ВЕРНУТЬСЯ

       Даладағы гүлсің бе, жаным,

¥мыта алмай жүрсің бе, жаным.

Өткен менен кеткенді ойлап,

Қара түнде күрсінбе, жаным.

Бірге өткен кештерім үшін,

Қалсын осы ән естелік үшін.

Сені мәңгі аялап өтем,

Жүректегі көктемім үшін.

Моншақтай жыр тізбеген едім,

Қоңыр күзде іздеген едім.

Аяулым-ау, қай жақта жүрсің,

Үмітімді үзбеген едім.

Бір өзің деп торықтым ба екен,

Кездесуге қорықтым ба екен.

Жас жаныңды ауыртып, бәлкім,

Бекер, қалқам, жолықтым ба екен.