ВЕРНУТЬСЯ

              (тарихи жыр-дастан) Әңгіме-кеңес бастайын,Тарих етіп тастайынБұрынғы өткен ерлерденЕртеде ерлер көп өткен,Көк сүңгісін өңгергенКөңілі көшіп желденген,«Қайырсыз» деп бұл қонысАсанқайғы бабамызБолған екен сергелдеңҚалған екен бұл мекенРет-рет елдерденЕлдің аты Айладыр,Айладырды аударыпМаңғыстаудың қара ойынАдай елі жерленген......Сол күнде болған батырларАтағозы, Есек пенСүйінғара, Келдібек,Тәңірберген, Бердібек,Мыңбай, Төкеш, Құлыбек,Балуанияз, Қармыс ер ТөлепШотан, Шабай, ер ҚонайСолардың жалғас ең соңы.Иса мен Досан ер соңыБұлардың еткен ісі барАлашқа данқы шашылған,Тұлпар мініп ту алыпАлмастан қару асынған.Атамекен жер үшін,Туып-өскен ел үшінҚан майданда шабысыпДұшпаннан қайрат асырған...Сол күндердің біріндеХалыққа жазған «көнсін» депҚатынас қағаз келедіПатшаның мөрі басылған,Сол окиға болған уақытыЖетпісінші жылдың шамасы,Астана жұрттың данасыБәйменбет биді ақ патшаШақырып алып кеңескен.«Жабайы жүрген едің, – депБас бұрмай маған көнің – депТүсіндір барып халқыңды,Кезеней салық берің, – деп.Бүйрығымнан бас тартсаңЫктиярсыз алуғаЖетеді күшім менің» – деп,Амалың жоқ ететінЖерің жоқ қашып кететін –Көнесің, – деп – қалайда».Бәйменбет келіп патшаныңБұйрығын айтты Адайға.Хабарды естіп осындайЖүген құрық тимегенАсаудай халқым шошынды-айБіреуден біреу айрылыпКете жазды қосылмай,«Хиуада хан бар, – депСоған барсақ біздердіКөпірге бермей қамдар» депХиуаға қарай бет түзепОйлаған халық босуды-ай.Сол күнде ояз РеукенКетік деген қаладанӘскерін ертіп бұл шықтыҮдере көшкен көп елдіңЖібермей, алдын тосуға-ай.Әскерін ертіп бастады«Көндірем деп жібермейХалықтың болса қашқаны»,Ол ішіндегі орыстың,Қол жетпейтін аспаны,Зор көрмеген көңіліБір өзінен басқаны,Сайланып қару-жарақпенЕлге шықты аралапСексен солдат составы.Бұл хабарды есітіп«Қорлығана көнбең, – депКеженей салық бермең» депПатшаменен қас болыпҚырық жігітке бас болыпІнісі Шабай қасындаДосан шықты алдынанТұлпар мініп қарғыған,Кескір қылыш, көк найза –Бес қаруын сайланып«Жауымменен қастасқанСоғысам, – деп – майдандаКездескен жері Үшауыз,Шығанақ теңіз – айналма.Реукеннің сол жердеОтряды көрінді,Қарасынан қауіп етіпЖолдастары ДосанныңКейін қарай шегінді.Сонда Досан сөйледі:«Уәдем бар айтқан – депМың да болса қайтпан» депДосан жалғыз бөліндіТұлпарын «шүу» деп тебіндіТүтеп тұрған мылтыққаОйламай шапты өлімді.Араласып өтуліБораған оқтың ішімен,Қаза тауып РеукенНайзасының үшіненКіреуке сауыт кигені,Атқан оқ дарып тимеді,Қойға шапқан бөрідейМергендерін түйреді.Берекесін қашырдыКөрсетті қайрат-ашуды,Қимылдады қиратыпКүйіне түскен қырандайЕр қайраты сыналды-ай.Би Бәйменбет ішіндеБір ояз сексен солдаттыңБәрін қырды сол жердеБіреуін шетке шығармай...... Болғасын мұндай оқиға«Қайтеміз?» деп халық састыНе қыларын біле алмай.«Енді қиын болад» депЕл бүлініп үріктіҚоқысына тұра алмай,Харазымға қарай жол тарттыБатырлар да баяндапМаңғыстауда жүре алмай,Көңілдері тына алмай..... Патшаға жетті бұ хабар,Ломакин деген жандаралБұйрығын алып патшаның,Ыңыранған топпененӘскерін судан шығарды-ай.Солдаты қойдай шұбырдыЖер ортасы ҚаратауҚосын тігіп кідірді,Қаһарын тігіп халықкаҚатты көзбен қарады,«Қырамын, – деген– шетінңен»Жетті жұртқа хабары.Біріктіріп елді жинауғаЖан-жақтан шықты шабары.Қорыкқаннан «көндік» депЛомакинге шұбырыпЕлдің келді адамы,Сол жерде салғырт салады,Халықты қойдай талады,Ақшалары жоқтардыңАтан мен нарын алады,«Қос-қоланымды артам» депКүншығысқа бағыттапХиуаға тартам, – деп,Қашқанның алдын тосам, – депШашылған елді бір жергеБіріктіріп қосам, – депАйырықша басқаданЖауым – Иса, Досан, – депІс еткен жоқ осал, – депҚас дұшпаным ДосандыӨлтірмей, тірі ұстаң» депӘміріне көндіріп,Қозғалған елді қорқытыпҚонысына қондырыпХаразымға қарай жол тартыпБатырлардың кетті соңынанХиуаның қанын алам депХаразымға барды отряд...... Бір бес-он күн жол жүріпАйбүгірдің ақ дарияШаршаған қалың отрядСоған келіп тынықтыКөліктері болдырып.Сол жерде бұйқыт жатқандаТан сарғайып атқаңдаДосан мен Иса бастағанАлпыс кісі аламанАйналасын қамағанАстына мінген аттарыӨңкей тұлпар жараған,Ауыздықпен алысыпКөздерін көкке қадаған.Бұл жасақтың ішіндеТәжінің ұлы Досан бар —Бір өзінің қайратынМың кісіге балағанИіріліп жатқан әскердіңЖарып өтті ортасын,Төрт солдатын өлтіріп,Он солдаты сол жердеТұра алмай қалды жарадан.Сол жерде әскер бекініпТоп құрып қақты барабан.Батырлар содан кетуліОйлағандарын етулі.Сонда Досан айтулы:«Жеріміз енді тиетінҚалың біткен қамыстыЛаузан деген тоғай, – депЖалғыз аяқ жолы бар –Жүре алмайд әскер нобай, – депҚалын қолмен алысыпҰрысуға сол жер қолай» – деп.Үйғарысты батырлар«Жүрейік енді солай» деп.Салыпты содан жарыстыАқдариядан ЛаузанғаТүзеді маңдай шабысты,Үзеңгілерін қағысты,Мінгендері кіл бедеуЖақын еткен алысты.От орнындай тұяғыОйнап басқан аяғын,Желігіп жерді тарпығанАуызын ашып арандайҚара жерді қарпыған,Құйысқандары сартылдапҚұлашын жазған аршындап,Ауыздықтарын басқылап,Аузынан көбік шашқылап,Артынан үркіп, ұмтылып,Тарттырмай басын жұлқынып,Бұлдыраған сағымдайЕкпіні күшті ағындайДауыл-жел сокқан артынан,Жаптардан үркіп қарғыған,Бұрқыраған құйындайЖер танабын жиырды-ай,Аң жүйрігі ақ киікКете алмады құтылыпТер шыққан сайын құтырып.Ауыздықтары қаршылдапТөңірекке жалтақтапКөрінім жерді алты аттапАспандап ұшқан аққудайБедеулер мойын созады.Жарысқан құстан озады.Аспан мен жердің арасынТұман қылған тозаңы,Тозаңынан адасыпҚатар ұшқан құс қалды.Ұзын жолдар қысқарды,Екі күндік жол еді –Сол күнгі сәске-түсте алдыБөлінген ерлер бөрідейСүңгілерін сүйретіпЕн тоғайға барысты,Қалмайық деп қапыдаАңдып жүрген дұшпанғаҚарауылдарын салысты.Ломакиннің әскеріКеледі деп сол жергеЕкі күн жатып бағысты,Үшінші күн бесіндеҚарауыл көзі шалады:Жеті жүз әскер кіредіҚақ жарып қалың қамысты.Көптігін жаудың көргесін,Сыңайын байқап білгесінКектенген ерлер кескілепБермеді қолдан намысты,Аңдып тұрып қапталданБір шенеунігін қадірліДосан таңдап шанышты.Күйініп сонда жандаралТұлданып жаман долданды –Өртетті тоғай-орманды.Әскерлерін иірдіҚайғырып қатты күйінді,Бөлек-бөлек топ құрыпШыр айнала қорғанды –Жағдайлары қиын-ды.Бас-аяғын жиырды,«Жазбай жүр, – деп, – тобынды»Командирге бұйырды.Көптігіне қарамайЛомакиннің тобынаХиуаға барғаншаБағып жүріп ер ДосанЕкі жерде тиюлі...... Қайғыменен басы қаралы,Солдаттың көбі жаралы,Біразынан айрылыпЖандаралдың ызаданӨрт шалғандай ажары —Ұстап азап бермеккеТек Досан болды назары.Тоқтамастан жол жүріпХиуаның жетті шәріне,Қаһары қатты әскердің.Шыдай алмай кәрінеҚорыққаннан «көндік» депҚол қусырды бәрі де,Осылайша патшаныңӘмірі жүрді бәріне.Ханның дуанбегісіАқ патшаға жағам депСу қүйған екен дәріге,Қырсығынан сатқынныңЗаманақыр күн тудыҮлкен-кіші, кәріге...... Ломакиннің дүрлегенӘскері кірді қалаға-ай,Ұрысуға хан қарамай –Хиуаның шәрін алады-ай.Ұрыссыз алып қаланыҚосын тікті жандаралБазарының маңынаИеленіп шәрді алғасынДосанды қалай ұстаудыңКірісті шұғыл қамына.«Қастасқан жауым Досан – депӨлтірмей тірі ұстаң, – депМаған үлкен дұшпан», – депБұйрық берді жандаралХиуаның ханына.Жасағынан өзініңАдамын қосты жанына.Ұстамаққа ДосандыҚаладан шығып хан жүрдіНөкер алып тағы даБұл хабарды есітіпСалалық деп ойрандыБатырлар шықты қағына,Сауыттарын жамыла,Қаруларын тағына.Мінгендері кіл жүйрік.Салып жүрген бабына,Құс болмаса қанаттыЖер басқан жан шапқандаЕре алмайды шаңына.Екпіні күшті ерлердіңҚарасын көріп хан қайттыЖолай алмай маңына...... Досан батыр патшаменӨле-өлгенше қастасыпҚарсы болған заңына,Алты жылдай аңдысыпҚара қанға батысыпОңайлықпен түспеді.Солдатын қырып ояздыӨз қолымен өлтіріпОйлағанын істеді.Патшалы жүртпен ұстасыпҚиынға кетті істері,Сүйтіп жүрген күндердеҚұралы тарқап қасынан,Базары қайтып басынанАзайды қайрат-күштері.Кетік пенен Маңғыстау,Харазымды алғасын –Баратын басқа жері жоқ,Тарылды, жердің кені жок,Бұрынғыдай тілектесЖаны ашитын елі жоқКәрінен қорқып патшаныңЕріп жүрген қасынаЖолдасының көбі жоқ,Көрінгеннің бәрі жау –Батырлықтың кемі жоқ,Ноғайлыдағы бұрынғыОрақ пен Мамай болмасаЗаманында ДосанныңӨзіне тайлас теңі жоқБір жүрген Иса ДосанғаБір күні келіп сөйледі,Сөйлегенде бүйдеді: –Ел қайда, батыр, ел қайда?Туып-өскен жер қайда?Ойнап-күліп бір жүргенҚатар-құрбы, тең қайда?Шетке кеттік шығынып,Харзымға тығылап –Бұл жүрістен не пайда?Патшаменен қас болыпҚиынға кетті ісіміз,Әлсіреп барад күн санапТөмендеп қайрат-күшіміз.Төңірекке қарасақ –Сегіз арыс Сейілхан,Көніп болды Кіші Жүз.Әмірі жүріп патшаныңҚұрығын тегіс салғасын,Мұсылманды алғасынҰшты ма деп ойлаймынБастығы бақыт құсымыз –Қалай болды мұнымыз?Солдатын қырып, өлтірдікРеукендей ояздыКелген күні жынымыз.Айнала жұртты алғасын,Құрығын тегіс салғасынҚараң болды күніміз –Өлген жоқпыз, тек тіріміз.Көндірген жұртты патшағаТіл алсаң, тіке баралық,Кешірім сұрап өзіненЖеткенінше тіліміз,Батырым, енді сіз біліңіз...Сонда Досан сөйледі: –Уайым айтпа маған, – депРұқсат,кетсең,саған, – депСүйегім тұтам қалғаншаҚауып етпеймін дұшпаннанАжалдан бұрын алар деп,Мен айтпаймын жалыныпПатшаға енді барам деп,Мен аруананың баласы,Мыңқ етпеймін – нардаймын,Иығымды қатеп кессе де,Қапталымды тессе деАуыр жүкке болдырман,Бес қару белде тұрғандаШыбын жаным сау болсаЕтегіне дұшпанныңБасымды салып қор қылман.Айрылмаса көк тұлпарБұрынғы шабыс-қарқыннанӘлі де жауға алдырман,Етіме таңба салдырман.Кем болған жоқ атағымҚарсының ұлы Тарғыннан.Серттескен жолдас сен едіңАршылан ерің мен едімДұшпанның есін тандырған.Алмасымды суарыпҚылышты қанға қандырған.Ордасын шауып ойрандапЖауымның көңілін қалдырған,Халық айтты бізді «батыр» депЕнді барсақ бас ұрыпАйтпай ма екен «қатын» депБұл айтқан сенің сөзіңдіТыңдамаймын «мақұл» деп.Рұқсат, – деді – Исаға. –Мен барып жауға жалыныпБола алмаймын жақын – деп... Арада неше күн жүріпИса барған содан оязға— Мен саған тура келдім, - депЖасырмаймын, кешегіҚаңды көйлек жолдасымДосанға аз күн ердім, - депАт жақсысын мінген күн,Көк сүңгіні өңгеріпӘскеріңнің алдынанКөлденеңдеп желдім, - депНе қылсаң да өзің біл,Келіп тұрмын «көндім» деп...Ояз айтты Исаға:- Өзің тура келгесінҒафу еттім күнәңді,Тілегіңді бердім, -депЖарлық берем қолыңа -Әкімі боп елдің, - депБолыс қылып жіберді«Бересің ұстап, Досанды,Енді саған сендім» — деп......Бес-он кісі жолдаспенДосан жүрді бағынбай,«Бас имен» деген әуелгіУәдеден жаңылмай.Айнала жүріп әміріПатша құрсап алғасынБатырдың жері тарылды-ай.Тар қоныс талай ерлердіҰшыратқан жазымға-ай,Хан Жәңгірмен қастасыпҚаза тапқан қапыдаИсатай да Нарында-ай.Батырлық пен ақындық.Қабат біткен МахамбетЖазымын тауып қалыңды-ай.Аңдып жүріп, ақырыҚапысын тауып кәпірлерДосанды қолға түсірді-ай,Басынан бағы ауған күнҚолға түсті асыл ер,Екі қолы байланыпАбақтыға айдалыпБасылып көңіл кішірді-ай.Бұрынға болған ұрыстанОң қолынан жаралыАуылда жалғыз жатқандаСолдаттар келіп қамады,Мінуге сол сәт аты жоқ,Қылышын ұстап сол қолменЖаяу ұрыс салады,Жиырма-отыздай солдатпенҚимылын көріп батырдыңТұрғандар қайран қалады,Қарсы алдына келгенніңТалайын батыр шабады,Жан-жақтан салған сүңгіденДенесінен ДосанныңҚан жоса боп ағады...... Бір уақыттар болғандаБастан тиген соққыданДосан естен танады,Құлап жатқан жерінеБатырды байлап алады.Екі қолы байланыпСолдаттарға айдалыпКетікке батыр барады...... Көп ұзатпай батырдың.«Қылмыстық ісін» қарады.Жазалаушы тобыныңАнишкин еді бастығы(Тарқамаған мастығы)- Беремін, - деді,- қысымдыСындырармын түгендепОтыз екі тісіңді,Ақ патшаға жазамынТаудай күнә-ісіңдіКөнбейміз деп патшағаІріткі салдың халыққа,Заңын бұзып патшаныңҚарсы шықтың салыққа,Оныменен тұрмадың —Қасыңа жасақ жинадың,Бір басыңа жетедіАқ патшаға қылғаныңҚылмысың үшін жасағанЖазаңды сайлап аласың.Орындасаң бірақ бір шарттыЖазадан аман қаласың.«Өкілі деген патшаның»Куәлік алып қолыңаЕл ішіне барасың,Салық жинап жыл сайынҚазынаға саласың,Сонда ғана басыңаЕркіншілік аласың...Сонда Досан айтулы:— Таусылған жоқ қайратымАңдап, зорлап ұстадың,Қан төгісіп, қастасқанСен едің менің дұшпаным,Ат үстіне мінген күн,Бойыма қару ілген күнАқ алмасты суырыпЗаманасын қуырыпӘскеріңді қырған мен едім.Өзіңдей ояз РеукенҚаза тапты сүңгімнен,Солдатын қырдым бір жүргенКөк тұлпарды ойнатып,Көк сүңгіні бойлатыпОйран салған мен едімӘскеріңді шауып бүлдірген.Екпіні күшті ер едімҚайратымды білдірген —Енді жоқ менің арманым.Ақ сауытты жамылып,Алмастан қару тағыныпМінуге тұлпар таңдадым,Ломакин жандаралыңныңЖасқанбай атқан оғынан,Бөрідей тартып қоңынанТалайынды қарнадым,Жүрген жерін қандадым.Қапыда қалма, боқ солдат,Әлі де болса алмағыңМен халқымның сатқаныБола алмаймын өлсем де,Тірідей жерге көмсең де —Білгеніңнен қалмағын.Жалғыз-ақ менің арманым:Қайратымды тауысыпҰрысып түспей қолыңаТістеулі  кетті бармағым.Қалың әскер қасыңда –Дүрлеп тұр сенің заманың.Су сепкендей басар ем —Болмай тұр менің амалым.Бір ғана айтар арызым:Өзің ояз болғандаҚатын-балаң да ояз ба —Менің қатын – баламдыТүрмеге неге қамадың?Олар да қандай жазық барТартуға түрме азабын?Әділ болсаң, оязым,Бұл не қылған мазағың?Мен үшін, әлде, жазғырыпЖазалайын деп пе едіңСахыраның бүкіл қазағын?..... Көп сөйлетпей, сонымен,Өз еркімен беріліпКөнбейтінін көргесінТүрмеге салды батырды —Сонда үш ай жатулы.Азаптың түрін жасады —Қол-аяғын кісендепҚыздырып темір басады,Тірілей етін шыжғырыпҚанын судай шашады.Қанша азап берсе деТерісінен кескілепТаспа тіліп өрсе де«Көнемін» деген бір ауызСөз ала алмай батырданЖендеттер қатты сасады,Қиналса да жаны азаптанҚорқып, тілін тартпады,«Көнбеймін» деген басындаСертінен батыр қайтпады.Ағасы Ожыр арқылы«Ерлерге менен сәлем» депМынау болды ДосанныңЕң соңғы рет айтқаны:— Патшадан қорқып, қасымаЖолдас болып ермедің,Түскеннен кейін түрмегеИса, маған келмедің,Құтқарып мені алуғаҚол ұшын келіп бермедің.Бәйменбет пен ИсағаЖігіттер біздің тимесін,Енді оларға дауа жоқШен-шекпенін кигесін,Ажырасып ағайын,Жауығып кетер ел іші —Мен үшін босқа күймесін.Атамекен жер үшін,Әлдилеп сүйген ел үшінТалай ер туған анадан —Тағы да бір ұл қол бастар,Бас-аяғын жиынсын.Сегіз арыс АдайдаЕл қорғайтын ерлер көп —Әруақтарға сыйынсын.Қолға түсіп қапыдаАрманда кетіп барамынҚұлдығынан патшаныңҚорғай алмай елімді,Маңғыстаудай кең жайлауТуып-өскен жерімді:Тағы да бір аманатҰрпақтарға кейінгі:Алыңдар менің дұшпаннанАла алмай кеткен кегімді...Еліне деген ең соңғыСәлемін айтып осылайХалқы үшін туған асыл ерТүрмеде жатып азаппенҚапаланьш өлулі...Мен — Жанғабылұлы СәттіғүлЕрлігін айттым ДосанныңЖетпіс жылдан бер қарайКөрінбей жатқан көмулі...                    Бозашы, 1939 - Жетібай, 1952 жылдар