ВЕРНУТЬСЯ

Өмір өткелдерім

Тарихымды бастап сөйлейінҚоспай сөздің жалғанын:Көйлегі бүтін, жайы барБолмапты ата - аржағым,Тағам қылған алданыпҚолында тірлік салмағын.Бес атамнан бер қарайМал бітпеген сорлымын,Өзімнің әкем ЖанғабылСорқұдық, Теппе ойларданЕгін салып жер қазғанАйтатын көрген қорлығын.Әкемнің аты ЖанғабылДабылы жұртқа білінген,Адасқанға жөн сілтеп,Ақыл айтқан біліммен,Өзімнің атым Сәттіғұл —Тұрбасы түзу сөз шықтыСөйлесем көмей-тіліммен......

Уа, жігіттер, масықпа

Жігіттер жүр масығыпЛауазымға таласқан,Алдауына еріп сұмдардыңТура жолдан адасқан,Құзғындар тобы жемтіккеБөлісе алмай таласқан.Екі бөліп елдерінТаласып жүр айғырдай,Әркімдерді үгіттепТура жолдан тайдырды-ай,Жікшілдікті шығарыпАйдап салды руды,Тамыр болып, қол артыпБайлармен бірге шығулы,Сұлу ат таңдап мінулі,Сән-салтанат құрулы,Есі-дерті бай болып,Қаратабан, кем-кетікҚарамады ашыныпАрыз айтқан пақырдыҚорқытып, төмен нықырды,Бет әлпеті бұрынғыШенеуніктер сықылды.Бояма жүз күнкөріс,Өтірік өрге басып па?Айтқанға түсін, әділ бол,Уа, жігіттер, масықпа.Тура жолдан таймаңдар,Масықпа, шыда асықпа. 

Тайыр ақынға хат

                       (үзінді)Мен – қартың Маңғыстаудың жеріндегіМал баққан шаруа қазақ еліндегі.Ал, сен, бір Алматының жүйрігісіңҰяда үлгі көрген тегіндегі.Жолдаған бұрында да жырларым бар –Қолымнан бір кетті де көрінбеді.Шын жүйрік бәйгі ала алмас бап болмаса,Пайда жоқ ақындықтан бақ болмаса,Жырларым Алматыда ұйықтап жатырБір пенде оятатын тап болмаса...1933 жыл

Москваға сапарым

Май айының ішіндеМаңғыстаудан біз шығыпАман-сау келдік Оралға,Таныстық келіп бұған да,Патефон, мылтық кабаттапБайрақ алдық бұдан да,Облысымыз жасасын —Көтерді бізді жоғары,Жиырма бірдей ауданныңЖиналған екен бас қосыпӨнерпаз, өлеңші адамы,Еңбекші халық қарсы алыпБәрі де тыңдап қарады,Шамғұлмен қатар салғандаКүйлері болды шамалы,Салдырлатып кейбіреуДомбырасын сабады.Комиссия бастықтарСынағанда біздердіБіріншіге балады......Май айының үшіндеКиров клуб ішіндеҚұмардан шығып жырладымКелтірдім сөздің ырғағын.Хош алысты көпшілікШапалақ соғып құттықтапЖиналған адам мың жарым.Байрағын берді соңынан«

Алматы сапарында

Астанаға ауды іңкәрімМаңғыстау – мекен-тұрағым,Бет алған күні бағыттапКөліктің жүйрік пырағыКөрсетті жердің біразын.Ағыны күшті – құлдырапЗулады мүлде болжатпайЖердің жүзі бұлдырап,Әр жерде орман, көк өзенБарады қалып сылдырап,Қара тұлпар қарқындыШапқан сайын аяғанТемір жолға ұрғылап.Тарылды жердің танабы,Көрдім талай қаланы,Көзді ашып-жұмғаншаҚарасын үзіп қалады,Саңлақты жүйрік сол тұлпарҚызған сайын табаныЖұлдыздай зырлап ағады,Анда-санда тыныстапСтансыдан жүргендеАйқайлайды дыбыстап,Шаршатпайды адамды –Жүрісі жайлы тынышты-ақ,Көлденең бір таулардыТескен екен жұмыстап,Өте шықтық одан даОн

Страницы