ВЕРНУТЬСЯ

Түсінісу теоремасы

   Келiп жатыр, кетiп жатыр
дарындар...
. . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . .
Қара бұлттай қайғы жапты бөлменi.
Адамзаттың алғыр, ұлы қыраны
Лев Толстой жатыр едi өлгелi.
Әйелi кеп қолын сүйiп, жылады:
"Тежей алмай мiнезiмнiң тасырын,
Өзiңменен өттi жарты ғасырым.
Мен бейбақты кешiре гөр.

Алтын, күміс және қалайы

   Ш. Айтматовқа
   Пәстеу соғып
сырт көркі мазмұнынан,
Бекер болды-ау,
мезгілсіз тозды бір ән.
Мыстан құйдық тұлғасын
ұлылардың,
Жер бетінде
алтынның аздығынан.
Міне, тағы құлашын
жазды бір ән,
Көркі осалдық
етпегей мазмұнынан
Сорпа ішеміз
қалайы қасықпенен,
Жер бетінде
күмістің аздығынан.
Жасық жайлы
жасампаз ойға қалып,
Жарар еді
кетпесек майдаланып.
Сары шымшық сан

БҮКІЛ БОЛМЫСЫМЕН ОРЫСТАНҒАНДАР және ҚЫЗМЕТІН ҰЛТЫНАН ЖОҒАРЫ ҚОЙҒАНДАР

   (Қилы-қилы пікірлерден тамыр алған толғау)
 
   Мұхтар ШАХАНОВ
Н.: «Общая покорность дает вам повод считать, что все у нас однообразно. Вы
ошибаетесь: нет другой страны, где было бы такое разнообразие народностей,
нравов, религий и духовного развития, как в России. Это разнообразие таится в
глубине, единение же является поверхностным и только кажущимся. Вы видите здесь
вблизи нас двадцать офицеров, из них только двое первых - русские, трое

Достық пен махаббат

   Өзендер мен көлдердің,
Көлден шалғай шөлдердің,
Биіктер мен алыптардың,
Жылулар мен жарықтардың арасын
Жалғап келген бір ән бар.
Парасатты мұңданудан
Жерді қирап күл болудан,
Таңды қарадүрсіндіктен,
Адамдарды күншілдіктен
Қорғап келген бір ән бар:
Ол ән - ұлы достық әні, негізгі әні ғаламның,
Ол ән - ұлы махаббаты менің сайын даламның,
Дала көңіл бабамның.
Сол екі ән гүлденер жер
Салмақ тауып саналы.

Страницы