ВЕРНУТЬСЯ

      Мәңгілік орын алып тұрсың көктен,

Жырларың жүректерді дүрсілдеткен.

Мен саған мәрмәр тастан белгі қойдым,

Көкем-ай,

жиырма үшінде қыршын кеткен.

Арғы атамыз айтулы шешен еді,

Белгісіз борышымнын, өтелері.

Ағатай, талай жерде есіме алдым,

Құрдасты сүйегенде көкелері.

Аспанда тұр есімің жарқыл қағып,

Қайта-қайта оқыдық,

Мен сапарға шығарда туған елден,

Сен оралдың ақ қаздай қаңқыл қағып.

Мазалады үнемі сұрақ мүңлы,

Дәуір сенің әніңе құлақ түрді.

Күліп түскен суреттің ар жағында,

Жиырма үш жасар жан көкем жылап тұрды.

саңқылдадық.