ВЕРНУТЬСЯ

ЕРКЕКТЕРГЕ КӨЗҚАРАС немесе әйелге сирек жолығатын бақ

   Отырарда бір қадірлі қарияның қанатты
Тұлпар тектес аты бопты сүйсінткен бар алапты.
Мінезі сәл жайсыз екен шодыр бала іспетті, -
Шаршап-талып шөлдесе де арықтан су ішпепті.
Жек көргені жақын келсе, тарпып, теуіп тістепті,
Содан аяқ шідерленіп, бастан жүген түспепті.
Бозбалалар сымбатына көз тастайтын табына,
Қарияның ай дидарлы қызы бопты тағы да.

Қызметi үшiн жалтақтаған ұстаздар немесе ТIЛДI ҚОЛДАУ АКЦИЯСЫНА ЖАЗУШЫЛАР НЕГЕ КЕЛМЕДI?

   «...Қала басшылары былтыр да, биыл да бiз «Мемлекеттiк тiлдi қолдау» акциясын
өткiзетiн күнге «Қала күнiн» мерекелеудi дәстүрге айналдырып алды. ...Акцияға
Өнер академиясы мен ҚазМҰУ-ден келген студенттер өздерiне жатақханадан шығуға
тыйым салынғанын, М.Шаханов ұйымдастырып отырған жиынға бармау керектiгi туралы
үгiт жүргiзiлiп: «егер бұған құлақ аспайтындар болса, оқуларымен қоштаса
берсiн» деп күш көрсеткенiн айтты. Кейбiр жоғары оқу орындары декандарының

Қыран тағдыры

   Баяғыда,
Бабамыздың бабасының бабасы
Жүрген кезде сүйенбей таяғына
Көңіліне пәктіктен өсірген гүл,
Жомарт әрі мейірбан жесір кемпір
Ұстап апты ауласына келіп қонған
бүркітті.
(Одан мұндай батылдықты кім
күтті?)
Ал Бүркіттің көріп имек тұмсығын
Кемпір қатты үркіпті.
Оны өзінше "майысқан" деп ойлапты

Қасым ҚАЙСЕНОВ

   Қалай десеңдер, олай деңдер, Мұхтар Шаханов - ұлт мүддесiн қорғаушылардың
ең алдыңғы сапында келе жатқан қайсар, тұлғалы ұлы ақын. Кешегi Желтоқсан
көтерiлiсi кезеңiнде, ел ерге, ер жерге қараған сын сағаттарда сонау Мәскеудегi
қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйенiң алпауыттарына басын бәйгеге тiге
отырып қарсы шыққан, сөйтiп, ұлтымызды үлкен әдiлетсiздiктен қорғап қалған осы
жiгiт [...]
Қасым ҚАЙСЕНОВ, Халық қаһарманы

Махаббаттың жазылмаған заңы

   Әні автордікі
   Жол бұралаң, сезім тура, oй тура,
Жол түскен соң болмас кейін қайтуға.
Сүйген адам сезімі үшін бақытты,
Болмайды оны бақытсыз деп айтуға.
Бұл жайлы көп мұңдаудың не орны бар,
Жандар да бар пәк сезімді қор қылар.
Махаббатты үйлену деп ойлайды
Құдіреттің құнын білмес сорлылар.

Страницы