет — Ноғайлының ішіндегі Орақ-Мамайдан тарайтын Қарасай Қазидың тұқымы болатын. Тұқымынан ешкім қалмаған Мәмбет есебін тауып қазақ бауырына кетуді армандайтын-ды. Сол тілегі қабыл болып, бүкіл үш жүзге атағы жайылған батыр, Кіші жүз қолының бас сардары Шотанның баласы болып шықты.Жазғытұры Кіші жүзге хабар айтып, той өткізді. Атшабыс Бәйменнің жазығында ұйымдастырылды. Аламан бәйгеге тоқсан ат айдалды. Бірінші бәйгені Базардын құла жирені, екінші бәйгені Кенженің құласы, үшінші бәйгені Өмірдің күреңі, төртінші бәйгені Жаңабайдың қара аты, бесінші бәйгені Шотанның қоңыр дөнені алды. Шотан шұбарды бәйгеге қоспады.Шотанның бәйбішесі Ханайымнан — Дөрі, Сарқүл, Қармыс деген үш баласының үстіне Мәмбет қосылып төртеу болды. Мәмбетті үйлендірді, одан Атағозы, Байғозы, Нарғозы деген үш бала болды. Қазірде Мәмбеттен тараған тұқым рулы ел болып отыр. Шотан тек батыр болған жоқ, елге ақыл айтып жөн сілтейтін адай халқының ағасы болды десек те кдтелеспейміз. Бір мың жеті жүз елуінші жылдардың орта шенінде Маңғыстауда түтастай қуаңшылык болып, ел жаппай қозғалуға ыссы түсіп кетіп және де маңды жерде қоныс болмай, қиналып қалыпты.Қоныс тек Кертті-Сынды деп аталатын құлаудың үстінде ені он шақырымдай күн шығысқа қарай ұзындығы отыз шақырымдай жерге жаңбыр жауып жерді отайтып кетсе керек. Бірақ мал апарайын десе, суы жоқ болып, тарығып қалыпты. Сол кезде Шотан келіп, от деген жерді аралап кдрап, артында ерткен он шақты нөкерімен аңның етін жеп, далаға түнеп, таңертең ерте бір жолдасын атына мінгізіп, сол қонған жерін оралтып шаптырып, өзі құлағын жерге төсеп, тың тындап, әлденеше жерге келіп осы жағдайды қайталатыпты.Ақыр соңында бір жерге келіп, атынан түсіп, "тап осы жерден су шығады" деп белгілетіпті де өзі отауын көшіріп алып келіп, құдықты қазуға кірісіп кетіпті. Ауыз суды Қаратүйенің таңқы құдығынан атқа теңдеп меспен алдырып отырған. Шотан кұдықтан қазған топырағын он метр тереңдікке барғанша далаға өз лақтырып тұрған. Он метрден әрі қарай қасындағы он жігіт алып тұрыпты. Құдық тереңдеңкірегесін Шотанның қазып шығарған топырағын он жігіт шығыр салғанша зорға үлгеріп төгіп тұрыпты деген әңгіме ел ауызында күні бүгінге дейін сақталған.Сөйтіп, құдықшылардың бір жылда қазатын шымырау құдығын Шотан бір айда қазып, су шығарулы. Қүдықтың суы мол әрі тұщы болыпты. Қазіргі өлшеммен құдықтың терендігі 75 метр.Сөйтіп, Шотанның қазған шымырауынан бүкіл сол маңдағы адайдың малы су ішіп, қонысы бар жерге жайылып, күзге жетіпті. Күзде жаңбыр жауып, жер көктеп жағдайдан шықты деген сөз тарихи шындық екенін ел мойындайды.Қазірде "Шотан шымырауы" деген бар. Күні кешеге дейін отар-отар мал суарып, қалың ел жайлап отырды. Жекешелендіруден кейін мал басы азайып, қырдың үстіндегі шымырауларға баратын мал болмай құлазып қалды.Мал басы жайлап көбейіп келеді, мүмкін болашақта Шотанның шымырауынан малдарымызды суарып, жаз жайлауға қайтадан шығармыз деген үміт бар.Кейбір деректерге сүйенсек, Шотанның әкесі әрі батыр, әрі би Назар Жарыұлы 1684 жылы туып, 1771 жылы өлген. Қазіргі Құлсары кентінен көп қашық емес жердегі Бақашы деп аталатын қауымдыкқа жерленген. Шотан - Назардың үлкен баласы, 1705 жылы туған, 1786 жылы орталық Үстіртте жасы үлкейіп, өз ажалынан өлген. Сисем-ата кауымында жерленген.