ВЕРНУТЬСЯ

      «Қош, қош!» - деді жастықтың таныс бағы,

Бозбала күн ақырын алыстады.

У-шуы көп тірлікте өзге емес,

Өз жүрегім өзіммен алысқаны.

Жүректегі аяулы пернелерім,

Сен өзгеше әуеннен кенде ме едің? -

Көк дәптерде өміршең бітпеген жыр,

Кірпік ілмей белмемде сенделемін.

Он сегіз жас, о, менің еркем еді,

(Жалынсыздар, сеземін, ерте өледі).

Қап-қара түн, қарағым, мазамды алды,

Құшағыңа ап аймала, өрте мені.

Он тоғызда өзен боп тасып та алғам,

Қара жолдар керіліп асықты алдан.

Түсіме еніп «қара дәу» жеті жаста,

Құшағына әжемнің қашып барғам.

Көк тастарға жыр жаздым тырнағыммен,

О, мұңлы әуен, келемін ырғағыңмен.

Жарып өтіп құямын көк теңізге,

Биік таулар кәлденең тұрғаныңмен.

Tap сағақтан төгілген күйді ұқпадым,

Қара бала ем, қара тай құйғытқаным.

Жыр әкелдің өмірге, соның үшін

Сүйем сені, аяулы минуттарым.

Мен білмеймін кезімді бесіктегі,

Шыр-шыр етсем қолға алған шешіп мені.

Еміс-еміс анамның әлдиі де,

Әлди әуен жыр болып кешікпеді...

Жазбақ болып
жұрген ем көптен мұны,

Көкірегімде жаураумен көктем гүлі.

Коляскада тербетті тұңғыштарын

Көрші үйдегі екі жас өткен жылы.

Кұрбылардан көрсем де шалыс қылық,

Мен келемін жыр атын жарыстырып.

Кереуетте шалқалай ойға батам,

Коляска мен бесікті салыстырып.

Ғасыр өтсін бесіксіз сән келе ме?

Ән келе ме әлдилей жан денеге.

...Бесік алып баратты қара кемпір,

Көңіл шіркін босайды әлденеге.

Түсірсем деп жұртыма жарығымды,

Көрсете алмай халқыма арынымды.

Мазам болмай мен жүрсем,

кешір, апа,

Серік етіп өзіме тағы мұнды.

Жолдар мені әкетті жыраққа алып,

Жасырмаймын, сан тұрдым құлап барып.

Кез ұшында кілкіген сағым жақта

Ақ жаулықты өзің бар қырат қалып.

Ұлы Отаным мәңгілік табынғаным,

Сосын сенсің, жан анам, сағынғаным.

Менің елім жайқалған орман болса,

Сол орманнан бұтақ боп табылғаным.

Сағыныштың қайнауда жүз бұлағы,

Шимайларым, анашым, сізге ұнады.

Менің әрбір сүрінген сәтім, қайтем,

Ақ жүзінді әжім ғып сызғылады...

Бұралған бұлақ билері,

Бұрымдай жолдың бұрылысы.

Жазықсыз жанның күйгені -

Бітпеген үйдің құрылысы.

Жүрекке бәрі нәп-нәзік,

Әуендей жұмсақ тиетін.

Жондарды мына жап-жазық

Жан жүрегімен сүйетін.

Қаршадай ұл ем, қаршадай,

Қатпаған әлі қабырғам.

Ертеден кешке шаршамай,

Құнанын іздеп сабылған.

Уақыт, сенен құн алам,

Ұрладың бәрін - саудаң нық.

Жырымды алғаш сынаған

Газетте мына аудандық.

Уақыттың салған дағы көп,

Сырнай да тарттық қамыстан.

Жырымды жамандады деп,

Жылағам сонда намыстан.

Жасымас жандар құндылау,

Бойдағы асау арынға.

Сол жылы жырым мұңдылау

Суретпен шықты «Жалынға».

Ыстық та өтті шекемнен,

Кезек те бердім дәріге.

Белімді буғам бекем мен,

Бәріне, әман... бәріне!