ВЕРНУТЬСЯ

Ұлы Отан соғысында бастан аяқ болып, бірнеше ордендермен марапатталған, соғыстан оралғаннан кейін жасы жетіп, зейнеткерлікке шыққанша газеттерде қызмет аткарған майдангер журналист Ізбасаров Оразаухан туралы естеліктерден үзінді.Оразаухан Ізбасарұлы 1967 жылы облыстық газеттің Маңғыстау жәнс Форт Шевченко аудандары бойынша меншікті тілшісі болып жүрген кезінде Тұщықұдық жерінде адамдардың көп жиналған бір тойда құрдастарының біреуі әзілдеп: — Сенің арғы жағың татар емес пе? - деп айтып еді. Сонда Орекең:—      Осы әңгіменің бұрында да бір жиенім тарихын сұраған, соған аздап өлеңмен түсіндіргенім бар еді, ол әңгімем мен өлендерімді мына Құлшекең ағам бұрын естіген, қазір енді сол шығарғанымды домбырамен айтып берейін, тыңдасаңыздар, -деді.Құлшекең ағам дсп отырғаны — Маңғыстау халқына белгілі, артында көптеген әңгімесі калған, Орекеңе жақын ағайын болып келетін Жұбаев Құлшық деген ақсақал болатын.Ол кезде Тұщықұдық — Аманкелді колхозының орталығы, аудандағы іргелі шаруашылықтардың бірі болып есептеледі. Колхоз басқармасының бастығы Қаржаубаев Қамысбай деген азамат болатын. Қамысбай да сол тойда Орекеңмен қатар отырған еді:—      Ореке, дұрыс айтасыз, сіз әдебиетші адамсыз, ішімдік ішіп, қарт ойнағаннан гөрі сіздің тарихи әңгімелерді айтқаныңыз дұрыс, осында отырған әдебиетке құмар інілеріңіз де бар, олар да өткеннен хабардар болсын, - деді. Сонда Орекең домбыраны алып, Айтқұл ағаның әуенімен айтайын, — деп:Бұл адайдың ішінде —Арғы жағы Мұңал Жарының —Болыпты сегіз баласы.Маңғыстауда — үш НазарҚабыл болған деп айтадыОсылардың тобасы.Осы үшеудің біреуі —Қыдыр көрген Назар еді,Жарының туған баласы.Жайлаған жерін сұрасаң,Он мың жылқы өргізгенҚауынды, Теппе, Бекше депАталатын көлдер бар,Сол көлдердің жағасы.Әңгіменің созымын,Тең атанның ішіндеТел өскен марқа козымын.Қасиетті атам УәлиОн бес жасар кезіндеМаңғыстауға келіпті.Астраханда тұратынАлшын деген құрдасыУәлиді Назарға —Сауатын ашсын халкың деп,Сұрағансын беріпті.Ағартушы ұстаз боп,Үш жылдайын мерзімгеУәли солай келіпті.Қасиетін сынап көргесін,Құр емесін білгесін,Назар сынды бабамызУәлиге көңіл бөліпті.Келісімді мерзім біткесін,Уәлиді Назар шақырып:Айналайын, Уәли,Айтар саған сөзім бар,Тыңдасаң, балам, қабыл ал.Тыңдамай кетіп жатсаң да,Кінә жоқ саған тағылар.Жасырғанмен, білдім мен,Пірлерден бата алыпсың.Біліміңнің түбі жок –Ғалым болып қалыпсың.Өзіңді қалап отырмын,Осында қалып, қарағым,Ұстаздық ет балаға.Егер бұған келіссең,Өзіңмен бірге жүрейін,Астрахан сынды қалаға.Бұйымымды барып айтайын,Ата менен анаңа.Ұлты татар болғанмен,Әкең Алшын — жиенім,Соңынан болған күйеуім.Олардың бәрін қойган да,Анттасқан дос болдым —Көріп жүрмін сүйеуін.Бұл сөзімді, шырағым,Қабыл алмай қойсаң да,Беремін саған ақ бата,Сөзімде менің жоқ қате.Келіскен мерзім біткесін,Дайындық жасап жатырмын,Сенің жүрер жолыңа.Осы үйде екі тай-тұяқЕртең Құмар келінімҰстатар сенің қолыңа.Дайындап қойып отырмын,Қасыңда бар бес жігіт —Жол бастаушы жолыңа.Екі айғырдың үйірінАлдыңа салып беремін,Бұйырсын Алла оңына.Алдындағы үйірдеЖиырма құлынды бие бар,Жолда шөлдеп қалмауға,Қыларсыз саумал соңыра.Үш-төрт бедеу бие бар,Ашығып жолда қалмаңыз,Етерсіз азық жолыңа.Осыменен, жиенім,Өкпелемей барасың.Қалағаның болса тағы да,Іркілмей-ақ айта бер,Мен де болса аласың.Сонда Уәли:О, Назардайын, нағашым,Құлағыңды сал, ендіЖиеніңнің сөзіне.Берген жоқ қой мені әкемТабыс тап деп өзіңе.Берген алтын тай тұяқ,Және мына жылқыңдыҚалдырамын өзіңе.Білесіңіз өзіңізБізде де байлық жетеді,Бұйыртсын Алла өзіңе.Мал табу үшін келгем жоқ,Сауап іздеп келдім мен,Нағашы, илан сөзіме.Менімен бірге жүріңіз,Жиеніңіз Алшын мен,Қарындасың Ажардың,Бұйымыңызды айтыңызСолардың барып өзіне.Егер рұқсат деп жатса,Қалмай ма, билік өзіме?Жиеннің әңгімесін естіп, Назар ақсақал қатты қуанса керек. Жол жабдығы жасалынып, жолға шығыпты. Уәли: "жылқыны да, алтын тайтұяқты да таста" деген екен, Назар бабамыз тындамапты "қарындасыма апаратын сыйлығым" деп алып жүріпті. Уәлидің әкесі Алшынның шешесі — Адайдың Ала Құнанының қызы деп айтады, ал, Алшынның өзінің зайыбы, Уәлидің шешесі - Адайдың Қоскұлақ тайпасының қызы екен, аты - Ажар көрінеді. Мамыр айының ішінде жолға шыққан жолаушылар маусым айында Астрахан қаласына жетіпті. Назар ақсакал жолай жүріп келе жатқанда да Уәлидің зайырын көріп көңілі толса керек. Соның кейбір көріністерін айта кетейік, — деді Орекең.- "Ауылдан шығарда екі үйірдегі де айғырды ұстатып мойындарына жібектей бау таққызып, бауға қойдың тобығына дем салып байлатыпты. Сосын жолбасшыға қойдың 41 жақ сүйегі мен 41 кәрі жілігін алып жүруді тапсырыпты. Күндіз жылқыны қумай өз еркімен жайлап жүргізуді, түнде түн ортасына дейін жайып, содан кейін барып, жылқыны иіріп жусатуды ескерткен көрінеді.Жолда кейбір ұтырлы деген жерлердегі суға кідіріп, ерулеп бие байлатып, қымыз дайындап алып отырыпты. Сөйтіп, Маната тауының астына келіп, түнемелікке кідіріс жасағанда Уәли түнде жылқыны жатқызбай иіртіп, жүрердегі ауылдан алдырып шыққан 41 жақ сүйекті жусап тұрған жылқыны қоршап әр қайсысының арасына тоғыз қадамнан жерге көлденеңінен кадап, қасына тікесінен кәрі жіліктерді жақ сүйеккс сүйетіп қойдырулы. Сонда қоршаған жердің көлемі — 369 қадам болған көрінеді. Сөйтіп, жылқышыларға "күзетпей-ақ ұйықтай беріңіздер, жылқы кетпес", - депті. Жылқышылар сенер, сенбесін білмей, бірақ жылқылар жусап тұргасын және әңгімеге де сеніп, ұйқыға бас койыпты. Таң алдында үйірдің екі айғыры кісінеп, биелер де шұқыранып қозғалақтағасын жылқышылар ұйқыларынан оянып тұра бастағанда Уәли де тұрып: "ұйықтай беріңіздер, 41 қарулы күзетшілер тұрғанда несіне қорқасыңдар", — десе керек. Жылқышылардың ішіндегі тұрып кеткендері жан-жағына қараса, манағы шаншылған сүйектердің орнында бес қаруы бойында самсап тұрған жасақтарды көріп шошып кетіп, орындарына жата-жата кетісіпті.Мұндай жағдай барғанша әлденеше рет қайталаныпты. Жылқыны айдаған кезде де айғырлар қашқысы келген кейбір биелерді үйіріне қуып тығып, өздері бастап жөнге жүріп отырғанына жылқышылар таң қалумен болған көрінеді.Бір күні, жол бастаушы, Назар бабамызға оңашалап: "мен мына жағдайға түсінбей келемін, үйірді айғырлар шашу шығармай өздері айдап қеледі, біздің жылқышылар тек үйірдің соңына еріп келе жатыр. Бұлар бұрын үйірін өз жеріне бастап тайып тұратын еді. Сосын кеше кешкі түнемелікте мен бір қызық жай көрдім. Түнде жылқы шұқыранғасын оянып жан-жағыма қарасам, шаншыған жақ сүйектеріміз бен кәрі жіліктеріміздің орнында ат ойнатқан қарулы күзетшілер тұрды. Мен үрейленіп келе жатырмын, жылқышылардың ішінде де кейбіреулері көріпті, корқып қалса керек, ақсақалға айтыңыз, рұқсат етсе, кейін ауылымызға қайтсақ қайтеді деп жүргендер бар", — депті. Сонда Назар ақсақал: "Қорқатын ештеңесі жоқ шырағым, бізге Құдайдың бергені деп біліңіздер. Ауылдан шығарда айдалатын үйірдің екі айғырын ұстатып, мойнына тобық тактырғанын өзің білесің. Уәли тобыққа дем салып берді ғой. Айғырлардың үйірлерін шашау шығармай алып жүруі — сол тобыққа салған демнің күші. Жылқыны қоршап тұрған қойдың жақ сүйегінің ерттеулі ат болып, кәрі жіліктің аттың үстіндсгі қарулы күзетші етіп отырған да - Уәли. Қорықпау керек, қуанған дұрыс", — деген көрінеді.Сөйтіп, жолаушылар аман-есен Астраханның аймағына енгесін, жолдағы елдердің ішінен әкесінің бір танысын Астраханға шұғыл жұмсап, келе жатқандарын Алшынға хабарлауды тапсырып, өздері мол суға кідіріп ереулепті. Хабаршылардан "Назар келеді" дегенді естіп, нөкерімен Алшынның өзі бастап келіп қарсы алып, жылқыларды сол жердегі өзінің жылқыларын қостанып бағып отырған жылқышыларына тапсырып, қонақтарын атқа жеккен пәуеске арбаларға мінгізіп, үйіне алып келіп бір айдың үстінде қонақ жасап, өзінің судағы, қырдағы байлықтарын көрсетіп қыдыртып, серуендетулі. Ай өтіп, елге қайтар мезгіл жақындағанда Алшын қайнағасы Назардан бұйым сұрапты. Сонда бабамыз Назар Алшынға: "бұйым сұрасаң, бұйымым бар, ол мына — Уәли, елімнің сауатын ашсын, білімге құштар қайынжұртыңның сенен өтініші осы. Уәлиді маған бала қылып, біржолата бер, екеуміздің Алланың алдында Құран ұстап берген уәдеміз рас болса, біріміз біріміз үшін жанымызды пида етеміз деген сөзіміз бар ғой, мен Уәлиді өз баламнан артық көремін, менің қарындасым екеуіңнен бұйымым — осы", — дегенде Ажар қарындасы жылап жіберіп: "Ағажан-ай, Уәлидің орнына қалаған басқа баланы сұраңызшы", — демесі барма. Сонда Алшын: "Әй, Ажар, жылама, Уәли барамын деп жатса, мен бердім. Бала жауға кетіп бара жатқан жоқ, сенің еліңе кетіп бара жатыр, ол сенің балаң емес, туған інің болады. Мен анттасқан досқа берген антымды бұза алмаймын, сенің жалпы төркінім — Қосқұлақ дегенмен әке-шешең жоқ, осындағы нагашыңның қолында жүргенде Құдай қосқан қосағым болып едің, осы уақытқа дейін бір-бірімізді ренжіткен кезіміз болған жоқ еді. Сенің сол Адайлардан "мен туысы едім" деп Назардан басқа келген ешкімді көргенім жоқ. Егер Алла амандыкқа жазса, сенің енді сол жақта туған ініңнің үйі болады. Өрісің кеңейеді. Құдай көпсінбесін — тоғыз балаң бар. Сол балаларыңның туған нағашысы Назар болып шығайын деп тұр, сен жылама, сен жыласаң, мен налимын. Уәли келіссе, батамызды берелік. Матап беретін қыз емес, есін білмейтін бала емес, Уәли келіспей жатса, Назар маған өкпелемес", — деп Уәлиге қараған көрінеді. Сонда Уәли: "Әке сіз бердім дегенмен, анамның көңілін кірлетіп, күнәлі бола алмаймын, анам батасын бермесе, мен бара алмаймын", — деп отырып қалса керек. Сонда Ажар көзінің жасын сүртіп: "Алшынның антын мен қалай бұздыртамын. Ақ батамды берейін, Назар ағамның пиғылына сенейін", — деп, Алшын екеуі батасын беріп болғасын, Уәли Назарға қарап сөз сөйлепті: "Сізге және әкем мен шешеме айтатын бір-екі ауыз сөзім бар рұқсат болса, айтайын", - депті. Назар да, Алшын да, Ажар да: "Айт, айт шырағым", депті. "Айтсам, біздің қасымызға ешқайсысыңыз да ермеңіздер, осы келген жолаушылар болып кері қайтамыз, жасаулатып шығарып салатын қыз емеспін, мен әкесінің қасыңда еріп бара жатқан ұлмын. Екіншіден, Назар әке, сізден сұрайтыным: сіздің мені өз балаларыңыздан да жақсы көретініңізден, үйдің іші болғасын ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Сіз менің сөзімді сөйлеп, балаларыңызға қатты айтып қойып, көңілдерін калдырарсыз. Мені өзіңізге емес, балаңыз Тастемірге еншілеп беріңіз, мен Тастемірдің түңғышы — ең үлкен баласы болайын. Барғасын, Құмар анамыздың астынан Тастемір әкем өткізіп, анамыздың ақ сүтін емізетін болсын, тойымды жасап, немерем деп батаңызды беретін боласыз", — депті. Назар ақсақал: "Айналайын, Уәли, менің айтайын деп отырған әңгімемді өзің айттың. Бәрі осы өзің айтқаныңдай болады", - деп уәдесін беріп, батасын жасаулы. Аман есен елге келіп, Тастемірге бала қылып, Құмар шешеміздің астынан өткізіп, ұлан-асыр той жасаулы. Уәли келгесін бала оқыту жұмысын қолға алыпты. Жеңгелері "молда" деп, өңі сары болғасын "Сарымолда" деп атап, содан Сармолда атаныпты. Құлкеш Беріштің өзінің қалауы бойынша құда түсіп, қызын алып беріпті. Бөлек ауыл болып, бірнеше балалы болып, Тастемірдің Сарымолда деген тайпасы деп аталады. Келгесін көптеген қасиеттерімен елге танымал болған. Тастемір әкесі Уәлиді Түркияға үш жылға оқуға жіберіп білімін толықтырып, бала оқыту жұмысымен айналыстырған көрінеді. Ол кезде Маңғыстау қазақтары мен түркімендердің арасы қатты ушығып тұрған мезгіл екен. Бір күні бала оқытып жатқан Уәлиді әкесі Тастемір шақырып: "Уәли, жаңа маған хабаршы келді, түрікменнің шамасы бес жүздей жасағы бүгін таңертең Мырзаайырдан шығыпты, бағыты біздің ауыл көрінеді. Тастемірдің ауылын шауып, малын айдап кетеміз деп қеле жатқан көрінеді. Азаматтардың жылқыдағы аттарын ұстап, жинақталуға уақыт тар болып тұр, бұған не амал табамыз" — депті. Уәли ойланып тұрып: "Жылқылардың дені қай жерде?" деп сұрады. "Жылқылардың жартысы құмның құбыла бетіндегі қазықта, қалғаны құмның сыртқы бетінде", - дегенде "Олай болса, шұғыл құбыла беттегі жылқыдан 1000 жылқыны үш бөліп, бірінші бөлігін — Жиделі, Қызан бетінен, үшінші бөлігін — Қошақ бетінен, екінші бөлігін — Құм бетінен Қарауылтөбеге қарай (қазір Қосүйік деп аталады) айдау керек. Түсқайтағы бесіндердің шамасында Қосүйіктің қарасы көрінетін шамада болсын, оншақты қарулы жігіт алып, менімен бірге Қарауыл төбеге жетісейік. Өзіңізбен бірге екі шеңгел мылтықтың қара дәрісін, қу шақпақ, майланған жіп ала жүріңіз", — деп дайындалып, жүріп кетсе керек. Түс ауа Қарауылтөбеге келіп, қара дәріні шұқырлап үйіктің төбесіне көміп, жіптің ұшын дәріге от беріп атылғанда шаң көтеріледі, сол кезде жылқыны үш жақтан шашыратып келе жатқан жауға қарай айдайтын болсын", деген тапсырмасын беріпті. Күн екіндіге таялған шақта үйіктің басында тұрған қарауылдан: "Жылқылар қөріне ме", — деп сұрағанда, үш жақтағы жылқылардың да көрініп жатқанын, жау жақтан әріден шаң білінетінін хабарлапты, "Сол шаңды жіті бақылап тұрыңыздар, нақты жау еқені анықталғанда жылқышыларға белгі береміз. Қарауылда тұрғандардан басқаларыңыз жылқыларды айдауға көмектесіңіздер," — деген тапсырма беріліпті. Сүт пісірім уакыттан кейін, жаудың қарасы толық көрінген мезгілде, дәріге от қойылып, қатты жарылыс болып, үйіктің басынан шаң аспанға көтерілген уақытта үш жақтағы жылқы да жапыра жауға қарай қанатын жайып ала-шаң қозғалысқа енген көрінеді. Сол кезде толық қарасы көрініп жақындап қалган, бес-алты жүз шамасындағы түрікмендердің жасағы кілт тоқтап, үйлығысып барып, ат басын кері бұрып алып қашқан дейді. Сол кезде жылқылардың үш бөлігінде жылқышылар қиқу салып, бар пәрменімен қуса керек. Жан жақтан жапыра шапқан жылқылардан жау қатты шошынулы. Аттары шаршаған үш түркімен қолға түсіпті де, қалғандары арттарына қарамастан қашып еліне жетіп: "жаудың қоршауында калып қоя жаздап, аман құтылдық", - деп хабар айтса керек. Соңынан колға түскен үш түрікменнен сұрағанда: "жан-жақтан қаптаған қолды көргеңде қатты корықтық, "қоршауга түспей тұрғанда қашып құтылудың қамын жасалық" деп, басшымыз аттың басын кері бұрып қамшы басты, біз үшеуміздің атымыз ақсап келе жатқан болатын, каша алмай колға түстік", — депті. Уәли қолға түскендердің астарына ат мінгіздіріп, кері қайтарыпты. Және: "еліңе сәлем айтарсындар, біздің елімізге жаушылығын тоқтатсын. Егер де мұндай шабуылын тоқтатпаса, біз екіншілей тірі жібермейміз. Ана қашып кеткен жасақтарды да біз әдейі қумай, еліне аман барсын деп жіберіп отырмыз, осы сәлемді айта барыңыздар", — деп босатып жіберіпті.Мінекей, Уәлидің бір ғана қасиетінен көрініс, бұдан басқа да талай-талай зайырын көрсеткең көрінеді. Әлденеше рет жаушылықпен келе жатқан жау жасақтарын тұман түсіріп, бірнеше тәулік адастырып, сорға, балшыққа батырып, қолға түсіріп отырған. Қазірде Сармолда бабамыз Қияқты деп аталатын елді мекеннің қасыңда Қапам деп аталатын зиратта. Күні бүгінге дейін басына барып тәуба етіп, түнеушілерден құралақан емес. Сұрқостарынан жазылып, алғыс беріп жатқандар да баршылық, мінекей, жігітім, менің кім екеніме әділ бағасын өзің бере бер, - деп Орекең әңгімесін аяқтаған.Топырағы торқа болсын, Орекеңнің осы әңгімелерін тындаушыларының бірі өзім едім, соңынан Орекеңнен жазып алғанмын, естелік ретінде жариялап отырмын