ВЕРНУТЬСЯ

(Қарт ақын Сәттіғұлдың сайлау учаскесінде бірінші дауыс беріп тұрып айтқан арнау сөзі)Құрметті қарсы аламыз сайлау күнін,Сайлаймыз елдің адал ұл мен қызын.Сайлаймыз озып шыққан еңбек ерін,Ойлайтын еңбекшінің мұқтаж-мұңын.Өзгеге өндірісте үлгі болған,Халқына арнап келген жігер, білім.Қабылдап сайлаушылар дауыс беріп,Көпшілік, көрсетелік көңіл шынын.Партия бастауымен жылдан жылға,Гүлденді мәдениет, оқу, ғылым.Ұстазы еңбекшінің Ленин-көсем,Орнатқан бізге бақыт көрмей тыным.Осындай зор табысқа кол жеткізіп,Өнердің біз қолдандық әрбір түрін.Жарыста жігерленген колхозшылар,Бермеуде биылғы жыл малдан шығын.Ақшаны қаптап алды сыйғыза алмай,Болмаған үлкен табыс мұндай бұрын.Айқайлап «айт» дегенде әнге салып,Сайраған талай жылдар менің тілім.Бұл күнде сексен бірге келгенменен,Жасартты қызық дәуір көрген күнім.Жасасын коммуннстік партиямыз –   Арналды саған осы шаттық жырым.13/ІІІ-1957 жыл