ВЕРНУТЬСЯ

      Көңіліме серік бол, сыңсы, терек,

Бірімізді біріміз мың құшып ек.

Бала кезден бірге өскен қара көзбен

Қыдырған кеш есімде тұңғыш рет.

Жырдан өзге мақсатты көздемеген,

Қара көзден жат мінез сезген емен.

Өлең қуып кеткенде мен алысқа,

Қара көзім кетіпті езгеменен.

Бұл жерден де таппадым қалайтын ән,

Көрсетпеді жолымды талай тұман.

Кешір, апа,

кетемін Шым қалаға,

Қыз тұрмаған ауылда қалай тұрам?!

1976 ж.