ВЕРНУТЬСЯ

Тұщыбектегі ферманыңКөрген жоқпыз кемісін.Орындап жүр өсіріпМал басы – шаруа, егісін.Алған екен әуелденҚолайлы жерден өрісін,Қара шөпті қақ жарыпМалдары жатыр семіріп,Қоздап жатыр қойларыҮшеннен туып емізіп.Ажарлы екен төлдеріЖоқ екен шығын – өлгені,Қоралары сайлы екен,Малдары семіз, майлы екен.Үздік шығып бұл фермаТабысы тасып күн санапӨрден өріс өрледі.Қойын баққан ферманыңШаруағы мығым, қажарлыСтахановшы қарт екенҚой, қозысы ажарлы,Он екі жыл қой бағыпОтан үшін ойланыпКүндіз-түн көзін жазбайдыОнын баққан қойларыАрып-ашып азбайды.Егіздетіп, үш енненСаулықтары қозғайды,Мал бағуға келгендеОдан ешкім озбайды.1944 жыл