ВЕРНУТЬСЯ

      Беу, Астана,

алтын ордам,

көкорай бел,

көк кілем,

Ақжайықтық мұзбалаққа мекен болды деп білем.

Ескі сүрлеу,

қасқа соқпақ,

хандар салған кешегі,

Нұрсұлтандық нұрлы жолға таңдап түскен тектім ең.

Сен шығарған жүз кітап ол,

жүз үміті елімнің,

Жүз құсындай шартарапқа самғап ұшқан көлімнің.

Әр тасына шыр-шыр етіп қорған болған ардақтым,

Қатпар-қатпар қайғысы кеп ұлан-байтақ елімнің.

Кешегі өткен Қонаевты сүйсе Алашым Димаш деп,

Сүйді сені исі қазақ мынау біздің Имаш деп.

Исатайлар сіңіп кеткен кездің құмын Нарынның,

Жарқыратып жолын аштың қаншама жас дарынның.

Қалың қазақ сезді лебін кеудендегі жалынның,

Сахарада дүбірлеген сазын ескі сарынның.

Саналарда жаңғырыққан Сарайшық пен Отырар,

Бұлақ едім Ақжайыққа он оралып қосылар.

Хан Кененің Наурызбайға айтқан соңғы сөзі мен

Жүрегімде Қараойдағы Махамбеттің қосы бар,

Еске түссе, көздің жасы ақ бұлақтай жосылар.

Төлегеннің қайғысы бар алты қазға зарлаған,

Басын иді Елбасыма аспан асты, бар ғалам.

Бір келеді екі тұлпар қара қазан қамы үшін,

Алты айшылық дүрбелеңде шабысынан танбаған.

Бала кезден біліп өстің биіктігін таулардың,

Додасында жарып шықтың алуан түрлі даулардың.

Алтын айлы мешіттегі иманындай Алаштың,

Қайғысына ортақтастың

досың түгіл, жаулардың.

Бабаларым еміп өскен анасындай қасқырды,

Бар мұрасын қиын сәтте сеніп саған тапсырды.

Күлтегін мен Бейбарыстар қанша ғасыр өткен соң,

Туған жерге оралғанда жанарымда жас тұрды.

Табындырған, сағындырған қайран сайын даланы,

Күлтегінге біздің қазақ неге сирек барады?

Желтоқсанда тәуелсіздік жырын қалай тындаттың,

Желтоқсанда дүние есігін айқара ашқан қымбаттым.

Сәл ойлана қарағанға бір күнім жоқ текке өткен,

Азғана жыл дәріс алғам өзің салған мектептен.

Шерлі болып еткен кеше Мұқағали,

Қасымдай,

Шала ойлы,

кейбір шартық күнді кештім шеттеткен.

Ешқашанда,

ешкімге де сатылмайтын,

сатпайтын,

Озық ойлы азаматым ел үмітін ақтайтын.

Алыс ауыл ұлт тағдыры шешілетін тар шақта,

Қайталанбас парасатты дара ұлын тапты айқын.

Еліңе айтқан,

жеріңе айтқан,

сол бір мөлдір сыр есте,

Халық жаққа шықтың тайғақ,

теке тартыс тіресте.

Нұрсұлтанмен бірге болдың,

Отан-Ана ел үшін,

Тәуелсіздік жолындағы тендесі

жоқ күресте.

Қара қайғы куәсіндей

сонау зарлы сәттердің,

Шоқайұлы Мұстафаның

құжаттарын ап келдің.

Композитор Нұрғисамен

мәңгілікке сыйластың,

Ғұлама ақын Олжас пенен

хат арқылы сырластың.

Бауыржанның алмас

қылыш мінезі бар бойында,

Аянбадың ел деп өткен

алыптардың, тойында.

Туған дала қырандары

қанаты сәл талғанда,

Саған қарай асыға ұшты

оңашалау қалғанда.

Қолдаушысы,

қорғаушысы

Алаш атты рухтың,

Аман жүр деп тілейді елі

бес күндік бұл жалғанда.

Қасқа, жайсаң жазылмаған жүректегі жарасы,

Еңбектеген сәбиі мен

еңкейген қарт арасы.

Барлық аруақ рухтары разы деп білем мен,

Tap заманнан аман

өткен бұлт басып түнерген.

Қара түнек өтгі,

кетті,

шуақ шашты жарық күн,

Асау қазақ бой үйретті қыспағына нарықтың.

Аруанадай аңыраған Ана тілдің тағдыры,

Елбасыммен өзіңізде

бар үміті халықтың.

Қыс та өтер,

Наурыз келіп,

маржан шашар жаңбырдан,

Ақындарға үй бердіңіз пәтер жалдап қаңғырған.

Асыл Имаш,

гүл қаламды отыр бүгін басқарып,

Сүйем мәңгі Алматымды қайта түлеп жаңғырған...