ВЕРНУТЬСЯ

       Есімде Күреңбел қырлары,

Беймаза жылдарым зырлады.

Ол кезде бозбала ақын едім,

Бір сен деп төгілген жырлары.

Есімде сүйдің сен, асылым,

Мен-дағы армансыз тасыдым.

Тағдырдың бейопа сыйы барын,

Неліктен білмедік, ғашығым.

Есімде Күреңбел кештері,

Таулардан самалдың ескені.

Соңғы рет өзіңмен қоштасарда,

Бұлттардың күркіреп көшкені.

Есімде Күреңбел көктемі,

Аңсатып қүстардың жеткені.

Қайтейін қинайды жүрегімді,

Өмірдің өзіңсіз өткені.

Жиырма жыл көрмегенмін,

көрмегенмін,

Қалайша тірі
қалғам,

өлмегенмін.

Көзіңе,

ерініңе,

әуезіңе,

Өлердей болып, жаным,

шөлдегенмін,

Алдыңда тұрмын, міне,

өлмегенмін.

Мұңды
қосқан аяулы гүл есімге,

Алғашқы кездескен кез жүр есімде.

Жағаға шығып қалған балықтаймын,

Мен сені көрмеген күн,

білесің бе?

Жасымда ширығатын,

шындалатын,

Жаным-ау, әдет таптым мұңданатын.

Қамал алар қырықта дәрменсіз қап,

Халге де жеттім білем жынданатын.

Өзгемен шығып кеткен басына ерте,

Махаббат таңғажайып жасыл өлке.

Мәңгілік бала бейнең елес болып,

Өмірден мен де өтермін, асыл ерке...

Жайнайтын жазда гүлі мен белесі талдан,

Өлкеде мына қалқамның елесі қалған.

Бұл пәни мені қоспады сол қызыменен,

Қосады сөзсіз бар болса келесі жалған.

Қояны қойдай өлке бұл,

түлкісі арлан,

Бұлақтарында сол қыздың күлкісі қалған.

Таулар қоршаған ауылға күйеу бала боп,

Біз емес,

алыс Алтайдан бір кісі барған...

Сол бір аруды сүйіп те,

сүйіп те сүйдім,

Елес боп өттің алдымнан,

Күйікте күйдім.

Теріс ағатын өзенге көз жасым тамып,

Махаббат мәңгі екенін биікте білдім.

Қай белден болсын шықпайды,

жыл сайын дарын,

Өртейді мені шілдедей,

күн сайын жалын.

Өзені теріс ағатын киелі өлке,

Гүлінді сүйген білші сен,

бір шайыр барын...

Қабырғаның ар
жағында сен жаттың,

Қабырғаның бер
жағында мен жатгым.

Сені-дағы тербетеді бекзат түн,

Мені-дағы тербетеді бекзат түн.

Ғашығым-ау, шынымен-ақ жасыдым,

Жасыдым да сырымды айттым жасырын.

Барлық нәзік дыбыстардан құралған,

Сенің үнің әлемдегі асыл үн.

Тербетеді мені мұнды бір арман,

Бір арманды аяламай түра алман.

Сенің үнің үлбіреген жібектей,

Барлық асыл дыбыстардан құралған.

Сенің күлкің алтын шуақ шашылған,

Сол шуаққа мәңгі, жаным, бас ұрғам.

Сыр шертесің бір күрсініп,

бір күліп,

Қалып бара жатқан шулы ғасырдан.

Сенің көзің...

тұнған көлдей мөлдіреп,

Қайта-қайта қарай берем елжіреп.

Сол бір көлдің жағасында тұрасың,

Түсімде ылғи орамалың желбіреп.

Сенің ернің қызыл шие үзілген,

Есімді алды мінсіз тістер тізілген.

Сәл анықтап қарап едім,

аяулым,

Қуаныш пен қайғы
көрдім жүзіңнен.

Сіңлісіндей болғаннан соң Тоғжанның,

Мен өзіңді ойлай-ойлай тозғанмын.

Сені жырлап өту үшін жалғаннан,

Аяулым-ау, мұңын алғам Мағжанның...

Дала да үнсіз,

сен де үнсіз тұрдың-ау,

Мендей сені сүйер ме екен қыр мынау.

Алашта жоқ қара көзді қарғам-ай,

Есімді алдың мінезіңмен мұңдылау.

Ақ мақтадай үлбіреген, алтыным,

Бұл өмірдің алды күлкі,

арты мұң.

Аққудайын көліне ұшқан

асығып,

Алматының аспанында қалқыдың.

Бар қайғысын қабылдаған ғасырдың,

Сендегі асыл парасатқа бас ұрдым.

Мұқағали,

Төлегенді жатқа оқып,

Әнін салған Ілиядай асылдың.

Бота айналған менің алтын қазығым,

Сүңгі жақтың жанып тұрған жазының.

Сенің жаның ыстығынан жаралған,

Қызыл гүлдей үлбіреген нәзігім.

Сертке берік перзентімін даланың,

Сендей қызды асыл жанға баладым.

Доссыз қалған жылдарымда табысып,

Тарыққанда қолын созған,

қарағым.

Түн жарымы,

ел ұйқыда,

ояумын,

Егілуге, төгілуге таяумын.

«Махаббат жок», - деген сөзді естісем,

Көз алдыма сен келесің, аяулым.

Ажарың толған ақ
айдай, жаным,

қастарың садақ керілген,

Батылым барып сүйе алмай кеткем,

шиедей тәтті еріннен.

Еркелей басқан күллі ғаламға, ғаламат сол бір сәттегі,

Сурет бейненді көкірегіме түсіріп алғам сенің мен.

Шөптердің иісін аңқытып кеште ақ самал соқса алқаптан,

Ойладым сені, бұрымдарыңды арқаңа қарай тарқатқан.

Өкпелеп іштей ақырын ғана

алыстап кеткен жылдарға,

Бозбалаларға егіле қарап тұрамын

балдай жар тапқан.

Ақ қанат байлап

ақ тамақ жырым өзіңе қарай асығар,

Ақ жаңбыр болып көзімнің жасы ақша жүзіңе шашырар.

Тебіреніп үнсіз,

күрсінер сосын осынау аппақ сезімге,

Ертектегідей ақ махаббатқа түбінде бұл ел бас ұрар.

Алатау жаққа
қарадым, қалқам, қиялмен іздеп

неше мен,

Сандалып сосын келе жатамын

адамдар аққан көшемен.

Махаббатымды қалдырғым келмей,

отырам көзім боталап,

Ағаларымды есіме ап ерте арқасын «жерге» төсеген.

Жаз кетіп ертең,
сағыныш болып келсе де

қоңыр күз мейлі,

Ақ қағаздарға
кемшілігімді

дұшпандарым да тізбейді.

Жатармын жым-жырт,

қалдырып артта
жабырқау,

жадау жылдарды,

Еміреніп сонда,
сәл кештеу бірақ,

туған жер мені
іздейді.

Қара қайғы, соқ,

соққыла жындана,

Маған серік сен емессің,

мұң-нала.

Ататекке иттей адал ит жылғы,

Мені ойлап алаңдайды бір бала.

Үнемі оның асыл ойлар - серігі,

Күйбең күннің бодауынан жеріді.

Мені әлі де жатсынатын қалада,

Сол баланың ерітеді еріні...

Құлазыған туған мына үйдің мен,

Қымбаттығын көкірегіме түйдім мен.

Кешіре алсаң,

кешір, апа,

жалғанда,

Сені,

сосын, сол баланы сүйдім мен.

Қара шалдардың қайғысын еміп ержеткем,

Бозбала дәурен...

жанымды мәңгі тербеткен.

Айсыз түндер-ай,

ақ жаңбырларын селдеткен,

Қара көздер-ай,

әр қиырларда кездескен.

Жоғалтып алып,

іздеймін бәрін жер-көктен.

Махаббат түгіл

жылы сөздерге зар болып,

Жүрсем де қазір сақталдым таза ар болып.

Өлеңге сыйлап кеттіндер мені,

өздерің

Марқасқалар мен нарқасқаларға жар болып.

Бозбала дәурен, бұлттардан сені сұрадым,

Бұрылмасынды білгенде үнсіз жыладым.

Өрекпи жаным төсегіме кегі құладым,

Өзегі өрттей,

мені де естен шығарма,

Соңымда менің жыр жазып жүрген шырағым.

Қара көздермен

қыдырған сонау көп күндер,

Қас қағым шақта елес боп ғана өттіндер.

Өмірде қалай,

айтыңдар,

менсіз шаттанып,

Қалайша менсіз мүңайып, қайғы шектіндер.

Жалаңаштанар жапырақтарын тастап тал,

Біз аман болсақ, айбының талай асқақтар.

Сендерсіз қалса мүлгиді шамсыз перрондар,

Сендерсіз кетсе мұңаяр ескі составтар.

Сағынғанымда самал боп желпіп естіндер,

Барлығын менсіз тағдырларыңмен шештіндер.

Екі келмесін білмедіндер ме,

білмедім,

Бес күн жалғанды
қалайша менсіз кештіңдер

Менің жайым ба,
қуандым,

күлдім,

мұңайдым,

Жазғанын көріп келемін шебер Құдайдың.

Бес жасар бала секілді кейде жылаймын,

Абыз шалдардай ал кейде бақыт сұраймын.

Арулар үшін қай жерде қаным қызбады,

Сағыныштардан жүрегім қақты, сыздады.

Дала жырының соңына салған біздерді,

Аман жүріндер, қазақтың қайран қыздары.