ВЕРНУТЬСЯ

       Өткеннің алуан түрлі сұрақтарын

Жасырдың неге менен, қыраттарым.

Өкпелеп қалған қыздай үнсіз ақты-ау,

Сыбырлап сыр айтатын бұлақтарым.

Жолымды кесіп өттің неге менің,

Жырымды ақ жаңбырдай төгер едім.

Тізілген тырналарды қимай жатты-ау,

Сырларын ішке бүккен төбелерім.

Кеткенмін сағынған соң шыңды дара,

Төбемде жарқыраған күнді қара.

Түсіме жиі енеді соңғы кезде,

Баяғы анам жатқан мұнды мола.

Ана бұлт жаумай өткен несін бұлдар,

Түбінде ұлы жырдың көшін тыңдар.

Ессіз күннен бір белгі қалдырмастан,

Ес жиғызбай барады-ау есіл жылдар.