ВЕРНУТЬСЯ

Өмірбаян орнына жазылған өлең

        Тамыздың туылыппын төртінде мен,

Сырым көп сендерге әлі шертілмеген.

Қолды сілтеп кетіп ем барлығына,

Қайтадан Алматыға келтірді өлең.

Иттей талап,

шеттетті,

қақпайлады,

Жан дос деген жақыным сатты айлалы.

«Ішкіш,

жүргіш,

жазғаны түк емес", - деп,

Жоғарыға жалалы хатты айдады.

Эфирлерден ән болып естілмедім,

Тым кеш сездім есімнің кеш кіргенін.

Шынымды айтып,

шырылдап,

шырқырап ем,

Сырларыма сенбеді ешкім менің.

Қатты батты,

жаныма сенбегені,

Қасым Аманжолов жайлы жыр

     Ақын зиратындағы
ой

     Қабырға сөккен қазақтың мұңы тербеткен,

Қара бала едім қараша ауылда ержеткен.

Қаратау жақтың қара талының шыбығын,

Ат қылып мініп түскенмін жолға сен кеткен.

Көсіліп жатқан

куә ғой

қырат, сай мына,

Қырандар көкке қанатын бірден жайды ма?

Мәңгілік өмір іздедім мен де өзіндей,

Қаршадайымнан айналып Асан қайғыға.

Жырақта қалып жылдарым сауық құратын,

Басында тұрмын,

қасында тұрмын, ұлы ақын.

Қасым боп ашқан дүниенің мынау есігін,

Есіл жылдар

       Өткеннің алуан түрлі сұрақтарын

Жасырдың неге менен, қыраттарым.

Өкпелеп қалған қыздай үнсіз ақты-ау,

Сыбырлап сыр айтатын бұлақтарым.

Жолымды кесіп өттің неге менің,

Жырымды ақ жаңбырдай төгер едім.

Тізілген тырналарды қимай жатты-ау,

Сырларын ішке бүккен төбелерім.

Кеткенмін сағынған соң шыңды дара,

Төбемде жарқыраған күнді қара.

Түсіме жиі енеді соңғы кезде,

Баяғы анам жатқан мұнды мола.

Ана бұлт жаумай өткен несін бұлдар,

Түбінде ұлы жырдың көшін тыңдар.

Ақ таңдар

       Жүрегім, жүрегім,

О, менің жүрегім.

Елестеп кетпеді,

Кетпеді гүл өңің.

Қос жүрек бір-бірін,

Қимайды білемін.

Ақ таңдар,
ақ таңдар,

Арайлы ақ тандар.

Махаббат азабын,

Құрбылар, татпаңдар.

Махаббат аққу құс,

Аққуды атпаңдар.

Ақ таңдар,
ақ таңдар,

Сырымды сақтаңдар.

Сағыныш, сағыныш,

Сағымды сол шақты.

Кірпіктен үзілген,

Тізілген моншақты.

Аяулы сол бір кез,

Жаным-ау, аңсатты.

1978 ж.

Жәнібек Тархан жан бабам!

     Бурадайын жараған,

«Жау қайдан?» деп қараған,

Тартып мінген ат жалын,

Қылышымен тараған,

Жәнібек тархан жан бабам!

Боз қыраудың күнінде,

Ай-жұлдызсыз түнінде,

Тебінгісін теріс таққан,

Сағана там түбінде.

Жұртының жүгі жатса ауып,

Қайғысын қуып, көк сауып.

Тұманды серпіп таратқан,

Бадана көзді ақ сауыт.

Сағымы жүзген даламнан,

Он сегіз мың ғаламнан...

Бесіктегі бала үшін,

Бейіттегі дана үшін,

Кетпей қанды алаңнан.

Жамылғаны жапырақ,

Төсенгені топырақ.

Страницы