ВЕРНУТЬСЯ

     Жыр оқып ем, қара көз тыңдамады,

Жалт-жұлт етіп барады сырғалары.

Мынау у-шу дүниеде жалғыз тұрдым,

Мейлі, менің соңымда жыр қалады.

Жыр оқып ем танытып марқа қылық,

Сезімімді, санама сарқа тұрып.

Кете барды жасыннан жасқанғандай,

Өлеңімнің бұрымы тарқатылып.

1977 ж.