ВЕРНУТЬСЯ

      Тым алыста қалған сол үміті едім солардың,

Адам көркі - шүберек,

шүберекке орандым.

Бақ пен тақтан сен түгіл, патшалар да жеңілген,

Үш-төрт кездей шүберек әкетерің өмірден.

Байлық жақсы-ау,

бірақ та,

ойлан-ойлан, жас
ұрпақ,

Өнеріне еліңнің

қарамашы тосырқап.

Көңіліңде не барын біле бермен

сенің мен,

Бізден бұрын
өткеннің бәрі

ажалдан жеңілген.

Бар өмірі адамның

шүберекке тәуелді,

Шүберектен тігілген

портфелім де әуелгі.

Here, неге ұзадым

бұлыңғырлау бүгіннен,

Шүберектен алғашқы

иткөйлегім тігілген.

Адам көркі - шүберек,

шүберекке орандым,

Жанарыңнан үзілер

бір тамшы жас болармын.

Екі-ақ сөзбен бағалар,

қайран асыл ағалар,

Шүберекке оранып талай жайсаң жоғалар.

Кетіп жатыр ар жаққа,

толқын-толқын қайық боп,

Үш-төрт кездей сұрыппен

жайсаңдарым ғайып боп.

Кетіп жатыр,

кетеді үш-төрт кездей сұрыппен,

Қазақ дейтін ұлы жұрт

тастап кеткен ғұрыппен.

Парығына жете алдым,

лақаттың ба, ненің мен,

Кетеді адам үш-төрт кез аппақ қардай кебінмен.

Мұзды шайна, отты жұт,

шыдамасаң шоқты аса,

Ел деп соққан бейкүнәм

талып барып тоқтаса.

Естілмесе кеудемнен

жүрегімнің дүрсілі,

Шүберекке оранып кетіп қалсам

бір күні.

Кешіріңдер, қайран ел,

қардай аппақ арым бар,

Шүберекті көргенде, мені де еске алыңдар.