ВЕРНУТЬСЯ

      Суреттер қайран сарғайған,

Көңілді мынау жаңбырлы кешкі арбайды ән.

Қол бұлғап тұрған жағалау-жастық шалғайдан,

Ескі суреттен тесілген қыршын бозбала,

Қабаққа жауған қар қайдан?

Суреттер қалған ескіріп,

Алыс жылдардың түрғандай даусы естіліп.

Әкемнің досы егілген сәтте бір тойда,

«Mac болып қалды», - десті жұрт.

Сан сауалдарға жауап таба алмай тұрамыз,

Тарихын оның қарттардан ғана сұраңыз.

Ескі суреттер,

сендерді бірақ не қылсын,

Иін ағашпенен су алып қайтқан мына қыз.

Тындадым ғажап тарихтарынды тамсана,

Сарғайды бүгін сан алуан сурет қаншама.

Тағдыр қаталдау болса да, жаным, шаршама,

Ізгілік тілеп жер басып жүрші баршаға.

Жаралы менің жүрегім,

бүгін жаралы,

Айта алмай жасты,

тұрғандай мұңлы жанары.

Суреттен маған қаншама жандар қарады...

...Қараймын көкке,

тізіле әне тыраулап,

Көктемге қарай тырналар ұшып барады.