ВЕРНУТЬСЯ

     (Әзіл-шыны аралас өлең)

    Жайсаңы көп қауым мынау зиялы,

Маған ертең бір биікті қияды.

Күлімсіреп бас изейді барлығы,

Тұлпар ғой деп мұқалмаған тұяғы.

Нұрғиса ағам күй арнайды сарнаған,

Қадыр көкем дастан оқыр арнаған.

Менің осы жыр кешіме айтпай-ақ,

Бұл қазақта бір адам жоқ бармаған.

Ақалтеке ат мінгізіп

Атырау,

Астана жақ шапан жауып жатыр-ау.

Ел ағасын үйіме мен шақырып,

Ұлы адамдар бірге келді, апыр-ау.

Күн көзінен еріп кетті тас бүгін,

Өтер кезі елу емес, жас күнім,

Өз орныңа қайтып кел деп қайтадан,

Жалынады

Ақ үйдегі бастығым.

Ауыл болып бөлінбестен жарасып,

Бір-біріне ілтипатпен қарасып,

Мен туралы мақалалар жазады,

Мағауин мен

Әбіш ағам таласып.

Ертеңіне басталады ақ сапар,

Нан, тұзымен қарсы алады

кеп шаһар.

Қос ат жегіп хор қызымен баратам,

Көз алдымда қылаулайды ақша қар.

Содан кейін мұхит асып шет кеттім,

Ғарыш кезіп,

айды айналып, көкке өттім.

Париждегі он бес
қабат ғаламат,

Ауласында ең
атақты мектептің.

Гүл ұсынған ортасынан топырдың,

Әрең шығып жанына кеп шопырдың.

Есті жисам... әйелім тұр ашулы,

Үйімде мен жалғыз ішіп отырмын.

Мен өзімнен бөле алмадым Тұранды,

Дос екен деп жақын тарттым жыланды.

Сұлу құштым,

шарап та іштім,

ат міндім,

Ессіз сүйдім Мұхаммедті, Құранды.

Жер қалмады,

ел қалмады баспаған,

Алға қарай жетеледі асқақ ән.

Кірпіктерім ілінгенде

көрдім мен,

Суретіңді отқа

жағып тастаған.

Көк бөрілер ауыл торып ұлиды,

Әкем байғұс қимай отыр

жылы үйді.

 

Сол суретің

жаңа

жана бастаған,

Күл боп барып топырақта іриді.

Бәрі кетіп,

боран ертең ашылар,

Суретіңнің күлі желмен шашылар.

Жер бетіне жаңбыр

жауса бір күні,

Арасында көздерімнің жасы бар.

Бұл жылдары сені ойлаймын,

сағынам,

Туған жұрттың дәстүріне бағынам.

Есімнен бір шықпай қойдың,

сонда да

Құран менен Мұхаммедке табынам.

Шарап ішіп, шайырларға сыйлаппын,

Қызып калып қиратпасты

қираттым.

Өкси-өкси, әпкем

жатқан сонан соң,

Отырамын басына кеп зираттың.

Бұл жалғанның қызығынан

тұл зират,

Айналасы жусан менен

гүл зират.

Өткен-кеткен жолаушыға зарығып,

Әлдене деп тіл қатқандай

бұл зират.

Көк бөрілер

көкке қарап ұлыған,

Қара түнде елден

жалғыз құрығам.

Маған бақыт жоғын сездім сол түні,

Жұлдыздардың

сұп-сұр болған сұрынан...