ВЕРНУТЬСЯ

Каспийдің бойын жайлағанБалығын қойдай айдағанБақытты елдің баласыБалықшыны жырласамЖыр фонтаны қайнаған,Сәттіғұл ақын мен едімБақыттың шығып шыңынаЖаз бағындай жайнаған,Жас алпысқа келгендеБұлбұлдайын сайраған,Шалқымай қайтсін шабытым –Шалқыған бақыт айналам.Ен дәулеттің иесіЕрлерім деп сөйлесемЖөнеледі жүйрік тілАрғымақтай асқақтапАуыздығын шайнаған.Каспийдің мың-мың ерлеріКүш-қуаты кернеді,Су жүйрігі пароходСу танабын қуырыпСудың құзын өрледі,Су жүрегін суырыпСу байлығын меңгерді,Судың мұзын сындырыпСу жайынын өңгерді.Табысы таудай тамашаӨркендеді еңбегі,Жеңістің шырқап шыңынаҚұлашты жаза сермеді,Шырқамай қалай шыдасын –Шаттығы шалқар дер кезі.Біздің Каспий ерлеріБалықты қойдай бағып жүр,Телегей түпсіз теңіздіңҚолқасына қол салыпТереңіне барып жүр,Кеңінен төгіп кестесінШөпшегін жиі қағып жүр,Тюленді тайдай тулатыпМойнына арқан тағып жүр...1939 жыл