ВЕРНУТЬСЯ

                       Атамыз Сафи жаралыпДүниеге келгелі,Жүрияты дүреп өргеліІшінен Алла жаратқанНешелер асыл пендені.«Алла» деген адамныңҚұр қалмайды дейді еңбегі,Дүние – фәни, сірә жоқЕкі айналып келмегі.Баянсыз фәни шыбын жанАйрылған күні теңдегіҚалынған күні тар жердеҚайратың болмас кендегі.Әзірейіл – мәләкүтТәрк етпеді кімдердіКәрленген күні шеңгелі?Хақтың досы ХәбиімТұра алмаған екен ол-дағыТаусылған күні демдеріЖаратылған жаһандаБолмаған қатар-деңгелі.Расулы МұхаммедДүниеден көткен күнСолардай нұрдан айрылыпАңсады байтақ елдерді......Көптен бері қозғаусызКөкіректің қайғы шерлері,Айтатын жауап кез келді –Сағынып жүрген ағаныАман-есен көз көрді,Көтеріп көңіл делбелі.Бір көрініп қайтуғаАрзу едім айтуғаӘртүрлі жағдай-мұңымдыКөрмеңіз айып мұнымды.Ортада тұрған жақсымсыңТопырағың ұшқан шашылып,Астана жұртқа дабылыңХабарың тегіс білінді.Досың түгіл дұшпаныңАйта алмас тауып мініңді,Қолдағы тұрған алтынсың –Біле алса халық пұлыңды,Белгілі кентті шәһәрсің –Басыңа базар құрылды,Сізге тәмәм атаныңӘруағы қонған бұрынғы,Ұзағы болып орныққанДәреже бірген бір Алла,Бақыт пен дәулет баяндапАтадан сізсіз мұра алған,Сахилық шамын жандырыпҒанисыз көптен дұға алған,Ірілік етіп асырғанТопырағың мұндай шашылғанШыққан жоқ сенің өлшеуіңБұрын-соң Адай – Мұңалдан,Жаулы – Жары – Назардан –Қыдыр көрген бұлардан.Әруақ ойнап үстіңеБайлық пен бақыт құралған,Айтылмай тұрған жерің жоқӘңгіме болса құралдан.«Қайырлы байлар ғалым менЖұмаққа қатар кіред» депАйтулы хабар Құраннан.Айтмаыз Адай болғалыОрта болған жері жоқ,Ішінен дүреп паңсығанХан менен төре, бегі көпБайлаған малын желілеп,«Бекет» деп ұран шақырғанҚамалға шапқан ері көп,Дұшпаныңнженшіп ұн қылғанІшінде көкжал бөрі көп.Атамыз Адай – МұңалдыңКіші Жүздің ішіндеҚарасам, қатар теңі жоқ.Шашылған дабыл-даңқыңныңБаяны болса кемі жоқ,Бүгінде жүрген адамнанДәрежең артық жаралған,Адайдан Мұңал болғандайТұсында озған ешкім жоқСырлыбай, Әкім, Аралдан,Ежелден Әкім баласыПақырлардың панасыКетпеген қоңсы қараңнан,Сырларың сыртқа шашылып,Үстіңді дұшпан басыныпАр кеткен жоқ араңнан,Атанып «Сарбас» болғалыСахилық етіп, сақтандыңҚасталық пенен сараңнан,Іс көрсетіп іріденАбыройлы едің бақ алған,Дәулетін дұрыс һалалдап,Бес парызын тамамдапАтаң бір өткен хажы барМал жимаған арамнан,Өтерін біліп бүгінніңПайғамбар, шайхы – олар даШын иланып, қорыққанКәләмнан келген хабардан.Сол себепті күтініпХаж жұмысын бітіріпМойынан парыз түсіріпТәубамен һалас ағарған,Мысалы: һажыра суаттайҮстіне көптер қамалған.Өтірік емес, бүгіндеТәңірдің берген күніндеПақырлардың қамы үшінӘдет қылып бергендіАлаламай келгендіӘзіздің қуат әлісінЕсіркеп тұрсың бәрісін,Һәммәні бірдей көрмектікАбзал дейді ғалымдарШарғының айтқан мәнісін,Дүниеге келген соңЕн дәулетке кемелдепШашылды дабыл-дабысың,Бүгіндегі қазақтыңҚарадан туған ханысың,Он екі Байдың ұлынаӘшкере болған бар ісің,Ісіңнен кінә таба алмасЖақының түгіл алысың,Тағыриханды бәйіт еттімБаһадыр хәлше тілменен –Байқаңыз түзу-шалысың......Пікірім қашып уайымменКөңілім бар қатты кірлеген,Көрерсіз қайғы-қападанБолынса қатем білмеген.Бүгінде түрлі адам бар,Атадан туған жаман барБірін-бірі шұқып күндегенБір ақылмен жүрмеген,Айтуар, Сарбас, Жантелі –Ағайынды ешкім жоқСіздердей аузын бірлеген,Ренжісіп тірліктеАраңа шайтан кірмеген.Қатарда қазақ ұлынаӘртүрлі үлгі көрсетіпЖол салдың көше сүрлеген,Қасиетті ата-бабаңныңҚашаннан бері үстіңеӘруағы қонып дүрлеген.Атаң бір өткен «Алла» депАмал еткен тірідеАбдолладай хазіретМәшһүр болған пірменен,Шын көңілмен һақ танып,Ахирет күннен сақтанып,Фениден сапар шеккен күнБес парызын атқарыпЗейнеттеу үшін мал шаштыңХисапсыз жұртқа ақтарыпҮлгі салдың Адайға –Бергізіп тірі тарқаттыңЖиналған көпке топтанып,Белгілі мұндай ісіңдіАлты Алаштың ұлындаЕсімеген жоқ халық,Жұрт олжаға қызығыпШулаған Шахай МәтөктіңЖиыны қалды тоқталып.Естігенде мұныңдыКөтеріп көңіл хоштадық,Бұл жақта біздер мақтаныпҚамаған күні дау мен жауСағынып талай жоқтадық,Мысалы, өзен-дарияЖатылып ішкен көп халық.Мұрадың болып, өрбігенӘкімнен өнген ұлысың,Құдайдың сүйген құлысың,Ілгері басып табаныңҚабыңдаған ырысың.Хажылар шықты ішіңненІздеген діннің дұрысын,Билер де шықты ішіңненӘділдікті көздегенИіріп жұртын сөзбененТүзеткен тентек-бұрысын.Онан бері, ойласақДүниеге сен келіп,Қазына-дәулет меңгеріпБіліңді жұртқа дабысың,Болды ма деп ойлаймынПақырлардың қамы үшін,Әшкере көпке көрсеттіңСахилықтың ірісін.Ортақ тұрған, ойласамҺәммәнің ай мен күнісің.Тіршіліктің баянсызСүлеймен патша о да өттіДүниенің жиған күмісін,Тағынан ұшып байқағанЖаһанның кезіп бұрышын,Тұра алмапты солар да –Тарылтқан тажал тынысың......Қатарынан тізіліпАруларды алдың сүзілтіпБайұлы, Әлім елінен,Бас қостың даңқты жерімен,Әр елдің төре-бегімен,Әкімдік, байлық, асылдықАйрылмай келед тегіңнен,Шынжырлы жерден қыз алдыңМысалы, ұқсас перімен,Сегіз арыс АдайдаӘйел жоқ артық Бөпеден –Төркіні Әлім – Кетеден.Дүниенің һүрін құшқансыңКөргендер балқып еріген,Бұл қазақтың баласыТаласы жоқ сенімен.Байқасақ, істің бәрі шынБір Жаратқан Алладан,Кең нәсіпті лауһыдаОзалдан сізге арнаған,Дүниеге келген соңКемің жоқ орта, толмаған,Мақсатың жоқ-ты болмаған.Сен едің қаріп-қасірді,Пақыр мен міскін-нашардыҚайырмай тауын қолдаған.«Жомартқа тамұқ жоқ» дейдіҚайырын тура жолдаған,Жомарттықтың мәнісін«Аллаға жақын демек» дейдСұрасаң ахұн-молладан.Бұқара жұртын қамдағанДәрежең патша-хандардайӘтірет қолы аңдаған,Дүниенің жүзіндеДегенің болды таңдаған,Көкіректегі қалпыңызМенмендің ойға алмаған,Тәкаппарлық жақсы емес –Дәрғаһынан қуылыпШайтанды Алла қарғаған.Біреулерді састырыпДүние – қызыл бір түлкіҚұйрығын бұлғап алдаған.Менмендік мінез ойланыпТөгілген бар тасқаннанБүлінген бар асқаннан,Біліксіздік белгісі –Айдаған малға мас болған.Салекемнің балдары –Әуелден арнап бұл сөзімСіздер үшін басталған.Орнығып кетпей бақыт тұрАузыңды бірлеп қосқаннан,Қажетің болған тірліктеӘзір күн тұрсын бірлікте,Алла білер ендігі –Не шығарып білмеймінКейінгі туған жастардан.Қай күннен бері байсыңызҚалың дәулет басқарған,Сіздердей біткен ісі жоқӘр жерде малға кісі көпАбырой алмай бос қалған.Фәни менен бақидаБар дейдә пайда сахиғаЫсырып қып қайыр шашқаннан.Құтылмас адам баласыТаразы мизан-хисап күнЫсырат жолын басқаннан,Махшарда адам баласыЫсыраттан қалмас айдалмай,Иншалла, өтіп кетерсіңҚыл көпірден қиналмай,Ұжмақта орын бар дейдіҚайырлы сахи байларға-ай,...Сахилық шамын жандырыпСізде тұр қайыр байланбай,Пайғамбар Қыдыр дарығанАрғы атаң Арал-Майланға-ай,Аламан әскер жабылғанКөлімсің көптер жабылғанКерегі сізден табылған,Атанып атқа мінген соңАтағың озды Шамыңнан,Асырып өткен ісің барАдай түгіл Байұлы, Жетіру, Әлім, Табыннан,Бес атаңнан бер қарайКелесің аумай бағыңнан.Би Әкімнің балдарыМал менен басың қабынған,Жапырақтарың жайылғанМиуалы бақсың малынған,Пақыр мен міскін паналапКөз жазбаған маңыңнан.Хисапты қайыр етіп қалЖолдас емес, бұл фәни –Әркімнің кейін қалынған.Қасталық жақсы демейдіСұрасаң ахұн-ғалымнан.Пейілі кетіп, тарылған,Сүйтіп, бақыт арылған,Қаһармен қара жер тапты,Сараңдық қалды қарыңнан.Бір Құдайға жазғаннанНиеті бұзық, азғаннанТалайдың белі мертіліп,Талайдың тауы шағылған......Бұрын да болған мұқтаж көпЖоқшылықтың зарпынанЖақсысына шағынған.Үмітті едім келер деп,Сұрасам жәрдем берер деп,Мен бір інің алыстанБір көруге сағынған.Қашып жүр пікір ініңнен,Көңілім бар ауып, түңілген,Оза шауып олжа алғанЖүйрігім кетті дүбірден,Көтерген қолда айбындыЖығылды туым тігілген,Атам мен ағам бар едіХалық аузына ілінген,Алысқан дұшпан мүдірген,Адасқанға жөн сілтепАқыл берген біліммен.Бүгінгі қайғы мен де көп,Аясаң, аға, шыныңмен.Әлсіз арық, жалсыз жауырмынБуынып кетіп сүрінген.Беделім кетті бетімнен,Білгірім кетті жетілген,Алмас едім, тат басыпМұқалып жүзім кетілген.Қалыбымда толған қайғым көпКөңілімнің хошы кетірген.Ылыж таппай, аға, мен келдімБір қора жесір-жетіммен.Осындай мұқтаж ініңненМархабат сізден өтінген,Қай күннен бері басыңаБаянды бақыт бекінген,Пайдасы болса қайырдыңӨтерсің оқтай көпірден.Тіршіліктің күніндеІстемей ізгу амалынОл күнже болмас өкінген.Мен жүрмін өзің жарсың деп,Патша-Құдай барсың депОн сегіз мың ғаламныңНәсібесін жетірген...                               1895 жыл