ВЕРНУТЬСЯ

Тарихи деректі повесть I - бөлімМахамбеттің арманы ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ЖӘНЕ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚҚазақстанның батыс аймағында он төрт жылға созылған (1783-1797) Сырым Датұлы бастаған халық көтерілісінен кейін феодалдық езгі ұлғая түсті. Сұлтаңдар мен патша үкіметінің қазақ әскерлері ел тонауды көбейтті. Әсіресе, қанау мен езгі және 1795-96 жылдардағы жұт әсерінен мал саны күрт азайып, бұхара күйзеле бастады. Сол кезден, 1771 жылдан бастап, патша үкіметінің қысымына шыдамай, Еділ, Жайық аралығын жайлаған қалмақтардың дені Жоңғарияға көшіп, азғантай бөлігі қалған. Бөкей сұлтан осы жағдайларға орай, Астрахань губернаторы Кноринг арқылы 1 Павел патшаға арыз беріп, қазақ-ноғайлардың бағзы мекені Еділ, Жайық арасына өтуі туралы өтініш жасады. 1801 жылы 11 наурызда патшаның ресми рүқсаты болды. Одан кейін де патша тарапынан 1806 жылы "Көшпелі халықтарға жер кесіп беру тәртібі" деген ереже қабылданды. Бөкей 1812 жылы 7 шілдеде салтанатты жағдайда Орынбор әкімшілігі жоғарғы шендерінің және дала шонжарларының катысуымен Орал қаласы маңындағы тоғайда хан көтерілді. Қазірде ол жер "Хан тоғайы" деп аталады.Бөкейдің Атырау-Астрахан арасында "Жалтыр көл", "Бабашағыл" аталатын екі жайлауы болды. Бөкей ел басқару жұмыстарын жазда осы жайлаудың бірінде, қыста Сарайшықта отырып жүргізді. Ел аузында Бөкей ақылды, ұстамды адам болып бағаланған:Хан Бөкейдің тұсындаСекер шайнап, бал іштік.Хан Жәңгірдің тұсындаКасықтап қара қан іштік, - деген өлең тектен-текке шығарылмаса керек.Жазба деректерде Бөкей мен Исатайдың әкесі Тайманның достығы айтылады. Өзінің жаз жайлауы "Жалтыр көлде", шешесінің жылын өткізген жиында, Бөкей алқа топтың көзінше Тайманға: "Қол алысып, төс түйістіріп, мәңгілікке дос болайық, достығымыз үрім бұтағымызга кететін болсын", - деп балаларын шақырып, ағайынның төрт көзі түгел ортасында, Бөкей мен Тайман Құран ұстап, тілек тілеп, ант-су ішіседі. Осы достықтың Бөкей өлгенше іргесі бұзылмаған көрінеді. Өзінің досы Тайманның баласы Исатайдың болашағынан үміт күткен Бөкей оны 1812 жылы Жайық бөліміне старшын етіп тағайындайды. Бұл тағайындауды 1814 жылы Орынбор Шекара комиссиясы бекітіп, қолына "старшын" деп жазылған құжат пен мөрін ұстатады. Исатай 1791 жылы Тайсойған құмының "Тайман жалы" деген жерде туған.Бөкей 1815 жылы 21 мамырда Бабашағылда отырғанында азғантай күн ауырып, дүниеден озады. Бөкейдің орнына інісі Сығай тағайындалады. Ол кезде Жәңгірдің жасы кәмелетке толмаған, Орынборда оқуда жүрген кезі еді. Сығай 1815-23 жылдар арасында билік құрады. Сығайды жазба деректерде: "елге жағымсыз, парақор, жүрген жерінде бейбітшілік болмаған, адамдарды бір-біріне айдап салып отыратын екі жүздінің өзі болды" деп көрсетеді.Жәңгір 1801 жылы дүниеге келген. Астраханда кіші губернатор, яки азаматтық істер жөніндегі губернатор Станислав Иванович Андреевскийдің үйінде жатып окыды. Болашақ хан оқуға кіргенде 14 жаста болатын.Бөкей өзінің науқастан арылмайтынын аңғарса керек, патша әкімдерін шақырып, өзіне мұрагер етіп Жәңгірді қалдырды. Патша шенеуніктерінің Жәңгірді ұзақ уақыт окытып, тәрбиелеп, соның төңірегін айналшықтай беруінің де себебі бар еді. Кең байтақ жатқан даланы, өз билігі өзінде — еркін иелік етіп жүрген қазақтарды бұрынғы ата-баба салтынан тайдырып, ділінен, дінінен, бара-бара тілінен айырып, орыстандыру ниеті көзделген болатын. Осындай сұрқия саясатты іске асыру мақсатында Жәңгірді жеті жыл бойына орысша оқытып, Европаша тәрбие берді. Ол орысша, немісше, французша сөйлеп, жаза алатын дәрежеге жетті. Осыған қоса заң, экономика дипломатия, ел басқару ісіне де үйренген болатын. Ресей патшасы Жәңгірді хан тағайындау туралы грамотаға 1823 жылы 22 маусымда қол қойды. Қазақ салтымен ақ киізге отырғызып, хан көтеру рәсімі 1824 жылы 26 маусым күні әкесі Бөкейдің хан сайланған жері, "Хан тоғайында" Жәңгір де тағына отырды.Әкелерінің анттасып дос болғандығынан, ауылдары аралас көрші отырғандықтан, Жәңгір Исатайды бала кезінен-ақ жақсы көретін. Исатайлар Қиғаштан өтіп, іргедегі Астраханга жиі барып тұрды. Оқудағы Жәңгірге ауылдың сәлем-сауқатын апарып, оның жағдайынан хабардар болып тұратын-ды. Жәңгірді қазақ салтымен хан көтеру тойына Исатай келе алмады. Оны Сығай сұлтанның қаматып тастаған кезі еді. Жәңгір таққа отырған күннен бастап, Исатай бостандыққа шықты. Исатай ханның ақылшысы және қорғаушысы еді. 1927 жылы Ішкі Ордада жұт болды. Жұтқа ұшыраған ел наурыз айы туысымен, Жайыққа қарай көше бастады. Сол кездерде хан тағына қарсы оппозиция пайда болды. Олар — Қайыпқали Есімұлы, Әділ Нұралыұлы, Жәңгірдің әкесімен бірге туған немере ағасы Шөке Нұралыхан ұлдары еді. Бұлардың бәрінің де хан тағынан дәмесі бар болатын. Әсіресе, Қайыпқалидың билікке деген ұмтылысы бәрінен де жоғары еді. Елді дүрліктіріп жүруінің де басты себебі — Жәңгірді тақтан тайдыру болатын. Оның үстіне ел басқару ісіндегі Жәңгір енгізген жаңалықтар да ескі старшындар мен билік басындағылардың көңілінен шықпады. Әсіресе, барлық билікті өз қолына алып, рубасылары мен старшындардың құқын шектеуі наразылықты күшейтті.Биліктен шеттетілген Қайыпқали, Шөке Нұралыхан-ұлдарының іштей ірітуінің нәтижесінде, көптеген елдер Жайықтың сыртына кетті. Ол кезде жұрттың Жайықтан өтуге тиым салынған болатын. Жағдайының қиындап бара жатқанын аңғарған Жәңгір Астрахань губернаторына, Орынбор әкімшілігіне жағдайын айтып, көмек сұрап шабарман шаптырды.Осыған байланысты Орынбор генерал-губернаторынан Энгель бастаған комиссия, Шекара комиссиясынан Г.Ф.Генстің өзі, Орал казак-орыс әскерінен атаман Д.Бородин келді. Ол кезде 1817 жылдан бастап, Орынбор әскери губернаторы болып Петр Кириллович Эссен отырған. Ол кетерінде Адай тайпасының төрт жасар қыз баласын асырап, өзімен бірге алып кеткен. Олжас ағамыздың Америка президенті болған Кеннедиге: "Сізде Адайдың қаны бар" деп әзілдеуінің астарында осы окиға жатқан болатын. 1827 жылы келген комиссияның қорытындысында: "Жәңгірдің ұстап отырған саясаты дұрыс" деп табылды. Қайыпқали бастаған топ — "елді арандатып, ханға қарсы ұйымдасқан қастандық жасаушылар" деп бағаланды.Ал, қазақ-орыс әскери атаманы Д.Бородиннің пікірі басқаша болды. Ол: "ханның халыққа жасаған қиянаты мен шексіз қаталдығынан туындаған қарсылық қозғалысы" деп тапты.Соңынан, Генс пен Жәңгір бірігіп, Д.Бородинді жазықсыз жалалап, ақыры отставкаға кетуіне мәжбүр етті.Осы жағдайдың бәрін қорытындылап, Жәңгірдің жоспарлы жұмыстарын бекітіп, бағытының дұрыс екендігін елге түсіндіру мақсатында және халықтың кері көшуін тоқтату үшін, 1928 жылы Ұялы сыязы шақырылды. Сыяз Глянск қамалына жақын Ұялы деген жерде өтті. Сыязға қатынасуға келген Г.Ф.Генсті Жәңгір Глянск қамалында қарсы алды. Оларды сыяз өтетін орынға Исатай батыр жасағымен бастап алып келді. Жиында ашынған халық ханға ауыр айыптар тақты: алым салықтың көбейіп бара жатқанын; өздерін ақысыз жалшы етіп, саз илетіп кірпіш соқтырып үйлерін салдырып жатқанын; тіпті, хан бастаған билер мен старшындардың кедей-кепшіктердің қыздары мен беті жылтыраған әйелдерін зорлық қылып, жайдақтай бастағандарын беттеріне басып айта бастады. Оның үстіне сыязға қатынасып отырған Жәңгірдің жақын туыстары Шөке Нұралыханұлы мен Шыңғали Орманұлдары кейбір өздерінің жағындағы билер мен старшындарды Жәңгірге айдап салып, "елді дара басқарып, өздерімен ақылдаспағаннан бұхара бұзылып бара жатыр" дегіздіріп, көптеген кінәлар тақтырумен болды.Генс сыяздың бітуіне бір күн қалғанда Жәңгірге өзінің айлалы саясатын ұсынды. Ол "Хан Кеңесін" құруды, оған Он екі ата байұлының он екі руынан бір-бірден билерді кірістіруді, оның төрағасы етіп, таққа таласып жүрген Шөке Нұралыханұлын, Кеңестің бас хатшылығына Мүшеғали Орманұлын және он екі старшын тағайындап, оларды да аузы дуалы адамдардан қоюды ұсынды. Сөйтіп барып, осы дауды бітіруге болатынына айлакер Генстің көзі жеткен еді. Сыяз сайлауы тап осылайша өткізілді.Осылардан тыс халықтың толқуын бәсендеткен Орынбор шекара комиссиясы төрағасының Астрахань губерниясы Чернояр ауданынан 670000 десятина жер берілетіні туралы жарлығы болды. Хан келісімге келіп, өкпелі адамдарға Ордадан орын беретін болғасын, сайланған билер мен старшындар Жәңгірге адалдыққа анттарын берді.Осы сыязда Г.Ф. Генс Исатайға Ішкі Ордаға сіңірген адал еңбегі үшін деп, Шекара комиссиясының Мадақ грамотасын табыс етті. Қайыпқали жағындағы старшындардың оны түрмеден босату жөніндегі Г.Ф.Генске қойған талабы да орындалып, Қайыпқалиды да босатты.Исатай хан сарайына рұқсатсыз кіре беретін. Бірде сарайға кіріп келсе, көптеген билердің Жәңгірмен әңгіме құрып отырған үстіне тап болады. Билер жолды бөгеп отырса керек.Сонда Исатай:— Хан елімен кісі, қатын ерімен кісі, билермен бар кімнің ісі? Былай тұрыңдар, әкелеріңнің салған үйі емес, халықтың салған үйі, — деп хан сарайдың төріндегі Жәңгірдің қасына барып отырыпты. Осы сөздің төркініне үңіліп карасақ халықтың жағдайын ойлаған наразылықтың салқынын аңдағандай боламыз.Жәңгір он екі би, он екі старшынымен аңға шығып, түскен үйлерінің тәуір қыз-келіншектерін жағалайтын болыпты. Осы дөрекілікке наразы болған адамдар Исатайға жағдайды айтып, хан бастаған би мен сұлтандардың бұл қылықтарын тоқтатуды сұрайды. Осыны естіген Исатай Жәңгірге билердің дұрыс жерге қонаққа апармай жүргенін түсіндіріп, бұдан былай қоналқы жердің билігін өзіне беруді сұрап, келісімін алыпты. Енді Жәңгір аңға шыққандарында Исатайдың апарған аулына қонақ болуды дағдыға айналдырады.Ал, Исатайдың түсіретін үйлері билер мен сұлтандарға жақын, дос адамдары болған, олар қатты шығындалып отырған. Осыған ызаланған билер тағы бір сапарда үнемі ханмен үзеңгі қағысып, алдында жүріп отыратын Исатайға:-        Әй, Исатай, қарғылы қара тазыдай ылғи алдымызды бермей жүргенше, қатар жүрсең болмай ма, — дейді.Сонда Исатай Жәңгірге қарап:—      "Алдыңда қарғылы тазыдай сылаңдап мен жүрсем, артында шұбалып он екі төбетің жүрсе, сені көктен Құдай, жерден Шонай алар дейсің бе", — деген екен. Билер томсарып, жерге қарап қалысыпты. Исатай осылайша көңілді көрініп жүргенмен ханға бағынышты бұхараның жағдайының күн санап төмендеп бара жатқанына іштей наразылығы күннен-күнге қалындап келе жатырған-ды.Жәңгір ханның жағымды жақтарын жоққа шығаруға болмайды. Прогресске ұмтылғаны рас. Халқының жағдайын жақсартқысы келді. Оларды окытып, білімді етіп шығарғысы келді. Қала салды, мешіт, медресе, мектеп тұрғызды, бала оқытып, дәрігер ұстады.Оның қала салғызуына, жұртты отырықшылыққа айналдырам деуіне әуел тұста халық үрке қарағанмен, артынан, қыста жылы үйлерде отырудың артықшылығына олардың көзі жеткен болатын. Немесе, мешіт, медресе, мектеп, училищелерде баласын оқытуға кім қарсы болсын?! Жәңгірдің басты қателігі: осы жұмысты өте тез бітіру үшін халықтың жағдайымен санаспай, реформаларды үсті-үстіне тудырып, елді титықтатып алғандығынан деп білеміз. Көрсетілген жағымды қызметтерді іске асыру үшін қыруар қаржы керек болатын.Орда қаласының жоспарын 1826 жылы Николай I патшаның таққа отыру салтанатына барғанда Генстің көмегімен патшаға таныстырып, рұқсатын алған. Сол сапарда патша жарлығымен қаланы салдыру үшін қазынадан 36 мың 102 сом 70 тиын бөлдірген. Патшаның бөлдірген қаржысы Жәңгірдің жасап жатқан жұмыстарының үштен бір бөлігіне ғана жеткен-ді. Басқа қаржыны халықтан жинауға тура келді. Жәңгір бүл жұмысқа білек сыбана кірісті. Немесе, отыз ауыз, тұяқ ақы, қызыл киіз, құшыр, пітір, хан соғымы, хан сыбағасы сияқты салықтардың адам естімеген сорақы түрлерін шығарды. Отаршылдықты күшейтті. Жоғарыдағыдай әкімшілік алымдардың қатаң түрін енгізіп, оны орындамағандарға дүре соғу жазасын қолдану туралы да заң шығарды. Осылайша қалың бұхара салық төлеуден титықтай бергенде Жәңгір жерді өлшетіп, бұрынғы кең жайылымдарды шағын-шағын бөліктерге бөлді. Енді олардың бәрі белгілі бір төлем арқылы жалға берілетін болды. Жер таласы басталды. Сауда-саттық, алым-берім, пара күшейді. Билер мен сұлтандар, малы көп байлар жер иеленуші болып алды. Кедейлер жерсіз қалды. Мысалы, Жәңгірдің атасы Қарауылқожа Бабажановта — 700 мың, Жәңгірдің өзінде — 400 мың, Орман төре тұқымдарында - 700 мың, Шөке Нұралы баласында — 200 мың, Меңдігерей сұлтанда - 400 мың , Бегәлі төреде - 200 мың, Бармақ, Тәуке, Медет сұлтандарда - 400 мың, Балқы би Құдайбергенұлында — 300 мың гектар жер болған. Нарын мен Қарақамыстағы калған 6400 га шабындық жердің де 5400 гектары әлділердің талапайыңда кетті. Барлық жердің 3 пайызы ғана (оларда тақыр, сортаң, шөп шықпайтын жерлер) кедей-кепшіктерге қалдырылып, қалғанына әлділер мен малдылар ие болды."Елім, халқым" деген ханның шын бет-бейнесі осы тұста ашылып қалды. Оның кімдерге жағдай жасағысы келіп, халықты қансыратып жатқаны елге енді белгілі болды.Белгілі тарихшы В.Ф.Шахматовтың "Земельные отношения во внутренней Орде в начале XIX века" деген еңбегінде осы жағдайларға қысқаша шолу жасай келіп: "Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің туу себептерін саяси-экономикалық тепкіден, Бөкей хандарының ішкі Ордадағы крепостнойлық тәртіп орнатуға тырысқан әрекеттеріне карсылық көрсетуден, Жәңгірдің асығыстыққа жол беріп және әділетсіз Қарауылқожа Бабажанов сияқты ұрда-жық адамдарға ел тағдырын шешу биліктерін ұстатқан қатты қателіктерінен туған", — деп жазуын қолдауға толық негіз бар сияқты.Тарихшы В.Ф.Шахматовтың "ел тағдырын шешу биліктерін ұрда-жық Қарауылқожа Бабажановқа берді" дегенінің жаны бар болатын. Жәңгір 1833 жылы теңіз жағалауын екі округке бөліп, оны "Теңіз жағалуы қыйсымы", - деп атады. Оған басқарушы (управитель) етіп полковой есаул (бұл атақты да Жәңгірдің өзі алып берген) Қарауылқожаны тағайындайды.Қарауылқожа шегі жоқ билікті қолына алды. Исатайдың ауылынан басқа ауылдарға тізесін батыра түсті. Тек, Исатайға ғана батылы бармай жүрді. Халық арасында: "Енді бізге алаяқ сарттың аяғының астында қырылуымыз қалып еді", — дегендей наразылық туды. Бұл жағдайды Исатай білмеген ештеңесі жоқ Әрине білді. Әсіресе, Қарауылқожаның елге жасап жатқан қиянаттарын жеткізіп, араша болуды сұрап, арыз айтып жатқан адамдар аз болған жоқ. Бұл жағдайды оңашасын тауып, Исатай бір-жар рет Жәңгірге де құлаққағыс қылып айтқан болатын. Бірақ Жәңгір Қарауылқожаны қатты хан жарлығын шығарып тоқтатпады. Жәйлап айтқанын Қарауылқожа қыстырмады. Елдің жағдайы күннен-күнге төмендей бергесін-ақ Исатай Жәңгірмен бұдан былай майлы қасықтай бола алмайтынын іштей сезіп те жүрген болатын. Сондықтан да өзін сыртқа салып, бірте-бірте Жәңгірмен жүздесуді сиретіп, Ордаға да жиі келуді тоқтатып еді. Махамбет бұл кезде ханның кеңесшісі және сарай ақыны болып есептелетін.Осы бір 1834 жылдың жазында Жәңгірдің таққа отыруының он жылдығын ресми түрде жариялау Шекара комиссиясынан қолдау таппағанмен, той Торғын өзені жағасындағы Жәңгірдің салдырған саяжайында өткізілді. (Ханның он жылдық мерекесінің ресми түрде дабыраланбауы патшаның 10 жылдығының өтетін болуына байланысты, онымен даңқ таластырғандай болар деп рұқсат етпеген-ді). Той негізінен ханның он жылдығына арналғанмен жоғары орындарға би, старшын тағайындау және Николай I патшаның таққа отыруының он жылдығы мерекесіне Петербургке баратын делегаттар сайлау сыязы деп ресімделді.Исатайдың ханмен алғашқы рет ұстасқан жері де, көрместей болып қастасқан жері де осы тойдың үсті еді. Ханның палуаны қоңыраулы Торыммен беріштен шыкқан жас жігіт Тәни күресіп, Торымды Тәни жығып, басынан аттап кетті. Торым тұра келіп, күресті тамашалап отырғандардың біреуінің аяғындағы тақа қаққан өкшелі кебісін жұлып алып аңдаусыз тұрған Тәниді мандайынан ұрып талдырып тастаған. Мұның арты дау болып, жеңіс ақырында Торымға берілді.Енді ат бәйгесі жетпіс шақырым болып белгіленіп, бәйгеге жетпіс екі ат қосылған. Осы жарыста Ысықтың Тәжі деген кедейінің аты бірінші болып келеді де, Жәңгірдің Қарақұс деген жүйрігі екінші болып келеді. Бірақ, бірінші бәйге түрлі ойдан шығарылған сылтаулармен Тәжіге берілмей, Жәңгірге беріледі. Тәжі хан тобының ішінде жүрген, үнемі халыққа бүйрегі бұрып тұратын Исатайға келіп жылап, бірінші болып келген атына бәйге берілмсй, зорлық жасалынып жатқанын айтып, араша түсуін сұрап, жалынады. Исатай тонадай жерде атының қасында тұрған Жәңгірді көрсетіп:—Барып арызыңды айта бер, мен де қазір барамын, — дейді. Тәжі әңгімесін аяқтай бергенде атын жетектеген Исатай Жәңгірдің қасына келіп: - Хандық — басыңа қонған бақыт құсы, ренжіте берсең, ұшып кетеді,байлығың - қолыңның кірі, жусаң, еріп кетеді, халыққа қайырымды болсаң, атағың ұрпағыңа кетеді, өз тойыңда бәйгенді өзің аласың ба, аты озды ғой, бәйгесін бермейсің бе, мына сорлыны зар жылатпай?! — депті.Жәңгір:—      Маған киліге беретінді шығардың-ау, Исатай, дұрыс деп тапсаң, ана қабақтың арғы жағында екі жүз нартайлақ байлаулы жатыр. Содан бәйгесін алып бер, — депті. Исатай Тәжіге алпыс тайлақты айдатып жіберіпті.Той соңы би сайлау сыязына ұласты. 1828 жылғы сыязда Балқыны Хан Кеңесіне өткізгеннен бергі мезгілдерде Балқы жақсы жағынан көрінбеді. Халықты сүліктей сорды. Исатай биыл оны орнынан кетіруге дайындалып жүрген еді. Орнына Жақсымбет шешенді тағайындатуға пәтуаласып келген-ді.Сыязда сөйлеген би-шешендер Балқының парақорлығын, қараулығын, бетіне басқанда, хан жақтырмай ауыздарынан қағып сөйлетпегесін, Исатайдың өзі кірісіп кеткен болатын. Исатай орнынан атып тұрып:—      Жарандар, халайық, — деген қырандай даусы саңқ еткендс, сыязды басқарып отырған хан мен билер де, шулап отырған жұртшылық та тынши қалыпты.Әр кезде де ақылдылықпен, сабырлылықпен сөз саптайтын, қияннан толғайтын көшелі, көсем батыр, Балқымен Қарауылқожамен шектелмей, Жәңгірдің өзіне де ауыз салды. Әсіресе, жер мәселесіндегі арсыздықтарды әңгімелегенде жапа шегіп отырған көпшілік шуылдап қоштап, төре қожалар тілдерін тістеп, үнсіз қалысты. Исатай жер бөлісіндегі сорақылық пен қиянатты бүге-шігесін қалдырмай бетке соғып айта бастағанда, ызаға булыққан Жәңгір шыдай алмай:—      "Тоқтатасың ба, жоқ па, қолда өскен бұқашық - арда қазақ?" - деп ақырып жіберіпті.Ертеден келе жатқан халық ауызындағы әңгімелерде "ел арасындағы жанжал немесе мемлекет арасындағы соғыстар қырғи-қабақ бола-бола келіп, бір уақытта сәл нәрсенің сылтауынан басталады" деген бар ғой, бұны "ілік" деп атаған.Болашақтағы болғалы тұрған қан төгістің басталуына Жәңгірдің осы сөзі ілік болды. Басынан сөз асырып көрмеген Исатай ашуын ақылға жеңдіре алмай, Жәңгірге қарап:       —Бұқашық деп, арда деп,Дұрыс па мені сөккенің.            Жиналған көптің алдындаАр намысымды төккенің."Арда" деген ауыр сөз —Ардалық жасап өзіңе,Анаңа бар ма шөккенім, — депті.Сонда Жәңгір хан:—      Қашаннан қазақ қайырсыз,Қай ісіне сенермін.Қара қазақ шулаған,Қастассам сені жеңермін.Аяғыңнан тоздырып,Айтқанымнан шыкпайтын —Қатыныма теңермін, - деп өктемдігін көрсетеді.Осы кезде Исатай:—      Әбілқайыр, Нұралы,Айшуақ, Есім, Ерәлі —Қайырсыз хандар сол еді.Айшуақ, Есім, ЕрәліҚазақты қатын қылам деп,Өзінің басын жалмаған.Атаңды қазақ шапқанда,Анаңды жоқ-ты талғаған, — деген көрінеді. (Алматыда 1939 жылы шыққан халық поэмалары, 43-56 беттер).Исатайдың соңғы айтқан сөзінің тамыры тереңде болатын. Кешегі Сырымның кезінде хан тұқымын тоз-тозын шығарған, Ералының басы шабылған тұстарда шыбыққа ілінген ханшалардың абыройларының мерт болғандығын меңзеген еді.Жәңгір сол бойда кеңесте отырған он екі биді куәға тартып, өзімді сөгіп, анама тіл тигізіп, арымды таптағаны үшін деп Исатайды жазаға тартуды ұсынған. Билер Кеңесі Исатайды айыпты деп қамап, айыпқа алпыс атан төлеуге кесім шығарған.Исатайдың ағайындары сол бойда алпыс атанды Жәңгірдің алдына әкеліп беріп, босатып алады. Исатай атына мініп кетуге бет түзеп тұрып, билер мен ханға қарап:Он екі би мен шұнақ хан,Күндегенің мен болса,Жауыққаның ел болса,Тұрысатын жерінді айт.Қандарыңды судай төгермін,Қабырғаларыңды қойдай сөгермін.Хан ұлына қас болып,Қара ұлына дос болып,Қол бастап енді келермін, — деген сөзі ел арасында ауыз екі әңгімелерде айтылады.Сыязда отырған көпшіліктің дені Исатаймен бірге аттарына қонады. Қ.Жұмалиевтің "Исатай-Махамбет көтерілісі және Махамбет поэзиясы туралы" деген еңбегінде "Исатай бастаған топ дүре көтеріліп жүріп кеткенде хан бастаған топ жұртта қалғандай күйге түсті" деп көрсетіледі.Сөйтіп, Исатай ханнан ат құйрығын үзіп, халық жағына, солардың жоғын жоқтауға біржолата білегін сыбанып шықты. МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ Махамбет Өтемісұлының әкесі Өтемісті Қ.Жұмалиевтің еңбегінде 1761 жылы туған деп көрсетеді. Жайықтың ішкі жағына өткенге дейін Қызылқоғаның Миялы маңын жайлаған.Өтемісте он ұл болған. Олар: Тоқтамыс, Бекмағанбет, Махамбет, Ысмайыл, Досмайыл, Қожахмет, Әйіп, Хасен, Сүлеймен, Ыбырайым. Өтеміс - сөзден жеңілмеген би, шешен және батыр адам болыпты. Бірде, Тайсойған маңынан жаз жайлауына көшкенде, жолда құдықтан малын суарып алайын деп жатқанда Алаша Сарбөпе, Сатай ауылдарының адамдары малын суартпайын деп: "Құлдың малы үшін құдық қазып қойған ештеңеміз жоқ" — деп қарсылық көрсетіпті. Сонда Отеміс:— Өзен, өзен, өзен су,Өзенді тастап, көшкен ит.Өзі болған жігіттіңТүп атасын сұраган ит.Қырда-құрақ, ойда - бұлақ тұргандаҚұба жоннан құдык қазган ит.Алдыма келсең — оғымды,Артымакелсең — боғымды жерсің, — деп садағын төбесінен асырып атқанда, жаңағылар қорқып қашып кетіпті.Өтемісті "кірме", "құл" деп әзілдейтін адамдардың әңгімелері күні бүгінге дейін ел ауызында сақталған.Бірде, Бөкейдің хандық құрып тұрған мезгілінде, хан ордасына келе жатқан Өтемісті көріп, хан тағының айналасында отырған адамдардың ішінен Шомбал би, Ордада жүрген түркімен жігітінс бес сом беріп: "Қазір Өтеміс кіріп келгенде "Ой, бауырымдап" құшақтай кет", — депті. Түркімен жігіт ақы бергесін айтқанды орындапты. Сонда Өтеміс:—      Бауырым, неге жылайсың, мына отырған Бөкей хан, тегін сұрасаң — Қарағаш, Қарағаштан келген жалаңаш. Құдай бақ беріп, астына тақ беріпті ғой, Құдай берсе, екеуіміз де осындай боламыз. Ал, мынау Шомбал ғой, қашып келген домбал ғой. Бұның түбі — Орауыл, Орауылдан қашқан он ауыл. Арбасының ізі жосылған, Байұлына келіп қосылған. Құдайым қолдаған соң, ханның оң тізесіне келіп отырған. Құдай қолдаса, екеуміз де осындай болармыз. Ең көп дегенде, бұлар саған бес сом берген шығар, мә, мына он сомды ал да, бара ғой, — депті. Сонда, Бөкей Шомбалға қарап:-        Айтып едім ғой жаңа мен саған - "Өтеміске тиіспе" деп, өзіңмен кетпей, менің де сазайымды тарттырдың-ау, - деп күліпті деген бар.Қ.Жұмалиевтің, Б.Аманшиннің, Қ.Сыдиықовтың жазбаларында "Махамбеттің арғы атасы Нәдірше деген парсы патшасының баласы екен" десе, Ә.Сарайдың зерттеуінде "Жайық беріштің Тумаш ауылынан түркімен қолға түсірген адамдарының баласы екен, 1740 жылы Ағатайдың ұрпағы Жаубасар түркімендердегі өз ағайындары Тумаштардан - Құлмәлі мен Абданды ауылына алып келіп, інісі Ерназарға береді. Өтемістер басқа ұлттан емес, Жайық Беріштің өзі деп көрсеткен. Кейіннен, түркімен ішіндегі ағалары алып кетейін деп іздеп келгенде, Құлмәлі "Руымды Жәумітке сатпаймын" деп бармапты. Кейін Құлмәлінің ағалары Хиуа хандығына — Үргенішке көшіп, беделді қызметтер атқарғанын анықгап, бұрынғы дақпыртты жоққа шығарды.Махамбеттің 13 жастағы кезінде, 1816 жылдың тамыз айында Беріш тайпасының билеушісі сұлтан Сүйінішғали Жаналыұлы "көп уақыттан бері патша солдатынан қашқан орыстар мен татарларды үйіңе жасырып ұстап отырсың" деп Өтеміс ауылын Исатайды басшы қылған қарулы жасақпен шапқандығы көптеген деректерде көрсетілген."Өзінің ағайыны, елге беделді Өтемістің ауылын шапқан жасақты Исатай қалай басқарып келеді?" деген сұраққа тарихшьшардың, зерттеушілердің бірде-бірі нақтылы дәлелді жауап айтқан жоқ. Тайман мен Өтемістің арасында немесе Тайманның балалары мен Өтеміс балалары арасында араздық болды деген деректерде кездеспейді. Елдің ішіндегі әңгімелерге сүйенсек, Исатайдың албырт жастығын пайдаланып, Сүиінішғали сұлтан айдап салған деп топшылайды. Қалай болса да, мұндай оқиғаның болғаны, рас еді, Исатай артынан Өтеміс ұлдарынан кешірім сұрап, аяғына жығылып, кінәсін ақтаған көрінеді. Кешірім сұрағанмен, бала Махамбеттің көңілінде сол бір оқиға көпке дейін кетпей қойған-ды.Мал-мүлкін алдырған Өтеміс әуелі Сығай сұлтанға, содан соң Шекара комиссиясы мен Орынбор әскери губернаторына арызданады. Бұл хабарды естісімен, Сүйінішғали сұлтан "Құлманиязұлы Өтеміс үйіне ниеті бұзық қашқындарды жасырып ұстайды және елге барымта жасаумен айналысады" деген билер мен старшындардан қаралау құжаттарын жинақтап Орынборға келіп, ондағы шенеуніктерге пара беріп, жазықсыз Өтемісті Оралдағы Ордонасгауыз түрмесіне жаптырады. Осыған байланысты, Өтемістің сол кездің өзінде ел танып қалған аузы дуалы ұлдары Тоқтамыс пен Бекмағанбст келіп, әкесі Өтемісті тұтқыннан босатып және Сүйінішғалиды Орынбор түрмесіне, оның інісі Бабағалиды және Исатайды Сарайшық түрмесіне қаматып, мал-мүлкін өндіруге шешім шығартады. Жәңгірдің хан тағына отыру рәсіміне Исатайдың қамауда отырып келе алмаған себебі осы еді. Исатайды қамаудан жақын ағасы Жүзбатыр босатып алады. Өтемісті 1817 жылы 2 қарашада сол түрмеде өлді делінген. Ал, кейбір дсректерде 1819 жылы Өтемістің Хиуаға баруы, немесе Өтемістің жасы ұлғайып, ауру болуы себепті деп, орнына баласы Тоқтамысты 3 қаңтар, 1819 жылы старшындыққа ұсынды, ол ұсынысты Шекара комиссиясы қолдап, 1820 жылы Орынбор губернаторы бекіткенін растасақ, онда Өтемістің 1817 жылы түрмеде өлгендігін жаңсақ пікір деген қорытындыға келеміз.Махамбет 1803 жылы Бекетай құмы деген жерде туып, жастық шағын да сол Бекетай құмында өткізеді. Өтеміс ұлдарының ішінде ең сауаттысы Махамбет болды. Сұлтан Сүйінішғали Жанаұлының Өтемісті "қашқындарды жасырып ұстап отыр" деуі теріс емес сияқты. Себебі, Қ.Жұмалиевтің 1937 жылғы "Исатай-Махамбет көтерілісі және Махамбет поэзиясы туралы" еңбегінде немссе В.Ф.Шахматовтың "Внутреняя Орда и восстание Исатая Тайманова" (А-ата, 1946г) кітабында және Ә.Сарайдың зерттеу еңбектерінде де: "Махамбетті әкесі бес жасынан бастап, орыс, мұсылман оқуларын оқытып үйретуге кіріскен. Оны оқыту үшін Өтеміс орыс армиясынан қашқан офицерді және татар молдасын жасырын түрде бес жылдың үстінде үйінде ұстап, балаларын оқытқан. Оның үстіне Махамбеттің зеректігі, тума талантының мықтылығы да үлкен білімді болуына жәрдемдескені анық. Махамбет тоғыз жасынан бастап елең шығара бастаған. Халық ауызында сол кездің өзінде "Түйеші шалға жауабы", "Домбыра", "Қой сана, жеңге, қой сана" деген т.б. көптеген өлендері болған деп айтады. Олар кейінге толық күйінде жетпеген сияқты.Қазақтың топырағында із калдырған әруақты жыраулар Сыпыра, Асанқайғы, Қазтуған, Ақтамберді, Доспамбет, Шалгездер Еділ-Жайық арасында туып өскендіктен, олардың жырлары мен толғауларын Махамбеттің жаттап өскендігіне күмән келтіруге болмайды.Шалгездің "Балпаң,балпаң баскан куні" Махамбеттің "Мұнар күнімен" үндестігі, немесе Ақтамберді:"Қоңыраулы найза қолға алып,Қоңыр салқын төске алып,Қол төңкерер ме екенбіз?Жалаулы найза қолға алып,Жау қашырар ма екенбіз?" — десе, Махамбет:"Керегесін қиратып,Отын етсем деп едім.Туырлығын кескілеп,Тоқым етсем деп едім.Тақта отырған хандардыңТөрде отырған ханымынҚатын етсем деп едім", — деп сілтейді. "Қырымның қырық батырын" аяғына дейін Махамбет жырлағанда жұрт орасан көп жиналып, баска жақтан келгендер түнеп жатып тыңдайтын болыпты. Махамбеттің әншілігі де әңгімеленеді. Әнес Сарайдың зерттеу кітабында Махамбеттің өзінің шығарған "Бес тайпа", "Үш тайпа" деген әндері сақталған деп жазылған.Махамбеттің толғауларының да, әндерінің де, шығарған күйлерінің де көп болуы мүмкін — себебі, Махамбетті ән айтпады, күй шығармады деуге ешкімнің де ауызы бармаған болар еді.Бірақ, біздерге жетіскендерінің аз екені рас. Сол аздың өзі көптен артық саф алтындай жарқырап тұрған жоқ па? Махамбет жастайынан-ақ батыр, балуан, мерген, ақын, домбырашы атанды. Атақты Құрманғазының ұстазы Ұзақ Мырзабекұлы Махамбетке де ұстаздық еткен. Атырау аймағына күйден тұқым сепкен де сол — Ұзақ деп айта аламыз. Күй десе, "ішкен асын жерге қоятын" Нарынның дәстүрі күні кешеге дейін сақталып келді. Махамбеттің "Өкініш", "Қайран Нарын", "Жұмыр қылыш", "Жорық", "Ақтабан", "Тарланым", "Шілтері терезе", т.б. ондаған күйлері профессор, сазгер Ахмедияров Қаршымбайдың жинастырып, нотаға түсіруінің арқасында жарыққа шығып жатыр. А.Рязановтың "Восстание Исатая Тайманова" атты кітабында (Қызылорда 1927ж) "Махамбет Өтемісұлының архив құжаттарындағы өз қолымен жазғандарын окып карағанда ете сауаттылығы байқалады, сол кездегі оқымаған казақтардың ішінен мынадай білімді адамның шығуы таң қалдырады", — деп жазған. Жоғарыда әңгімелегеніміздей, Махамбет тек қана әкесінің қашқындардың ішіндегі білімділерді үйіне жасырып ұстап оқытқанынан сауаттанғанының үстіне "Орыс тілінінің түсіндірме сөздігінің" авторы В.И.Даль мен жазушы, ғалым Е.П.Ковалевскиймен, Орынбор Шекара комиссиясының шенеунігі және өзінің інісі де жер аударылып Орынборда жүрген — Лазаревскийлерден Зұлқарнайынның қасында Орынборда бір жыл жатқанда дәріс алғандығын білеміз.Аты аталған ғалымдардың ішінде Лазаревскийдің Пушкинмен, Лермонтовпен, Шевченкомен, Шоқанмен араласы болғаны, сол арқылы Салауат Юлаевтың жырларынан да Махамбеттің хабарлы болғаны сезіледі.Махамбеттің ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырып басшылық етуінің өзіне осы жағдайлар мұрындық болып іс-әрекеті астарлас жатыр ма деген ой туады.Жәңгір 1829 жылғы дүрбелеңнен кейін өзінің ел билеу тәсілін өзгертуді үйғарды. Елге беделді, ауызы дуалы азаматтарды өзінің төңірегіне жақындатып, Ордаға әкелуді ойластырды. Өзіне қастық ойластырып, таққа таласып жүрген туыстары Шөке Нұралыханұлы мен Шыман Орманұлдарын өткен Ұялы сыязында қолдарына билік беріп, қасына алғанын әңгіме қылғанбыз. 1831 жылдың аяқ кезінде Бекмағанбет Өтемісұлын старшындыққа тағайындап, Махамбетті де хан сарайына Исатай арқылы алдырды. Махамбетті келісімен Жәңгір тұңғышы Зұлқарнайынды Орынбордағы Неплюев атындағы әскери училищесіне түсіру үшін оқытып үйрету немесе дайындық курсынан өткізу жұмысына қосты. Махамбет баланы Ордада бір жылдай оқытты. Зұлқарнайын 1833 жылдың жазында әскери училищеге түскеннен кейін де Махамбет оның қасында тағы да бір жыл болады. Осы жерде бір айта кететін жәй, 1833 жылы училищеге түскенде Жәңгір баласының жасы асып кетіп қабылданбайтын болғасын 14 жасар Зұлқарнайынды тоғыз жаста деп көрсеткені кейінгі деректерде анықталды.1833 жылдың тамызында ол кезде подполковник шеніндегі Владимир Иванович Даль Орал, Гурьев арқылы жүріп, Жайық бойындағы бекіністерді аралап жолда Ордаға соққанда Махамбеттің Зұлқарнайынды Орынборға оқуға апара жатқан кезі болатын. Орынборға дейін Дальмен сапарлас болған Махамбет жақсы танысқан, барғаннан кейін, таныстық — достыққа айналады. Зұлқарнайын оқуға үйреніп, әбден төселгесін, бір жылдан кейін Махамбет Ордаға қайтып оралды. Махамбеттің Ордада шешендігімен, жыршы, күйшілігімен беделі артты.Махамбет хан сарайына марапаттаулардан кенде болған жоқ. Орны – ханның төрінде болды. Солай бола тұрғанмен ханның озін, оның би-төрелерін мақтап бір ауыз да әңгіме айтқан жоқ. Жәңгір өздеріне Махамбеттің жандайшаптық көрсететін пиғылының жоқ екенін, оның хан тұқымын қатты тәуір көрмейтінін іштей сезсе де, батырлығы мен қайсарлығы, жырының уыттылығы мен жан дүниені тебірентер терендігі, орда бұзар қаһарлылығы, досқа дегенде кінәратсыз ақкөңілділігі мен адалдығы, сертке беріктігі қызықтырған еді. Бұхара халықты соңына ерту үшін Махамбет ханға қатты керек еді.Солай болғанмен, Махамбет 1834 жылы жазғытұры би, старшын сайлау сыязындағы Исатайды басқа қырынан көріп, оның турашылдығы, ер жүрсектілігі, тайсалмас өткірлігі, хан-сұлтандармен, билермсн күйсіздікке киліктірген елдің қамы үшін кедейлікке ұшыраған тобырдың жоғын жоқтап сардиып тұрып салғыласқанына көңілі бітіп, бұрыннан келе жатқан өкпесін де ұмытып еді. Сол жолы Исатайдың шын мәнінде қандай адам екеніне ханның жаңадан сайланған жас старшыны Махамбеттің көзі жеткен-ді. Содан бері жылдың үстінде уақыт өтсе де, халықтың жағдайы жақсармады. Сол кезде оқудан демалысқа келген Зұлқарнайын анасы Фатимамен, тәрбиешісі болған Махамбеттің тапсырмасымен, сойқанды оқиғалар басталатын дауыл қарсаңында теңіз жағалауындағы Беріш ауылдарында болған. Исатай батырға сәлем беріп, әдейі көрісуге барған. Сол жерде Қарауылқожа және Балқылармен арадағы Исатайдың өштесу сырына қанығып, "дауды жөндеймін, әкеме айтып, оларды Ордадан кетіретін шешім шығартамын" деп уәде беріп кеткен. Уәде бойынша, Зұлқарнайын Жәңгірге келіп жағдайды айтып, Исатайды Ордаға алдырып, Қарауылқожа мен Балқыны орындарынан босату керектігін ұсынған. Бірақ, Жәңгір баласының ұсынысын қабылдамады.Хан Ордадағы Исатай мен қалың халыққа дайындалып жатқан зұлымдықтарды көріп шыдай алмаған Махамбет Жәңгірге келіп:Алдияр, тақсыр ханымыз,Исатай батыр кеткелі,Келмеді біздің сәніміз.Тілімді алсаң, тақсыр-ай,Шайтанның мойнын жұлдырып,Ордаға қайтып алыңыз.Арыстан еді-ау Исатай Нетесің, тақсыр, табалап. Құйттайымда өсіп емБауырында паналап.Алдымда асқар тау еді,Соңынан ерсем ағалап.Әй, тақсыр-ау, әй, тақсыр,Табаны жалпақ тарланбыз,Шабарында есінер.Бір мінезі келгендеЖібектей жүмсақ есілер.Жауда қалса жолдасы,Мақтанады несіне ер.Тастай қатты тағдырың —Исатаймен шешілерАйтып-айтпай, немене,Қор болды-ау қайран, есіл ер, — дегенде Жәңгір:—      Махамбет, сенің не деп тұрғаның, күні кеше сенің он үш жасыңда ауылыңды шауып, әкең Өтемісті тұтқындаған ата жауың — Исатай емес пе еді, оны қалай ұмытып қалдың? — депті.Сонда Махамбет:—      Мен бәрін де ұмытқаным жоқ, бірақ, Исатай бізбен атада өші қалған жауымыз емес еді, оның жастығын пайдаланып айдап салған сенің туыстарың — Сатай бастаған Нұралы, Айшуақ тұқымдары еді ғой, сол жағын сен қалай ұмытып отырсың? Исатайды сарайға алдырып, достығынды жалғастыр. Өзіңнің көзіңше әкең Бөкей Тайманмен Құран ұстап дос болып, "достығымыз тұқымымызға кетсін" — деп анттаспап па еді, ең болмағанда әкеңнің әруағын сыйла, ант атпай тұрғанда, - деулі. Жәңгір басын шайқап:—      Ант атса, тек мені атпас, анама тіл тигізген Исатайды да атар. Қанша тіліңмен жағыңа безеніп, Исатайды жақтағанмен, онымен мен кетіскенмін. Енді оның тұқымын құртып, өзін абақтыда шірітемін, — деп долданып орнынан тұрып, ерсілі-қарсылы жүре бастапты. Махамбет те орнынан тұрып:—      Исатайдың тұқымын құртуға шамаң келмейді, оған калың бұхара жол бермейді. Елді тонап, аздырып, өзіңе қарсы қойып отырсың, мұны түзетіп, өз абыройыңды сақтау үшін саған Исатай керек, — депті. Сол кезде Жәңгір:—      Тауықсыз да таң атар, менің күнім сені мен Исатайдың қолында болса, аянбай-ақ қойыңыздар, келтіретін керлеріңді көріп-ақ алайын, - деп ақырулы. Осы жерде Махамбет те шарт кетіп:Мен — аңсұңкар құстың сойы едім,Шамырқансам, тақсыр, кетермін.Кетпей де нешік етермін?Бұл барғаннан барармын,Қиядан орын алармын.Ерегескендей ер болса,Соғысқандай жер болса,Бірме-бірге келсең деӘлі де болса бір Тәңірге жылармын —Дұшпанға қылыш ұрармын.Жазға бір ай қалғанда,Аласапыран болғанда,Бөліне көшкен еліңді,Бөріккен қойдай қылармын.Жарыла көшкен еліңді,Жаралы қойдай қылармын.Мен кеткенмен тек кетпен,Сізден артық табармын.(Осы толғауды бұрын "Махамбеттің Баймағанбетке айтқаны" делініп келген. Ә.Сарайдың зерттеуінде Жәңгірге айтылғаны дәлелденген). Махамбет осыны айтып болып, есікті тарс ұрып шығысымен, Орданың қасындағы үйіне кіріп отбасымен қоштаспастан "Исатай қайдасың?" деп тартып кетіпті. Махамбеттің "Атама менің сәлем айт" деп басталатын өлеңі осы жерде айтылса керек.Атама менің сәлем айт,Атын басқа байласын,Еменнен найза сайласын.Достыны досым демесін,Басының тапсын пайдасын.Досты болып жүргендер,Жау болып келді көріне.Беліне садақ байланып,Бір келмеді-ай деңіме?Қайырыла алмай барамын,Қайран да қалған еліме.Амандаспай аттандым,Ата-ана, қарыма.Жолығыспай жөнелдім,Тәңірі қосқан жарыма."Мен - ақсұңқар құстың сойы едім" деп басталатын толғауы енді Махамбеттің Жәңгірмен келісімге келе алмайтынын білдіреді. Осыған орай, "Махамбет батыр мен Фатима ханым ашына көрінеді" деген Жәңгірді Махамбетке айдап салғысы келген Қарауылқожаның таратқан өсегі отқа май құйғандай әсер етті деп түсінеміз. Осындай толып жатқан қарама-қайшылықтар және ханның жеке қара басына тән әлсіздіктер мен пендешіліктер қосылып, Жәңгір мен Махамбет арасы ашылды. Бір-бірімен ымырасыз жаулыққа бет алды. Махамбет 1827 жылы Қылышкескен Шеркеш Манаптың қызы Ұлтуғанға үйленген. Ұлтуғаннан бір ұл, екі қыз сүйген. Ұлының аты — Нұрсұлтан, қыздарының аты белгісіздеу болып келеді. Махамбетке жиен болып келетін Байғали ақсақалмен сөйлескенімде "Ұмытпасам, Айболған, Нүрболған деген қыздарының болғанын шешеміздің айтып отыратынын естіген сияқтымын", - деп еді.Бәкеңнің осы әңгімесінен басқа тарихи деректерде қыздарының аты белгісіз болып келді. Соңынан аласапыранның кезінде, 1836 жылдың ішінде Байбақтының байы Дауымшардың қызына уйленіп, одан Мақмұт атты балалы болыпты.Жалғыз ұлым Мақмұт,Бекетай құмның ішіндеЖалғыз қалған сен де бар, — деген өлеңі түсініксіздеу болып келді. Махамбет Ордадан кеткесін Ұлтуғанды Жәңгір төркініне балаларымен апарғызып тастап және Махамбеттің бұзықтығын айтып, қатынастарын үздіртуге жұмыстанған.Сол кездерде Махамбетке қайын жұртының бірде-бір адамы төбесін көрсетпеген. Ұлтуған Нұрсұлтанды алып келіп көрсетіп, жабыққан көңілімді көтеретін шығар деп күткен Махамбеттің үміті үзіліп, жалғыз ұлым Мақмұт деуі — сол өкпеден шыққан деген әңгіме бар.КӨТЕРІЛІС Махамбет 1835 жылдың қазан айында, Исатайлар тобына қосылды. Ағасы Бекмағамбет пен інілерінің үйлерін Мыңтөбеге Исатайдың үйінің қасына көшіріп әкелді. Өзінің үйін Жәңгірдің кедергілерінен алдыра алмады, соңынан төркіндерінің көшіріп алып кеткенін естіді.Қарауылқожаның озбырлығына шыдай алмаған Исатай Карауылқожа мен кездесіп, халықтың күйі кетті, мына жинап жатқан жылуынды тоқтат дегенде, ол ханнан кейінгі екінші адам екендігін, "мен не істегім келсе, соны істеймін, менің жұмысыма екіншілей араласушы болма" депті. Бұл сөзді Исатай қайдан көтерсін: "Олай болса, қанжығада көрісетін болармыз", - деп кетулі. Содан бастап, Исатайды төңіректеген ел салықтың бірде-біреуін төлемеді. Сол кездесуден кейін Қарауылқожа Исатайдың аулының маңына жуымады. Исатай мен Қарауылқожа арасындағы әңгіме елге тарап кетті. Содан кейін ашыққан елдің ішінен жылудан бас тартушылардың саны күн санап арта берді. Бұхара халық екіге бөліне бастады. Қарауылқожаның соңына Қарабөкен Өтепүлы, Төлеген Тыныштықұлы, Мөкен Палуанқұлұлы, Бекмағанбет, Мүсәпірұлы старшындар ерді. Исатай, Махамбет жанындағы старшындар Қабыланбай Қалдыбайұлы, Үсе Төлегенұлы, Есмұқанбет Жантумаұлы, Тінғали Тайсойғанұлдары болды. Жағдай күннен күнге қиындап, асқынып бара жатты. Жағдайдың жамандыққа барып соқтырарын сезген Исатай Махамбет, Үселермен ақылдасып, 1836 жылдың ақпан айында Жәнгір ханга Қарауылқожаның зорлығын хабарлап, хат жазды.Бұл хатқа жауапты Жәңгір 1836 жылы 6 наурыз күні жазды: хатында хан Исатайдың өзін "сөйлесемін" деп, Ордаға шақырды.Хатты оқығаннан кейін екі ойлы отырған Исатайға қарап, Ордадағы жағдайларға қанық Махамбет: "Енді Ордаға барсаңыз, қайта келемін деп, ойламаңыз. Жәңгірдің мақсаты бізді тұтқындау, қазірде оның билігінде Астрахан қазақтарының отряды тұр деген сөзін Исатай батырдың өзі де, оның қасында отырған әр рудың көш басшылары мен старшындары да қостады. Шындығында, Исатайдың ханның шақыруына бармағаны дұрыс еді. Сол кезде Қарауылқожа өзінің күйеу баласы Жәңгір ханға "Старшындар Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Үсе Төлегенұлы, Үбі Үсеұлдары өкіметке бағынудан бас тартты және сіздің өзіңізді өлтіруге уәделесіпті" деп сендіріп, жағдайды асқындырып қойған-ды. Осыған қоса, Хан Кеңесі мүшелері Балқы мен Шомбал қалайда, Исатай мен Махамбетті тұтқындап, Итжеккенге айдатуға көндіріп еді. Хан Қарауылқожа, Балқы, Шомбалдардың әңгімесіне еріп, Исатай мен Махамбетті қолына түсіру мақсатында жоғарыдағы хатты жазып шақырғандығы анықталды.Міне, осы жағдайдан кейін Жәңгір хан 1936 жылдың 17 наурызында қайын атасы Қарауылқожаға Исатайды, Махамбетті, Үсені, Үбіні, Тінәліні халықтың көмегімен ұстап, дереу Хан Ордасына жеткізуге бұйрық береді. Сөйтіп, Жәңгір хан сабыр сақтап ақылға жендіріп, Исатайлармен тағы да тілдесіп, мәмілеге келуге, шындықтың бетін ашуға өресі жетпей қалды. Осы бұйрықты алған Қарауылқожа өзіне бағынышты Беріш, Адай, Тама руларының ауылынан 500-дің үстінде жігітті жинап, ішінде сол рулардың старшындары бар, Исатай, Махамбет ауылдарына бағыттады. Осы хабарды естіген Исатай-Махамбеттер ауыл адамдарын садақ, рогаткалармен қаруландырып, өздері 200 таңдаулы жігітті жинап атқа қондырып, Қарауылқожаның келуін тосты. Осы бір кездерде Махамбеттің үстінде ақ сауыты, басында дулығасы, астындағы ақжал Құланның үстінде домбырасын қолына алып тұрып:Беркініп садақ асынбай,Біртіндеп жауды қашырмай,Білтеліге оқ салмай,Қорамсаққа қол салмай,Атқан оғы жоғалмай,Балдағы алтын құрыш болатБалдағынан қанға боялмай,Қасарысқан жауынаҚанды көбік жұтқызбай,Халыққа тентек атанбай,Үйде жатқан жігітке,Төбеден тегін атақ болар ма? — деген отты жырлары үйде жатқан қарияларды тұрғызып, қолдарына шоқпар ұстатып еді. Қарауылқожа 24 наурыз 1936 жылы Исатай-Махамбеттердің Манаш деген жердегі тұрған ауылын қоршаған. Исатайларды алты күндей қоршауға алып, ауылдың қорғанысқа даярлығын көріп, қазылған орларды, жерге шаншылған қадаларды байқап, шабуыл жасауға жүрегі дауаламай, келіссөз жүргізу үшін қарауындағы Сағыр, Қабыл дегендерді жұмсап, "Исатай мен Махамбет хан мен императордың тәртібіне бағынып, бала-шағалары мен ауыл-аймағының аман-сау қалуы үшін Қиялы молаға өздері келетін болсын" деп талап етеді. Исатай мен Махамбет бұл талапқа қарсы болмайды, бірақ, өздерімен бірге 200 жігіттен кұралған жасағын ертіп жүреді. Жасақтың ішінде Үбі, Жақия, Есенаман, Есмұханбет, Иманбай, Есет, Үсе, Досақан, Қамбар, Тінғали және Махамбеттен басқа Өтемістің екі баласы — Бекмағанбет, Қожахмет сияқты жүрек жұткан батырлар болды. Қиялы молаға тақап келгенде, 600 адамның шамасындағы Қарауылқожа бастаған топқа 200 метрдей кашықтыққа келіп, Исатай бастаған жасақ ат басын іріккенде, Махамбет топтың алдына ойқастай шығып:Жапанға біткен бәйтерек —Жапырағын байқасаң,Жайқалмағы желден-ді.Түбіндегі балаусасы белден-ді.Хан-төренің кешігіп,Кідірмегі елден-ді.Кешіп өтпек сайдан-дыШығынды болмақ байдан-ды.Ақ киіктің орғытыпЖүгірмегі майдан-ды,Батыр болмақ сойдан-ды.Айғайласып жауға ти,Тәңірім білер, жігіттер,Ажалымыз қайдан-ды? — деп тұрған сарбаздардың делебесін қоздырып, жау жақтың мысын басып тастады. Және екі топтың ортасына барыңқырап, "Қарауылқожа, қайдасың, жекпе-жек, жекпе-жек" деп, астындағы атын қарғытып, қолындағы алмас қылышын жоғарыға сілтеп-сілтеп жіберді. Қарауылқожа Махамбетпен жекпе-жекке қайдан шықсын, жасағының ортасында тұрып, жан-жағына алақ-жұлақ қарағанмен, оны қаумалаған старшындар мен ханды жақтаушылардың ішінен де ешбір адам жекпе-жекке шыға алмады, шықпақ түгіл, Махамбетке қарап садақ тартуға да дәрмендері болмай қалды. Өзінің жағдайын байқаған Қарауылқожа жасағын ертіп, атының басын кері бұрды. Ханның жарлығы бойынша, Исатай-Махамбет бастаған топты ұстауға орасан үлкен қарулы күшпен келген Қарауылқожаның туының жығылып, халық бұхарасының көз алдында кері қашуы — Исатаймен Махамбеттің көпке мәлім болған беделін және қайтпас батырлығын одан сайын асқақтата түсті. Бұл жеңіс Исатай-Махамбеттер үшін Қарауылқожаға ғана карсылық емес, түгелдей хан бастаған топтың бәріне қарсы көтерілістің негізін калады. Бұл жағдайды Жәңгір әскери губернаторға сездірмеуге тырысты. Өзінің қайын атасы Қарауылқожаға тиым салмай, керісінше, қарулы жасақпен өзіне бағынышты бұхара халықты шабуға жібергенінің үлкен қателік екенін ұқты. Егерде бұл жағдай жоғарғы жаққа білдірілгеңде өзінің басқару ісінің дұрыс еместігі ашылатын еді. Және Орданың ішкі істеріне орыстың араласатыны сөзсіз еді. Осы қателігінен қауіптенген Жәңгір хан мұны жария етпей, құпия күйінде калдыруға тырысты. Осы кезден бастап, халық Исатай — Махамбет төңірегіне бұрынғыдан да бетер топтаса түсті.Атадан туған аруақты ерЖауды көрсе, жапырар,Үдей соққан дауылдай.Жамандарға қарасаң,Малын көрер жанындай.Жүйрік аттың белгісі —Тұрады құйрық-жалында-ай.Айтып-айтпай немене,Халық қозғалса,Тұра алмайды хан тағында-ай, — деп ханның тікелей өзіне арнаған өте қауіпті сөзін елге жайып жіберді.Осы жерде халықтың есінде сақталған ауызекі әңгімеде Қарауылқожаның жасағы қорқып, кері кеткеннен кейін Исатайлар тобы жолда үлкен төбенің баурайында кідіріп, аттарын шалдырып отырғанда Исатай Махамбетке қарап: "Махамбет, сені мына жұрт жауды шошытатын әруағы бар деп айтады ғой, ал, кәне, осы әңгіме шын болса, әруағынды көрсетші, қорқытып қарашы", — деген көрінеді.Сонда Махамбет: — "Исеке, мен сіздерді қайдан қорқыта алайын, әзілдейтін адамдардың шығарып жүргені шығар деп, мойындағысы келмейді. Исатай ақ жолға бірге аттандық, Құдайдың берген қасиетін ағаңнан жасырасың ба, өнеріңді көрсетсейші? Жаңағы Қарауылқожаның тобына жақындап барып "жекпе-жек" деп айқайлағанында дауысың жаудың мысын басып тастады, жайшылықтағы дауысыңнан бөлек зор дыбыс шығардың, менің де тұла бойым тітіркенді. Асылы, әруаққонған сияқты. Қазір өзіміз ғой, өнеріңді көрейік, — деп екінші рет өтініш жасағасын, Махамбет: — "Исеке, қоймадың ғой, оңда мен ана төбенің арғы жағына барып, аздан кейін жасақтарымды ертіп шабуылға шығып көрейін деп, атына мініп, жалғыз өзі төбеден асып, кетулі. Үбі Исатайға карап: "қайдағы жасақты айтады?" дегенде Исатай: "білмедім" деп иығын қозғаулы. Біраз уақыттан кейін төбенің арғы жағында көп аттының дүрсілі,ала шаң қылып төбеден бері қарай "ағатайлап" лап қоюлы. Сонда Исатай бастаған жасақтардың көзіне мың-сан қол лап қойып келе жатқандай көрініп, үрейленіп, аттарымен кейін шегініпті. Тек, Исатай мен Үбі ғана орындарынан козгалмаулы. Жауып кеткен ала шаңның ішінде атынан түсіп, Исатайдың алдында "алдияр" деп иіліп тұрған Махамбетті көреді. Сонда "әруақ қонған екен" деп, риза болыпты.Қасында тұрған Үбі Исатайға қарап, "Махамбеттің найзагерлігінде сынап көріңіз" деулі. — "Солай ма еді, көне, Махамбет, мен қазір түйенің он құмалағын екі жаққа арасын бір қадамнан бес-бестен қоямын. Осының арасынан атыңмен шауып өтіп түгелдей шаншып алып кетсең, онда саған табынатын боламыз", - депті.Махамбет: - Түгелге шаншып аламын деп уәде бере алмаймын, тырысып көрейін, — деп атына қайта мініп, құмалақтың ортасынан шауып өткенде түгелдей шаншып алып кеткенін көрген Исатай көзіне жас алып: "Өнеріңнен айналайын, ұзағынан болсын" деп келіп, Махамбетті құшақтап бетінен сүйіпті, деген де әңгіме бар. Жәңгір өзінің хандық билігін пайдаланып және айлакерлігі арқасында кейбір жағымпаздарды өзінің төңірегіне, лаузымды орын беріп, жер беріп, жинай бастады. Осының салдарынан, Беріштердің өзі екіге бөлінді. Исатай мен Махамбеттің ағайындары Балқы, Егізек, Төлеген Тыныштықұлы, Айғана Жантақұлдары Жәңгірдің сойылын соқты. Махамбет сол кезде Жәңгір мен Қарауылқожаға бірігіп өз ағайындарына зорлық жүргізіп жүрген аталастарының ісіне наразы болып, олардың жасақтарын өзінің төңірегіне жинақтау мақсатында "Ұл туса" атты толғауын шығарған.Қунақты ердің астындаКөп жүгірген күлік бар.Көн садақтың ішіндеКөбе бұзар жебе бар.Қарайғанның, жігіттер,Бәрін кісі демеңіз —Күпе-күндіз тайраңдап,Түнге шықпас ерлер бар.Тауда болар тарғыл тас,Тарықса шығар көзден жас.Ордалыға көз салсаң,Оғы қалса, жоғалмас,Топтан озған тарланбозТұрасынан айрылса,Тасты басып тұра алмас.Асылдан болат ұл туса,Екі жақ боп тұрғандаЕгескен жерде шарт кетер.Жауырынан етін алса да,Жамандарға жуымас.Немесе Жәңгірдің сөзін сөйлеп жүрген ағайындарына арнап:Жақсыменен дос болсаң,Айырылмас күні қос болсаң.Басыңа қиын іс түссе,Алдыңнан шығар өбектеп,Жаныңа не керек деп.Жаманменен дос болсаң ,Айырылмас күні қос болсаң.Басыңа қиын іс түссе, ,Басқа кетер бөлектеп,Қолдан берер есептеп,Сыртыңнан жүрер өсектеп.Сол кездегі Жәңгір хан бастаған билер мен байлардың қайырсыздығын масқараласа, осындай әділетсіздікке қарсы қару ұстап шығуды әрбір "елім, жерім" деген азаматтың парызы деп түсіндіріп, көтеріліске шақырды. Мына бір олең соның куәсі сияқты.Алтын тақты хандардың,Хандығынан не пайда?Каріп пенен қасіргеТұрарлық ісі болмаса,Алаштың байлығынан не пайда?Құланнан басқа ел таппай —Маңқиған сары даладанЕкінді де құлаган,Тарығып келген ерлергеҚайыры оның болмаса.Ақ жұмыртқа, сары уыз,Әлпештеп қолда өсіргенТуған ұлдан не пайда,Қолына найза алмаса —Атаның жолын қумаса?Немесе:Арғымақтың баласыАз оттар да, көп жусар —Талаудан татқан дәмі бар.Азамат ердің баласыАз ұйықтар да,көп жортар —Дұшпанға кеткен кегі менБарымтаға түскен малы бар.Махамбеттің бұл өлеңдері елден елге тарады, намысты деген азаматтардың қолына қаруларын ұстата бастады. Бұл жырлар ханға да, оның төңірегіндегілерге де жетпей қалған жоқ. Исатайдан да гөрі Махамбет хан төңірегіндегілерге қауіптірек болып шықты. Махамбеттің жырлары бүкіл бұхара халықты қозғап жіберді . Махамбеттің сүйектен өтетін уытты жырлары әсерінен ханнан халық іргесін кейінге сала бастады.Осы кезде Исатай да қарап жатқан жоқ. Орыс үкіметінің сеніміне ие болудың жолдарын іздестірді. Оған қолайлы жағдай да болды. Ресейден оның шеткі аймақтарынан өтіп келген, үкіметтің қудалауынан жасырынған қылмыскерлерді, әскерден қашқан дезертирлерді Қарауылқожа мен Балқы ауылдары жасырып ұстап, жалшылыққа, сауаттыларын песірлікке, балаларын оқытуға пайдаланып отырған. Осындай қашқындарды іздеп, ұстауға шыққан қасында 25 казак-орысы бар жүздік Донсковты Исатай бастап келіп, Балқы мен оның досы Серікбайдың аулындағы қылмыскерлерді Серікбай мен қоса ұстатып, айдатып жіберіпті.Осы жерде аяқ астынан, түбі пәлеге ұрындырған шатақ шықты. Махамбет Донсковтың адамдарына азықтыққа мал алу үшін далада жайылып жүрген қойдың бақташысы Күшік Жаппарұлы деген жасы 70-ке келіп қалған адамнан қой сұрайды. "Қойдың ақшасын кейін беремін" дегенге, Күшік келіспейді. Махамбет те қатты қару қолданбағанмен ұрып жіберсе керек. Осы жанжалдан кейін бес күннен соң, Күшік өледі. Жәңгір хан Астрахан мен Орынбор губернаторына старшын Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов Ордада бүлік шығарып, кісі өлтірді, әрі үй тонады деп, 1836 жылдың 8 мамырында хабарлама жөнелтті. Және шұғыл Махамбеттерді тұтқындауды сұрады. Күшік Жаппаровтың өлімі Жәңгір хан үшін өз қарсыластарын жазалауда және Қарауылқожа мен Балқының қашқындарды өз ауылдарына жасырып ұстағаны туралы қылмыстық істі жауып тастауда жақсы сылтау болып шыға келді. Осы жағдайлардан хабардар болған Махамбет, олардың әскери атаманына мына төмендегідей мазмұнда хабар жолдады: "Осы жылдың өткен мамырында Орал офицері Донсковқа Жәңгір ханның ең жақын көретін туған қайынатасы Қарауылқожа Бабажанов пен ең тәуір көретін биі Балқы Құдайбергеновтың жасырын ұстап келе жатқан қашқындарын шығарып, ұстап бергенбіз. Содан бастап, біздер қуғынға түстік. Қашқынды жасырып ұстаған қылмыстарын көрсетпей жауып тастау үшін біздерді "кісі өлтірді, үй тонады" деген ойдан шығарылған айыптармен қылмыскер етіп көрсетіп отыр. Мүлкімізді, малдарымызды тартып алды. Бұл туралы ханның өзіне арызданып едік, онымыз аяқсыз қалды". Махамбеттердің бұл хабары әскери губернатордың тура өзіне барғаны кейін белгілі болды. Исатайды рухани жағынан да, соғыс өнері жағынан да күшейтіп келе жатқан Махамбет екенін Жәнгір хан жақсы білді. Себебі, Жәңгір ханға Махамбеттің қайраты да, ақылы да, аузының дуалы екендігі де, шешімділігі де, кісілігі де, турашылдығы мен өткірлігі де өте таныс еді. Шындығында, Жәңгір Исатайдан гөрі, Махамбеттен қатты қауіптенді. Сондықтан да Шекара комиссиясының Орынбор әскери губернаторы В.А.Перовскийге жолдаған ақпарларында Махамбетті өте қауіпті деп көрсетіп отырған. Ханның жазбалы хатына сүйеніп, Шекара комиссиясы да Исатайды ханға қарсы қойып жүрген Махамбет Өтемісұлы деп бағалаған. Кісі өліміне байланысты тексеру жүргізген комиссия Махамбетті кінәлап алып кеткісі келгенмен, Исатай комиссияға шығарып берген жоқ. Бұрын кісі өлімі даулары түрлі айыптар мен құн тарттырып, шешім шығаратын билер болатын. Бұл жолы Жәңгір хан патша заңымен қаратып, Махамбетті итжеккенге айдатып, көзін құртуды ойластырды. Осындай жағдайда көңілі күпті Махамбет:Қаршыға деген бір құс барҚанаты айдың астында.Ұясы оның саяда —Қарағай кайың басында.Аңкау өскен ер едім,Бұла болып жасымда.Бұл қонысқа қондырған —Ата-бабам оңбасынТаңла сират басында — деген."Таңла сират" - араб сөзі, "махшар күні" деген үғым береді деп Қ.Жұмалиевтың жазбасында түсінік берілген.Маусымның басында Исатай мен Махамбет және олардың серіктсрі хан ордасына аяқтай барып, өздеріне тағылған айыптан ақталуды және Қарауылқожа мен Балқының қызмет бабын теріс пайдаланып жүргені туралы шағым беруді дұрыс көрді.Ол кезде Жәңгір Айырқұмда отырған болатын. Айырқұмға Исатай, Махамбеттер мен бірге Тағай Бегалыұлы (Исатайдың немере ағасы), Үсе, Есет Төлегенұлдары, Қамбар, Тінғали Тайсойғанұлдары, Исатайдың ұлы Жақия, Есмұқамбст Жантумаұлы, Атанай Тоғанұлы, Дәуіт Ермекұлдары барлығы он жеті адам болып жолға шықты. Махамбет пен Исатайдың елді езгіге алып жатқан Қарауыл, Балқы т.б. басқарушылар үстінен ханға шағым беру үшін келе жатқаны туралы хабар сол өңірдегі ауылдарға тарап кетті. Жол-жөнекей ханға айтатын арыздарымыз бар, бізде сіздерге еріп барып мұңымызды ханға айтамыз деген ел адамдары ере бастады. Өстіп олардың саны жүзден асып кетті. "Сіздер біздермен еріп жүрмеңіздер" деп Махамбет пен Исатай олардың бетін қайтармады. Адамдар тым көбейіп бара жатқанын сезіп, Махамбет осы жүз адам арыз айтуға жеткілікті болар, шамадан тыс көбейетіндей біз бұл жолы ханды шабуға бара жатқанымыз жоқ қой демегенде бүкіл бұхара қосылып кетуге айналып еді. Махамбет пен Исатай бастаған қарулы топ хан ордасына қарай келе жатыр деген хабар лезде Ордадағы Жәңгірге де жетті. Мұны естігенде Жәңгір корыққаннан қатты абыржып сасып, не істеп, не қоярын білмей қалды. Ол сол бойда Астрахань губернаторына ат шаптырып, хат жолдады. Көмекке артиллериясы мен казак отрядын шүғыл жіберуді сұрады. Немесе Махамбет, Исатай бастаған жүз қаралы адамның қозғалысын өте қауіпті халық көтерілісі деп көрсетті. Зәресі кеткен Жәңгір хан Махамбет, Исатайлардың алдынан Қалмақ, Шора, Жүсіп билерді, Балпанбек Жаналы сұлтанды, т.б. өзінің адамдарын жіберіп, олар Исатайларды хан жайлауынан 100 шакырым жерден алдарынан шығып, ханға барудың кажеттігі жоқтығын, он екі күннен кейін Хан Кеңесі шағымдарыңызды тексеру үшін сіздерге барады дегсн уәделерін береді. Исатай арыздарын соларға ханға тапсыру үшін беріп, өздері кері қайтады. Исатайдың негізгі міндеті ханды шабу емес, оны ықтырып, көңілін басып ойландыру болатын, бұл мақсаты орындалды.Осы кезде Астрахань губернаторы Темерязев Жәңгір ханның қорқынышты хабарын алысымен гвардия офицері Тюменовты жағдайдың қалай болғанын тексеру үшін Ордаға жұмсады. Осыған қоса, Астрахань казак полкының командиріне екі зеңбірегі мен отрядын дайындауға тапсырма берді. Және сыртқы істер министрлігі Азия комитетінің басқарушысы Родофиникинге жағдайды хабарлайды. Родофиникин министрге жеткізеді, ал, министр Император Николай І-ге Қазақ хандығындағы болып жатқан жағдайды хабарлайды. Патша Бөкей ордасындағы тәртіпсіздік туралы Перовскийден түсініктеме талап етеді. Бұл сұраққа Перовский 1836 жылдың 18 қыркүйегінде жазба түрде жауап берді. Жауап Азия комитеті басқарушысының атына жолданды. Хаттың мазмұны: Жәңгір ханның хабарламасын алғанбыз. Онда старшын Исатай Таймановтың Күшік Жаппаровты өлтіргені және Таймановтың Есауыл Бабажановтың үстінен шағым беру мақсатында Ордаға аттануы айтылған. Сол сияқты Қарауылқожа мен өзге де хан шенеуніктерінің қызмет бабын теріс пайдаланатыны туралы Таймановтан да шағым келіп түсті. Бірақ, Исатай мен арадағы қақтығысты хан өз күшімсн тыйғандықтан, бұл іс туралы жоғарыға хабарламағанын және өзінің осы жазбасында Перовский Сыртқы істер министрінен Астрахань губернаторына Бөкей ордасын бағындырып отырған және бүкіл өлкедегі тыныштық пен тәртіптің жайына бірден бір жауапты Орынбор өлкесі бастығының рұқсатынсыз Ішкі Орданың істеріне бұдан бұлай араласпауға нұсқау беруін сұрады. Перовскийдің бұл хатын патша оқып, Астрахань Губернаторына Ордадағы жағдайды әуелі Орынбор басшылығына хабарлап, солардың нұсқауымен шара алыну қажет деген бұйрығын шығарды. Орынбор мен Астрахань губернаторларының бір-бірімен салқын қабақтыққа баруы Махамбет-Исатайларға тиімді болып шықты. Ордаға тиіп тұрған Астраханнан қит етсе, Жәңгірдің солдат алдыруына мүмкіндігі болмай қалады. Осыдан бастап, Перовский Жәңгір ханның байбаламдарына немқұрайды қарайтын болды.Перовский Василий Александрович өзінің зымияндығын ішіне сақтап, сыртынан әсіресе, сырт қазақтарына жағымды көрінген адам. Бірақ оның отарлау саясатын өте шеберлікпен жүргізген адам екенін тарих беттерінен көруге болады. Оның сырттай адал, қарапайым адам болып, кез келген адаммен тіл табыса алатындығынан болар, атақты Құрманғазы да оған арнап "Перовский маршын" шығарды. Жәңгір ханның өзіне хабарламай Астрахань губернаторы Темерязовтен көмек сұрағаны Перовскийдің көңіліне келгенінен болар, алғашқы кездерде Жәңгірден келген шағымдарға сүлесоқ қарады. Исатайдың істерін құптағандай болған түр байқатып отырды. Шындығында, Исатай арқылы ханды өзінің уысында мықтап ұстаудың зымиян саясатын қолданған болатын. Хан ордасындағы қарама-қайшылықтар патшалық Россияның мүддесіне көлеңке түсіретін жағдай болса, Перовскийден ешқандай да жақсылық күтуге болмайтын еді.Сонымен, Исатай-Махамбет пен Жәңгір хан арасындағы жағдайларды тексеруге Орал әскерінің атаманы Покатиловқа бұйрық берілді. Покатилов әуелі тергеу жүргізу үшін әскери старшын Осиповты және қазақ тілін білетін Өзбековты жіберді. Артынан Осиповты әскери старшын Сиротинмен алмастырады. Тергеу ісіне қатынасу үшін хан жағынан Жәңгірдің немере туысы - депутат сұлтан Медетғали Шоқанұлы белгіленеді. Шекара комиссиясының тапсырмасы бойынша тергеу тек қана Исатай-Махамбет бастаған топты қылмысты етіп шығаруға бағытталды. Ал, Исатайлар мен бұқара халықтың көріп отырған зорлық-зомбылықтары туралы әңгімелерді есепке алдырмады. Тергеушілер Күшік Жаппаровтың өлімін тексерумен болды. Немесе халықты күйзелтіп отырған саяси және әлеуметтік себептердің бүкіл күрделі жиынтығын жай өлімнің жалаң фактісіне айналдырып жіберді. 1836 жылы 6 қарашада Исатайдан жауап алынды. Ол жасының 45-те екенін , осыдан он үш жыл бүрын Тама руының бір адамын өлтірдің деп сотқа тартылғанын және одан ақталып шыққанын, старшындық қызметте 1814 жылдың 25 қарашасынан бері істеймін деп өзін таныстырды. Күшік Жаппаровты ешкім де ұрып өлтірген жоқ, оған найзағай түсіп өлді. Жәңгір ханға қастық жасаймыз деген ой болған жоқ, оған Қарауылқожаның халыққа жасаған озбырлығы жөнінде шағымдануға шыққанын, алдынан ханның елшілерінің келіп, "халықгың ішіне барып, он екі күннен соң тергеу жүргіземіз" деген уәдесі болғаннан кейін қайтып кеткендігін мәлімдеді. Содан соң Исатай ханның оның айналасындағы Қарауылқожа мен Балқылардың қалың бұқараға адам төзбестік дәрежедегі жасап отырған қысымдарын айтып бастап еді, оны тергеушілердің қабылдамайтынына кезі жетті. Одан соң, жауап Махамбеттен алынды. Махамбет Исатайдың берген жауабын растап, халықтың Қарауылқожа тарапынан көрген жәбірі мен қысымын жаңа деректермен толықтырып дәлелдеп берді. Күшік Жаппаровтың өлімін "адамнан болды" дегеннің жала екенін де жазып берді. Жауап алып отырған Сиротин Махамбеттің орысша жатық сөйлеп, сауатты жазғанына таң қалды. Және Махамбет тергеуге ханның өкілі Шокиннің қатынасып отыруын әңгімелеп, халықтың жағынан да өкіл қатынасу керектігін, тергеуде аудармашының дұрыс аудармай тұрғандығын қатерге берді. Исатай-Махамбеттердің ісін тергеуге кіріскен ханның өкілі мен орыс шенеуніктері алғашқы қадамдарынан бастап-ақ Исатай-Махамбеттер мен оны жақтаушыларды айыптап, ханның тобын ақтау бағытын ұстағандары толық белгілі болды. Осы жағдайды сезген Исатай-Махамбеттер жауапты дұрыс бермей тергеу жұмысын шатастырып, істі қорытындылауға мүмкіндік бермей, сырт айналып кетті. Көтеріліске толығымен ұйытқы болған негізінен, Махамбеттің іс-қимылы мен уытты жырлары еді: 1837жылдың көктеміндегі Махамбеттің:"Арғымақтан туған қазанатШабуыл салса нанғысыз.Қазанаттан туған қаз мойын —Күніне көз көрім жер шалғысыз.Айырдан туған жампоз бар—Нарға жүгін салғысыз.Аруанадан туған мая бар —Асылын айуан десе нанғысыз.Жақсыдан туған жаман бар —Күндердің күні болғандаЖарамды бір теріге алғысыз,Қасына адам барғысыз.Жаманнан туған жақсы бар —Атасын айтса нанғысыз..." деп келетін өлеңі елді тек төре тұқымы басқарады, қара халықтан басқарушы шықпайды деген қағиданы жоққа шығарады. "Ай астында бір көл бар" деген жырында да өзінің осы ойын ары қарай жалғастырады.Ай астында бір көл бар —Ат шаптырса жеткісіз.Ортасында алуа, шекер бар —Татқан қулар кеткісіз.Қарада да қара бар —Хан ұлы басып өткісіз.Алланың бір күні бар —Бір жарым ай жеткісіз.Мұңдас ерлер болмаса,Менің айтқан сөздерімҚұлқына жаман жеткісіз, — деген Махамбет жырларының астарында елдің билігін қалың бұхараның ішінен шығып жатқан ханнан да ақылдылардың бар екендігі, билікті соларға беру керектігін меңзеген үндеу бар еді. Исатай мен Махамбеттің басшылығымен алғашқы кезде жасақтар он топқа бөлінді. Жайық Беріш руынан үш қосын құрылды. Біріншісі - Исатай тобы, екіншісі - Махамбет тобы, үшіншісіне - Тәни палуан мен Ырсалы басшылық етті. Төртінші — Есенқұл Беріш қосының атақты Үбі батыр басқарды. Есен Беріш руының жасағын Есмұханбет, Сәмембет Жантумаұлдары басқарды. Ысық руының жасағы басында, көтерілістің аты әйгілі батырлары Қалдыбай, Иманбай, Қабыланбайұлдары болды. Байбақты руының жасағын Өтеміс Қошқарұлы, Адай руының жасағын Досақан Жәнібекұлы, Жаппас руының жасағын Әлжан Тұрманбетұлы басқарды. Әр жасақ қарулы 200 адамнан құралды. Жасақтың адамдары өздерінің күнделікті тірліктерінен қол үзген жоқ Арасында әскери жаттығуларға қатынасып, ат-көлік, құрал-саймандарын сақадай сай ұстап отырды. Осы кезде хан жасақтары да көтерілісшілердің, олардың жақын туыстарының ауылдарына шабуыл жасап, адамдарын өлтіріп, малдарын талауды бастады. Бұны бірінші бастаған Балқы болды. Олар Рысалды, Сатыпалды Кәсіпұлдарының аулын тонап, тоғыз адамын ауыр жарақаттап, бір адамын өлтіріп кетті. Осы хабарды естіген Исатай сол күннің ертесіне Балқының аулын (9 маусым, 1837 жылы) шауып, бар мүлкін жиырма атан нарға артып, елу жылқысын елге үлестіріп береді, Балқы үш адам болып зорға қашып құтылады. Осы кездерде Жәңгір хан тарапынан Орынбор Шекара бастығына көтеріліс бастықтарын қарулы күшпен ұстауды сұраған хаттар қарша борап жатты. Бұл жағдайдан Махамбет, Исатайлар хабарсыз емес еді.Осы кезде Исатайдың жанындағы Махамбет бастаған калың бұхара да губернаторға хат жолдады. Хатта халық жағдайының титықтағанын айта келіп: "Бізде жалғыз үміт калды, ол мәртебелі тақсыр, Сіздің шапағатты қайырымдылығыңызға иек арту ғана. Мәртебелі мырза, біз сізден Орал маңына жақын жерлерде тұрып, қызмет жөнінде император тақсырға көмектесу, алыс калаларға, айталық, мәселен, Ново-Александров қамалы және басқа да сол секілді жерлерге сапарға шығып тұру үшін Орал әкімшілігі мемлекеттік адамдары құрамына енуге рұқсат етуіңізді өтінішпен сұраймыз. Өздеріңе шын берілген ресейліктерден қалай талап етілсе, біздерге де сондай талап қойылсын. Орыңдауға әзірміз. Егер Сіз біздерді осы мәлімдеген тілегімізге игі ниетпен қарап, қайғылы көз жасымызды құрғатудан бас тартпайтын болсаңыз, онда біздер ерекше бір бақытты адамдар болып шығар едік. Осыған орай, бізді Беріш руының старшыны Исатай Тайманұлының басқаруына қалдыруды, Сізден аяғыңызға бас ұрып өтінеміз, әрі бүкіл бұйрық пен тәртіпті осы кісі аркылы алуды өте-мөте қалаймыз. Ал, осынау старшын Исатай болмаған жерде біздер өзімізден талап етілетін, дәлірек айтқанда, барлық міңдетті жұмысты орындай аламыз және оған жағдайымыз да бар деп, ешқашан үміттенбейміз. Себебі, Исатай біздердің арамызда әрқашан тыныштық орнатушы, тәртіп сақтаушы бірден-бір адам. Мәртебелі мырза, біздің мүшкіл жағдайымызға өзіңіздің мейірімді назарыңызды аударып көріңіз, бізді де бақытқа жеткізу үшін әділ құзырыңыздан кері шегінбеңіз. Сізге осы мәлім еткен тілектеріміз орындалмайтын болса, онда біз бұрынғыдан да асқан азап пен қиыншылықтың түрін көре беретін боламыз. Турасын айтсақ, қайыршылықтың шегіне жетіп қырылудан басқа жолды көріп отырғанымыз жоқ" деп жазады (11-ші шілде, 1837 жыл). Исатайдың өзі де жеке халықтың жағдайын жазып хабарлаған.Бұл құжатқа алты жүзден астам адамның қолы қойылды және Беріш, Ысық, Жаппас, Байбақты, Масқар, Адай т.б. рулардан он бес старшынның қолы мен мөрі басылды. Осыған қоса сұлтандар мен хан старшындарының халыққа жасаған қиянаттарының айрықша тізімі тіркелінді. Бұл хат немссе "петиция" генерал Перовскийге 10-шы тамыз, 1837 жылы табыс етілді.Жәңгір бұл хаттың - орыс өкіметін жаңылыстырып, қырға шығатын жазалау отрядын мүмкіндігінше тоқтата тұруға, сол арқылы күзге дейін (өзеннің мұзы қатқанша) уақыттан ұтып, Жайықтың шығыс бетіне өтіп кеткенше, ойлап тапқан әдіс-айласы екенін Перовскийге ұқтыруға тырысып бақты. Перовский ойлана келе, Исатайға өз қолымен хат жолдады. Хатында Исатайға касыңа адамдарды топтастырмай үйді-үйіне таратып жібер, сенің және старшындардың хаттарын алдым. Бұл мәселелерді шешу үшін өзің маған кел, жеке отырып сөйлесейік деген және Орал атаманы Покатиловка Исатайларға барып жағдайды анықтап, Исатайдың өзіне келуі керектігін тапсырады. Исатайлар Перовскийдің хатын алып, оның шақыруына баруды дұрыс көреді. Исатайдың Перовскийге баруын қолдамай, қасындағы жолдастары ренжіп, өкпелеуге дейін барып, ауылдарына жасақтарын ерітіп тарап кетеді. Осы кезде Покатиловтың Исатайды ертіп келу үшін жіберген ротмистр Акутин барып, Исатайдың жасақтарды таратып жібергенін, аулына тек, азғантай адаммен өзі қалғанын көзімен көріп, Исатайдың Перовскийдің шақыруына байланысты жүру қажеттігін талап етіп, Исатайды серіктерімен бірге алып жүреді. Бірақ Исатайлар күн кешкірген мезгілде өздерінің жүріп келе жатқан бағытына шаба жөнелгенін, бұлар да аттарының басын жібергенмен, олар қара үзіп адастырып кеткенін Покатиловке келіп баян етеді. Осы кезде Перовскийге Исатайдан да хат келіп түседі. Ол өзінің сөзінде ауылда тек өзі екенін Қарауылқожа Бабажановтың ел тонаушылары ауылды шауып күн бермей тұруына байланысты бара алмай жатканына кешірім сұрайды. Осы жағдайға қарамастан, ротмистр Акутин келіп, "қалай да жүр" дегенсін еріп шыққанмын, бірақ, олар мені қарулы жасақпен қоршап алып жүргендіктен кейін қайтып кеттім. Мен сізге айдалып бармай өз еркіммен, өзім баруға тиістімін деп түсінемін - менің қазіргі жалғызілікті жағдайымды ескеріп, бүкіл елді шауып-тонап, кісі өлтіріп жүрген Қарауылқожа Бабажановтың іс-әрекетін анықтап, тергеу жүргізу үшін қазақ ауылдарының жағдайына таныс Даль мырзаны жіберіп анықтатуыңызды сұраймыз делінген. Шындығында, Исатайдың қайта-қайта хат жазып, айла-тәсілге салуы, уақытты оздырып қыстың түсуін күткені еді. Исатайдың хаттары дәл ойлағанындай бұларға қарсы қарулы жасақтың шығуын кешеуілдетті. Исатай мен Махамбеттердің қимылы Қарауылқожаны да састыра бастады. Жанталасқан Қарауылқожа да өзіне жақтас адамдарын топтастырып, Исатайға қарайтын ауылдардың малын айдап алып, үйлерін, дүниелерін тонай бастады. Исатай бұдан ары қарай шыдай алмады. 1837 жылы 16-шы қыркүйекте Қарауылқожаның аулын шауып, мал-мүлкін тонап, кейбір адамын тұтқындайды. Қарауылқожаның жасақтары жан-жаққа бытырап қашады, өзі де он шақты адам шамасында отбасын алып, хан сарайына барып тығылады. Осылайша қарулы көтеріліс басталып кетті. Исатай-Махамбет жасақтары ханның жанындағы қалың бүхараға тізесін батырып жүрген билер мен сүлтандардың, старшындардың ауылдарына бүйідей тиді. Шыдай алмаған Жәңгір хан өзіне қарасты жуандардан төрт жүздің үстінде қарулы жасақ жинастырып, және өзінде тұрған жүз жиырма бір адам казак-орыс күзетін жүзбасы Наум Петрович Дяглов бастап, Исатаймен соғысуға аттанады. Екі жақ Жасқұста кездеседі. Бұл оқиға тарихи деректерде жоқ, тек қана ЬІғылман Шерекұлының жыры мен Ә.Сарайдың деректерінде жолықтырамыз. Екі топ әуелі алыстан атысып, мергендер сайысады. Исатай жекпе-жекке шақырады, бірақ, хан жағынан оған карсы ешкім шықпайды. Атысудан екі жақтан да адамдар шығын болады. Махамбет өзінің азғантай жасағымен кешігіп жетіседі. Махамбет келгенде бір-біріне бата алмай айбат шегісіп, арасында атысып тұрған екі топты көріп, адамдарына қарап айғайлап: "бұл не тұрыс, қоян жүрек қорқақ болсаңдар, үйлерінде жатпайсындар ма?" — деп, қынабынан қылышын суырып алып, "ағатайлап" жауға өзі бастап дүрсе қоя берулі. Жырда осы жері былай суреттеледі:Кейінде калған МахамбетКөкірегі демігіп.Бойына сіңген қашаннанДемікпесі түзеліп.Торда қалған сұңкардайСоғыста батыр бусанған.Мінгені Бәйгетарлан-ды,Кейінде қалып, арман-дыҚашырмай жауды тұрғанғаҚатты жаман арланды.Бүгінге дейін тұрдырып,Осынша қолды қырдырып,Тұрғандарың, ерлер, калай? — деп,Келе батыр зарланды.Бәйгетарлан астында,Жалғыз айыл төсінде,Ата аруағын қоздырып,Айрылды батыр есінен.Тұралмады дәт кылып,Кездескен соң өшімен."Ағатайлап" лап қойды,Айбынсын енді несінен?!Баспа шекпен үстінде,Бәйгетарлан астында,Тап сол жылы МахамбетОтыз тоғыз жасында.Есенқұл, Үбі, Таңатар,Есенаман, Шешекей,Балуан Тәни қасында.Алман, Тоғай, Ерсары,Қожахмет, Қалдыбай,Әскердің түсті алдына-ай.Қамалға барып соқтығып,Ойранды жауға салды-ай.Жаяуменен жаншылып,Ат астында қалдық-ай.Қашуға карап бет алды,Тұра алмай төзіп хандық-ай.Найзамен көрсең түсір деп,Сол әскердің бастығы —Қарауылдай итіңді-ай.Махамбет сынды батырдыңАруағы басымды.Басым емей немене,Өліктерін ала-алмай,Ханның қолы қашулы.Жырда көрсетілгендей, Жәңгірханның казак-орыс аралас жасақтары жеңіліс тауып, ордасына қашады. Исатайлардан ханның өзі бас болып Ордаға қашып келуі — сарайдағыларды қатты абыржытып, қорқытты.Осы қақтығыстан кейін, 1836 жылдың 27 қазан күні Исатай-Махамбет бастаған жасақ жобасы ескі мыңдай адаммен келіп, Орданы жартылай қоршайды. Осы кезде Исатай мен көңілдес болып келген, өзінің туысы Жәңгірмен бұрын келісімге келе алмай жүрген Шыман Жәңгірдің шақыруымен Ордаға келіп Исатайға хат жазып, елшілікке айтулы шешен Бекпенбетті жібереді. Бекпенбет келіп Исатайдың аяғына жығылып, "Жәңгір кешірім сұрап отыр, қасықтай қанымды қисын, кандай талабы болса да орындаймын, он күн мерзімнің ішінде талабын түгел орындамасам, өз обалым өзіме деді. Батыреке, бір сапарға кеш, қан төге көрме" деп, Бекпенбет жеріне жеткізіп айтады, және тап осылай жазылған Шыманның хатын береді. Хатты окығасын Исатай екі ойлы болып қалады, оның қасыңдағы кейбір старшындар сұраған мұрсатын беруді, қан төкпеуді дұрыс деп табады. Көтерісшілердің Орданы қоршағанын Махамбет былай деп суреттейді:Ауыр әскер қол ертіп,Жасқұсқа барып кіргенде,Арыстандай акырғанАйбатыма шыдамай,Хан баласы жылады-ай,"Жанымды қи" деп сұрады-ай.Ақкөңіл, аңқау жүрекпенБеремін деп сен тұрдың.Көкбедеуді бауырлап,Шабамын деп мен тұрдым."Исатай басшы білсін" деп,Ауыр әскер қол тұрды.Махамбет Исатайға: "хан тұқымына сенуге болмайды, он күннің ішінде қарулы патша әскері келіп үлгереді. Исеке, барлық күшті жинақтап келіп тұрмыз, шапсақ, шабатын кез тап — осы, осыдан қалсақ, жолымыз болмайды" — деп:Хан баласы кабан-ды,Қайырылып шапса, жаман-ды.Хан баласы кара жылан-ды,Қайта айналса, шағар-ды.Шабар күнің бүгін-ді,Бүгіннен кейін қиын-ды, — деген толғауын осы жерде айтқан. Бірақ, Исатай озінің бір беткейлігіне салып, Махамбеттің айтқанына бойұсынбай "он күнін күтеміз" деген шешім кабылдайды. Махамбеттің айтқанының дұрыстығын, хан Ордасын қазір шабу керектігін Үбі, Қабыланбайлар да қостайды. Бірақ Исатай алған бетінен қайтпайды. Махамбеттің достары Науша Қаржауұлы, Қаратоғай Мәмбетұлдары Исатайға өкпелеп, өздерінің соңына ерген қарулы жасақтарын ертіп кетіп қалады. Махамбет Исатайға катты кейіп, едәуір ауыр сөздер айтып тастайды. Онымен қоймай, өзі де жасағын ертіп кетуге жинақталып, Исатайға тағы да ат басын бұрып, қоштасу жырын арнапты:Маң-маң басқан сары атанМаңғыстап шығар өріске.Бұрынғыдай қарыштап,Қона алмадық қонысқа,Келе алмадық келіске.Қанша жылап жалынып,Айтсам-дағы болмадың,Исеке, болдық еріспе.Енді жалғыз кетемін,Саладан сала өтемін.Қолыңды бер де, аман бол,Күн болар ма, болмас па,Енді қайтып көріске, — деп жүре берулі. Сол кезде Исатай Үбіге карап: "Мына тентек ат құйрығын үзуге бет алды ғой, барып тоқтат, ашуы тез қайтатын еді ғой, сен тоқтатпасаң, енді оны тоқтататын кісі жоқ" — депті. Үбі батырлардың ішіндегі жүрек жұтқаны еді. Исатайдың садағын тек қана Үбі тарта алатын еді. Ал, Үбінің садағын Исатай бар күшін салып, зорға тартатын-ды. Үбі мен Исатайдың достығының арасына сызат түспеген адамдар болатын. Үбі кетіп бара жатқан Махамбетті жанамалай келіп: "Батыр, атыңның басын тарт, Мені мен Исатайды тастап қайда бара жатырсың, өлсек, бірге өлерміз, өлмесек, бірге жүрерміз", - деген уәдені қалай бұзасың. Исатайдың мұнысы қисық болды. Қисық ағаш сындырмасаң түзеле ме? Сыртынан білдірмей тұрғанмен, сенің кеткеніңе ішінен жылап тұрғанын көрмейсің бе? Соның соңынан ердік қой, ажалымыз жетсе, өлерміз, қасында болайық, өлсек, бірге өлейік, "досыңның атына міңгеспе, міңгестің екен, артың тесілсе де үндеспе" деген бар емес пе?" деп, Үбі Махамбеттің тізгінінен ұстап жібермепті, деген әңгіме ел аузында сақталып келді. Осы жерде Исатайдың жасақтарының үштен бір бөлігінің ренжіп тарап кеткені айтылады.Исатайлар тобының жартысы Жәңгір ханды шабамыз деп, жартысы шаппаймыз деп итіс-тартыспен жатқанда генерал Перовский 1838 жылдың 17 қазанында Бөкей ордасына полковник Карл Карпович Гекені көтерілісті басуға, көтеріліс басшыларын тұтқындау мақсатында аттандырады. Геке бұйрық алысымен жолға шығып, Орал қаласына 22-ші қазанда келді. Ол Оралға жеткенше әскери атаман Покотилов алты жүз казак жасағын, алты жүз ат көлігі мен он күндік азығы мен үш топқа бөліп қойған-ды. Біріншісі — Зеленов, екіншісі — Кулагино бекінісінен шығатын болып белгіленді. Ал, үшінші топ 5 қарашада Горск бекінісінен шығуға тиіс делінді. Бұл жасақтар шыққан беттерінде Теректі құмында кездесіп бірігіп, көтерілісшілерге қарсы қимылға көшеді делінген жоспар жасалынды. Геке Глинянск бекінісінен қасына ерген жиырма адамы мен 28-ші қазанда шығып, 30-шы қазанда Хан Ордасына келіп, жағдайымен танысады. Исатай-Махамбет бастаған көтерілісшілер хан сарайынан 7-8 шақырым жерде тұрғаны белгілі болды. Исатай өздерінің ауылы тұрған Теректі жақтағы жолды ғана жауып, ал, Ордаға басқа жақтан келетін жолдарды ашық тастапты. Геке келгеннен кейін артынан қарулы жасақ жетіскенше Исатайға хат жазып, олардан жауап хат алып, уақытты оздыра тұрды және полковник Меркульевке өз жасағымен тікелей келіп, Исатай ауылын қолға түсіруді тапсырып, өзі Ордада Жәңгірдің қасында бола тұрды. Исатайдың мүлдем қимылсыз тұра беруі және соғыс ашпағанның өзінде хан ордасына келетін қатынастарды жауып, сыртқы өмірмен байланыстарын үзбей, жайбарақат жата беруі өте түсініксіз болды. Осы кезде оған Оралдан казактардың үш топ жасағы шүғыл келе жатыр еді. Оған қоса Астраханнан Жәңгірдің қайта-қайта сұратуымен зеңбіректерін сүйретіп, 300 адамдық казактар тобы да жолға шыққан болатын. Осы бір кездерде ауылына қарулы жасақтардың шабуыл жасап жатқан хабары Исатайға да жетіп, шұғыл өз жасағымен аулына аттанды.Бұл кезде Меркульев Исатай аулын қолға түсіріп, адамдарын тұтқындап, ішінде Исатайдың отбасы бар — Жаманқұмға келіп түнегенде, таң мезгілінде Исатай жасақтарының қоршауында қалғанын бір-ақ біледі. Исатайдың талабы бойынша тұтқындағы барлық адамдарды босатып, мал-мүлкін түгелдей кайтарып— "басымыз сауға" деп Меркульев өз тобымен хан ордасына келеді.Гекеге — "артымыздан артиллерия келіп жетіспеді, соғысуға болатын еді, кісі өлімі болатынын ойлап, мал-мүлкін отбастарын қайтарып бердім, соғыспай қайтып оралдым" -деп өзінің және өзінің ерткен жасағының қоршауда қалып, сауға сұрап құтылғанын айтпады. Геке сол кезде хан жасағына Шыңғали Орманұлын басшы етіп тағайындап, өзінің 40 казагымен Горск бекінісінен келе жатқан топты және Меркульев тобын біріктіріп, 13-ші қыркүйекте Теректікұмдағы Исатай тобына жүрді. Жолда "Исатайлар Тастөбеде" деген хабар бойынша Тастөбеге жақындап келгенде, 15 қарашада 1500-дей жасағы бар Геке Исатайларға тақап келді. Исатай бастаған 500-дей жасақты көріп жасырып келе жатқан зеңбіректі даярлап жатқанда, Исатай жасақтары "ағатайлап" лап қояды. Алдыңғы жақтағы 600-дей казак-орыс әскерлері Исатай шабуылына төтеп бере алмай кері қашып, соңынан топтасып, қуып келе жатқан Исатай тобына үш зеңбіректен қатар оқ атады. Екі снаряд дәл тиіп, қан-қасап қылып кетеді. Оның үстіне алдынан қарша бораған оққа тап болады. Сол бойда алпыс адамы оққа ұшады. Осы бір көріністі Махамбет былайша суреттейді:Зеңбірек боздап ұшқан соң,Исатай батыр жөнелді-ау,Жөнелмей батыр неғылсын:Ерсары мен ҚалдыбайАжал оғы тап келіп,Екі арыстан тең өлді, — деп от қарудың күшін суреттейді.Исатайлар тобы қашып құтылады. Осы соғыста Исатайдың жасы 20-дағы Ақай атты баласы мен келіні оққа ұшты деп Әнес Сарайдың зерттеуінде көрсетілген. Осы жеңілістен кейін Исатай жасағы бөлшектеніп, әркім өз отбастарын қорғауға бытырап кетеді. Исатайды және Махамбетті қалайда қолға түсіру тапсырмасын орындау жолында Геке барлық күш-қайратын жұмсап бағады. Сөйтіп, Меркульевті 300 казак-орысымен, бір зеңбірегімен оның үстіне 600 адамнан құралған Шыңғали Орманұлы басқарған Жаман Шолан арасын күзетуге, Истоминді 130 хан жасағымен және 75 казак-орысымен Тастөбені аңдуға жібереді. Шыңғали осы мезгілдерде "жазықсыздардың қанын судай төкті, жас нәрестелерге дейін найзалап өлтірді" деп Қажым Жұмалиев "Әдебиет майданы" журналының 1937 жылғы №10,11 номерлерінде жазған. Истомин бастаған жасақ 22 карашада көшіп бара жатқан Исатай ауылының үстінен түседі. Көшпен бірге келе жатқан Исатай-Махамбет бастаған қырық жеті адам кілең жүрек жұткан іріктелініп қалған саңлақты ерлер еді. Истомин өзінің 200-дің үстіндегі қарулы жасағына сеніп, қырық-елу адамды казір-ақ жусатамын деген оймен көшке лап қойды. Сол кезде әйелдерді алға қарай жіберіп, өздері қаша ұрыс салады. Исатайдың жасағынан он бес шақты жауынгер өлісі бар, жарақаттанғаны бар саптан шығып қалады. Махамбет Исатай мен Үбіге: "Сіздер бізге қарамаңыздар, екеуіңіз кашқан әйел-балаға жетісіп бас-көз болып, тез ұзап кетудің шарасын алыңыздар, біздер мыналарды бөгеудің амалын табармыз", депті.Сол кезде Истомин Махамбет пен Қалдыбай бастаған отыз бес адамды қоршауға алады. Осы кездегі отыз батырдың кимылы екі жүз адамға пай бермеді, Махамбет қоршауды көріп, қасындағыларға айғайлап, астындағы құс көпшікті жұлып алып, "қазір мен мына көпшікті жарып жіберіп, лақтырамын, жел артымыздан олардың аты үркіп, не болғанын білмей қалады, сонда қоршауды бұзамыз, менің артымнан еріңдер" деп айтып, көпшікті жарып жіберіп лақтырғанда, абыржып қалған сәтті пайдаланып, қоршауды бұзып өтіп, құтылып кетеді. Қоршауды бұзып өткен кездегі сарбаздардың қимылына көз ілеспеді, бұзып өтіп бара жатқан кездің өзінде де жиырма шақты солдатты атынан аударып кетіпті, деп Қ.Жұмалиевтың жазбасында баяндалады. Осы соғыста Махамбет үзеңгілес достары Қалдыбай Қосаяқұлы, Шоқан Бадайұлы, Ерше Сартұлы, Байназар Аяпұлы сынды батырларынан айрылады. Исатай-Махамбеттер қуғыннан құтылып шыққансын көп ұзамай, бір жерге аялдауға тура келді. Ұзаңқырап кетуге Махамбеттің інісі Қожахметтің қарасанынан оқ тиіп, алып жүруге жарамады. Сол кідірген жерде Махамбет кездігін отқа қыздырып жіберіп, жаралы санды тіліп, тереңде жатқан оқты алып тастап, жараның үстіне жусанның басын уқалап, жұмсартып жауып, жібекпен орап, таңып тастайды. Шыдай алмай келе жатқан Қожахмет сол бойда ұйықтап кетеді. Манағы соғгыста азықтың бәрі далада қалған. Адамдар әрі тоңып, әрі ашыға бастады. Соғыс басталған бойында азық артылған айғырды жетектеп, Қожахметтің тоғыз жасар баласы Мұса бір төбенің астында жасырынып қалып, түнімен жүріп, таң ата Махамбеттерге келіп жетті. Әкесі Қожахмет "біздерге ерме" деп ұрысқанда, Махамбет араға түсіп, жорықта ертіп алуды әдетке айналдырған еді. Сол Мұса сарыала таңнан ашығып жатқандарға тамақ жетістіріп тұр. Әрі тоңазып, әрі ашығып отырғандар Мұсаны көріп, қуанғандарынан және баланың батылдығына елжіреп кейбіреулері көздеріне жас алысып қалды. Махамбет ұшып тұра келіп: "Қазақтың кейбір көкірегіне жел бітіп, батырсынып жүрген жігіттерінен менің құрттай жаман қоңыр қозым артық болды-ау" — деп Мұсаның маңдайынан иіскеді деген әңгіме бар. Осы кезде Исатайлардан із-түзсіз айрылып қалған Геке губернатор жарлығымен Исатайды тірілей ұстағандарға 500 сом күміс ақша, өлтіргендерге осының жартысы беріледі деп жар салып, іздеушілерді жан-жаққа жіберіп жатты.Осы кезде "Қаныш-Мола" деген жерде Исатайдың ұсынысымен ең жақын достары: Махамбет інілерімен Үбі, Есенгелді, Тінғали, Иманбай, Қабыланбай, Тәни, Баймен, Әлмен, Жармұқанбет, Сарт, Жанұзақ, Мәстек, т.б. 27 қарашада 1937 жылы бас қосты. Исатай осы жерде отырған достарына: "Мені байлап апарып, Гекенің қолына беріңіздер, біздердің енді баратын жеріміз жоқ, түгелдей жау қолында өлеміз, губернатордың жарлығында "тірілей жолдастары ұстап әкелсе, бәріне де кешірім беріледі" депті. Сондықтан менің соңғы өтінішімді орындаңыздар", — депті. Осыны айтып өкініп, мына бір өлең шумағын шығарған көрінеді.Қырық бес жасқа келгеншеӨз дегенім болмаса,Кісінің тілін алмаған,Кісі ақылы қонбаган —Қанша айтсаң да көнбедім,Сөзіңе құлақ салмадым.Өкінішті іс өтті,Қайран інім, Махамбет,Қанша айтсаң да жалынып,Қорамсаққа қолды салмадым.Көндіргім келіп қан төкпей,Туралап барған жерімдеЖастығымды алып қалмадым.                   ("Сәуле" журналы N 7. Ташкент, 1924ж.).Исатайдың бұл сөзінен Хан ордасын қамап тұрып, шаппағанының өте қате болғанын мойындағанын көреміз. Тыңдап отырған достары Исатайдың жау қолына тапсыр деген әңгімесіне үзілді-кесілді қарсы шықты. Осы жерде Махамбет:Уа, Исеке, Исеке,Кел, кетелік, кетелік,Кетіп бір Жайық өтелік.Атаның жұрты Хазірет —Басына зиярат етелік.Жауырыны қақпақтай,Қара айдары тоқпақтай,Оның да иесін үміт етелік.Біліңіз де, біліңіз,Белді байлап жүріңіз.Ат маңдайын тура қойсаң,Бермес пе, Тәңрім тілекті... — депті. Осылайша, Исатай бастаған азғантай топ Жайықтан өтудің жолдарын қарастырады. Исатайдың бағытын шатыстырып көрссту үшін хабар тарады және барлау жүргізуге шыққан Қабыланбай, Тәни т.б. айтулы ерлер сол жолы қолға түсті. Қолға түскенмен де Исатайлар тобын Жайықтың жоғарғы жағынан өтуге жүріп кетті деп, жау бағытын өзгертіп жіберді. Осы тұста Әйіп бір үйір жылқыны жоғарғы жаққа қуып, жауды ізіне түсіріп әбден діңкелетті. Әйіпті ұстағанда жылқыны қайда айдап бара жатқанын сұраса: "Исатайлар Жайықтың жоғарғы жағына ішкі шептен өтеміз деп, маған осы жылқыны айдап жетістір, азық қыламыз деді және жүз теңге күміс ақша мен ақымды берді", — деп сендірген. Артынан өтірік екені анықталып, Әйіпті азаптап өлтірді. Исатай жасағындағы батырлардың шетке шыққандары біріңдеп қолға түсіп, өлгендері өліп, өлмегендері тұтқын болып айдалып жатты. Мына төмеңдегі азаматтар қолға түсіп тұткын болды: Смағұл, Қабыланбай, Қали, Жапалақ Қалдыбайұлдары (Ораз Ысық), Досақан Жәнібекұлы (Адай), Ескене Байдажарұлы, Дауыл Сәрекенұлы, Бура Сәрсенбіұлы, Мұстафа Темірбекұлы, Еділбай Сәрсенбіұлы, Есәлі Шоқайұлдары (Қызылғұрт) Көшім Сартұлы (Жаппас), Үсе Төлегенұлы, Таңатар Етебайұлы (Есенқұл Беріш), Ысмайыл Өтемісұлы (Жайық Беріш), Аманбай Кебекұлы, Науырызалы Қаржауұлы, Ажыбай Қадырұлы (Бармық Алаша), Тәни Түменұлы (Жайық Беріш), Айтас Көсепұлы (Тана), Көшеген Құдайбекұлы (Бармық Алаша);Шейіт болғандар: Көбен Жәнібекұлы (Адай), Ақай Исатайұлы, Ешөкім Сартұлы (Жаппас), Қарақұл Бабақұлы (Қаратоқай Беріш), Ырсалы Кәсіпұлы (Жайық Беріш), Қалдыбай Қосаяқұлы (Ораз Ысық).Исатайлар қалған 40 шақты адаммен Сарытоғай тұсынан Жайықтан өтуге бағыттайды. Бұлар өтетін жерде күзет топтары өте жиі болатын және оны алма-кезектесіп, қарулы солдаттар күзетіп тұрған-ды. Жүректері дауаламай әрі-сәрі күйге түсіп, түтеген боранда Исатай тарығып, Махамбетке қарап:Күн жадына карасам,Жедінің оны — құралай.Аспаннан түтеп қар жауып,Аштырмайды көзімді,Қақтырмайды кірпікті,Соғады боран сабалай.Халық үшін қан төгем деп,Қараны — ханға теңеп берем деп,Сол мақсатқа жете алмай,Қор болдың-ау, Махамбет, шырақ-ай, — депті. Осы кезде Махамбет:Палуан жолбарыс секілдіАлысқанды алып ұрған білегім.Қамалаған жаудан қайтпаған —Қайнаган қара болаттай,Қарсы біткен жүрегім.Ертеден кешке дейін зарласам,Бермей ме екен Құдайым,Біздей тарыққан ердің тілегін?Немесе:Исеке, енді мұңаймаң —Жайықтың бойы — көк шалғынКүзерміз де жайлармыз.Күлісті сынды күреңдіКүдірейтіп күнде байлармыз.Құдай істі оңдаса,Ісіміз жөнге келгендеҚамалаған көп дұшпан,Әліде болса қойдай қылып айдармыз, — деп алдағы күнге дәмелендіріп тастайды.Күн ат құлағы көрсетпей, боран ұйтқып соғып тұрған желтоқсанның 12-сі күні, 1837 жылы бастаушы Құрақ Маябасұлының жол көрсетуімен Сартоғай тұүсынан киіз төсетіп өтеді. Өтіп нобайлаған мезгілде мұздан тайған аттың кісінеуінен білініп қалады. Ең соңғы Нұрмағанбет мұз ойылып, шыға алмай қолға түсіп қалады және азықтары тиелген көліктер өте алмай қалған.Жайықтан өтіп үлгерген адамдардың санын кейбір жазбаларда отыз тоғыз қайсыбірінде қырық деп көрсетіледі. Әнес Сарайдың тарихи дерегінде отыз тоғыз деп жазылған. Олар мыналар: Исатай, Исатайдың кіші әйелі Несібелі; балалары: Жақия, Досмағамбет, Оспан, Дінбаян, Бағлан, қайынатасы Әліш, оның ұлы Мұса, немере інілері: Әлмен, Баймен, Аймұхамбет, жақын ағайындары: Мәмбет, Құсқара; Өтеміс әулетінен: Махамбет анасы Қосуан; інілері: Қожахмет, Сүлеймен, Хасен, Қожахметтің балалары: Мұса, Мерім, Лұқпан, Әкім; Өтемістің үлкені Тоқтамыстың ұлы Салық; Тайсойған ұлдарынан: Тінғали, Қамбар, Әуес тағы біреуі болыпты; Сарт Еділүлы, оның балалары: Ырғи, Нұрғи, Нұрша, Ерше; Есенгелді Жанғабылұлы, Байболсын Есгелдіұлы, Айтімбет Өтегенұлы, Тілеулі Айжарықұлы, Үбі Үсеұлы, Иманбай Қалдыбайұлдары болған. ТАЙСОЙҒАНДАКіші жүздің Батыс бөлімінің билеушісі Баймағамбет Айшуақұлы қасына сексен казак-орыс солдатын және жүзден астам қазақтардан құралған жасағын ертіп, Исатайлардың ізіне түсті. Түйелері жүрмей, көштің соңында қалып келе жатқан Несібеліні, Бағланды және Сарттың Ерше, Нұрша деген балаларын қолға түсірді. Онымен қоймай, Шүреннің биі Жамантайұлы мен тағы да біреулердің көрсетуімен Жақия, Дінбаян Исатайұлдарын, Сүлеймен Өтемісұлын, Баймен, Аймұханбет Тоқайұлдарын, Әйтімбет Өтегенұлы мен Байбосын Есенгелдіұлдарын қолға түсіреді. Қалған Исатайлар бастаған азғантай топ адастырып, таптырмай кетті. Махамбет бір ойда жасырынып қалған, ішінде анасы — Қосуан бар көшті Қожахметке бастатып, төркіндері Алаша Сарбөпе старшынның аулына жіберді. Өздері із жасырып, әр тарапқа кетіп қайта қосылып, кездескендерге "Жем бойына барамыз" деген хабар таратумен болды. 1837 жылдың 16 желтоқсанында қатты боран болды, сол боранды пайдаланып, бір ой жерге тоқтап, аттарына бір-бір уыстан арпа жегізіп, өздері кардың үстіне жатып үйықтап шыққандары әңгімеленеді.Осылайша әр бағытқа із тастап, хабар тарата отырып, өздері "Тайсойған қайдасың" деп тартып кеткен. Тайсойған — Исатайдың туған жері еді, бірақ көптен көрмегендіктен ұмыт болып та калып еді. Ол жақты Ысық пен Беріштер жайлайтын-ды. Тайсойғанға жету үшін жолға түнеу қажет болды. Махамбеттің Тайсойған мен арада Ысықтың атақты батырлары Сәмембет пен Шығанақтың қыстайтыны есіне түсті. Мына түтеген боранда "ол қыстақты калай табамыз?" деп жолдастары сенімсіздік тудырғанына қарамай, Махамбет бастап, күні бойы аттан түспестен жүріп отырып, күн кешке айналған мезгілде Сәмәмбеттің үйінің үстінен түсірді. Сәмәмбет күтпеген қонақтары аттарынан түсіп жатқанда алдарынан шығып, Махамбетті көріп, құшақтап "тірі екенсің ғой, арыстаным" деп үйге кіргізіп, қолында жемде тұрған жабағыны, "таңертең соярсыз" дегеніне қарамай бауыздатып, сауырын тіліп жіберіп, жон етінен қуырдақ қуыртып, шаймен бірге қонақтарының алдына қойыпты деген әңгіме бар. Жайғасып отырғансын, Исатайдың атын айтқанда Сәмәмбет ұшып тұрып, Исатаймен қайта көрісті. Сәмәмбет Махамбетпен 1827 жылдан таныс еді. Қайыпқалидың елді толқытып, Жайықтан қайта өткізуге күш салып жүрген мезгілдерінде Махамбетпен кездесіп, дос болған еді. Келесі күні батырларды Шығанақ жібермей, үйіне қонақ етті, кетерінде алдына ат салмайтын жүйрік Қызылкүрең атын Исатайға мінгізіп жібереді.Исатайлар Сәмәмбет, Шығанақтармен қоштасып Тайсойғандағы Есенқұл Беріш Бабаттың аулына келіп түсті. Бабат арып, ашып келе жатқан бауырларын құшағын жайып қарсы алды. Қысырдың тайын сойып, қонақасылады. Осы жерде Махамбет өзінің ағайыны, Жайық беріш атақты Төлеген жырауды кездестірді. Төлеген мен Махамбет бірінен соң бірі жырлады. Қонақтар кеш жатып, ертесіне түсте тұрды. Қонақтар жүргелі жатқанда Бабат бәйгі бермей келе жатқан Қанжиренді ерттеп Исатайдың жетегіне берді. Ол кездегі, одан әрідегі батырларда ертұрман мен қосалқы аты болған. Ол "ереуіл ат" деп аталады. Бабат аулынан шыққанда батырлар құрсаған қайғыдан аз да болса жеңілденгендей болды. Ағайынның "қашқынсыңдар" деп жатырқамай, құшақ жайып қарсы алуы, көңілдеріне жылылық ұялатып, сергітіп жіберді. Батырлар осылайша іргесін жаудан алшақтату мақсатында Тайсойған құмының ішіне қарай кіре берді, Исатай мен Махамбет өздеріне жезде болып келетін атақты батыр Құдайберген Елемісұлының аулына бет түзеді. Құдайберген ата жауы қалмақтармен соғыста әкесінің жасағында жас жігіт кезінде асқан ерлік көрсетіп, батыр атанып еді. Әкесі Елемес Сырым көтерілісінде қол бастап, елге танылып жүрек жұтқан батыр атанған адам. Құдайбергеннің жасы Махамбеттермен кездескен кезінде жетпістің үстінде болса керек. Ығылман жырында Құдайберген туралы:Құдайберген — жас батыр,Жауына қарай тақалды.Түсі сары бала екен,Жаңадан қойған сақалды.Ақырып тиіп жауына,Жалмауыздай жалмады.Қашқаны қашып қалмақтың,Қалғаны тірі қалмады — деп жазылған осы Құдайберген еді. Құдайберген балдыздары бастап келген қонақтарды жақсы қарсы алды. Батырлардың Жайықтан өткен хабарларын естіген екен, қонақтарымен асықпай кеңесті. Және мына қыс аяқталғанша осында болғанды жөн көреді. Құдайбергеннің ержетіп аяқтанған ер көңілді, екі иығына екі кісі отыратындай палуан денелі бірінен бірі өткен бес баласы бар екен. Бесеуі де "нағашыларымыз" келді деп аяқтарынан тік тұрды. Қонақтарға бөлек үй даярлатты. Жұма сайын қысырдың тайын сойдырып, қонақ етті. Исатай-Махамбеттер мынадай мәрттікті бұрын-соңды көрмеп еді. Құдайбергеннің руы Әлімнің Кетесі, оның ішінде Майлыбайы болатын. Құдайбергеннің сол маңайындағы ағайындары бұл іске түгелдей жұмылды. Жан-жаққа тыңшылар жіберіп, күзет топтарын құрды. Өзінің маңыңдағы елге Батырлардың осыңда жатқаны туралы бір ауыз сөз шығармауға қатаң тапсырма берді. Әуелгі келгенде "осылар бас сауғалауға келді-ау" деген ой Құдайбергенде болып еді. Сөйлесе келе, бұлардың бас сауғалап, бұғып қалатын ойдан аулақ екенін, олардың хан-сұлтандарға деген ашу-ызасының ауыздарынан от-жалынша ақтарылуы, олардың ханға қарсы халықты көтеру үшін жүргендігі, алтыата Әлім мен Жетіруға сауын айтпақ ниеттерін байқап, Құдайбергеннің көңілі орнықты. Әңгімеден әңгіме шыққанда Құдайберген Адай мен Кете арасындағы жер дауының асқынып, адам өліп жауласуға кеткенін қатты қынжылып, мұңайған күйде айтып берді. Осы мен қоса өзінің де ата жауы хан мен төрелер екенін жасырмады: "Тірлік болса, алдымыздағы көктемде Әлім, Табынға өзім барып сіздер үшін қол жинаймын" деген байламын айтты Құдайберген. Осы кезде Махамбет:Еменнің түбі — сары бал,Еріскен көңіл — бәрі бал.Жоғарыдан төмен төгейін,Керегіңді теріп ал.Қасыма ерген жолдастар,Антыңды бұзып айрылма,Зейініңді бермен сал.Жапанға біткен жасылды-ау,Жамандардың басы сау.Жаманды байқап қарасаң,Күндердің күні болғанда,Өз басына өзі жау.Арғымақ жақсы ат мініп,Жеке шығып елімнен,Толысып толғау толғасам,Іштегі кызғын басылды-ау.Өлең айтып толғадым,Көкірегімді басарға.Махамбеттей мұңдығаЕнді келер күн қайда —Ханға құрған шатырдыСүңгімен тәртіп ашарға?!Алтын жақсы жарасарЖылтыраған күміске.Он екі ата БайұлыЖиылып келсе бұл іске.Алты сан алаш ат бөліп,Тізгін берсе қолыма,Заулар едім бір көшке, — деп шамырқанып еді.Батырлар Құдайберген аулында жақсылап дем алады. Махамбет Исатаймен ақылдасып, бұл жерде бәріміздің жата бергеніміз дұрыс болмас, мен Хиуаға барып, Қайыпқалимен сөйлесіп келейін деген ойын айтты.Сөйтіп, Махамбет 1838 жылдың қаңтар айының басында жолға шығады. Исатайға да Құдайберген арқылы осы төңіректегі ер көңілді жігіттер мен Ысық, Шеркеш ауылдарының белгілі-белгілі, бұрын Хан Ордасын қамағандағы өздерімен бірге болған азаматтарды жинастыруға ақыл береді. Кетерінде Құдайберген бүкіл Әлімге белгілі болған алты жасар Теңбілшұбар жүйрігін ер-тұрманымен Махамбетке жетектетті. Махамбет кідіріп, "ереуіл атының да", өз атының да аяғына таға қақтырып алды. Өз аты деп отырғанымыз, Исатайдың қос күреңінің бірі еді. Махамбеттің өзінің кесік құлақ Құлажиренінің жүдеңкіреп қалғанын байқаған Исатай күренді беріп, Құлажиренді Құдайбергенге бағуға қалдыруға ақыл берген-ді. Махамбет "амандық болса, наурыздың орталарында ораламын" деп, Адайларға соға жүру үшін мұз үстімен тікелей тартты. Махамбеттің мұз үстімен тіке кетуінің үлкен мәні бар еді. Біріншіден, елсіз жермен ешкімнің көзіне түспей жүргісі келді. Екіншіден, Қайыпқалиға жету үшін төте жол осы еді. Үшіншіден, 1832 жылы Жәңгірдің тапсырмасымен Астраханға барып бір айдай болғаны бар, сол кезде Ново-Александровск бекінісі орналасқан жағаны бойлай орыс купецтері батаға ашып, балық аулап, Астарханға әкеліп өткізіп отыруды бастаған болатын. Сол жақтан қайықпен балық әкелгендердің ішінен Адайдың Жары тайпасынын Бектеміс ауылынанмын деген — Баба атты жас жігітпен танысып, дос болып еді. Оның дос болуынын да қызық жағдайы болған.Махамбет Астраханның базарын аралап жүргенде Адайлардан келген қайықшы қазақ жігіттеріне қаланың бұзықбір топ казак-орыстарының тиісіп тұрғанын көріп сырттан бақылап тұрады. Көп ұзамай, төбелес басталады. Адайлардың ішіндегі бір тапалтақ бойлы жас жігіттің қимылы ерекше көзге түседі. Бұзық казактардың бірнешеуін ұрып жығады. Қалғандары қашады. Қаладағы бұзықтардың бастығы Вася есімді казак-орыстың, соңынан сол жеген таяқтан қайтыс болғаны мәлім болады. Махамбет келіп, төбелеске қатынасқан қазақтарды тез жан-жаққа таратып қашырып жібереді де, өзі жаңағы бірнеше жігітті ұрып жыққан қазақ жігітін ертіп, базардан тез шығып, үйіне алып келеді. Егер Махамбет тездетіп жан-жаққа қашырып жібермегенде, олар Астрахан полициясының қолдарына түсуге аз-ақ қалған еді. Сөйтіп, Махамбет, Бабамен танысып дос болған-ды. Бабаны полицейлердің іздеп, базарды шарлағанын Махамбет келесі күні-ақ, базар бастығынан естіді. Бабаны далаға шығармай, 3-4 күн үйінде ұстап, керек жарағын Махамбеттің өзі базардан алып, түнде әкеліп қайығына мінгізіп, хош-бес айтысып шығарып салған-ды. Баба өзінің тұрағын толық айтып түсіндіріп, жолың түссе, бір келерсің деп ризашылығын білдіріпті. Енді бір шаруасы сол жігіт тірі болса, кездестіріп, жағдайы көтеріп жатса, Хиуаға жолдас қылып ертіп кету және Сүйінқараға соғып хабарласу ниеті де болды. Махамбет жолда бес күн түнеп, алтыншы күні Орта-еспе деген жерден шығып, Форт-Александровск бекінісіне қарай жағалап жүргенде жүз шақырым жүргеннен кейін купецтердің батағасының үстінен шығады. Ол кездегі батаға деп аталған жер соңынан Долгий аталынды. Долгиден қашық емес жердегі Ақтұмсық деген қыстауда Бабаның үйінің бар екендігін естіп, сонда келді. Баба үйінде болып шықты. Бабаның үйіне бір күн түнеп, келе жатқан жағдайларын мәлім етті. Және Бабаға өзінің аты-жөнін өзгертіп айтқызып, жүрісінің жайын білдірмеуді сұрапты. Тіпті, Махамбет екенін Бабадан басқа үй іштерінің бірде-бір адамдары білмеулі. Баба орыс купецінс жалданып күн көріп отырған жарлы жігіт екен. Махамбетке бір тоқтысын сойып, қонақ етіп сыйлапты. Махамбет Бабаны оңаша шақырып, жүріс-тұрысын жасырмай ашықайтып, өзімен бірге Хиуаға жолдастасып барып қайтуды білдіргенде, "Сенің сөзіңді мен жерге тастауға тиісті емеспін, бірақ, менде ол жаққа барып кайтатын көліктің реті жоқ болып, қиналып тұрмын", — деулі. Махамбет жетектегі Көктарланды керсеткенде: "Онда қандай сөз бар, айтқаның болады", — деп жолға бірге шығыпты. Бұл әңгімені мен 1954 жылы Гурьев облысы, Маңғыстау ауданының белгілі жыршысы Айтқүл Шаманұлынан жазып алған едім.Жыршы Айтқұл ақсақал 1962 жылы 75 жасында қайтыс болды. Сол кісі әңгімесінде Мұрат пен Қашағанның қырдың үстіндегі жаз жайлауында отырған Адайдың Сығай деген байының үйінде, 1900 жылдың жазында кездескенін, өзінің жасының он үште болғанын, Қашағанның қасында еріп жүргенін әңгімелеген. Сонда жиырма күндей Қашаған мен Мұраттың жайлауда отырған қалың елді жырмен сусындатқанын, әңгімелерінің арасында Махамбет туралы Мұрат ақынның көптеген бұрын естілмеген әңгімелерді айтқанын, сол әңгімесінің ішінде Махамбеттің мұздан өтіп Бабаға келгенін әңгімелеп және Баба деген адамның тірлікте бар жоғын сұрастырғанын айтып еді.Сонымен Мұрат айтты деген Айтекеңнің әңгімесінде, Бабаны жолдас еткен Махамбет Сүйінқараға келіп, екі-үш күн тынығып, алдымыздағы жазғытұры кездесетін болып уәделесіп, кетерінде Сүйінқара Махамбетке бір жылдан бері мінілмей құр жүрген сұр жорға атқа күміс жалатқан ер-тоқымын салып, жетектетіп және өзінің алтын балдақты қылышын сыйлап шығарып салыпты. Сүйекең де Махамбеттің кім екенін ешкімге білдірмеген, "Бесқалада тұратын жиен еді" деп хабар таратып жіберулі.Махамбет пен Баба Хиуаға барып, Қайыпқалимен кездесіп, алдағы жұмыстарымен ақылдасып, наурыз айының аяғында Сам құмынан бергі Адайлар жайлауында Исатайлармен кездесуге сөз байласып, ақпанның аяқ кезінде кейін қайтып, Бабамен екеуі орта жолда айрылысады. Махамбет теңіз жағалап - Жем бетіне қарай, Баба - Маңғыстаудың ойына қарай ат бастарын бұрып, қоштасып ажырасады.Айтқұл ақсақалдың Мұрат ақыннан естідім деген әңгімесінде Махамбет еліне оралып келгенсін жолдағы Баба досының ерекше қасиеттерін жолдастарына айтып келіпті. Баба ауылдан шығарда қайықтың желкемінен істелген сарғыш түсті кенеп қалтасына едәуіршік көлемде тауықтың жұмыртқасының үлкендігіндей жұмыр шақпақ тас салып алғанын көргенмін. Бабаға: "Зілдей қылып бұны не істейсіз?" - дегенімде, "бұл - менің қаруым ғой" - деп күлген. Одан басқа салмағы жарты кило шамасындағы қайыстан жіп өткізген балғаның басын да қоржынына салып алды. Сонымен жолға шығып Үстірттің арғы құлауына жақындағанымызда сол жақ қапталымыздан төрт-бес атты адам шыға келіп, бізге қарай көтеріңкі жүріспен беттеп берді. Біз де жүрісті ширатып, көтере жортаққа салдық. Олар біздің алдымызды орағысы келген сыңай танытты. Бұлардың ойын сезіп, біз де аттың басын жібердік. Сол кезде Баба сенің жетегінде ат бар ғой, менің алдымда бол деп, өзі атының басын сәл тежегендей болды. Қуғыншылар да таяп қалған екен. Сол кезде менен сәл кейін келе жатқан Баба Теңбілшұбардың оң қапталына қарай еңкейгендей болып еді қуғыншылардың алдында келе жатқан қарақасқа атты еңгезердей біреудің оң жағына қисайып калғанын байқадым, соның арасында болған жоқ екінші келе жатқаны да Бабаға жақындай беріп, алдыңғысының жолын қуды. Қуғыншылар іркіліп қалды. Тағыда артымыздан қуар деп менде қойнымдағы шолағымды шығарып едім олар көрінбей қалды. Біздер ет қызумен көш жерге дейін аттың шабысын ірікпедік. Қарақшылардан құтылған соң Бабадан: "Досым-ау, сен қарақшыларға не істедің?" деп сұрағанымда, ауылдан шығарда сұраған жоқ па едің, сонда мен айтып едім ғой "қаруым" деп, сол қаруымды қолдандым-дағы депті. Мен қайран қалдым: "Сонда қалай ана алып шыққан домалақ таспен ұрдың ба" деп сұрағанымда, "әрине, солай, дәл дізесіне ұрсаң, аяғы көпке дейін кіріске кірмейді, қирауы да мүмкін" деді.Сөйтіп, келе жатқанымызда қасқырдың апанына кездестік, және оған жаңадан кірген өте үлкен ізді көрген Баба атынан түсіп, шешіне бастады. Мен не болғанын түсінбей, не болды дегенімде, "мына қасқыр өте үлкен, арланы екен, терісі керек болар, сойып алып шығайын" деді. Маған әзілдеп тұрған шығар деген ой келді. Бірақ, олай болмады, күн суық болатын, оған қараған Баба болмады киімін түгел шешіп, қолына кездігін алып, інге кіріп кетті. Өзіне-өзі сенімді адам болды-ау деген оймен біраз күттім. Баба шықпады, көңіліме күдік кіре бастады. Бір кездерде Бабам шықты, қолы қан-қан, ұзындығы кісі бойы қол созымдай көкшуланның терісін тоңып тұрған маған лақтырып жіберіп, "терім қатып қалар, тез киінейін" деп жылдамдатып киіне бастады. Қарасам, шындығында да, Баба қара терге түсіп тұр екен деп, Махамбет айтыпты дегенді жастау кезімде Исатай-Махамбеттердің қандыкөйлек жолдасы Үбі деген ағамыздан естіп едім деп, Мұрат ақын айтты, - дейді әңгімесінде Айтқұл ақсақал.Қашекең Мұратқа ертеректе жағадағы қайықшылардың ішінде Баба деген ержүректі адам қасқырдың ініне кіріп, терісін сойып алып шығады деген әңгімені естігенім бар өзін көргенім жоқ, сол Бабаның өзі болды-ау, бірақ, Махамбеттердің келгенін бірінші рет естіп отырмыз депті. Мұрат ақын сонда: "Ол өте жасырын жүріс қой, елдің білмеуінің орны бар" деп аяқтапты. Шамасы, жазба деректерде кездеспейтін көп әңгімелерді Мұрат ақын айтқан көрінеді, олардың бәрін жіпке тізгендей етіп, Айтқұл ақсақал ойында ұстамапты. Осы әңгімені жазу үстінде қазірде Форт-Шевченкода тұратын тоқсан алты жастағы Бектеміс Көбеген Балықбайұлы деген ақсақалмен кездесіп, әңгімелескенімізде Баба деген өте ержүрек адамның болғанын, айсыз қараңғы боранда жол тауып жүре беретін, қасқырды апанына түсіп, тірілей сойып алып шыға беретін көрінеді деп, әкелеріміз әңгімелеп отыратын еді деп растады.Махамбет Тайсойғандағы Исатайларға барып, Құдайберген батырды ертіп, Назарларды аралап, Жүсіп Құланұлымен кездесіп, жасақ жинақтап, Шектінің батыры Есет Көтібарұлымен кездесіп, Адайлар мен Кетенің арасын біріктіріп, татуластыруға бағыт ұстайды. Әуелі, Исатай 1838 жылдың наурыз айында Назар ауылында Кеңес өткізеді.     Ә. Сарайдың дерегіне сүйенсек, Адайлар мен Кетенің достасулары былайша суреттеледі: Кеңеске Әлімдер — Ақын би, Жүсіп Құланүлы, Байтөре Тоқпанұлы, Бибатша Қидайұлдары қатынасты деп көрсеткен және Исатай бұл жиында Әлімнің игі жақсыларынан дауды бітістіруге "кепілдік алам" деп жалтақтап именбеді. Керісінше, азуды баса асқындай сөйлеп, Әлімдерді тұқыртып тастады. Ол Әлімге:— Аға баласысың, кішіге қамқорсың, білгендігің қайда? — деп бастады. — Жерің - нулы, сулы, жайылымың — шалқар, шабындығың ат сауырын жабады. Ойыл, Қиыл, Қобда, Елек сияқты өзенді, көлді, қалың ну, шүйгінді қонысың бар. Тұнықтан жүзіп ішіп отырсың. Ал, Адайдың халі нешік? Шілдесі ми қайнатқан ыстық, шыңыраудан қауға тартады. Арқырап, сарқырап жатқан өзені жоқ. Кейбірде арамнан әрі де емес, бері де емес, жаңбырдан қалған сары қақтың суымен тамақ жібітеді. Арқаның алпыс саласы жетпегендей, неге апшыдың? Біле білсең, Адай — саған да, маған да қонақ, әсіресе, аға баласы саған қонақ - депті. Ел іші араздасып, қан төгуден шаршап, шалдыққан еді. Қиын істі қиюын тауып, бітіруге оқталған Исатайдай аталы ердің сойын көрген соң, "Адайлар бітімге келсе, біз бітісуге барамыз" — деп, уағдаларын береді" деп жазылған.Исатай Әлімдерден шығып, Адайларға бет түзейді. Махамбет уәде бойынша Қайыпқалиды қарсы алуға кетеді. Исатай азғантай адам болып, Маңғыстаудың ойына, Қаратоқай Беріш Қараұлы Есеттің үйіне түседі. Есет — әрі батыр, әрі жырау болған адам. Исатайды қарсы алып, ел жинап, той есебінде өткізді. Сүйінқараны шақырып, екеуін кездестіріп әңгімелестіреді. Сүйінқара Махамбет арқылы Исатайдың жүрісінен толық хабардар болатын. Сол кезде Адайлардың ішіндегі Жарының Назар аулында ас беріліпті. Сүйінқара мен Есет Исатайларды асқа шақырып, бөлек үй тіктіріп, ту бие сойдырып қонақ етеді. Астың соңғы күнінде "айтатын әңгімем бар" деп, Сүйінқара арқылы Адайдың белгілі деген ерлері мен аузы дуалы билерін шақырып, әңгімесін айтыпты.Исатайдың әңгімесін Ә.Сарай былай суреттейді: Исатай Сүйінқараға кқарап сөз бастайды: "Уа, тобынан торай шалдырмай, елден пұшпақ алдырмай, Адайдың ығына қамсау, желіне қорған болған, батыр қырық аға! Жаумен жағалассақ, бір сәрі, ағайынмен жағаласып, тышқаншылаған кәрі бүркіттің кебін кигенің не болғаның. Алшынның үш арқасы саған бөтен бе еді? Әлім — ағаң, Табын — інің емес пе еді? Айналаға ала көз болғаның қалай? Есігіңе еңкейіп келген құдайы қонақ, ел біріктірем деп келген елшіде не жазық бар еді? Елшілікке жүрген ара ағайынның жазықсыз қанын шашып, істемегенді істеді тентек ағайындарың. Енді, міне, дұшпаннан емес, өз-өзінен топалаң тиген қойдай қырылып, саның кеміп, атқа мінер азаматың азайып отыр. Өз-өзіңді жүндей түткенінді көріп, айналадағы анталаған ашкөз жау "шоқ-шоқ" деп алақанын ысқылап отырғанын неғып көрмейсіз? Алшынның үш баласы бір-бірімен жау болған соң, бұл елде не опа болмақ? Етектен басқан жау аз ба еді? Біздің алысар да жұлысарымыз солар емес пе еді? — дсгенде, Сүйінқара: "Ағалы-інілі екі ел арасының бүлінгені батпайды емес, батады. Іргеміз сөгіліп, бір қапталымыз үңірейіп отыр. Асқынған дауды бітірісем деп ниет түзеп келсең, билікті бердік қолыңа, батыр інім. Жөнін тап та, ағайынды жымдастыр", - депті.Исатай "олай болса, іс жөнге келді" деп, Кете Қабыл мен Назар Жүсіп Құланұлына: - Әлім ағалығын жасасын, "Үш бөкенбайға" үй тіктірсін, он күннен соң адай ауылын көшіріп апарып орналастырамын, содан соң "Үш бөкенбайда" екі жақты жинап, кесікті әңгімемді айтамын, - деп хабар жібереді. Осы кезде Махамбет пен Қайыпқалилар да асқа келді. Қайыпқалиларға да бөлек үй тігіліп, қонағасы берілді. Қайыпқали ол кезде Адайлардың билеуші сұлтаны болып есептелетін. Қайыпқали мен Исатай арасында ескіден келе жатқан араздықтары болатын: Қайыпқали Ішкі Ордада жүргенде Жәңгірге қарсы топ құрып, тақка таласқан кездері болған. 1929 жылы Ішкі Ордадан Жәңгірдің қоластындағы елді көшіріп, дүрліктіргендердің басшысы осы Қайыпқали еді. Ол кезде Қайыпкалидың жанында Махамбет пен Науша да болған. Сонда Қайыпқали ұсталып, абақтыға жабылған, сол дүрбелеңде Махамбет те Калмыков түрмесіне жатып шыққан. Исатай ол кезде Жәңгірдің оң қолы болып есептелетін. Сондағы жауласудан кейінгі Исатайдың Қайыпқалимен бетпе-бет кездесуі осы еді.Қайыпқали өзіне арнап тігілген үйде болды. Алыстан келген қонақ деп Исатайға сәлемдеспеді. Және "жолығатын шаруа бар" деп басты-басты адамдарды өзіне тігілген үйге шақырды. Исатай бұған қатты ашуланды. Амалсыздан барды, бірақ, Қайыпкалиға көрісіп, сәлемдеспеді. Өзінің шаруасын айтып болып, Исатайға қарап, "Жәңгірдің сойылын көп соғып едің, ақыр түбінде қашқын болып бізді паналадың ба?" дегендей қисық әңгіме айта бастады. Шыдай алмаған Исатай: "Мен келсем, өз еліме келіп жүрмін, сендердің тұқымдарыңды құртуға шықтым. Саған ұқсап қызымды сартқа беріп, сарттың көтін жалап жүргенім жоқ" деген әңгімелермен екеуі тіресіп қалды. Исатай шыдай алмай: "Сен сатқынның қаныңды ішейін, кәне, шық жекпе-жекке" — деп каруын алуға сыртқа шығып кетулі. Исатайдың мінезіне таныс Қайыпқали: "Исеке, кешір, мен шындық жағдайды шыдай алмай айтып қалдым" дегенге тыңдамай, іс насырға шабуға айналыпты. Сүйінқара мен Махамбет Исатайға келіп, "ашуынды бас, батыр, бір жақсы істі бастап едің, аяқта. Сен де қонақсың, ол да қонақ, келген қонақтарды шабыстырып қоя алмаймыз" деп батырды кідіртіп, Қайыпқалиды шақырып, аяғына жығып, кешірім сұратыпты. 1838 жылдың мамыр айында "Исатайлар ел жақсыларын жинап, Кетелердің дайындаған үйлеріне түсіп, Адай-Кете дауларын салихалы да салмақты кесік жасап, екі жағы да құн төлеместен бір-бірімен жылап көрісті" деген әңгіме Қ.Жұмалиевтің 1936 жылғы "Әдебиет және өнер" журналының 10-11-ші нөмірлерінде кездеседі. Исатайдың Жем-сағыз, Маңғыстау бетіндегі қимылдары, Қайыпқалимен бірігуі - Орынбор Шекара комиссиясына тыңшылар арқылы жетісіп жатты. Патша үкіметі осы кезде тыңшылық қызметпен айналысатын түрлі жүргіншілер мен керуендерді осы бағытқа шұбыртып жібере бастады. Олардан тыс Шонты Жамантайұлы, Батырхан Шахмарданұлы дегендер Исатай-Махамбеттердің әр аяқ басқанын Баймағамбет сұлтанға және тікелей губернатор Перовскийдің өзіне жетістіріп отырды. Исатай-Махамбет бастаған жасақ шілде айының бас кезінде Ойылға келіп жинақталады. Шамасы қарулы көтерісшілер саны үш мың адамнан кем емес делініп көрсетілген. Бұл жиналғандардың көбі Әлім мен Байұлы болатын. Әлімнің Кете тайпасын Құдайберген мен Аламан бастады. Назарларды Жүсіп Құланұлы бастады. Ал, Байұлының Алаша тайпасын Есет батыр бастады. Байбақты Науша батырдың да жасағы болды. Қайыпқали бастаған жасақтың көбі — Адай руының азаматтары еді. Бұл көтеріліске қатынасуға тиісті Табын Жоламан батырдың, Есет Көотібарұлының, Асау Барақұлының жасақтары келмей қалды. 25-ші маусымда Ойылға келген Исатай бастаған әскер 10-шы шілдеге дейін қозғалыссыз жатып алды.Осы жерде Қайыпқали Исатайға айтып, өзін хан сайлатқысы келді. Оған кейбір жасақ бастықтары қарсы болды. Сөйтіп, көтерісшілер арасында келіспеушіліктер туындап жатты. Осындай түсініспеудің әсерінен тағы да Исатай жасақтарының саны азайып қалып еді. Осы кезде зауряд-хорунжий Шустиковты серіктерімен тұтқыннан босату үшін Мұхамбет-Шәріп Айтов Исатай-Махамбеттерге, Қайыпқалиға келіп, одан Есет Көтібарұлының аулына келіп, тұтқындарды Махамбеттің араласуымен босаттырады. Айтов сол сапарда Қайыпқали туралы губернаторға жазған хатында Қайыпқалидың Хиуаның жарлығын орындауға құштар еместігін, Орынбор губернаторы алдында болып, кешірім сұрағысы келетінін хабарлаған. Осыған қарағанда, Қайыпқалидың Исатайға бірігіп, Баймағамбетті шабуға ниетінің жоқ екені байқалады. Осылайша, Исатай он күнді "Хан сарайын" камағандағысы сияқты тағы да жоғалтып алды. Исатайлар 11 шілде күні Ақбұлақтағы Баймағамбетті шабуға аттанады. Қайыпқали болса, Исатайларға қосылмай, өз жасағымен бөлініп, қол жинаймын деген сылтаумен Тесіктам деген жерге кетеді. Бұл кезде Геке қарауында екі зеңбірегі бар алты жүздей топты Ақбұлаққа әкеліп орналастырған-ды. Оның үстіне Баймағамбеттің 500 жасағы келіп қосылды. Қорғаныс шептерін жасақтап, қаруларын сайлап күтіп отырғанына да он күндей болған.Осы кезде Исатай-Махамбеттердің соңынан ерткен 500 адамы ғана болды. Олар негізінен іріктелген, бұрынғы соғыстарға қатысқан, ысылған жаужүрек батырлар еді. 12 шілдеде таңертең ерте келе жатқан Қожахметтің шолғыншылар тобы Гекенің Асфандияр Сүйінғалиұлы бастаған күзет тобының үстінен шығып, екі адамын қолға түсіреді, жараланған Асфандияр зорға қашып құтылды. Қолға түскендерден Исатайлар Гекенің толық хабарын біледі. Гекенің қолының іргесіне келіп тұрған Исатай кідірместен алдындағы биік төбеге шыққанда Ақбұлақтың арғы жағындағы орналасқан жау лагері алақандағыдай көрініп тұрды. Төбенің басындағы Исатай бастаған қолды көрген Геке әскерлерін соғыс тәртібіне келтіріп тез сапқа тұрғыза бастады. Исатай төбенің басына біраз тұрып ойға қалды. Себебі, өзінің жасағының саны Гекенің әскерлерінің жартысына жетпейтін еді. Және Гекедегі зеңбіректер де жакындатпайтынын түсінді, осы жерден аттарын кейін бұрса аман-есен құтылып кететінін де білді. Өзінің жеңілетінін білгенмен, шегінгісі келмеді. Аттың басын кері бұрса, Гекенің елді аяусыз жазалайтынын, тағы да қуғын, тағы да қашу Исатайдың ызасына әбден тиіп болып еді. Тағы да жазықсыз халықты қырғызғысы келмеді. Осы жолы ел үшін қасық каны калғанша айқасып, артында өз атына қаңку сөз ерткісі келмей, адалдықпен шейіт болуға іштей бекініп алды.Исатай төбеден төмен қарай шоқыта жөнелді, артындағы жасағы да іркілместен өзен жағасына таяп келіп, оқ жаудыра бастады. Геке қорыққаннан граната лақтырды, онысы жетпей өзеннің ортасына жарылып жатты. Шыдамы кеткен Геке зеңбірекпен атқылады. Зеңбіректің оғынан бір-екі сарбаз өлді, бірнеше ат жарақат алып қалды. Исатай жасағын оқ жетпейтін қашықтыққа шегіндіре бастады.Осы кезде Баймағамбет сұлтанның казак-орысы аралас жасағы шабуылға шықты. Исатайлар қолы кейінірек шегініңкірегенде казак-орыстар қалып, Баймағамбеттің өз қолымен қуып келе жатқандығын көрген Исатай қасындағы алпыс шақты адамымен аттың басын кері бұрды. Исатайлар сұлтанның жасағының біраз адамдарын аттан түсірді, Қашуға үлгере алмай қалғандарының жан-сауғалап, жылағандарына тимей, Баймағанбеттің өзінің соңына түсті. Аты жүйрік Баймағанбет өзеннен өтіп, лагеріне барып тығылды. Баймағамбеттің жасағымен Исатайға шабуылдаған казак-орыстар қалып қойып, жағадағы бір қоласта жасырынып тұр еді. Күтпеген жерден лап қойды. Исатайлардан бөлініп қалған жасақтар қайта-қайта атылған зеңбірек оғынан бұларға келіп қосыла алмай қалды. Исатай бастаған топ казак-орыстың қоршауын бұзып өткенде баласы Оспанның шыға алмай қалғанын көріп, Махамбет, Үбі, Исатайлар қайта кіріп, Оспанды алып шығып ат басын кейін бұрады. Оспан қатты жараланып, атының тізгінін Махамбет ұстап келе жатқан болатын. Осы кезде Исатай Махамбетке: "Маған қарайлама, Оспанды құтқар, мен жауды бөгей тұрайын", - депті. Махамбет Оспанды алып алға озады. Исатай, Үбі, Қожахметтер қуып келе жатқандардың таяп қалғандарын садақпен атып жақындаттырмайды. Сөйтіп, он бес шақырымға дейін осылайша жүріп, Махамбет ұзады-ау деген шамада Исатайлар аттың басын жібереді. Исатайдың ұзап кетуге айналғанын байқап, казак-орыс Зеленин жата қалып Исатайдың атын атып тигізеді. Аты жараланған Исатайды Үбі мен Қожахмет өз аттарымен алып кеткісі келгенде, Исатай: "Мен енді қашпаймын, жастығымды алып өлемін, шұғыл өздеріңіз құтылып кетіңіздер. Артта қалған елге де азамат керек" дегенде, Үбі еңіреп кеткісі келмеген екен, Исатай қатты ақырып: "Кет деп тұрмын ғой. Соңғы сөзімді тындасайшы", — дегенсін барып "хош" деп жүріп кетіпті, осы кезде Исатайдың аты жығылады. Исатай екі қолына екі алты атарын ұстап келіп, қалған жауды ата бастайды, оқ таусылғансын қылышпен ұрыс салады. Осы кезде артынан келіп, Көбен деген біреу жармасады, басынан асырып лактырғанда дулығасы түсіп қалады. Осыны пайдаланған казак Богатырев кылышпен Исатайдың басына ұрып, жығады. Талып жатқан Исатайды Сүтбай және Жапар атты сатылғандар көтеріп ұстап тұрады да, Богатырев мойнына мылтықты тақап тұрып Исатайды атып өлтіреді. Исатай 1938 жылы 12-ші шілдеде Ақбұлақтан оншақты шақырым жердегі Шейітсай деген жерде шейіт болады. Артында аты өлмейтін із қалдырған қазақ халқының аяулы батыры, Махамбеттің ақыреттік досы, казақтың ұлт азаттық қозғалысының басшысы Исатай Тайманұлы осылайша дүниеден өтті.Исатайды өлтіргеннен кейін қуғыншылар аты ақсап келе жатқан Қожахметті де қолға түсірді. Қолға түспей кеткен Үбі болды. Ақбұлақ шайқасында кейбір деректерде Геке мен Баймағамбет жасағынан 90 адам жараланып, 56 адам өлген, Исатайлар тобынан 37 адамды өлді деп көрсеткен. Тірілей жау қолына түскендер Қожахмет Өтемісұлы, Құдайберген Елемісұлы, Ботбай Құшақұлы, Бақай Сарыұлы, Байшора Құржанұлы, түркімен Балабек Бекбатыроғылы деп айтылады.Ақбұлақ соғысында Исатайды өлтіріп, алты батырын қолға түсірген Геке әскерін лагерге жинап, жеңіс тойын тойлап жатқанда Махамбет пен Үбілер қайтып келіп, өліктерді жинастырып, асығыстау болса да жерлеп, Исатайдың мүрдесін бөлек қойып, басына тас шаншып кетіпті. Сонда "өлгендер саны отыз жеті адам болғанын Үбіден естідім" деген Мұрат ақынның сөзі деп Айтқұл жыршының айтқандары дұрыстыққа келетін сияқты. Махамбет, Үбілер Исатайды жерлеген күні түнде, жұлдыз шыға Оспан қайтыс болады. Оны да әкесі Исатайдың қасына жерлепті. Оспанның жарақаты ауыр еді, сыртқа ағып жатқан қан киіз түтетіп тоқтатқанмен, қан ішке кетіп көз жұмды делінеді. Махамбет Исатай мен Оспанға арнап Құран оқып болып, үнсіз отырып қалады. Бір кезде боздаған аруананың даусындай үн шығарған Махамбет:Таудан мұнартып ұшқан тарланым,Саған ұсынсам қолым жетер ме?Арызым айтсам, өтер ме?Арыстаным, көп болды-ау —Саған да менің арманым, — деп толғай жөнеледі.Бұл атақты шығармасы - "Тарланым" еді. Үбілер Махамбетті қолтықтап атына мінгізіп, енді бұл жерден аулақтамасақ болмас деп, жүріп кетеді. Махамбеттің қасында — Үбі, Әлмен, Исатайдың ұлы Досмағанбет, өзінің інісі Хасен т. б. оншақты адам ғана қалып еді. Осы бір кездерде Үбі мен Әлмен, Махамбетке "енді не істейміз, қай жаққа бағыттаймыз? — дегенде, өзі де осыны ойланып, не істерін білмей отырған Махамбет "Қарағай шаптым шандоздап", "Көшер еді-ау біздің ел", "Қақақулап шақырмай" толғауларын шығарды деп Ә. Сарайдың тарихи дерегінде (338-339 бет) көрсетілген.Махамбеттің ендігі тоқтамы — орыстардың көп аяғы жете бермейтін шет жақтарға кетіп, азда болса паналай тұрғысы келді. Адай арасына кеткенді дұрыс көрді. Жолда Жемнің шығысында отырған Беріштердің біріне Досмағанбет Исатайұлын аманатқа тапсырып, өзі ары қарай жүріп кетеді. Үбі де Адайларға бармай өзінің елінде қалуға бел байлады. Махамбет те оның елдің ішінде қалғанын дұрыс көрді. Үбі ол кездерде отыздың ішіндегі жас жігіт болатын. Махамбет оған елдегі бала-шағасына қамқор болуды тапсырып және Баймагамбетке тіке барып, кешірім сұрап достасуды, сөйтіп, сенімді адамы болып алуды тапсырады. Бұл тапсырмасының да мәнін түсіндірді. Махамбет інісі Хасен мен Әлмен Тоғайұлын және Адай Досақанның інісі Көшек бастаған төрт-бес адамды ертіп Қарақұмдағы Адай ауылдарына келіп он күндей демалып, одан әрі қасына Әлмен мен інісі Хасенді және Адай Құнанорыс Жарасқанды ертіп Хиуа асып кетеді. Осы Хиуа жолындаМахамбет "Арғымаққа оқ тиді" толғауын шығарған.Арғымаққа оқ тиді —Ауыз омыртқаның түбінен.Ер жігітке оқ тиді —Қыл мыкынның түбінен.Жантайып жатып көп іштімЖаздықтың шалшық көлінен.Қайтейін енді, дүние-ай,Жағдайсыз кетіп барамын —Қасымда көмектің кемінен, — деп өзінің тарыққан күнін суреттеген.МАХАМБЕТТІҢ ОРАЛУЫМахамбет Хиуадан 1839 жылдың бас кезінде оралды. Назарлар аулында болады. Сол жылдың жазғытұрынан бастап түрлі экспедициялар көбейді. Олар орыстардың Хиуа жорығына дайындық жасап, жорық жолдарын белгілеу үшін жүргендер еді. Жөн сұрағандарға "Орынбор-Хиуа жолын зерттейміз" деп геологиялық жүмыстармен айналысатын адамдар екендігін айтады. Осыған қоса Ембі, Ақбұлақ қамалдары салына бастады. Ол кезде Махамбет Ақбұлақ пен Ембінің арасыңда жалғыз үй отырған еді.Ойда жоқта, Махамбеттің үйіне артынып-тартынып, Мұхамбет-Шәріп Айтов келді. Көптен таныс бір-біріне қастық жасамаған, дос болып кеткен Мұхамбеттен жата-жастана жатып, Махамбет көп хабарды естіді. Мұхамбст Махамбетке бір түйеге артқан ұн, шекер, май, киім, сіріңке, керосин, тұзға дейін алып келіпті.Махамбеттің үйінде екі-үш күн жатқан Мұхамбет, Махамбетті Хиуаға барып барлау жұмысын жүргізіп келуге жұмсайды. Махамбеттің жамбасынан шығу шығып, атқа отыра алмай жүрген кезі болатын. Мұхамбет жалынып қоймағасын інісі Хасенді Хиуаға жүргізеді. Мұхамбет Хасенге негізгі орындауға тиісті тапсырмасын түсіндіреді. Махамбет Хиуаға жорық басталатынын Мұхамбеттен естіп біледі. 1839 жылғы қыс ерте түсті. Осы кезде Орынбор әскери губернаторы генерал-адьюдант Перовскийдің өзі бастап Хиуаға жорыққа шығады. Қасына 300-дей адамымен Баймағамбет Айшуақұлын қосып алды. Оның негізгі міндеті — әскерді жолшыбай көлікпен қамтасыз ету еді. Әскерлердің қалған көші Ембі мен Ақбұлаққа келіп шоғырланды. Және Каспий теңізі арқылы Форт-Александровскіден шығарылған соғыс қару-жарақтарын Ақбұлаққа жетістіру жұмысы да жүріп жатты.Қыстың қаттылығынан Хиуа жорығы іске аспай, көптеген солдаттар үсіп өліп, Перовский әскері Орынборға жолы болмай қайта оралтады.Махамбет өзінің жолым үйін көшіріп, Ақбұлаққа жақындатты. Оның себебі, Геке сол кезде Ақбұлақта болатын. Махамбет қалайда кек алуды көздеп, Гекенің жолын тосып, шабуыл жасап өлтіруді ойластырды. Қанша торығанмен ретін келтіре алмады. Ақбұлақта толған қарулы әскер тұрды. Ол кезде де опасыздар аз болмаған ғой, Гекеге Махамбеттердің өзін өлтіру үшін торуылдап жүрген хабарын жеткізеді.Геке шүғыл түрде Махамбетті ұстауға зеңбірек сүйреткен қарулы топты шығарып, "Махамбеттің жатыр" деген аулын барып қоршап, он жолдасын қолға түсіреді. Махамбет ол жерде болмай шығады.Махамбет қасындағы Бердібек, Жолды деген Адай жігіттерінің айтуымен, Борсыққұм деген жердегі Ковалевскийдің экспедициясына келіп, Россияның География қоғамының хатшысы, ғалым Е. П Ковалевскиймен кездесіп, өзінің өмірін мүдірместен орыс тілінде айтып шығуы және әңгімесінің өткірлігі, шешен сөйлейтіндігі экспедиция бастықтарын таң қалдырады. Экспедицияны төте және суы бар жерлермен Хиуа жолына бағыттатып жіберіп, өзі ешкімге білінбей қалып қояды.Махамбет қыс түсе, 200-дей жасақ жинап, Ішкі Ордадағы қалған өздерінің жауларынан өшін ала бастайды Махамбеттің жасақтарының адамдары генерал Жемчужниковтың бір топ байланысшыларын қолға түсіріп әкелген жерінен оларды Махамбет босаттырып жібереді.Өткен жылда өзін ұстауға құлшыныс көрсеткен ағайыны Балқының туысы Мұнайұлының отыз бес жылқысын қуып алады. Тағы да басқа би-сұлтандарға тиісе бастайды. Жәңгір хан осы жағдайды Перовскийге хабарлайды.1841 жылдың қаңтарында Перовский Орал казак-орыс әскерінің атаманы Кожевников пен Баймағанбетке Махамбетті ұстауға шұғыл тапсырма береді.Махамбет 1841 жылы 7 наурыз күні Қаратоқай беріш Тіле құлдарының үйінде түнде ұйықтап жатқан жерінде қолға түседі. Қасындағы жолдастары басқа үйде түнеп жатқандықтан, Сары бастаған 6-7 адам қашып, қолға түспей кетеді.Сөйтіп, Махамбетті наурыз айының ортасында Орынбордың Ордоносгауз түрмесінен бір-ақ шығарды.Махамбетті полковник Кизирицкий тергейді. Махамбет өзінің жауабында, көтесріліске қатынасқанын, бірақ ел тонаумен, кісі өлтіру, ұрлық жасауға катынаспағанын, казақ даласындағы кіріптарлыққа үшыраған орыс адамдарына үнемі көмек беріп отырғанын, хорунжий Шустиковты құтқарысқанын, Ковалевский экспедициясына жол көрсеткенін, генерал Жемчужниковтың байланысшыларын босатып жібергенін, Айтовтың тапсырмасын орындап, туған інісі Хасенді Хиуаға тыңшылыққа жібергенін, сөйтіп, орыс үкіметіне көмек тигізгенін айтады.Мұхамбст-Шәріп Айтов әскери соттың тергеу бөліміңде Махамбеттің айтқандарын толық растап, жазба мәлімдеме түсіріп жауап береді. Сөйтіп, Махамбет Айтовтың куәлігінің арқасында ауыр жазадан құтылады.1541 жылдың 24 маусымында әскери соттың шешімімен, "Кіші Жүздің Орта бөліміне - Арыстан Жантөреұлының бақылауында шет аймақтарда ұсталынсын" деп жер аударады. Махамбеттің жеңіл жаза алғандығын естіген Жәңгір ханға үрей туа бастады. 1842 жылы Шекара комиссиясына Махамбеттің қылмыстарын тізіп, тұтқындап жер аударуды талап етіп арыз түсіреді. Шекара комиссиясы соттың шешімі шығарылып кеткендіктен, қайта қаратуды дұрыс деп таппады. Махамбет қазіргі Ақтөбе обылысы мен Маңғыстау обылысының арасындағы Матайқұмы деген жерге жер аударылып, екі жылдай уақытын сол жерде өткізеді. Матайқұмында қасында ерген жолдас жоқ, танитын дос-жарандарын сағынып:"Атай да, Матай екі құм,Шауып келсем басыңа,Көзім түсер елім жоқЕлім, күнім — екі атым,Еңіреп келсем, тілің жоқ" деп келетін, сол сияқты "Жалғыздық", "Қызғыш құс" т.б. өлендерін шығарса керек.Махамбет Матайдан 1843 жылдың наурыз айының аяқ кездерінде өзінің Қалдығайтыдағы нағашыларының ішіне келеді. Нағашылары Сарбөпе, Сатай, Сатыбалды, Қаратайлар Махамбетке үй тігіп, алдына мал салып, төркінінің қолындағы Ұлтуған мен Нұрсұлтанды алдыртады. Сатай Кенжеғараұлы деген нағашысы өзінің қызын сүйек жаңғыртам деп кіші әйелдікке Махамбетке береді. Махамбеттің тұрмыс жағдайы біршама түзеліп қалады. Осы кезде Ішкі Ордадағы өзімен бірге көтеріліске қатынасқан ел ішіндегі азаматтар Махамбетке жиі келіп, хабарласа бастайды. Махамбетке арқа тұтқандар немесе Махамбеттің өзінің тапсырмасы болды ма кейбір старшындар мен билердің малдарын барымталап, қуып келгендер де болып жатты.Баймағамбет бұл қозғалыстарды Махамбеттен көрді. Осы кезде Алаша ауылының да Сарбөпе бастаған батырлары бас көтере бастады. Елге аузын батырып жүрген старшындар мен билерді сабап, малдарын айдап алып жатқан жағдайлар да кездесті. Дәл осы мезгілде Орынбор Шекара комиссиясы, Ресей үкіметінің шығарған "Орынбор қазақтарын басқару" туралы ережесіне сай, қазақ балаларын мектеп ашып оқытатын болды деген хабар шықты. Шынында, ол мектепке орыс басшыларына адал қызмет ететін сұлтандар мен байлардың баласы алынатын еді. "Мектеп ашылады" деген хабармен Махамбет Нұрсұлтанын оқытқысы келіп, Орынборға әкеліп 1845 жылдың ақпан айының басында баласын оқуға алуды сұрап, өтінішін береді. Шекара комиссиясы оқу әзір басталған жоқ дегеніне қарамай, Махамбет оқу ісімен айналысатын чиновниктерге жиі барып, көзге түсіп қалады. Бұның бұрын сотталып, жер аударылғаны белгілі болып, Орынборға ұрықсатсыз келгені әңгімеленіп, оған тез кетуді талап етеді. Нұрсұлтанды оқуға алу үшін Шекара комиссиясы Орынбор губернаторы В.А.Обручевтен рұқсат сұрайды. Губернатор Өтемісұлы туралы Баймағамбеттен жазба мәлімдеме сұрайды. Баймағамбет Махамбетті жақсы адам деп қайдан айтсын. "Қазақтар арасында үнемі зиянын тигізіп жүретін бүлікші адам, қазірде Қалдығайты өзені деген жерде тұрады, бұрынғы Ішкі Ордадағы көтеріліске қатынасып, артынан кешірім жасалынғандар сол Махамбет төңірегіне топтасып, елдің малын барымталап алумен айналыса бастады және олардың қасында Сатыбалды, Қаратай Кенжеғараұлдары деген қорғаушылары да бар" — деп хабарлайды. Оның соңынан 1845 жылы 7 шілдеде Баймағанбет кейбір Алашаның рубасыларына соңынан қалмай жүріп қол қойдырып, Махамбетті ұры деп, қарақшылармен байланысып, елдің шырқын бұзып отыр деп, жер аудартуды сұрап, Шекара комиссиясына мәлімет жөнелтті. Махамбет бұл хабарды естіді. Орынбордағы Нұрсұлтанды інісі Хасенді жіберіп алдыртты. Осы кезде 1845 жылдың 11 тамызында Жәңгір хан қайтыс болып, Шекара комиссиясы Махамбеттің ісін кідіртіп тастады. Кейіннен, Шекара комиссиясы Махамбетті "тез жеткіз" деп Баймағамбетке тапсырма берді. Баймағанбет түрлі сылтаулар айтып Махамбетті ұстамады. Ұстамайын деп, ұстамаған жоқ. Қорықты, әсіресе, Алаша ауылдарынан қорықты. Махамбет әрі нағашылары, әрі қайын жұрты Алаша ауылдарына зиянын тигізетінін білді. Сондықтан да, 1846 жылдың жаз ортасы ауған кезде Қараойға келіп, жалғыз үй қонды. Көп ұзамай, өздерінің келісімі бойынша бажасы Асаубайға Индер жеріне көшетін болып шешкен-ді. Осы тұста Махамбеттің жанындай жақсы көретін жолдасы қасында ерткен 2-3 адамы бар Үбі келеді. Бұл әңгіме де Айтқұл жыршының "Мұрат айтты" деген әңгімесінің ішінде кездеседі. Шынында да, Махамбет елге оралғанын естіген Үбінің онымен кездеспеуі мүмкін емес. Бұл әңгімеде шындыққа келеді. Исатай өліп, өзі Хиуаға кеткенде ел шетіне дейін еріп шығарып салғаннан бері Үбіні көрмеп еді. Үбі оралып, елге келгенсін көтеріліске қатынасқандарға кешірім берілуіне байланысты бостандыкқа шығып аман қалып, өз шаруасымен айналысқан. Үбі өзін қазір Жәңгір ханмен де, Баймағамбетпен де сырт кетісіп жүрмегендігін айтады. Махамбеттің хабарын естіп, және Баймағанбеттің Махамбетке тісін қайрап жүргенін де естіп, хабарласып, ақылдасып, шамасы келсе екеуін кездестіріп татуластыруды ойлап келіп еді. Осы кезде Баймагамбет те Махамбетті өзіне шақыртып, Махамбет оған бармай жүрген. Үбі Махамбетті ертіп, Алаша ауылдарына келіп, Сарыбөпе, Сатай, Сарытайларға жүрістерінің жайын айтып, Баймағамбетке бірге баруды жөн көреді. Сөйтіп, бес адам болып Баймағанбеттің Ордасына ат басын тірейді. Баймағамбеттің қасыңда алты-жеті би-төрелер отырған. Баймағамбет Ордаға кіріп, келген адамдарға орын көрсетіп отырғызады да, Махамбетке "отыр" деп те айтпайды. Махамбет шалт қимылдап, Баймағамбеттің оң жағына барып, сарта жүгініп отыра кетеді. Үстіндегі жібек шапанының етегінен жалаң қылыштың ұшы көрініп тұрады. Баймағамбет Үбі мен Алаша ауылының азаматтарымен амандасып болып: -Сен қашқын, қалай келіп отырсың? Сені Шекара комиссиясы тез жетістір деп маған тапсырма берді, мен сені шақырып алдыра алмай отыр едім ғой, кәне, не айтқың келеді? - депті. Соңда Махамбет:Еділ мен Жайық – жер еді-ау,Мекен еткен шаруағаЖағасы қорған жай еді-ау...Жай қоныстан айрылып,Мен бір қаңғырып жүрген қарашың.Қайта-қайта шақыртып,Менде қандай ауыр ақың бар еді...деген өлеңінен соң іле:Кешегі Исатайдың барында,Алақандай НарындаБасушы едім құлаштай.Жәбір беріп жала етсең,Былғанған басым ласқа-ай.Мен бір шарға ұстаганҚара балта едім,Шабуымды таппай кетілдім,Қайрасаң тағы жетілдім.Көрмес, келмес деп едім,Өз еркіммен бетіңді-ай.Есігіңнің алдынаҰрмай, соқпай келтіргенАрманың барма, Құдайға? Мынау Махамбет сынды жетімді-ай, - дегенде, Баймағамбет: "Сарнама, сенің осы тіліңнен елдің дүрліккені. Тайманның қарақшысын да айдап салып ажалына жетіп едің. Енді мына Алашалардың елірмесін ертіпсің, өзіңнің де мыналардың да көздері жойылады. Егер ешкімге зияныңды тигізбей кеткің келсе, қазір өз еркіңмен Орынборға жүресің, болмаса, қолыңды кісендеп айдатып апарамын" - депті. Сонда Махамбет ақырып, қойнына байлап келген алмасын суырып алып, Баймағамбетке карап:Ханның киген кіреукеҮстіме кисем деп едім.Канікейдей көріктіңдіКалыңсыз құшсам деп едім.Тінікейдей тектіңдіИтелгі көзін төңкертіп,Күшіктей даусын кыңсытып,Аш күзендей белін бүгілтіп,Әділ жаннан түңілтіп,Ат көтіне үңілтіп,Артыма салсам деп едім.Тілекті Тәңірі бермедіӨздеріндей хандардыОсылай бір қылсам деп едім, — дейді."Ойпырм-ай арманың көп екен ғой" — деп мысқылдап Баймағамбет күлген болыпты. Сонда Махамбет:Хан баласы аксүйек,Ежелден табан аңдысқан —Ата дұшпан сен едің,Ата жауың мен едім.Ежелгі дұшпан ел болмас,Етектен кесіп, жең болмас.Хан баласы ақсүйек,Байеке сұлтан, сен болып,Сендей нарқоспақтың баласыМаған оңаша жерде жолықсаң,Қайраңнан алған шабақтай,Қия бір согып ас етсем,Тамағыма қылқаның кетер демес ем, — деп, Махамбет алмасын суырғансын, жұрт қозғалақтап қалыпты. Сонда Баймағамбет: - "Бұлай айтпаса, Махамбет батыр бола ма, батырдың сөзін көтермесем, мен хан болам ба?" — депті. Махамбеттің бас кесуге шақ қалып тұрған сұсы басып, Ордадағылардың өре тұра келуге шамалары келмеген. Оның үстіне Махамбетпен бірге келген Алаша батырлары мен Үбілердің нағыз жем-жемге келгенде Махамбет жағында болатынын сезген Баймағамбст аңқау батырды астына көпшік қоймаса, өзіне кауіптің төнгендігін біліп, өтірік алдарқатқаны белгілі. Қажым Жұмалиевтың 1937 жылғы "Әдебиет майданы" атты журналдың 8-7 сандарында жарық көрген "Махамбеттің ерлігі" атты мақаласында: "Егер де шамданып, әрекет жасағысы келетіндей қимыл сезілсе, түгелдей жайратып салайын деп дайындалып барып едім", — деп Махамбет айтыпты" делінген.ҚАРАЛЫ КҮНМахамбет Орданың есігін жұлқып ашып сыртқа шыққанда Үбі де, Алаша ауылының адамдары да Баймағанбетпен қоштаспастан ере шығады. Махамбетке еріп, Қараойға келген Үбілер Қараойда енді отыра беруге болмайтынын айтып, Үбі өзінің ауылына көшіріп әкеткісі келеді. Махамбет оған келіспейді. "Баймағанбет есебін тауып сенің көзінді құртудың айласын қарастырады, қайда барсаң да елдің ішіне көш" деп Үбі қоштасып, жүріп кетеді.1846 жылы 19 қазан күні Махамбеттің үйіне Жаңбыр Боздақұлы, Төрежан Тұрымұлы, Тама руының старшыны зауряд-хорунжий Ықылас Тілеуұлы, Жүсіп Өтемісұлы мен Мұса Нұралыұлдары бастаған он бес-жиырма адам екі топ болып келеді. "Жоғалған жылқы іздеп жүрміз" деп, аттарын тұсап, жайылысқа жіберіп, Махамбеттің үйіне келіп, дастархан үстінде Ықылас бастап, Махамбетке жармасады. Батырдың өлімін Тәкен Әлімқұлов өзінің "Қараой" деп аталатын шығармасында былай суреттейді."Молдас құрып отырған Махамбет жығылмады. Бір тізерлеп түрегеле беріп, басымсн Ықыласты бұқаша сүзіп жіберді. ЬІқылас: "Ах" — деп, аузын басып қалды. Осы уақытта Махамбетке төрт адам жабылып үлгерген. Екеуі екі қолын қайыра бастады. Махамбет құрыққа ілінген құландай: "Бала-шағадан аулақ" — деп жанұшыра бұлқынып, табалдырыққа сүрініп екпетінен құлайды".Қаншама жанның аяғы аттағаны белгісіз көне табалдырықтың алдында опыр-топыр басталды. Махамбет жауған жұдырықты елемей, бар күшін жиып, екпеттей күжірейіп,жендеттерді сауырдан төге берді. Олар қайта жармасып, шықшыттан, батырдың тынысын тарылтуға күш салды. Махамбеттің теңдессіз үлкен жүрегі тынымсыз дүрсіл қағумен болды. Жаралы арыстанның ыңыранғанындай, тұншыққан домалақ дүрсілден Ықыластың үрейі ұшты. Ол қазандықтың қасыңда жатқан тоқпақпен Махамбеттің басына ұрды. Махамбет ақтық рет: "Әуес..." — деп, сылқ түсіп, сұлап қалды.Жендеттің бірі Махамбеттің қатын-баласын сыртқа шығармай, қара қанжармен жасқап тұрған. Әкесінің ақтық арызын естігенде, Нұрсұлтан оқ жыландай атылып, жараланып қалды. Махамбеттің үй-іші ұлардай шулап жатты.Махамбет тілге келмей кетті. Бірақ, талайға шейін жүрегі дүрсілдеп, миы шықылдап, бүкіл өмірін көз алдынан өткізіп жатты. Ақырғы үні "Әуес" болса, ақырғы ойы "қайран, халқым" деген екі сөзге сайды. Жан тәсілім қыларда қанталаған қой көзін кең ашты. Жарық дүниемен қоштасып, Қараоймен арыздасты. Ұзақ жолдың түйіні қысқа екенін бірінші рет біліп бара жатты. Жаңабергендер шідерлі аттарына келе жатты. Түстері өрт сөндіргендей әлем-тапырақ. Тісі опырылып қалған Ықылас маңқадай мыңқылдап: "Жаңа боталы түйені сіз жетектеңіз" — деп еді. Не істегенін енді сезінгендей, тұлданып, түнеріп келе жатқан би шұбар тарландай тулады: "Бүлінгеннен бүлдіргі алман, менің ісім бітті ". Махамбеттің атын Ықылас мінгенде Жаңаберген және ашу шақырды: "Е, немене, қолыңдағы бастың бодауы аздық қыла ма? Жетімектеріне калдырсаң нетті. Ықылас тоқетерінен бір-ақ қайырды: — Сұлтанның әмірі осылай, би-еке! — Жаңаберген жым болды. Махамбеттің жүйрік күреңі қарабеттің астында ойнақшып шыға келді. Бағана күйеудей жаяулап келгендер астан желіккен жиендей еркінсіп, білген базыналығын жасап, тасырлата жөнелді.Қараойдың қойнауында жалғыз үй жапа-жалгыз кала берді. Әуес күйеуін құшақтап қыздай сыңсып. Нұрсұлтан етбеттеп еңіреді. Жас бала шырылдап, үй айнала берді. Үй маңынан бота боздады. Өрістен енесі аңырады. Түйе қызыл изенді қыдыра шалуын доғарды. Қараойдың үстінде көң қарға мен қызғыш құс ұшып жүрді. Күн батар шақ еді. Қараой қаралы қызыққа толып, дөңгеленіп бара жатты. Сол күні ай "тұтылды" деп аяқталады. Иә, Қараой қаралы қызық емес, қайғыдан ішін тартып, үнсіз солықтап, қас қарайып, күннің бетін қызыл мұнар басып, батып бара жатқан еді...Баймағамбеттің шындығында, Махамбетті ұстап әкелу емес, "өлтіріп басын кесіп әкеліңіздер" деген тапсырмасы сөйтіп, 1846 жылдың 19 қазан күні талтүсте қарабет жандардың қолымен орындалды.Махамбетті өлтіргендер де Баймағамбеттің айла шарғысы арқасында жазаға тартылмады, жаза түгіл, құнын да ешкім даулап жарытпады.Үлкен ұлы Нұрсұлтанды Әуес Байнақ аулына апарып, сол жерді сағалап қалады. Нұрсұлтан 70 жастай өмір сүреді. Сауғабай, Шәкір, Мырзағали деген балалары болған. Олар Оралдан асып кетіпті. Қазір де тұкымдары сол жақта бар деген әңгімелердің ізі шығып жүр.Байбақты Бірәлінің қызынан туған Махмұт жастау кезінде өлген. Одан екі қыз бала қалған. Соның бірі — Нұрбике Адайдың Медет тайпасынан Есболай дегенге тұрмысқа шығады. Одан — Байғали ақсакал болды. Байекеңнің Орақ, Мамай атты балалары қазірде Маңғыстауда тұрады. Үйлі-баранды, беделді азаматтардың бірі болып саналады.ОРЫНДАЛҒАН АРМАНҚазақтан талай батырлар шыққан, бірақ, Махамбет деңгейіне, Махамбет дәрежесіне жете алған жоқ Оның себебі, батырлардың бәрі бірдей ақын болмаған, жауына қарсы қаруын кезегенмен, тілін безей алмаған. Ақындарымыздың бәрі бірдей батыр болмаған. Жауына сырттан тіл безегенмен, кек сүңгісін қолға алып, жауын шанши алмаған. Махамбет қасарысқан жау ортасына қол бастап кіріп, ерліктің үлгісін көрсетіп, шыбын жанын пида етіп айқасып, ақ алмасымен тіліп түсіп отырған. Махамбет өзгеде жоқ та, өзінде ғана бар құдіретті қасиетімен батырлар тарихында да ақындар тарихында да, сазгерлер деңгейінде де жарық жұлдыздай жарқырап жанып тұратын қайталанбас дара тұлға.Махамбетің бойындағы батырлық пен ақындық қасиеттері бір-бірімен ажырамай жымдасып жатуы таңқаларлық құбылыс. Мұндай өте ерекше қайталанбас бейнені тек қазақтан емес, әлем тарихынан кездестірмеген сияқтымыз.Мысалы, кай елден шыққан акынды, патшасының алдына келіп, бес қаруы бойында қасқиып тұрып:Хан емессің қасқырсың,Қара албасты басқырсың.Дұшпаның келіп табалап,Достарың сені басқа ұрсын.Хан емессің ылаңсың,Қара шұбар жылансың.Хан емессің, аярсың,Айыр құйрық шаянсың, - деп айтқанын қайдан естіп едіңіздер, немесе қандай тарихи деректен оқыдыңыздар? Бұл - әлем тарихында тұңғыш рет жеке адамның басынан кездескен жағдай немесе асқан көзсіз батырлық!Соңғы кездерде жаңаша ойлау, жаңаша көзқарас дегенді бір үлкен философиялық ғылыми еңбек етіп, Жәңгірдің жақсылық жақтарын бұрын ешкім білмей, сезбей келгендей жаңалық етіп шығарып жүргендер де бар.Махамбеттанудың негізін құраған Халел Досмүхамедовтен бастап, оны түбегейлі түрде зерттеп, жетілдірген Қажым Жұмалиевтың еңбектерінде Жәңгірдің прогрессивтік тұрғыда атқарған қызметтері мақталған жоқ, жағымсыз етіліп көрсетілсе де, айтылмай қалған жоқ Әрине, тоталитарлық кезеңде Жәңгірдің жақсы жақтарын ешкім жазып көрсете алмады. Бірақ, жазылмаса да халық оны біледі. Ол ешкандай да жаңалыққа жатпайды.Бөкей хандығы құрылғаннан кейін, жоңғарлар мен қалмақтар иеленген өзіміздің туған даламыз - Еділ-Жайық арасын қайтарып алдық. Иесіз жатқан құмайт далаға Орда қаласы салынды. Түйесін қомдап, атын жалдап жүрген көшпелі қазақтар отырықшылыққа айнала бастады. Топырағы сусып, шаңытып жатқан құм жағасына көк шыбықтар шаншылып, орман өсті. Қазақ даласынан тұңғыш қазақша-орысша білім беретін мектеп ашылды. Кітапхана, клуб, мұражай орнап, керуен сарайы салынып, сауда-саттық орындары пайда болды. Осының бәрі европаша білім алған, тұңғыш рет қазақтардың ішінен генерал шенін алған қазақ — Жәңгір Бөкейұлының атқарған ісі еді.Жәңгірдің осылайша атқарған ісіне халықтың сол кездегі де (ескіше), қазіргі кездегі де (жаңаша) көзқарастары бұрыс болған жоқ, дұрыс болды. Халықтың көзқарасы ол кезде баска, қазір басқа болып шыққан ештеңесі жоқ. Жәңгір әкесі Бөкей Тайманмен анттасып, төс түйістіріп дос болды, оның баласы — Исатай. Бөкеймен қатар өмір сүргсн от ауызды, орақ тілді шешен, еліне белгілі би Өтеміс, оның баласы - Махамбет. Исатай да, Махамбет те Жәңгірмен дос болды. Жәңгір — хан болса, Исатай оның ақылды биі, қол бастар батыры, Махамбет оның ордасының сәнін келтірген ақыны, баласына білім берген ұстазы болды. Екеуі де ханның старшыны болып тағайындалды. Исатай да, Махамбет те тұрмыстан кемдік көрген жоқ. Жәңгір олардың қолын қай жағынан да қаққан жоқ. Жәңгірсіз де олардың тұрмыстары жоғары еді. Осылайша сарыуыздай ұйып тұрған достық неге бұзылды? Араздықтың жаулыққа, жауласуға бет түзегені қалай?Исатай мен Махамбеттің Жәңгірмен кетісу себебі — қалың бұқараның қиналған жағдайынан еді. Жәңгір хан өзінің төңірегіне, ел билеу жұмысына түгелдей өз ағайындары мен қайын жұртын жинады. Олар халықтың жағдайымен санаспады.Жәңгір хан Европалық өнер-білімді бұқара халықтың өмір сүріп отырған деңгейіне санаспастан, үсті-үстіне салық салып, зорлап, жер-жебіріне жеткізіп кедейлендіріп, қарсы шыққанына дүре соғып көндірумен күшпен енгізді. Жәңгірдің жүргізген аристократтық цивилизаторлық өзгерістері хаңдықгы күшейтіп, орталықтанған үстем тап өкілдерін көтермеледі. Немесе, Жәңгір хан өзінің барлық қайратын өнер мен білімге, хандық салтанатты көтеруге жұмсаймын деп, елді есінен тандырып, азғантай малымен күнелтіс жасап отырған кедейлерді қайыршылыққа ұшыратты. Сөйтіп, орталықтанған бюрократтар тобын құрып алды. Кейбір жазбалы деректерге қарағанда Жәңгір дүре соғу жазасын, мемлекеттік алымдардың сорақы түрлерін енгізді. Хан сыбағасы, хан соғымы, тұяқ ақы, қызыл киіз, отыз ауыз, құшыр, пітір сияқты елдің титығына жеткен салықтарды Жәңгір ханның айналасындағы алпауыттар ойлап тауыпты. Өзінің айналасындағы ел билеуге қойған қорқаулары, хан қарамағындағы қалың бұхараны жаппай тонаса, тәуір қыз-келіншектерін зорласа, бұл халыққа келген сор емеспе? Әсіресе, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов күйеу баласын арқаланып, әбден араны ашылған арсыз алаяқ, сотқар, жебір, жалақор, айдапсалғыш адам еді. Осы секілді басқа да тума-туысқандарының, жақын-жекжаттарының бетін қайтарып тәртіпке шақыру Жәңгірдің қолынан келмеді. Оның себебі, халықты зар-еңіретіп күшпен түсірген табыстан өзі де құр алақан емес болатын. Оның үстіне ақылдылығы мен зұлымдығы катар жатқан, басына қонған бақты байқамаған, таққұмар Жәңгір өзінің хан мансабын сақтап қалу мақсатында өз халқына емес, орыс патшасының қазаққа қарсы қару есебінде пайдаланып отырған — казак-орысқа сүйенді.Қалың бұқараның ханға жауығуына негізгі себеп — осы болды. Әділеттілік пен шындықты жақтаған Исатай, Махамбеттер халықтың жағына шықты.Россияның билеуші таптарының Жәңгірді оқытып, тәрбиелеп, дала деспотына айналдыруында да көзделген зымияндық мақсаттар жоқ емес еді. Біріншіден, қазақтарды орыстандыру, шоқындырып, дінінен, тілінен бірте-бірте алшақтатып, "қазақ" деген ұлтын ұмыттырып, құл есебінде пайдаланғысы келді. Сондықтан да, Россияның үстем тап өкілдері қазақтың өзінің қолымен өз отын көсеттіріп еді. Бұл жағдайды Жәңгір хан да сезді. Бірақ, "хан тағынан" айрылғысы келмеді.Махамбет пен Жәңгір бір-біріне бетпе-бет келіп кінәласқанда, тіктесе беругс шыдамай, тауы шағылған Жәңгір Махамбетке карап: "Алдым — жалын, артым - өрт, екі оттың ортасында жүрмін, қайтейін" — депті. Бұл жерде "алдым жалын" деп отырғаны қорлық пен езгіге, зорлыққа қарсы кектенген қалың бұхараның өзіне қарсы көтерілуі болса, артымдағы өрт дегені — ханға билік берген болып, сол арқылы халықты құлдықта ұстаудың арам саясатын ұстанған орыс патшасының іс-әрекеті еді.Осындай арамзалар баскарған аласапыран заманда хан мен халық арасында қандай ынтымақты достық болуы мүмкін. Болған жоқ, жауласуға көшті. Жәңгірдің жасаған жақсы істері халыққа жасаған сансыз қиянатының көлеңкесінде қалып қойды. Халықтан алған алғысынан, қарғысы көп болды. Міне, халық пен ханның арасындағы соғыстың болу себебі осы еді.Махамбеттің арманы мен алдына қойған мақсатын мына бір толғауынан анық көруге болады ғой:Еділдің бойы — ен тоғайЕл қондырсам деп едім.Жағалай жатқан сол елгеМал толтырсам деп едім.Махамбет жеке бастың қамын ойлаған жоқ, ол күйкі тірліктің дәмін татқан жоқ Оның өмірінің орнында өшпес ерлік, ұмытылмас даңқ қалды, елді өкінткен қасірет қалды. Оның ойлағаны тек қана ел мүддесі болды. Өзінің от басын ойынан шығарды, ұмытты. Қысқа өмірінде рахат көрген жоқ "Тебінгісін терге шірітіп, терлігін майға ерітіп, алты малта ас болып, өзінен туған жас бала — сақалы шығып жат болып" жүргендегі көксегені — қазағының болашағы немесе біздің бүгінгі қазақ елінің егемендігі еді.Махамбеттің барлық арманы да, поэзиясының тақырыбы да жоғарыда айтқанымыздай, қазақ халқының егемендік пен елдікті көксеген Ұлт-азаттық майданы деп түсінгеніміз жөн.Махамбет өлеңдерінің ерекшелігін көне қазақ поэзиясымен сарындастығынан да көреміз. Аңыз есебінде оқта-текте айтылып келген бағзыдағы "Бұлт болған айды ашқан, мұнар болған күнді ашқан, мұсылман мен кәуірдің арасын бұзып дінді ашқан" Сүйінішұлы Қазтуған мен "Тоғай, тоғай, тоғай су, тоғай қондым, өкінбен; толғамалы ала балта қолға алып, топ бастадым өкінбен; ту құйрығы бір тұтам тұлпар міндім, өкінбен; туған айдай нұрланып, дулыға кидім, өкінбен; зерлі орындық үстінде, ал шымылдық ішінде тұлымшағын төгілтіп, ару сүйдім, өкінбен " деген Досмамбет пен "Алп, алп басқан, алп басқан, арабы торы өзіңсің; Жазылы алтын, қол кескен - алдаспаным өзіңсің" деп, мақтағанда сый көрсетпегеніне ренжіп "Еділден аққан сызашық біз көргенде тебінгіге жетер-жетпес су еді — телегейдей сайқалтып, жарқыраған беренді теңіз етсе, тәңірі етті; жағасына қыршын біткен тал еді — жапырағын жайқалтып терек етсе, тәңірі етті; тебінгінің астынан ала балта суырысып, тепсінісіп келгеңде, тең атаның ұлы едің, дәреженді артық етсе, тәңір етті" деген Шәлгездердің толғауларын жазушы Мұхтар Мағауин тарихи зерттеу нәтижесіңде алғаш рет өзінің "Алдаспан" атты романында (Алматы 1971ж) жарыққа шығармаса, Махамбеттің найзағайдай жарық еткен жырларының ескідегі әруақты ұлылардың жырының жалғасы, соның сарыны, соның жаңарып жетілгені екенін біздер білмеген де болар едік. Махамбеттің көненің көзі екенін, ескі әруақтардың рухынан нәр алғандығын оның толғауларының сарынынан байқаймыз.Махамбет ақын — дабылды жырдың атасы, оның жырлары дауылпаздың саңқылындай қияннан естіліп, Гималай тауының биік шоқысындай кеудесін көкке тіреп, мен мұндалап жар салып тұрады. Доспанбет "Айналайын, Ақ Жайық, ат салмай өтер күн қайда? " — деп армандаса, Махамбет: "Ту түбінен ту алған, балдағы алтын құрыш болат, балдағынан қанға малдырған, атқан оғы Еділ — Жайықтан тең өткен" ерді қастерлейді.Шалкиіз жыраудың "Балпаң, балпаң басқан күн" жыры мен Махамбеттің "Мұнар күні" сарындас, үндес жатыр. Солай болғанмен, Махамбет жауға қарсы аттанған сарбаздарының арманын жырлайды. Ал, Шалкиіз ақын "Балпаң, балпаң басқан күн, бай ұлынан асқан күнді" еске салады.Жиембет жырау "Арқаға қарай көшермін" деп Есім ханға ренжісе, Махамбет "Өзекті жанға бір өлім, Орданды талқан қылып шабармын", "Күндердің күні болғанда, Бас кесермін, жасырман", — деп жауының мысын басып тастайды.Ақтамберді жырау "Қоңыраулы найза қолға алып, қоңыр салқын төске алып, қол төңкерер ме екенбіз, жалаулы найза қолға алып, жау қашырар ма екенбіз?" — деп жырлайды. Махамбет керегесін қиратып, отын еткісі келеді, туырлығын кескілеп, тоқым еткісі келеді, тақта отырған хандардың, төрде отырған ханымын қатын еткісі келеді, ханның басын кескісі келеді. Махамбет айдап салма жыр шығарып, үйінде қала бермейді, жауға қарсы қаруын ұстап, халықты өзі бастап шығады. Майданға өзі бастап кіреді.Елге белгілі академик жазушы Зейнолла Қабдолов ағамыз Махамбет туралы: "Әдебиеттің бір үзілмес арқауы "Махамбет" деген мәңгілік тақырып бар; оны жырлауға Махамбеттің мұршасы болмады. Бұған келгенде қолына ұстағаны қалам емес, найза қалай жырласын? Махамбеттің қызығы - сүйген жар, оның қайда қалғаны белгісіз... "Қосылған жаста арудың көре алмай кеттім құлашын" деп өкіне бере, ізінше: "Қайтейін, қатын қалса, бай табар, қарындас қалса, жай табар, артымда қалған ақсақал кеңес құрған күн — ақылменен ой табар"; жалғыз-ақ, "кейін қалған жас бала күдер үзіп біздерден, көңілі қашан жай табар?" деген толғауын және Исатайға тоқтам салған жырларынан үзінді келтіре отырып, Махамбетті "өмірдегі — қасіреттің синонимі, өнердегі - қасиеттің символы болды" деп бір сөзбен әділ бағасын берді деген тұжырымға келеміз.Шындық өлмейді, шындықтан - шынайылық туады, шындықтың туы жығылмайды, шындық түбінде жеңіске жетеді деп әңгімелейді, дана қазақ. Олай болса, Махамбеттің ісі де, сөзі де өлмейді деген тұжырымға келеміз. Махамбеттің батырлық қимылы мен ақындық шығармалары өтірікті бойына дарытпай, халқымен қол ұстасып, тарихи деректерде қалатын ақиқаттың іргесін қалады. Махамбеттің халықтың ойынан қалмай ардақталуы да сол шындықтан таймағандығын, әділеттің жолынан аумағандығын деп түсінеміз.Махамбеттің қол бастаған батыр, ел бастаған ақындығымен қатар, дарынды сазгер екендігін де әңгімелеген артық болмайды. Махамбеттің өзінің көңіл күйлерімен сарындас немесе өзінің шығарған жалынды жырларын, заман зарын сазға айналдырған күйлерін көреміз. Өзінің досы, әрі ағасы Исатайдан және өзінің каңды көйлек, бірі іні, бірі аға болып жүрген жаужүрек достарынан айрылғанда шығарған "Өкініш" күйінен және түрмеге түсіп торлы терезенің арғы жағында отырғанда шығарған "Шілтерлі терезе" күйлерінен өкінішпен қоса ызаланған арыстанның бұлқынысы естіледі. Нарынды жайлаған елдің басына төнген қара бұлтты көріп, "Қайран Нарын", Исатайдың астындағы асқан жүйрік Ақтабан атқа арнап, "Исатайдың ақтабаны" немесе өзінің үзеңгілес ер жүрек ағалары мен інілеріне арнап шығарған "Тарланым", "Жұмыр қылыш", "Жорық" күйлерінің басқа сазгерлердің күйлеріне ұқсамайтын сарындылығы, үнділігі, дауылпаздығы ерекше назар аудартады. Себебі, бұл күйлер айқас алдындағы дабылды елестетеді.Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаев Махамбет туралы: "Дүниеде Махамбеттей адамдардың болғаны — өзінің адам деген нәсілдің бірі екендігінің заңды мақтанышын туғызады. Дүниеде Махамбеттей адамдардың жасауы — топырақ жалаған жауын құрттай жер бауырлаған жебір пенделік пен сұңқардай сұңқылдаған асқар азаматтықтың арасындағы шырқау айырмашылықты айқындай түседі. Ал, енді Махамбеттей асыл азамат қанын қиған халықтан туып, Махамбеттей адам құдіреттей аңсаған армандар мен мұраттарға өзіңнің де мүдделілігіңді сезіну өз алдына ғанибет, өз алдына сүйініш" — деп толғанады.Е. Пугачев, Сырым Датов, Исатай-Махамбет бастаған шаруалардың ұлт-азаттық көтерілісі қалың бұқараның санасын оятты. Халық таптық теңсіздікті таныды. Елді езіп келген хан, сұлтандардың да жеңіліс табатынына, оларды да жоюға болатынына көздерін жеткізді, Иса, Досан, Ерназар, Жанқожа, Есет, Аманкелді, Бекболаттар бастаған үлкен қарсылықтардың пайда болуына мұрындық болды.Езілген еңбекшінің арман-мүддесін жоқтап, таптық теңсіздікке қарсы, бүкіл адамзат баласының ортақ мұраты үшін айқасқа шыққан Махамбет бір халықтың ғана перзенті, оның озық ойлы жырлары бір халықтың ғана қазынасы болып қалмақ емес. Бүкіл адам баласының асып мұратын айқындаған күрескер ақынның мұрасын тек қана казақтікі емес - бүкіл халықтар игілігі деп түсінсек жөн болады.Махамбет халық көңіліндегі асыл арманы - еркіндікті, бостандықты, теңдікті егемендікті аңсады, соның жолында күресті, арманына жете алмағанмен, артына жол калдырды, өнеге қалдырды, ерліктің, өрліктің, адалдық пен шындықтың ұмытылмас бейнесін қалдырды. "Қатын бала, қара орман, баршасын жауға алдырып, қарулы жатқан жебеге құрсағынан шалдырып" жүргендігі алдына қойған мақсат мүддесі — елінің ертеңі, нақтысын айтсақ, бүгінгі күніміз — азат Қазақ елінің егемендігі еді.Міне, он екінші жылға аяқ бастық, Қазақстан — егемен ел, азаттығын алған, өз алдына дербес мемлекет. Бізді орыс патшасының қазақ елін құлдықта ұстау үшін қарауылға қойған екі жүзді қайырсыз хан билеп отырған жоқ Өзіміздің ішімізден шыққан, тіл-көзден аман болсын, терең білімді, жаңа заманның ойшылы, казақтың баласы — Президентіміз бар. Махамбеттің арманы орындалып жатыр. "Еділдің бойы — ен тоғай, Ел толтырып жатырмыз, Жағалай жаткан сол елге мал толтырып жатырмыз" деп мақтана алатын дәрежеге келдік.Тәуелсіздігіміздің жүріп өткен онбір жылына көз қырымызды салып қарасақ, олқылықтарымыздың орны жыл санап толып келеді.Елбасымыздың ақылдылығы мен ұйымдастыру қабілетінің арқасында халқымыз достыққа, бауырластыққа, ауызбіршілікке, жаңа бағыт-бағдарға, нақты іс-әрекетке көшті. Айталық, ұлтымыздың әдебиетіне, мәдениетіне, тарихына, денсаулыққа, әлсіреп калған ауылдың жағдайына айрықша назар аударылып отыр. Жаңа ғасырдың үшінші жылының табалдырығынан аттағанымызға үш айдың үстіне енді шыға бергенде, Елбасының, өз халқын қуантқан Жолдауының жариялануы нұр үстіне нұр болды.Жолдауда көрсетілген үш сала — "экономикалық өсу", "әлеуметтік даму", "демократияландыру және тиімді басқару" деген түйінді реформалар орындалып, өзге мемлекеттерден көш ілгері шығатынымызға, халқымыздың әлеуметтік жағдайларының қазіргімізден анағұрлым жақсаратындығына сенімімізді молайтты. Немесе, Елбасымыздың көрегендікпен іске асырып жатырған экономикалық саясатының арқасында адам дамуының халықаралық стандарттық деңгейіне де жетіп калатын боламыз деген дәмелену де жоқ емес."Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жаңғырып" жатқанын тізбелемегеннің өзінде көне дүниеден Бейбарыстың, түп-тұқияндағы түркі құндылықтарының туған топырағымызға оралғаны бізді түпкі тегімізге үңілтпей ме?Немесе, Абай мен Жамбылдың жүз елу жылдық, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтердін жүз жылдық мерейтойлары ЮНЕСКО арқылы Халықаралық деңгейде аталып өтуі халқымызды мерейлендірген жоқ па?Махамбет Өтемісовтың екі жүз жылдығын тағы да ЮНЕСКО шеңберінде дүниежүзілік дәрежеде өткізілетін болып шешілуі — тікелей Елбасының еңбегі деп білеміз. Өзінің елі бар, елін бастаған Нұрсұлтандай данасы бар Махамбеттің өшпес батырлығы мен ақындығы, сазгерлігі бүгін де егемен елдіктің өшпейтін рухымен осылай астасып жатыр. Махамбет толғауларын — тарихымыздың куәсі, өткен заманның арманы, үні, сыры деп түсінеміз.Махамбетке — ертедегі атақтары аңызға айналған батырларымыз Орақ Мамай, Қарасай, Қази, Алпамыс, Қобыландылардың қасиеттері келіп дарыса, қазақ поэзиясының алыптары Қазтуған, Досмамбет, Шалкиіз, Ақтамберділердің рухтарының келіп қонақтағанын сезінгендей боламыз. Сол рухтардың жыр керуендерінің Махамбеттен — Абайға, Абайдан — Мағжанға, Мағжаннан — Қасымға, Қасымнан — Мұқағалиға келіп тоқтағаны қайран қалдырады.Енді, XXI ғасырдың, жаңа заманның Сабыр Адай бастаған жас ақындарымыздың жырларынан да Махамбет сарындарының анық естіліп тұрғаны ғажайып нәрсе емес пе?Махамбеттің толғауларын оқып отырғанымызда "Өртке тиген дауылдай өлеңі" өзіне ұқсаған Қасым, "Күпі киген казақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарған" Мұқағалилар тек қана жазушы ағаларымыз емес, біздердің де ойымызға түседі. Олар да Махамбет бабаларына тартқан - асылдар екенін, олардың да отты сөздерін халық жадына сақтайтынын, оларға да ойып орын беріп, еңбектерін зерттеп, мүшелтойларын бүкіл ел болып тойласақ, Махамбеттің рухы тағы да бір риза болар еді-ау, деген жүйрік ой көңілімізден кетпейді.Махамбеттің аңсаған арманы орындалып, оның адамгершілік мұратына әділ баға беріліп жатқан, ешкімге тәуелді болмай өз алдына отау көтеріп отырған, бүкіл әлем таныған басшысы бар қазақ халқы бар жерде Махамбеттің аты да, сөзі де, ерлігі де, тегі де өлмейді.Махамбеттің батырлығын, ақындығын, оның күйлерін келер ұрпақтарымыз да ғасырлар бойы қастерлеп, мақтан тұтатыңдығына сеніміміз мол.