ВЕРНУТЬСЯ

      Асылына балаған,

Әлпештеген жан анаң,

Аққуымсың, қазымсың менің.

Ай нұрынан жаралған,

Бір өзіңде бар арман,

Сағынышым, сазымсың менің.

Бақытымсың, жан ботам,

Жақұтымсың, жан ботам.

Ғұмырымның мәнісің, қызым,

Елшіл боп өс, жан ботам,

Жершіл боп өс, жан ботам,

Анаңның сен әнісің, қызым.

Нұрлы өмір сүр, жаным,

Сырлы өмір сүр, жаным.

Жетелесін ұлы ағаң ботам.

Сүйсін туған құба бел,

Биіктерге шыға бер,

Тартылмасын бұлағың, ботам.