ВЕРНУТЬСЯ

     Тарихын қастерледің атыраптың,

Сыбдырын сүйдің жасыл жапырақтың.

Мен-дағы баласы едім сол киелі,

Сен туған қасиетті топырақтың.

Мойныңа орай алмай білегін де,

Жасырған махаббатын тілегінде.

Тамшы жас боп төгіліп жанарлардан,

Арулардың қалдың сен жүрегінде.

Алашты аспандаттың есіміңмен,

Арман ән үзілмейді бесігіңнен.

Мен бүгін әрбір үнге елеңдеймін,

Күлімсіреп енердей есігімнен.