ВЕРНУТЬСЯ

Астанаға ауды іңкәрімМаңғыстау – мекен-тұрағым,Бет алған күні бағыттапКөліктің жүйрік пырағыКөрсетті жердің біразын.Ағыны күшті – құлдырапЗулады мүлде болжатпайЖердің жүзі бұлдырап,Әр жерде орман, көк өзенБарады қалып сылдырап,Қара тұлпар қарқындыШапқан сайын аяғанТемір жолға ұрғылап.Тарылды жердің танабы,Көрдім талай қаланы,Көзді ашып-жұмғаншаҚарасын үзіп қалады,Саңлақты жүйрік сол тұлпарҚызған сайын табаныЖұлдыздай зырлап ағады,Анда-санда тыныстапСтансыдан жүргендеАйқайлайды дыбыстап,Шаршатпайды адамды –Жүрісі жайлы тынышты-ақ,Көлденең бір таулардыТескен екен жұмыстап,Өте шықтық одан даОн минутта жылыстап,Сосын қойдық маңдайдыАлматыға дұрыстап...... Қазақстан кіндігіАлматының қаласы,Жапырағы жайқалғанЖемісі миуа шайқалған –Жеткізіп көркін айта алманБолсам да ақын майталманҚалың орман ағашыҚар кетпейтін басынанАсқақтаған тауы бар,Сарқыраған бұлағыСаулы інгендей саулылар,Көк мақпалдай құлпырғанДаласы – таудың арасы,Алматым менің бұл тұрғанБақыттың кіндік қаласы,Келешегі құлпырғанЖүрегіне нұр құйғанАстанамда орнағанҚазақтың қара баласы.1937 жыл