ВЕРНУТЬСЯ

     Арғымақ қайда, аспанға шапшып атылған,

Айналдым, елім, айналдым ата салтыңнан.

Күншілдер, мейлі, күңкілдей берсін, жан әке,

Қобалжып оған тартынбан.

Шылбырды шешші, іздейін ән-күй, ақ арман,

Мұнартып тұрған көк таулар қайда жоғалған.

Жыр қуып кеткен адамның бәрі көктемде,

Акын боп қайта оралған.

Сендерге сенем, Алатау сынды ағалар,

Бапкерім болар, сүрініп кетсем, тағалар.

Тілеулес болғын бал құрақтарың балбырап,

Сылдырап жатқан сағалар.

1977 ж.