ВЕРНУТЬСЯ

Мен 1954 жылы Гурьев облысы Маңғыстау ауданының белгілі жыршысы Айтқұл Шыманұлынан Ораз бен Мұраттың айтысын жазып алған едім. "Жұлдыздағы" жарияланған айтысты өзімдегі жазбама салыстырып карағанымда Ораздың сөздері менің жазбаммен бірдей де, Мұраттың айтқанының көп жерлері жоқ екендігі көрініп түр.Мұрат пен Ораздың айтысының "Алқалаған әлеумет" жинақтарында да Мұраттың Оразға айтқаны менің жазып алғаныма келмейді. Және де Мұраттың Қашағанмен соңғы кездесудегі бір-бірімен өлеңмен сәлемдескенін еш жерден кезіктіргенім жоқЖыршы Айтқұл ақсақал 1962 жылы 75 жасында Маңғыстауда қайтыс болды. Сол кісі әңгімесінде Мұрат пен Қашағанның Қырдың үстіндегі жаз жайлауында отырған Адайдың Сығай деген байының үйінде кездескеніңде өзінің болғандығын, жасының 13-те екенін, Қашағанның қасында еріп жүргендігін әңгімелеген. Айтқұл жыршының деректеріне жүгінсек, Мұрат Мөңкеұлы мен Қашаган Күржіманұлын ешкім айтысып жеңбеген деп көрсетеді. Қашаған мен Мұрат жас кезінде біраз уақыт бірге жүріп, бір-бірімен тату дос болғандығы айтылады.Екеуі жас жағынан да шамалас, Қашағанның Мұраттан екі жас үлкендігі бар көрінеді. Қашекең 1900 жылы жазда Маңғыстауда Қырдың үстін жайлап отырған елдерін аралап жүргенде қасына мені ертіп жүрді. Кейде, маған домбырасын беріп, өзінің жырларынан айтқызып, елге тындататын еді, — дейді Айтқұл Шыманұлы. Сол кезде Сығай деген байдың үйінде отырғанымызда қасында бір адам бар Мұрат кіріп келіп, Қашекеңе өлеңмсн сәлем берді. Қашаған да орнынан тұрып өлеңмен сәлем алды, екеуі ұзақ құшақтасып көрісті. Мұраттың Қашағанды іздеп келе жатырғанын алдында естігенбіз, біреулер келіп: "Мұрат сізбен айтысуға іздеп келе жатырған көрінеді", дегенде, Қашекең мырс етіп күліп: "Келсе келсін, жақсы болған екен", - деген. Мұраттың амандасуынан оған да жолдан біреулердің хабар айтып, айдап салмақ болғанын өлеңмен сәлем берген сөзінсн байқадық.Мұраттың өткен жылы екі айдай сырқаттанып жатып қалғанын, Қашекең көңілін сұрауға бара алмағандығына кешірім сұрап, өзінің амандасу өлеңіне қосып жіберіпті. Сөйтіп, екі акын жиырма күндей бірге болып, жайлаудағы бірге отырған қалың елді жырмен сусындатқан еді, сонда Мұрат Бала Оразбен айтысқанын да жырлаған, мен сол жерде жаттап алғанмын, — дейді Айтекең жыршы. Айтекеңнің айтуы бойынша, Мұрат пен Қашағанның сәлемдесуі:Аман-есен жүрмісің,Қашаған ағам, заңғарым,Қайдан білсін мына жұртҚашаған мен МұраттыңАнттасып дос болғанын.Біліп келе жатырмынКейбір жылпос қулардыңАйдап салып біздерді,Айтыстырмақ болғанын.Несібеміз таусылмайКөрістірді бізді тағы да,Бергені ғой бүл да Алланың, — деп Мұрат бастағанда Қашекең оған:Бармысың, менің жүйрігім,Алдына қара салмаған.Айыбым бар, білемінІздеп сені бармаған.Қу тірліктің қамыменІніден хабар алмаған.Болдың ба тәуір, тарланым?Құшағыңды аш, кәнекей,Мауқымды басып алайын.Отырғасын жайласып,Айтармыз сөздің қалғанын, — деген көрінеді.Енді, Айтқұл жыршының Мұраттың өз аузынан естідім деген әңгімесін және айтыстың өзін қаз-қалпында қағазға түсіріп отырмын."Өзі жайына жүргенде мен Оразға тиіспейтін едім. Ораз бізден үлкен, тісқаққан ақын. Мен ол кісіні көргенім жоқ, сыртынан естіп аға көріп, барып сәлем беріп, батасын алармын деп жүргенімде, маған өтірік айтпайтын адамдар: "Оразға барып батасын алмай-ақ қой, Беріштен не оңған ақын шықты дейсің, ит жоқ жерде түлкі үріп жүрген бала болар " - деді сені демесі барма.Мен осыны естігеннен кейін Оразға өкпелеп қалдым. Бірінші рет іздеп барғанымда кездестіре алмадым. Екінші рет 1870 жылы Үйшіктің базарына іздеп барып кездестім.Байұлының белгілі азаматтары бар екен, айтыстырмай тастады, сондағы азғантай сөз қағыстыруымыздың реті былай болды. Барғаннан кейін шыдай алмады, Ораздың өзі бастады, — деді Мұрекең.Мұратжан, бала сен бе едің?Жоқ еді бұрын көргенім.Көрмегеннің белгісі —Жасы үлкен аға деп,Көрісіп сәлем бермедің.Былтырғы жылдың күзінде,Алдаберген мырза қасыңда,Рас па еді, Мұратжан,Айтысам деп іздеп келгенің.Көп ішіне тап болдың,Не қылғаның қарағым,Ағаңды жеңіл көргенің?!Біздің мынау Қаратаздың ішінде,Төремүрат, Нарынбай,Өтен деген ерлерім.Ол ерлерім тұсында,Қазақты деңгел көрмедім,Қолдан намыс бермедім.Жемнің бойын алдырмай,Дін кылышын сермедім.Қарабау мен ҚаракөлБұқпақтап көшкен берішке,Тола ма менің шеңгелім?! Мұраттың жауабы:Мұратжан бала мен едім,Естігенім болмаса,Жоқ еді бұрын көргенім.Жасың үлкен болғанмен,Әдейі сәлем бермедім.Алыстан сыйлап жүргенде,Шайпау сөз айтып сыртымнан,Қалдырасың неге көңілді,Әзәзілдерге сенің ергенің.Былтырғы жылдың күзінде,Алдаберген бар қасымда,Рас еді, Ораз-ау,Сізді іздеп барғаным.Кездесе алмай сенімен,Тістеулі кеткен бармағым.Мойындай бер, Ореке,Құдайдың енді салғанын.Кім болса да қалқаның,Шығады енді талқаның.Көп ішінде тап берсем,Ағаны жеңіл көргенім,Өзіме өзім сенгенім.Менің аузым — от жалын,Иманыңды айта бер,Осы жер болар өлгенің.Тоғыз жасқа келгенде,Естіп жүрген шығарсың.Қазтуған мен ШалкиізЕкеуі келіп түсімде,Маган аян бергенін.Содан бастап желіктім,Естіген жок шығарсыңМені ешкім жеңгенін.Алқалаған жиында,Өздеріңдей тақ-тақтың,Талайын басып жеңгенмін.Қас акылсыз болмасаң,Ағасының артынанІнісі өсіп ер жетсе,Ол кимес болар ма,Ағаның қанды көйлегін?Өзің айтқан Қаратаздың ішінде,Төремұрат, Нарынбай,Өтен деген ерлерің.Соларыңның біреуін,Қолыңан бар ма көмгенің?Үшарыс таздың баласы,Соларыңның өлгенінКөзіңмен бар ма көргенің?Төремұрат, Нарынбай —Бақытсыз туған ерлерің.Бақытсыз демей, немене,Ит қорлықпен өлгені.Ондай қашкын ұрыңдыМақтау етіп келгенің —Тірілей сенің өлгенің.Заманға қарай саз керек,Бұл күндегі барыңыз —Дүйсалы мен Қосымбай,Соларды айтсаң келісті.Бұқпалап көшіп жүрсің депЖекелеп айттың Берішті —Беріштің ісі тегіс-ті.Бұл Беріштің ерлері,Құлшар менен Кебісті.Гүбірнатор Жандарал —Офицер шенді орысқа,Қылышын шешпей көрісті.Беріш пенен Адай ғой —Байұлының асқары.Оларға келіп тиіссең,Құдайдың сені атканы.Жеті баулы Беріштен,"Не оңған ақын шықсын" деп,Рас па, Ораз, сенің күлгенің?Беріштердің қасындаТаз дегенің кім еді,Осы ма сенің білгенің?Естігенің Ораз бар ма еді,Аспандағы қырандыЖапалақтың ілгенін?Байұлының шалдарыТізгініме жармасып,Айтқызбай отыр сөзімді.Сынасаң етті-ау, аксақал,Беріш емес, өзімді.Сырттан айтқан сөздеріңКетіріп кетті төзімді.Қой-қойлап отыр ағалар,Амалым жок, қайтейін,Тоқтатайын сөзімді.Тұншыктырып тастауға,Келіп едім өзіңді.