ВЕРНУТЬСЯ

      Қара суық далаға қар жаумаған,

Ағаштар тұр дір-дір етіп жаураған.

Терезеден қарап тұрып,

есіме

Жылдар түсті жанарымнан аунаған.

Жиырма бес жыл

бұрын бұдан бозбала ем,

Сол ауылда арманға қол созған ем.

Айна алдына барып едім,

көңілімді

Құлазытты қарап тұрған тозған өң.

Жас баладай алдап келген халықты,

Уақыт шіркін жүзіме өрнек салыпты.

Қиындықтың бірі де жоқ есімде,

Жүрегімде тек сағыныш қалыпты.

Соңғы суық,

торғай тоңып,

қаз шыдар,

Аман болсақ көктем келіп,

жаз шығар.

Бұл жалғанда шын ғашық боп сүйгенін,

Сағынғандар мына мендей аз шығар.

Қалжырағам бір ойдан соң бір ойдан,

Алданған соң жалған жылы шырайдан.

Ұмыттындар арманы асқақ ақынды,

Өлең үшін елден кеткен, мұңайған.

Өлен, үшін елден кеттім, сарсылдым,

Түбіне мен жетемін деп бар сырдың.

Қара өлеңге деген үлы махаббат,

Қабырғама шаншу болып шаншылдың.

Жаңбырлар-ай, себелеген, төгілген,

Өлең үшін елден кеткем, егілгем.

Міне, бүгін отыз беске толдым мен,

Түбі жақсы болар деген сеніммен.

Біреулерге ұнамаған-ұнаған,

Мені қойшы, қайран жырым, жүр аман.

Here екенін әлі өзім де білмеймін,

Өлең үшін елден кеткем, жылағам.